ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН КЕЛЕШЕКТЕРІ

Педагогикалық кадрларды дайындаудың проблемалары мен келешектері, мұғалім дайындайтын оқу орындарын оңтайландыру, оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру, электрондық оқытуды (E-learning) енгізу жолдары жеке тәжрибе негізінде көрсетілген. В статье раскрыты проблемы и будущее подготовки педагогических кадров, оптимизация учебных заведений, обновление учебно-воспитательного процесса, повышение эффективности и доступности образования работников,...
Раздел Завучу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН КЕЛЕШЕКТЕРІ


Құрманалина Шалқыма Хайроллақызы

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

Қазақстан Республикасы, Орал қаласы


Елбасы жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясы туралы мақаласында білім саласы үшін маңызды тапсырмалар беріп,әлеуметтік мәселелерге, мұғалімдер мен жастарға, педагогикалық кадрларды дайындаудың проблемалары мен келешектеріне көп көңіл бөлетінін көрсетті.

Әлемдік тенденцияларға талдау жасасақ, мектепке дейінгі тәрбиенің мектепке дейінгі білім беруге, ерте жастан оқытуға, жан-жақты дамытуға айналып келе жатқанын көруге болады. АҚШ-та, Ұлыбританияда, Германияда бұл тәсіл кеңінен қолданылады. Сондықтан, біз мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиенің мазмұнын және әдістерін әр баланың жеке қабілетін дамытуға бағыттай отырап, қайта қарауымыз керек және білім беретін жаңа буын педагогтарын кәсіби құзыреттілікке бағыттап даярлауды талап етілуде. Ата-аналарды барлық білім беру деңгейінде белсенділік танытуға шақырып, тиімді байланыс жасау механизмдерін қарастырған жөн. Біздің ойымызша, мектепке баланы дайындау үшін, мектепке дейінгі ұйымдардың түлектерінің моделін,мектеп оқушысының моделін,болашақ тәрбиеші мен оқытушының моделін жасақтаудан бастаған жөн. Модель жасақтау портфолио арқылы қалыптасады.

Қазіргі кезде орта білім саласында көптеген реформалар болып, түбегейлі шаралар қабылданылуда. Елбасының қолдауымен заманға сай білім беру құрылымы белсенді қалыптасып келеді, педагог мәртебесін көтеру, мұғалімдерге лайықты еңбекақы төлеу, мұғалімдердің біліктілігін арттыру, орта арнаулы, жоғары оқу орындарында мұғалімдер даярлау жүйесіне түбегейлі өзгертулер талап етілуде. Өздерің білесіңдер, Елбасының тапсырмасына сәйкес 2012 жылдан бастап, педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесін түбегейлі өзгертуді Назарбаев Зияткерлік мектептері мен «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы әлемдік тәжірибе негізінде жүзеге асыру қолға алынуда. Педагог кәсібінің қоғамдағы имиджін жүйелі түрде арттыру да бұқаралық ақпарат құралдары, үздік мұғалімдердің жетістіктерін насихаттау, педагогикалық конкурстар, ата-аналармен, жұмыс берушілермен өзара байланысы арқылы жүргізілуде.

Мұғалім дайындайтын оқу орындарын оңтайландыру, оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру жолдарын тиімді енгізуді, біріншіден, білім беру жүйесінде директорлар корпусының сапасын жақсартудан бастау керек. Басшылық орынға бұрын әдіскер,орынбасар болып істеген, жеткілікті өтілі, категориясы бар, педагогикалық менеджментті білетін мамандар сайланса жұмыс жүрген болар еді. Екіншіден, Біз шетел мамандарының көрсеткен кемшіліктеріне жүгінсек, Қазақстанда мұғалімдердің біліктілік және кәсіби міндеттерді орындау деңгейі төмен, білім философиясы оқушы - оқушы, оқушы - мұғалім арасындағы қарым-қатынас, зерттеу жұмысы, проект қорғау жұмыстарына бейімделмеген, оқытушының әдістемелік дайындығында және практикалық жұмысында оқушыны тұлға ретінде қалыптастыру қарастырылмаған, ақпараттық технологияны пайдалану арқылы тыңдаушылардың функционалдық сауаттылығын жетілдіруге көңіл бөлінбеген. Бұл көрсетілген кемшіліктер мұғалім даярлау және жас мұғалімдерді ғылыми әдістемелік жұмыстарға тарту білім ұйымдары директорларының аталған бағыттарға көңіл бөлмегендіктерінің нәтижесінде деп ойлаймын. Біздің тәжрибемізден, директорлар корпусының басқаруымен мұғалімдердің біліктілік және кәсіби міндеттерді орындау деңгейін көтеру үшін төмендегідей нақты іс-шаралар қолға алынса: біріншіден, «жаттанды» оқуды қойып, логикалық есептер, құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған тапсырмалармен жұмыстану нақты қолға алыну керек.

