Сәкен Сейфуллин «Далада »

Қасиетті дала үні    Білімнің сапалы болуы есте сақтауда қолданылатын әдіс-тәсілге байланысты.Аспан мен жердің ортасында ақын деген пенденің жыр шумақтары өлеңмен өрілген. Ақын тұлғасы ірі, ақиқаттың айнасы.Сәкен Сейфуллиннің  өлеңдері мен шығармаларында  әдемі сурет те, кесек-кесек ойларда, дархан даланың кереметтігі де бар. Қаймана қазақтың жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған.  Сәкен ақынның  тарихтағы іздерін зерттеу, ғаламтордан мәлімет жинау, оны ұсыну жағынан өзі ізденген тың деректермен сөз байл...
Раздел Завучу
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сәкен Сейфуллин «Далада »

Бірманова Қымбат Исланбекқызы

Рудный қаласы әкімдігінің

«№7 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Рудный қаласы,Қостанай облысы

Көп ойлап, жақсы сөйле нұсқа болсын,

Қайтарар жауабың да қысқа болсын.

Ж.Баласағұн.

Қасиетті дала үні

Білімнің сапалы болуы есте сақтауда қолданылатын әдіс-тәсілге байланысты.Аспан мен жердің ортасында ақын деген пенденің жыр шумақтары өлеңмен өрілген. Ақын тұлғасы ірі, ақиқаттың айнасы.Сәкен Сейфуллиннің өлеңдері мен шығармаларында әдемі сурет те, кесек-кесек ойларда, дархан даланың кереметтігі де бар. Қаймана қазақтың жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған. Сәкен ақынның тарихтағы іздерін зерттеу, ғаламтордан мәлімет жинау, оны ұсыну жағынан өзі ізденген тың деректермен сөз байлығы мен мағлұматтар қорын толықтыра түсері анық.

Тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Далада »

Мақсаты:

  1. Оқушыларға жаңа материалды меңгерту, шығарманың негізгі идеясына тоқталу.Сөз өнерінің құдіретімен сусындату,ақын мұрасына шолу жасау.

  2. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыта отыра, өз ойларын ұшқыр әрі әсерлі етіп жеткізуіне бағыт беру. Өлеңге толық талдау жасау.Көркемдеп еркін сөйлеуге ой қорытуға дағдыландыру

  3. Ақын шығармасы арқылы үлкен армандарға жетелеуге, шынайылыққа, өлеңдегі тәрбиелік мәнін ұғындыру. Әдебиетті сүюге, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

  4. Оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерін оята отыра, өзінше ой түюге рухани бағыт беру.

Көрнекіліктер:С.Сейфуллиннің портреті, түрлі түсті маркерлер, моноблок, жетекші қағазы мен бағалау парағы, интерактивті тақта, ақын шығармалары бойынша көрме, постерлер, түрлі-түсті суреттер, бағалау парақшалары.

Сабақтың әдіс-тәсілі:сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, шағын ой толғау,салыстыру, баяндау,топпен жұмыс,өзін-өзі бағалауы,оқулықпен жұмыс,кесте.

Қызығушылықты ояту кезеңі

Ұйымдастыру кезеңі:

Тіл дамыту жұмыстары

Әр топта бір жетекші болады. Жетекші толтыратын бағалау парағы.

Оқушы жұмысын бағалау

Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

Ақын өмірі, шығармашылығы туралы деректер қамтылды ма

Иә, жоқ

Өлеңнің мәнерлеп оқылуы

Иә, жоқ

Өлеңнің негізгі идеялық мазмұны ашылды ма

Иә, жоқ

Оқулықтан тыс мәліметтер

Иә, жоқ

Эсседегі ойын еркін жеткізе білуі, ойының ұшқырлығы, негізгі түйінін көрсете білуі

Иә, жоқ

Сұрақ қоя білуі

Иә, жоқ

Постермен жұмыс істеп, түсінік беруі

Иә, жоқ

Өлеңге поэтикалық талдай жасай алуы

Иә, жоқ

Үй тапсырмасы

І.Жансүгіровтың «Анам тілі» шығармасын мәнерлеп нақышына келтіре жатқа айтады (1,2 топ); шығарма желісі бойынша «Менің дана тілім»атты эссе жазу болатын.(3,4 топ).

