Открытый урок по курсу Абайтану на тему: «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес. .. »

№ 176 орта мектебіСабақтың тақырыбы:Абай «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес...»Пәні:«Абайтану курсы»Сыныбы: 10 «А»Пән мұғалімі:Шаймағанбетова Қадыргүл – жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі2014 жыл «Абайтану» курсы 10 сынып Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев «Өлсе өлер табиғат, Адам өлмес». Сабақтың дәйек сөзі: «Арттағыға сөзің мен ісің қалсын» Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Ұлы ойшыл, поэзия пайғамбары ақын Абайдың сан қырлы келбетін аша отырып, оқушылардың білім алуға деген ынтасы...
Раздел Завучу
Класс 10 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Открытый урок по курсу Абайтану на тему: «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес...»№ 176 орта мектебі





Открытый урок по курсу Абайтану на тему: «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес...»










Сабақтың тақырыбы: Абай «Өлсе өлер табиғат,

адам өлмес...»

Пәні: «Абайтану курсы»

Сыныбы: 10 «А»

Пән мұғалімі: Шаймағанбетова Қадыргүл -

жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі



2014 жыл

«Абайтану» курсы 10 сынып

Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев «Өлсе өлер табиғат, Адам өлмес».

Сабақтың дәйек сөзі: «Арттағыға сөзің мен ісің қалсын»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Ұлы ойшыл, поэзия пайғамбары ақын Абайдың сан қырлы келбетін аша отырып, оқушылардың білім алуға деген ынтасы мен іскерлігін, оқу - танымдық қажеттілігін қалыптастыру.

2.Дамытушылық: Оқушыларды жеке тұлға ретінде ала отырып, олардың іс әрекет түрлерін мақсатты қалыптастыру, өздік дербес ізденуге баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелілік: Ақын шығармалары арқылы өмірдің ең қымбатты, ең асылы- жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себе отырып, оқушы бойына асқар арман, әдемі сенім, сұлулық пен әсемдікке құштарлық сезімдерін, кісілік қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың түрі: Зерттеу сабағы.

Сабақтың әдістері: Топтық пікір алысу: «Әдеби үйірме» стратегиясы, өз еңбегін қорғау

Сабақтың көрнекілігі: «Абайдың шығармалар жинағы», «Абай елі» кітабы, «Абай» энциклопедиясы, «Абай және Пушкин әлемі» конференция материалдар, «Абайдың қарасөздері », интерактивті тақта, «Абай және қазақ әдебиеті» сызбасы, «Абай жолы» аудио кітап, «Абай тану әліппесі» интерактивті оқулық.

Сабақтын барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі-2-3 минут

2.Мұғалім сөзі:

Оқушылар «Абай әлеміне саяхат» сабағымызды бастаймыз.

Біз Абай шығармашылығымен сонау бастауыш сыныптағы өнер-білімге,табиғат лирикасынан, 5 сыныптағы М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясынан үзінді «Әжемнің әңгімесі», «Ақындардан» бастау алған білімімізді, биылғы жылы мектеп бағдарламасына енген «Абайтану» курсы арқылы толықтырудамыз. «Абайды тани алмаған қазақ дүниені де танып жарытпайды» (Н.Назарбаев).

«Абайтану» арқылы жас ұрпақ өз тарихын, ата-баба мұрасын танып, зерделейді.

Жыр алыбы Жамбыл «Абай - ақын емес, ол-ғұлама» деген болса, ақын С.Торайғыров «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе, адамдықты көздесең жаттап оқы, көңіліме» деп ұран етті.

«Адамның ең жаманы талапсыздық» деп ақынның өзі айтқандай жас ұрпақ сана сарайын ашуда, ой орамдарын тереңдетуге Абай өлеңдері мен қарасөздерінің қасиетті құрандай екені даусыз.

3. Олай болса «Абай айтқан асылдар» айдарымен оқушыларға кезек беріп, Абайдың өмір, уақыт, еңбек, достық, білім, ғылым, өнер, тіл,адам, адамгершілік, ұстаз, шәкірт туралы өлеңдерінен үзінділер тыңдасақ.

4. «Әдебиет үйірмесі» стратегиясы бойынша топтық жұмыс:

I топ

  • Баяндап беруші - Абай өскен орта, білім алуы, шығармашылығы.

  • Зерттеуші - Абай өлеңдеріндегі түр жаңалықтары.

  • Сұрақ құрастырушы -

  • Сілтемелер табушы - Абай шығармашылығын ашатын негізгі ерекшеліктер бойынша.

  • Бейнелеуші суретші - Абай өмірі мен шығармашылығына суреттеме.

  • Дәнекер - Абай шығармашылығының бүгінгі әдебиеттегі орны.

  • Хатшы - Қара сөздермен толықтырулар, топ мүшелерін бағалау.

II топ

  • Баяндап беруші - Абай кім?