Екіншіден, нәтижеге бағытталған педагогикалық технологияларды енгізу арқылы білім беру стандарттарын, оқыту бағдарламаларын, деңгейлік тапсырмалар жүйесі енгізілген оқулықтарды құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағыттап жасақтау арқылы білім беру стандарттары мен мектеп оқулықтарының сапасын арттыруға болады. Үшіншіден, мектептегі білім сапасын бағалаудың тиімді жүйенсін әзірлеу керек. Білім және ғылым Министрі Б.Т.Жұмағұловтың айтуы бойынша біздің мектептерде әлі күнге дейін «оқыту сапасы» дегенді «4» пен «5-ке» оқитын оқушылар санының пайыздық қатынасы деп түсінетін ескі ұғым бар. Әлемдік практикада білім сапасы нақты критерийлерге сәйкес: Білім - түсіну - қолдану - жүйелеу және жалпылау мақсаттары бойынша бағаланады. Ал, біздің мұғалімдер «өте жақсы» деген баға сапа иерархиясындағы ең төменгі білім деңгейі үшін ғана қойылатынын білмейді. Сондықтан да мұғалімдер өздігінен құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған деңгейлік тапсырмалар жүйесін құрастырып, оны шешуге үйренсе, бағалаудың критерилерімен танысса, ол үшін ғылым жаңалықтары туралы арнайы семинар, конференциялар ұйымдастырылып, педагогтардың функционалдық, әдістемелік сауаттылығы қалыптастырылған болар еді. Төртіншіден, көпшілік мектептердегі оқу сапасын элиталық білім беретін лицейлер мен гимназиялардың деңгейіне жеткізу жұмыстарын қолға алып, Назарбаев Зияткерлік мектептері үлгісінде корпоративтік басқару, педагогикалық менеджмент элементтері енгізілсе.

Келесі Елбасының бақылауындағы мәселе: Электрондық оқытуды (E-learning) енгізу, Интерактивті және қашықтан оқытуды кеңейту. Мысалы біздің колледжде 222 компьютер бар, 2 жылжымалы компьютер класы, 7 мультимедиялық проектор, 6 интерактивтік проектор, 1999 жылдан бері электрондық оқу залы, 8 компьютерлік класс, 10 мультимедиалық кабинет, интерактивтік тақталар, ActivBoard, ActivStudio, ActivTablet, Activout, жылжымалы экрандар, Work-Center мини-типографиясы қолданылуда, барлығы колледжішілік желіге және бүкіләлемдік Интернет желісіне қосылған. Болашақта «Виртуалды мектеп», «Виртуалды колледж», «Онлайн сабақтар мен семинарлар» жобалары бойынша Назарбаев мектептерінің Интернет-ресурсын құру тәжірибесін енгізіп,интерактивті олимпиадалар, оқу турнирлері мен интеллектуалды жарыстар, виртуалды сабақтар өткізу жоспарланды. Колледж жанында ақпараттық оқыту ортасы жасақталды, онда электрондық әдістемелік жүйе /ЭӘЖ/ жасалды, екі жүз сегіз электрондық оқулықтар, оның ішінде қазақ тіліндегі алпысқа жуық оқулық оқу үрдісінде пайдалануда. Оқу - тәрбие үрдісіне жоспарланған нәтижеге бағытталған автоматтандырылған басқару бағдарламасы енгізілді, студенттердің, компьютерлердегі жұмыстарын директор қашықтықтан тексеріп отырады. Қазіргі таңда Интернетті қолданудың тарифтік жоспары - «ID Phone Megaline Office», жылдамдығы - секундына 4 мегабит. 2011-2012 оқу жылынан бастап қосылған уақыты және трафигі шектелмейтін (unlimited) Интернетке қатынаудың айлық төлемақысы 101 000 теңге. Колледждің оқу үрдісіндегі және әкімшілік жұмысқа қатысты барлық компьютерлер Интернет желісіне қосылған, тегін қолдануға мүмкіндік берілген.

