В есебі. Менің жұмыс жасайтын мектебімнің бастапқы жағдайы

В.Менің мектебімнің бастапқы жағдайы қандай?      Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі болып жатқан өзгерістер мектептердің жұмыс тәжірибесін жақсартып, оқыту мен оқу үдерісіне жаңа серпін әкелуде. «Білімге үш жол алып барады: -         Ойлану,оқу жолы- бұл ең парасатты жол; -          Еліктеу, ұқсау жолы – бұл оңай жол; Басың тасқа тиіп, тағдырдан сабақ алу,тәжірибе жинау жолы – бұл ең ащы жол» деп Конфуцийдің сөзінен түйгенім, адам алдына қойған мақсатына ерік- жігерін аямай еңбек ету  және со... Жылдар Бітірген оқушы саны Қатысқан оқушы саны Білім сапасы % 2010-2011 жж 15 12 91% 2011-2012 жж 8 7 67,3% 2012-2013 жж 15 12 67,5%     Көрсеткіштерге қарасақ, соңғы жылдары ҰБТ көрсеткіші төмендеп барады.       ҰБТ көрсеткішінің төмендеуі мектептегі білім сапасымен байланысты болады деп ойлаймын       Мектептің бастапқы жағдайын анықтау мақсатында жүргізілген мұғалімдер ұжымына сауалнама жүргізілді.          Сауалнама мазмұны  зерттеушілік және рефлексия, жоспарлау, қатыстырылуы, қызметкерлерді дамыту, үйлестіру көшбасшылыққа қатысты болды.Сауалнамаға мектептегі  30 мұғалімнің барлығы қатысты.(1-қосымша)  Сауалнама нәтиж... 2-қосымша.Ата-аналар сауалнама толтыруда.                 3-қосымша.Оқушылар сауалнама толтыру үстінде
Раздел Завучу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұратбай Тамаша Чекалинқызы Мұғалім портфолиосы В есебі

№3 топ І деңгей

Қызылорда қаласы 22.05.2014 ж


В.Менің мектебімнің бастапқы жағдайы қандай?

Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі болып жатқан өзгерістер мектептердің жұмыс тәжірибесін жақсартып, оқыту мен оқу үдерісіне жаңа серпін әкелуде. «Білімге үш жол алып барады:

  • Ойлану,оқу жолы- бұл ең парасатты жол;

  • Еліктеу, ұқсау жолы - бұл оңай жол;

Басың тасқа тиіп, тағдырдан сабақ алу,тәжірибе жинау жолы - бұл ең ащы жол» деп Конфуцийдің сөзінен түйгенім, адам алдына қойған мақсатына ерік- жігерін аямай еңбек ету және сол жолда өзін- өзі бар қырынан жетілдіру арқылы жетеді дегім келеді.Деңгейлік бағдарлама бойынша алған теориялық білімімді мектептегі тәжірибе кезеңінде қолданып,мектебімнің бастапқы жағдайын анықтаудан бастадым.

Мектеп тәжірибе кезеңінде өз мектебімнің бастапқы жағдайын анықтау мақсатында сандық және сапалық дерек көздерін пайдаландым.

Менің жұмыс жасайтын №102 орта мектебі Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бірлік ауылында орналасқан.Бұл мектеп 1935 жылы ашылған. Алғашында жетіжылдық болып ашылған.Департация кезеңінде Қиыр Шығыстан кәрістер, Волға бойынан немістер көшіріліп әкелгендіктен, орыс сыныптары да ашылады.

№102 орта мектеп 1988 жылы негізгі мектептен орта мектепке айналдырылды.Мектеп ғимараты ыңғайластырылған . Пән кабинеттері жасақталған, материалдық-техникалық базасы жақсы.180 оқушыға 26 мұғалім сабақ берген.

Қазіргі таңда мектепте 12 оқу кабинеті бар.Мектептің материалдық-техникалық базасы жылдан-жылға жақсарып келеді.Мектепте 1 мультимедиа кабинеті және 1 информатика кабинеті бар.Мектеп бейімделіп салғаннан кейін спорт залы, акт залы жоқ Мектепте 23 компьютер бар.17 оқушыға 1 компьютер келеді.