1топ 2 топ 3 топ 4 топ

3,4 топ бір-бірлеріне эсселерін оқиды.

Автор орындығы

Ең үздік деп танылған шығарма оқылады. Пысықтау сұрақтар топтарға қойылады.

Мағынаны тани білу кезеңі

Сәкен Сейфуллиндей ақын аға өлеңі сезімге сезім қосып, жаныңа жайлы шуақ нұрын себеді. Өлең ақынның таусылмас бар байлығы, баға жетпес қазынасы. Біздер үшін асылдардан қалған мұра. Бұл өлең- дархан дала төсін жырлайды. Моноблоктан:

Өмірге жан екенсің қия алмайтын.

Өлеңнің құшағына сия алмайтын.

Қазақты көргің келсе, міне осы деп,

Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын-деген жыр шумақтары оқылады. Оқушыларды ой толғансықа жетелей отыра, «Ақын-Сәкен туралы не білеміз ?» деген сұрақ төңірегінде өрбиді. Асқақ ақынның тамаша туындыларын көрмеге назар аудара отыра оқушылар қысқаша мәлімет береді.

« Суреттер сөйлейді». Көрсетілген фотосуреттегі Ұлы ақынмен бірге үзеңгілес достарының кім екенін, өмірбаянына қысқаша тоқталады

Оқушылар алдын ала әзірлеген кластерлерін интерактивті тақтадан түсінік беріп, шолу жасайды.





Ой толғаныс сұрағы

Оқушылар түсініктерін айтады.

Ой толғаныс кезеңі

1 топ .көз алдарына қазақтың кең, дархан даласын, жасыл жайлауын, атқа мініп тулаған бала , оның желмен бірге есіп келе жатқан арманын пайымдап, суретін салады.

2 топ. Сендерге, қарындастар,

Сендерге інілер,

Сендерге арналады бұл әндер

Дүниенің құлдық шынжырын қиратып,

Әділдік, теңдік іздеген,

Көкіректері жанып бақыт іздеген, жастар,

Сендерге арналады бұл әндер -деген өлең жолдарына толық талдау жасайды, өмірмен байланыстырады.

3 топ. Ақынға хат жолдау

4 топ.Шақырыңдар, арттағы ұйықтаған именшек,

Бақыт жолын білмейтін бауырларыңды.

Шақырыңдар, арттағы құлдықта жүрген бауырларыңды.

Сендерге-ерік, махаббат жолында

Бастаған ер қарындастар,інілер-сендерге арналады бұл әндер.

Қосыңдар дауыстарыңды.

Күшті дауыстар мен қызу ән жаңғыртсын дүниені.Өлеңге талдау жасау.

Ой бөлісу кезеңі

Әр шумаққа түсініктер беріп, бірлесе талқылайды. Ақынның сөз бен өрген суретін оқушылар ерекше әсермен әңгімелейді. Әр топ оқушыларының бір-біріне ұқсамайтын тұжырымы, түйіні, өзіндік ой пікірін үнге қосады.постерлерін қорғайды. Ойлауын дамыта отыра осы шығармадан оқушылар өздері бір-біріне ізденіс жұмыстарына жетелейтіндей жобаларды да ұсынады.

Сабақты қорыта келе, әр топ шығармадан бір-екі сөйлеммен жеткізе отыра тірек сызба ретінде негізгі түйінін шығарады.

Жетекшілер бағалауға тоқталып, әр топқа бір ұсыныс ,бір марапаттау сөзбен қорытындылайды. Бағалау парағы арқылы нәтижеге сараптама жасайды.

Үйге тапсырма: « Сәкен- үлкен дарын иесі»- материалдар жинап, әр топ тірек сызба дайындайды. Әзірленген жобаларын қорғайды.

Оқушылардан сөйлеу мәдениетінің қалыптасқанын, өлеңді нақышына келтіре көркем мәнерлі оқығанына көз жеткіздім. Мен үшін үлкен қуаныш. Мұғалімге қояр сауалдар, ой толықтыру, жеткен нәтиже. Алға қарай ұмтылыс жасаудың арқасында оқушылар бір-бірінен көш озық тұруға талаптанады, бәсекелеседі.

Сәкендей ақынның ақыл алымын, ақындық қарымын шығармаларынан байқаймыз. Ұрпақ үшін таптырмас

© 2010-2022