Интернет және локалдық желі қорларын ортақ пайдалану мақсатында желілік технологиялар пайдаланылады. Локальдік желі бойынша әкімшілік компьютерлері мен оқытушының компьютеріне файлдар мен мәтінді хабарламаларды жіберуге Net SpeakerPhone бағдарламасы қолданылады. Барлық колледждегі компьютерлерді бақылауға арналған ITalc бағдарламасы жұмыс жасауда. Бұл бағдарлама арқылы желідегі барлық компьютерлерді қосу мен сөндіруге; бағдарламаларды жүктеп, жабуға; компьютер экранындағы орындалып отырған іс-әрекетті қарау және жазып алу; қолдау көрсету мақсатында алыстан бақылау құруды ұйымдастыру; оқу материалдарын демонстрациялау (толық экран немесе бөлек терезелер режимінде); оқушыларға мәтінді хабарламалар жіберуге мүмкіндік берді. Ақпараттық-әдістемелік орталық компьютер паркін техникалық жөндеу, АКТ қолданып шаралар өткізуде техникалық қызмет көрсету, Work-Center, ColorQube 9201 мини-типография көмегімен баспа қызметтерін, оқыту тренингтерін өткізумен айналысады.

2008-2009 оқу жылында 1 компьютерге 15 студенттен, 2009-2010 оқу жылында 1 компьютерге 14 студенттен келсе, 2010-11 оқу жылында 13 студенттен, 2011-2012 оқу жылында 1 компьютерге 8 студенттен келеді.

Колледж сайтын "IT GROUP" компаниясымен жасақтап, pedcolleg.kz адресі бойынша Интернетте орналастырылып, қазіргі таңда e-Learning бөлімі жасақталу үстінде. Сайт қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жұмыс жасайды. Колледж сайты Колледж туралы, Бөлімшелер, ОӘБ, e-Learning, Біздің жетістіктер, Тәрбие, Практика, Мемлекеттік сатып алулар тәрізді бөлімдерден тұрады. Алғашқы парақтан колледж жаңалықтарымен танысуға болады. Электрондық журналда топтардың үлгерімі студенттер мен ата-аналарының танысуына мүмкіндік берсе, талапкерге мамандықтармен танысуға және қызықтырған сұрақтарын қоюға арналған парақтар бар.

Колледждің [email protected] электрондық почтасы күнделікті тексеріліп отырылады. Кіріс, шығыс құжаттардың электрондық нұсқасы почта арқылы қажетті орындарға таратылады.

Колледж оқытушылары оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық, компьютерлік, жобалап оқыту, интерактивтік, қашықтан оқыту, модульдік оқыту, ойын, дамыта оқыту, оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, деңгейлеп-саралап оқыту, Интернет-технология т.б. технологияларды қолдануда.

Автоматтандырылған кітапхана ісін жолға қою мақсатында «Кітапхана ісі» бағдарламасы енгізілуде. English Discoveries Online және Offline кешенді бағдарламасы арқылы ағылшын тілі оқытылуда.

Интерактивтік тақтамен жұмыс істеу үшін Activ Software, ActivInspire, ActivPremiere программалары арқылы флипчарттар құрылуда.

Колледжде ғылыми мектеп ашылған,бұл мектепте педагогтардың біліктілігін арттыруға,кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға,функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруға бағытталған нақты семинар,мастер кластар ұйымдастырылады. Осындай жұмыстардың нәтижесінде колледж жанында 12 педагогикалық мамандықтар бойынша Республикалық оқу-әдістемелік бірлестік жұмыс істейді. Қазақ тіліндегі оқулықтар мен оқу бағдарламалары жасақталып, республика көлемінде сынақтан өтіп, оқытушылардың 60 пайызы оқулықтар пен оқу-әдістемелік кешендер, 86 типтік бағдарламалардың авторы болды.Колледжде сегіз мамандық бойынша жасақталған мемлекеттік стандарт республика колледждеріне таратылуда.
П.ғ.д. Ш.Х.Құрманалинаның «Математика» (1-4 класс), «Математиканың теориялық негіздері» электрондық оқулықтары, «Бастауыш класта математиканы оқыту әдістемесі» электронды-әдістемелік жүйесі, К.З.Хамитованың «Экономиканың теориялық негіздері», «Экономика» (2-4 класс) электрондық оқулықтары, Ш.С.Набидоллинаның «Анатомия, физиология және гигиена» электрондық оқулығы жасақталып, оқу үрдісінде қолданылуда.

