Мұғалім мәртебелі мамандық

"Описание материала: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы «Үстірт орта мектебі» мемлекеттік мекемесі директорының ғылыми – әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Нұрымова Мария Мұғалім – мәртебелі мамандық Жас мұғалімдер мен ардагер ұстаздардың кездесуіМақсат: Көп жыл педагогикалық еңбек өтілі бар тәжірибелі ардагер ұстаздардың шеберліктерін, өмір жолын көзбе – көз, ауызба - ауыз ести отыра жас мұғалімдерге таныстыру, үлгі ету, үлкенге құрмет көрсете білуді насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын... 1. Ұйымдастыру. /акт залын көркемдеу, келген қонақтарды таныстыру, кездесу мақсатын айту/
Раздел Завучу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау облысы,

Бейнеу ауданы

«Үстірт орта мектебі»

мемлекеттік мекемесі

директорының ғылыми -

әдістемелік жұмыстар

жөніндегі орынбасары

Нұрымова Мария

Мұғалім - мәртебелі мамандық

Жас мұғалімдер мен ардагер ұстаздардың кездесуі

Мақсат: Көп жыл педагогикалық еңбек өтілі бар тәжірибелі ардагер ұстаздардың шеберліктерін, өмір жолын көзбе - көз, ауызба - ауыз ести отыра жас мұғалімдерге таныстыру, үлгі ету, үлкенге құрмет көрсете білуді насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру.

Жүрісі.

1. Ұйымдастыру. /акт залын көркемдеу, келген қонақтарды таныстыру, кездесу мақсатын айту/

Жоспар:

1. Қазіргі таңдағы мұғалімнің мәртебесі.

2. Мұғалім - пән маманы.

3. Мұғалім - тәрбиеші, жетекші.

4. Ұжым және мұғалім, ұжым бірлігі.

2. Негізгі бөлім.

Жүргізуші сөзі:

Келешекті уысына ұстаған,

Ұлылық жоқ арты, сірә, ұстаздан.

Ары аза адам жанын ұққандар,

Ұстаздардың жүрегінен шыққандар, - деп жатамыз. Өмірде ана, анадан соң ұстаз тәрбие беруші, білім беруші болып есептеледі. Міне, осындай үлкен жүкті арқалап отырғанын біздің жас мұғалімдеріміз түсінсін, өз істеріне үлкен жауапкершілікпен қарасын деген, алдымыздағы көп жыл педагогикалық еңбек өтілі бар тәжірибелі ардагер ұстаздарымыздың шеберліктерін, педагогикалық өмір жолынан, жұмыс пен отбасын үйлестіре білуді үйренсін, өнеге алсын деген мақсатпен осы кездесуді ұйымдастырып отырмын.

Енді келген қонақтарымызбен таныстырып өтейін:

Алдоңғарова Бақыт, тарих пәні мұғалімі, зейнеткер, аудан оқушыларын әлі күнге дейін ҰБТ-ге дайындап жүр, ҚР Білім үздігі.

Оразайұлы Жолдасқали, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,мектеп директоры, 40 жыл еңбек өтілі бар, ҚР Білім үздігі, «Ы.Алтынсарин» белгісінің иегері.

Ералиев Ақлепесбай, 35 жыл еңбек өтілі бар, жоғары санатты тарих пәні мұғалімі.

Байдығұлова Үзіл, химия пәні мұғалімі, зейнеткер, аудан оқушыларын әлі күнге дейін ҰБТ-ге дайындап жүр.

Ерполатов Айтбай, математика пәні мұғалімі, зейнеткер.

Көпейсинов Исмағұл, 35 жыл еңбек өтілі бар, биология пәні мұғалімі.

Алтыбаева Ақзия, 30 жыл еңбек өтілі бар, жғары санатты математика пәні мұғалімі,

Айдымбеков Иса, 32 жыл еңбек өтілі бар математика пәні мұғалімі.

2.Өлең. Елғондиева Әйгерім.

3. Баяндама. Ұстаздық - киелі де мәртебелі мамандық.

Қозбекова Нұрбибі, 3 жыл еңбек өтілі бар қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

4.Өлең. Төкеева Тойжан

5. Қазіргі таңдағы мұғалімнің мәртебесі. Байдығұлова Узул. Алдоңғар Бақыт.

Сұрақ - жауап.

Жүргізуші: Олай болса, ешкім ешкімге мәртебе бермейді немесе мәртебе сыйлай салатын сыйлық емес. Оған өзіңнің адал еңбегіңмен жетесің.

6. Ән. «Ұстазым менің» Құлшықова Мөлдір

7. Өлең. Отағалиева Сәния.

8. Мұғалім - пән маманы. Ералиев Ақлепесбай. Көпейсинов Исмагул.

Сұрақ - жауап.

Жүргізуші: Мен осы айтқандарыңызды қорытындылай келе, сыныпты ұстай білудің ең басты шарты - сабаққа күнде әзірлікпен келу.Басты мақсат - көп білетініңді емес, көп білдіре алатыныңды көрсете білу дер едім.

9. Өлең. Құлшықова Мөлдір

10. Мұғалім - тәрбиеші, жетекші. Алтыбаева Ақзия. Айдымбеков Иса.

Сұрақ - жауап.

Жүргізуші: Ия, мұғалім - мектептің жүрегі. Мұғалім керек десе, артист те бола білуі керек.

11. Ән. «Ұстазым» Хор

12. Ұжым және мұғалім, ұжым бірлігі. Оразайұлы Жолдасқали. Ерполатов Айтбай.

Сұрақ - жауап.

Жүргізуші: Әңгімені өрбітіп отырған ағайларымыздың сөзінен ұжым үлкен құрылыс іспеттес, құрылысқа әрбір материалдың қажеттілігі болса, ұжымда да әрбір ұжым мүшесінің қолтаңбасы жататынын түсінуге болады. Ұжымда ауызбіршілік болу үшін бір - бірімізді тыңдай білу қабілетіміз, сыйластығымыз күшті болуы керек екен.

13. Демеуов Есен

14. Турумов Махмут

15. Ән. «Студенттердің қоштасу әні» Хор

16. Қорытындылау

© 2010-2022