  • Зерттеуші - Абай және қазақ әдебиеті.

  • Сұрақ құрастырушы -

  • Сілтемелер табушы - Абай шығармашылығының тіл көркемдігі бойынша.

  • Бейнелеуші суретші - Абай өмірі мен шығармашылығына суреттеме.

  • Дәнекер - Абай шығармашылығының бүгінгі әдебиеттегі орны.

  • Хатшы - Қара сөздермен толықтырулар, топ мүшелерін бағалау.

5. Жаңа сабақ: Абай «Өлсе өлер табиғат, Адам өлмес...» өлеңі

Мұғалім сөзі: Өлеңді мәнерлеп оқып беремін.

«Өлсе өлер табиғат, Адам өлмес» - Абайдың 1895 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақтан тұратын 4 шумақ.Ақынның болашағынан үлкен үміт күткен сүйікті баласы Әбдірахман мен інісі Оспаннан айырылып, көңілін мұң басып, қайғы шеккен кезеңіндегі өмір мен өлім, табиғат пен адам хақындағы ойлы толғаныстарынан елес береді. Өмірдің мән-мағынасын жете бағалап, опасы мен жалғанын әрқашанда ажыратын қараған Абай дүниеден өткен адамды біржолата өлдіге санайтын жаңсақ пікірді теріске шығарады. Абай платон ілімінен арқау алған идеалистік философияның жаратылыс құбылыстарын жоғары қойып, адамды табиғатқа табынтпақ болған кертартпа тұжырымына қарсы. Ол абсолюттік идеялардан нақты дүниелерді ілгері қояды. Ақынның ұғымында «Мен» әрі табиғат, әрі адам. Ол «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» дегенде сол адамды өлтірмейтін «Менікі» саналатын - істеген еңбегі дейді. «Мен» кісінің денесі де, «Менікі» - атқарған ісі, ұстаған ойы, айтқан сөзі. Осы «Менікі» мәңгілік. «Фәнидің» мінін көрмей қоймайтын, «бақилық» мұрасы. Абайдың бұл тұжырымы түптеп келгенде «Жақсының аты өлмес, ғалымның хаты өлмес» дейтін халық философиясымен үндес жатыр.Сонда ақын «адам өлмес» дегенде не айтпақ? Ол осынау байламды сөзі арқылы халықты табиғат құбылыстарынан жасқанбай, оларды мойынсынбай, қарсы күресуге, еңбек етуге, артына жұрт есінде тұтарлық іс қалдыруға шақырады. Фәнилық дүниеге бой алдырмасаң, терң ойдың соңына ерсе ғана иманың түгел деп түсіндіреді. Бұл жерде, сөз жоқ, ол өзі туралы айтып отыр. Бұл кезде «Абай аға» атанып, дуалы сөзі елге дауа, жұртқа жұбаныш болған ақын өзінің бүгінгі менг болашақты жалғастыратын ірі тұлға екенін жақсы білген. Өйткені оның өзі де «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған».

6. Жаңа сабақ бойынша «Әдебиет үйірмесі» стратегиясын пайдаланып тестілеу жұмыстар жүргізілді; жаңа сабақ болу себепті қажетті материалдар берілді.

I топ

  • Баяндап беруші - Өлеңнің мазмұнын баяндау.

  • Зерттеуші - Өлең құрлысынан талдау.

  • Сұрақ құрастырушы -

  • Сілтемелер табушы - 1-2 шумақтағы жаңа сөздердің мағынасын ашу.

  • Бейнелеуші суретші - «Мен мен менікі»

  • Дәнекер - «Өлді деуге ..........» өміршеңдігі

  • Хатшы - Қара сөздермен толықтырулар, топ мүшелерін бағалау.

II топ

  • Баяндап беруші - Өлеңді жатқа айту.

  • Зерттеуші - Синонимдік қатарын табу «бой алдырған».

  • Сұрақ құрастырушы -

  • Сілтемелер табушы - 3-4 шумақтағы жаңа сөздердің мағынасын ашу.

  • Дәнекер - «Арттағыға сөзің мен ісің қалсын».

  • Хатшы - Қара сөздермен толықтырулар, топ мүшелерін бағалау.

7. «Ойшыл туралы ойлар» айдарынан

Абай туралы ой орамдарына құлақ түрейік, Абай туралы ойшылдар сөзі 3-4 оқушы оқиды

8. Сабақты бекіту:

Мұғалімнің сөзі:

9. Шығармашылық тапсырма:

I топ

«Абай ақынша жырласам.....»

II топ

«Абай өлеңдерінен ой түйгенім....»

10. Ән: «Өлсе өлер табиғат, Адам өлмес»

Сөзі: А.Құнанбаев

Әні: С.Мұқамеджанов, М.Маңғытаев

Орындайтын: 9 «А» сынып оқушысы А.Смағұл







© 2010-2022