Қазіргі уақытта мектебімізде 132 оқушы-11 сынып және 1 мектепалды даярлық тобы бар. Биылғы 2013-2014 оқу жылы 132 оқушы аяқтайды. Жоба бойынша жылдық қорытынды бойынша үздіктер саны-24, екпінділер саны-50, сапалық үлгерім көрсеткіші-56 пайыз.

Оқушыларға 30 мұғалім , оның 8-і(27%),22-і әйелдер(73%),27-жоғары білімді(90%),3 арнаулы орта (10%) мұғалімдер сабақ береді. Жоғары санат -4-13 %,5-16,6 % 13-43 % 2013 ж жоғары санатты мұғалім-2, 2014 ж - 4 жоғары санатты мұғалімді құрады-6,5 % өсу көрсеткішіне қол жеткізілді.

Педагогтардың арасында жоғары және бірінші санаттары мұғалімдердің үлес салмағының өсуі мектеп үшін маңызды. Жоғары және бірінші санатты педагог кадрлардың санының артуы олардың пәндік оқыту мен шығармашылық іс-әрекеттерінің жетістігі арқылы қол жеткізілді.

Мектеп мұғалімдері мен оқушылары түрлі сайыстар мен олимпиадалардан, өнер жарыстарынан орын алып, өздерінің жетістіктерімен қуантуда. Биылғы оқу жылында 8- сынып оқушысы Үргенішбай Ақерке «Кенгуру» интеллектуалдық сайысынан 1 орынды иемденіп, Астана қаласына саяхаттауға жолдаманы жеңіп алды.Оқушылар халықаралық қашықтық олимпиададан жүлделі орындарды иеленді. Биылғы оқу жылында мектебіміздің 6 оқушысы аудандық пән олимпиадасынан жүлделі орындарды иемденді.Пән мұғалімдері де кәсіби сайыстарда өздерінің кәсіби біліктіліктерін байқатып жүлделі орындарды иемденді.Бұл мұғалімдердің пәндік білімдері мен педагогикалық білімдерінің жеткіліктілігінен осындай жетісттіктерге жетіп отырмыз деп ойлаймын.

Мектеп мұғалімдерінің кәсіби біліктіліктерін көтеру мақсатында Қызылорда облыстық педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті базасында 2011-2014 оқу жылдарында пән мұғалімдерінің барлығы өз пәндері, лауазымдарына, АКТ, педагогикалық технологияларға байланысты курстарында оқып ,білімдерін жетілдірді. Жаңа оқыту технологиялары бойынша СТО-12 мұғалім, МОТ-7, ОҮЖ-5 біліктілік арттыру курстарынан өтті.

Мұғалімдер кәсіби біліктілік курстары арқылы біліктілігін арттырғанмен, өз сабақтарында оқушылардың дағдыларын қалыптастыруға арналған жұмыстарды жүргізуге құштар болмады. Менің ойымша, мұғалімдердің кәсіби біліктілік арттыруы мектеп жұмысына оң әсерін тизіеді деп ойлаймын. Мектепте 7-8 мұғалім ғана үнемі ізденіс үстінде жүретіндігін көрсетіп келеді.Кейбір мұғалімдер күнделікті сабақ берумен шектеледі Мектеп мұғалімдері өздерінің білім беру үдерісінде оқушының табысты оқуына жағдай жасай алмай отырған сияқты .Себебі: біліктілік курстарынан өткен мұғалімдер өздерінің кәсібилігін дамытуға құлықты емес, себебі біліктілік арттыру курстары мұғалімдердің негізгі кәсіби даму үдерісіне негізделмеген.

Мектептегі оқыту мен оқу үдерісінде мұғалімдер өз іс-тәжірибелерімен аз бөлісетіндігі байқалады. Мектептегі пән мұғалімдері өз іс-тәжірибелерін жекешелендіріп алған, өзінің кәсіби әлеуетін сынып шегінде ғана қолданады, тек өзі үшін үшін жұмыс жасайтын мұғалімдер. Яғни, мектеп мұғалімдері мектепті дамыту үдерісіне селқос қарайтыны көрінді.Себебі мұғалімдер топтық жұмыстарды ұйымдастырып, бірлескен оқу ортасын құра алмайды.

