Коучинг жоспары Диалогтік оқыту – оқытудағы жаңа тәсілдердің бірі

Раздел Завучу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коучинг жоспары

Коучинг сессияның тақырыбы:

Диалогтік оқыту - оқытудағы жаңа тәсілдердің бірі

Мақсаты:

Мұғалімдердің іс-тәжірибесіне сүйене отырып, диалогтік оқытудың білім берудегі тиімді педагогикалық тәсіл екендігін түсіндіру және түрлерін тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт-бағдар беру.

Міндеттері:

білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді, мысалы, жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастырады;

оқу үдерісіне тиімді тәсілдерді енгізеді.

Күтілетін нәтиже:

- тәжірибеде қолдану арқылы оқу,оқыту үдерісінде оқушылардың бірлескен әрекеті, белсенді қарым-қатынас қалыптастыра алады;

- пікір алмасу, талқылау, зерттеу барысында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауға мұғалім түрткі болып отырады .

Сабақта туындаған негізгі идеялар:

Диалог -оқушылардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік.

Психологиялық дайындық

«Бірлескен әрекет»

тренингі

(2 мин)

Қызығушылықты ояту. Миға шабуыл. (3 минут)

Практикалық жұмыс

(дайындыққа 7 мин, қорғауға 3 минут)


Бағалау (2 мин)

Сергіту сәті (2 мин)

Кері байланыс (3 мин)

Дөңгелене тұрып, бойымыздағы жағымсыз қасиетімізді жазып, ортаға тастаймыз да, қолымызды бір-біріміздің иығымызға қойып, бірлесіп аяғымызбен басып, жағымсыз қасиеттерімізден тазарамыз.

  1. Бейнеролик көрсету арқылы тақырыпты ашу

2) Диалогтік оқыту - оқытудағы жаңа тәсіл-таныстырылым көрсету

Постер қорғау.

І топ. «Мұғалім- сабақ иесі,оқушы - бақылаушы» (Жетістіктері мен кемшілігі)

ІІ топ «Мұғалім- бағыттаушы, оқушы сабақ иесі» (Жетістіктері мен кемшілігі)

ІІІ топ «ХХІ ғасыр мұғалімі қандай болуы керек»

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі бойынша топтар бір- бірінің жұмысы туралы пікір айтады.

Қара жорға биі

«Не үйрендім? Не үйренгім келеді?» кестесін толтыру. Өз ойларын тұжырымдап айтады

Қорытынды:

(3мин)

Коучинг «Оқытуда тиімді әдісті қолдана білу өз қолымызда» деген сөзбен қорытындыланады.

Дереккөздер:

ғаламтор мәліметтері.


2


© 2010-2022