Мектеп шеңберінде мұғалімдердің оқыту мен оқу тәжірибесіне енгізген өзгерістердің қарқыны мен сапалылығын талдайтындығы мен әрбір мұғалімнің өзінің сыныптағы тәжірибесіне талдау жүргізуге уақыт арнайтындығы аз, мардымсыз екені байқалды.

Мектептегі білім сапасы әдістемелік бірлестікте,дирекция жанындағы кеңесте,педагогикалық кеңесте талқыланады,сандық мәліметтер алынады,мұғалімнен себебін сұрағанда, көп жағдайда бар кінәні оқушы мен ата-анаға аудара салады. Бірақ мұғалім оқушыларды қалай оқытып жатыр, қандай әдіс-тәсілдерді қолданғанда оқушылардың табысты оқытуға болады, бұл жағы зерделенбейді. Мектепішілк бақылау тоқсан сайын пәндер бойынша алынады, жиынтық сандық мәлімет беріліп, оларды түзету неме кері байланыс ұсынылмайды.Біздің мектебіміздің білім сапасының төмендігінің бір себептері осында жатыр ма деп те ойлаймын.

Қазіргі уақытта мектептегі білім сапасы ҰБТ көрсеткішімен бағаланады.

Мектептің соңғы 3 жылда мектебіміздегі ҰБТкөрсеткіші:

Жылдар

Бітірген оқушы саны

Қатысқан оқушы саны

Білім сапасы %

2010-2011 жж

15

12

91%

2011-2012 жж

8

7

67,3%

2012-2013 жж

15

12

67,5%

Көрсеткіштерге қарасақ, соңғы жылдары ҰБТ көрсеткіші төмендеп барады.

ҰБТ көрсеткішінің төмендеуі мектептегі білім сапасымен байланысты болады деп ойлаймын

Мектептің бастапқы жағдайын анықтау мақсатында жүргізілген мұғалімдер ұжымына сауалнама жүргізілді.

В есебі. Менің жұмыс жасайтын мектебімнің бастапқы жағдайыСауалнама мазмұны зерттеушілік және рефлексия, жоспарлау, қатыстырылуы, қызметкерлерді дамыту, үйлестіру көшбасшылыққа қатысты болды.Сауалнамаға мектептегі 30 мұғалімнің барлығы қатысты.(1-қосымша)

Сауалнама нәтижесінде жұмыстың перспективалық бағыттарын анықтау туралы шешімдер қабылдауда басшылық, әкімшілік және мектептің бүкіл персоналы ынтымақтаса жұмыс жасай алмайтындығын мектепте жоспарлау үдерісіне мұғалімдер ұзақ мерзімді жоспарлауға «сирек» қатыстырылатын көрсетті.(1-диаграмма).Мектепті дамыту жоспарын жасауда сыртқы ұйымдар «сирек»тартылатынын байқатты.

МВ есебі. Менің жұмыс жасайтын мектебімнің бастапқы жағдайыВ есебі. Менің жұмыс жасайтын мектебімнің бастапқы жағдайыектебімізде қызметкерлерді дамытуда кәсіби оқуы «жиі» бағаланатындығы және мектепте түйінді шешімдер туралы қызметкерлер «әрқашан» уақытылы хабардар етіліп тұратындығы көрінді.(2-диаграмма)

Мектепте көшбасшылықта күрделі тапсырмаларды «әрқашан»тәжірибелі қызметкерлер орындайтыны айқын байқалды.(3-диаграмма)

Мектептегі тәжірибе кезеңінің мақсатын түсіндіру мақсатында мұғалімдермен «Білім беру жүйесі: бүгін және ертең» тақырыбында деңгейлік курстың мақсаты мен міндеттері туралы таныстырылым жасадым.Таныстырылымда адамның адами құндылықтарын бағалау мақсатында «Әлемнің жеті кереметі» тақырыбындағы бейнежазбаны көрсетілді.Мақсат біз алдымен, адам бойындағы құндылықтарды бағалауға үйренуіміз керек деп ойлаймын.

МВ есебі. Менің жұмыс жасайтын мектебімнің бастапқы жағдайыектеп мұғалімдерімен дөңгелек столда мектептің дамыту үдерісі байланысты сауалнамалар алынды.Сауалнама арқылы мектепте білім алғыс келетіндердің ниеті ынталандырылатыны, мектеп басшылары өздерін білім алушымыз деп санамайтындығы, бірақ мұғалімдер өздерін үнемі үздіксіз білім алушымыз деп санайтындығы және мұғалімдер өздерінің оқыту мен оқу әдістемесін жетілдіруде кездескен проблемаларды «кейде» ғана зерттейтіндігі байқалды.

(4-диаграмма)

Мектеп мұғалімдерімен өткізілген «Білім беру жүйесі : бүгін және ертең» тақырыбында дөңгелек столда мектептің басым бағыттары мен кемшін тұстары айқындалды.

Мектептің басым тұстары:

  1. Мектепте жаңаша ойлай алатын шығармашыл ұстаздардың болуы.

  2. Мектеп мұғалімдерінің АКТ құралдарымен жұмыс жасай алуы.

  3. Ұжым мүшелерінің ынтымақтастығы.

Мектептің кемшін тұстары:

  1. Деңгейлік курс бойынша мұғалімдердің біліктілік курстарынан өтпеуі.

  2. Мектептің материалдық-техникалық базасының төмендігі.

  3. Мұғалімдердің белгілі бір технологиялар бойынша сертификат алғанмен де, оны сабақтарды қолданбауы, яғни дәстүрлі оқытудан шыға алмай жүргені.

Мектеп басшысымен сұхбаттан кейін мектептің даму жоспарымен таныстым. Онда №102орта мектебінде 2013-2016 жылдарға арналған бағдарламаның дамуы жоспарланған.

Педагогикалық ұжым бағдарлама мына бағыттары бойынша жұмыс жасайды:

І бағыт.Қазақстан Республикасында білім беруге байланысты саясатты жүзеге асыру.

ІІ бағыт.Үздіксіз білім беру мен тәлімді тәрбиені жүзеге асыру

ІІІ бағыт Педагог мамандармен жұмыс

ІҮ бағыт.Мектептің ата-аналар және қоғамдық ұйымдармен жұмысы.

Ү бағыт. Мектепішілік басшылық пен бақылау.

ҮІ бағыт.Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту.

В есебі. Менің жұмыс жасайтын мектебімнің бастапқы жағдайыВ есебі. Менің жұмыс жасайтын мектебімнің бастапқы жағдайыМектептің даму жоспары Қазақстан Республикасының білім реформасындағы өзгерістерді қамти отырып жасалғанмен де, кейбір кемшін тұстары байқалады. Мектептің жұмыс жоспарымен таныса отырып менің түйгенім: жоспарда мақсат нақты қойылмаған, жалпылама. Бұл жоспардан байқағаным: жоспардың басым бағыты білім сапасын тексеруге, сараптама жасауға, мұғалім деңгейін анықтауға және оларды талдауға негізделген жұмыс формалары екенін байқадым, яғни:

  • мектеп басшылары үшін мектептің даму жоспарының жеке құжатқа негізделгені;

  • мектептің даму жоспары тек бақылауға, тексеруге яғни тоқсандық, жылдық қорытындыны сараптауға бағытталған жұмыс құжатына айналғандығы;

  • мектептің даму жоспарында мұғалімдердің сыни ойлауына бағыттайтын жұмыстың мүлдем жоспарланбауы;

Мектептің даму жоспарын зерттеу және талдау, оны дайындау

бойынша келесі ұсыныстарды енгізу қажеттігіне көз жеткіздім:

1.Мектеп мұғалімдерінің іс-тәжірибесін жетілдіру мақсатында әдістемелік -ақпараттық жұмыстарды жетілдіру;

2.Мектепте СТО бағдарламасы бойынша курстан өткен мұғалімдердің кәсіби тобын құру және олардың іс-тәжірибесін тарату ;

3.Мектепті дамытуда ата-ана ынтымақтастығын нығайту;

4. Оқыту мен оқу үдерісінде бірлескен оқу ортасын құра отырып, оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту.

Мектеп жұмысының ұзақ мерзімді бағыттарын белгілеу және шешімдерді қабылдау туралы ұсыныстар педагогикалық кеңесте талқыланады, бірақ даму жоспарын нақтылау басшылық құзырында қалып, мұғалімдер өз талап-тілектерін енгізе алмайды.Осы уақытқа дейін мектептің даму жоспарында мұғалімдердің пікірлері ескерілмеді.

Оқушының жан-жақты тұлға болып қалыптасуына ата-ана да жауапты.Меніңше, мектеп мен ата-ана ынтымақтастығын мектепті дамытуда оңтайлы пайдаланбаймыз. Ата-аналар балаларының тоқсандық бағаларымен танысу үшін ғана мектепке, ата-аналар жиналысына келеді.Ата-анамен байланыс дәптерлері жүргізіледі. Бұл жұмыс та нәтижелі деп айта алмаймын. Жалпы мектеп-мұғалім -ата-ана ынтымақтастығы арқылы бала дамуына жол сала аламыз Ата-аналардың мектеп пен мұғалімдер туралы ой-пікірлерін білу мақсатында 7- сыныптың ата-аналарымен «Жеке тұлғаны дамытудағы мектеп-мұғалім -ата-ана ынтымақтастығы» тақырыбында тренинг өткіздім. Тренингке қатысқан 15 ата-анадан сауалнама алынды.(2-қосымша)

СВ есебі. Менің жұмыс жасайтын мектебімнің бастапқы жағдайыауалнама нәтижесінде ата-аналардың көпшілігі «мұғалімдер бірлескен оқуға, өзара оқытуға, өз бетінше оқуға жағдай жасап, олардың бойындағы қабілеттерді аша алатындай әдіс -тәсілдер қолдана ма ?» деген сауалға «иә» және «білмеймін» деп жауап берген. Ата-аналар балаларын мұғалімдер қалай оқытып жатыр, бұл туралы ойланбаған сыңайлы. «Мектеп мұғалімдері оқыту үдерісінде оқушыларды ынталандырудың жолдарын, олардың эмоционалдық ахуалын және сыныптан тыс өмірін терең т үсіне ала ма? » деген сұраққа ата-аналар «сенімді емеспін» және «білмеймін» деген жауап берген.( 5-диаграмма) Бұл нені көрсетеді ?Ата-аналар мұғалімдердің сыныптан тыс өмірі туралы ойлана ма , жоқ па бұл туралы білмейді. Өзім ауылдық мектепті жұмыс жасаймын. Еңбек тәжірибемде 1 ғана ата-ана ғана сабағыма қатысты.Ата-аналар мектеппен тығыз байланыста емес.Мектеп-мұғалім-ата-ана ынтымақтастығы арқылы оқушының табысты оқуына жағдай жасауға болады деп ойлаймын.Мектептің даму жоспарын жасауда оқушылар мен ата-аналардың пікірлері ескерілмейді.Себебі ата-аналар тек ресми түрде ғана мектеп байланыс орнатқан, оны алынған сауалнамадан байқадым.

В есебі. Менің жұмыс жасайтын мектебімнің бастапқы жағдайыМұғалімдердің көпшілігі оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыруда олардың даму деңгейлеріне жете мән бермейді, мысалы, тапсырма беруде түрлендірген әдістерді көп қолдана бермейді. Оны 7-сыныпта алынған сауалнамадан байқауға болады.(3-қосымша)

«Сабақтарда тапсырма орындаудың топтық және жұптық түрлері қолданыла ма ?» деген сауалға оқушылардың көпшілігі «кейде», «мұғалімдер менің оқуымның тәсілдері мен жолдарын өз бетімше таңдауыма мүмкіндік бере ме?» деген сұраққа көп оқушы «кейде» деп жауап берген. (6-диаграмма). Менің ойымша, алынған сауалнама негізінде оқушылардың ойлау, өз пікірін ашық айтуға мүмкіндік берілмейтіндігі дәрежесінде дамытылмаған және оқушы мен мұғалім арасында қарым -қатынас қалыптаспаған деп қорытынды жасауға болады. Сол себепті осы жағдайда мақсатым сынып сабақтарында оқушылардың топтық жұмыстар арқылы сыни ойлау дағдыларын дамыту.

Мектебімізде жұмыс жасайтын мұғалімдердің арасында шығармашылықпен айналысатын мұғалімдер өздерінің жұмыстарын баспасөз беттеріне, интернет-ресурстарына жариялап тұрады. Мұғалімдер кәсіби білім сайыстарына, педагогикалық оқуларға қатысады.

Мұғалімдер сабақтарында қолданылған әдіс - тәсілдердің тиімділігі туралы баяндамаларында көрсетеді. Оқушы үшін не тиімді болды, неліктен тиімді болды, қалай қалай ұйымдастыруға болады деген сұрақтар төңірегінде пікірлер айқындалып көрсетілмеді.

Деңгейлік курс арқылы менің пайымдағаным, дәстүрлі білім беру үдерісінде оқушының бойындағы дағдыларды қалыптастыруға жұмыс жүргізбей, олардың ойлануына және ойлантуға қадамдар жасамағанымыз байқалды.

Мектепте деңгейлік курс бойынша мұғалімдер курстан өтпегендіктен, мектеп мұғалімдері жаңалыққа қызығушылықпен қарады. Қызығушылық танытқан әріптестеріммен жүйелі бірлескен жұмыс жүргізу мақсатында мектепте «Ұлағат» атты мұғалімдердің ынталы тобын құрдық.

«Бірлескен оқу- өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады.Адамдар топтарға бірлескен барлық жағдайларда топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен іске қосқан үлесін құрметтеліп, ескерілетін, адамдармен жұмыс істеудің басқа тәсілі орын алады.Топтың жұмысы тиімді болуы үшін билік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінеді.Бірлескен оқудың негізгі аспектісі топ мүшелерінің ұжымдасу арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуіне негізделген.» [1.36].Бірлескен жұмыс ортасын құру арқылы оқушылардың оқуына қолайлы жағдай қалыптастырып, олардың табысты оқуына мүмкіндік туғызамыз деп ойлаймын.

Мектебімізде мұғалімнің көшбасшы болуына мүмкіндік берілген.Көшбасшылық қабілеті бар мұғалімдерге қолдау көрсетіледі.Бірақ, көбіне мұғалім көшбасшылығы орындаушылық сипатта қалып отырады.

Мектепте өткізілетін іс-шаралар тек мектеп ішінде болады, мектепаралық жұмыстар жолға қойылмаған.Сондықтан алдағы уақытта мектептер арасындағы желілік байланыстарды жолға қою керек деп ойлаймын.

Болашақта мектептің даму жоспарын зерттеуді жалғастыру үшін қажетті ақпараттық деректерді жинау, басқа да тиімді әдістерді қолдануды жоспарлап отырмын. Себебі осы арқылы мен өзімнің мектебімді дамытуға байланысты жұмыстарды жетілдіруге арналған мына ұсыныстарды айтқым келеді:

1.Мектептің даму жоспарын жасау барысында педагогикалық ұжымның ұсыныс-пікірлері ескеріліп, жоспарға ензілісе.

2.Ата-ана мен мектеп ынтымақтастығын жетілдіру мақсатында жаңа үлгідегі байланыс орнатылса (сенім жәшіктері, айына бір рет «Ата-ана дауысы» атты бұрыш ұйымдастырылса )

3.Мектептің даму жоспарын «СМАРТ» талаптарына сай нақтыланып, зерделенсе.

Пайдаланылған әдебиеттер :

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық.І деңгей

2.Қосымша материалдар.1-3 апталар.

Қосымшалар.

В есебі. Менің жұмыс жасайтын мектебімнің бастапқы жағдайыВ есебі. Менің жұмыс жасайтын мектебімнің бастапқы жағдайы

1-қосымша. Мұғалімдер сауалнама толтыруда.

В есебі. Менің жұмыс жасайтын мектебімнің бастапқы жағдайы

2-қосымша.Ата-аналар сауалнама толтыруда.


В есебі. Менің жұмыс жасайтын мектебімнің бастапқы жағдайы

В есебі. Менің жұмыс жасайтын мектебімнің бастапқы жағдайы

3-қосымша.Оқушылар сауалнама толтыру үстінде

© 2010-2022