Әр кафедра айлықтарының аясында оқытушылардың ашық сабақтары, тәрбие шаралары, семинар, конференцияларын Power Point, ActivStudio бағдарламаларын қолданып өткізуіне үздіксіз көмек көрсетіледі.

Орта білімнің сапасы мен бәсекеге қабілетін арттыру үшін көптілді оқытуды енгізу жұмыстарын жалғастырудамыз. 2013-2014 оқу жылынан бастап 1-ші сыныптан ағылшын тілі оқытылады.Сондықтан, біз бастауыш класта ағылшын тілінің мұғалімін дайындауды алдын ала жоспарлағанбыз. Сонымен қатар, ғылыми негізде ағылшын тілі бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу де қолға алынуда. Колледжде ең жоғарғы деңгейде шетел тілін оқып-үйренуге жағдай жасалуда, Ұлыбританияның Кембридж аймақтық колледжімен, Ресей Федерациясы Самара әлеуметтік педагогикалық колледжімен өзара байланыс орнатылған. English Discoveries Online/Offline мультимедиялық бағдарлама жобасы енгізілуде, болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін он деңгейде шетел тілін оқып-үйренуге жағдай жасалуда.

Дана бабаларымыз «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім ал» - деген өсиет қалдырған. Ендеше, бұл игі бастамаға бүкіл қоғам болып қолдау көрсетуіміз керек. 2011 жылы English Discoveries Online бағдарламасы шеңберінде «Ағылшын тілін оқытудың біріктірілген кешенді жүйесі» базалық, орта және тереңдетілген деңгей бойынша 17 мультимедиялық оқу курсы алынып, оқу үрдісіне онлайн режимде енгізу жоспарланды. Тамыз айында компания тренері Майкл Уолкер тренинг өткізіп, 12 оқытушы сертификат иеленіп, 4 оқытушы тренер ретінде бекітілді.

Студенттер мен оқытушылар Интернет қызметін сабақ кезінде және сабақтан тыс уақытта өз пәндеріне қажетті ақпараттарды (мәтін, сурет, видео-аудио материалдар) жүктеп алуда, English Discoveries Online/Offline мультимедиялық бағдарламасы арқылы болашақ шетел тілі мұғалімдерін даярлауда пайдаланып жүр.

Облыс, қала көлеміндегі ұйымдастырылатын түрлі деңгейдегі онлайн -конференцияларды өткізу мүмкіндігі қарастырылып, Интернеттегі 1.sabak.kz сайтына қатынас құруға қолжетімділік орнатылып, 2012 жылдық желтоқсан айына дейін пайдалануға ақы төленіп, логин мен пароль жаңартылды. Студенттер мен оқытушылар google, yandex іздеу жүйелеріне еркін қатынас құра алады.

Колледж оқытушылары ««Майкрософт инновациялық оқытушылар үшін» жылжымалы мектебінде» және «Электрондық үкімет пен электрондық қызмет көрсетулер» т.б. курстарынан өтуде.E-learning арқылы құзыретті маманға бағытталған сапалы білім беру-негізгі стратегиялық мақсатымызға айналды.

Колледж даму режимінде жұмыстануда.Колледжді дамытудың тұжырымдамасы мен бағдарламасы жасақталған.Колледжде инновациялық эксперименттік және тәжірибе жұмыстары жүргізілуде.Студенттер мен оқытушылардың біріккен ғылыми-әдістемелік қызмет жүйесі ұйымдастырылған.Біздің колледжде студент өзінің білім алу құқын өз қажеттілігі, қабілеттері және мүмкіндігіне сәйкес іске асырады.Оқытушы өзінің кәсіби және жеке сапаларын дамытады.Басшы оқытушы мен студент қызметінің табысты болуын қамтамасыз етеді.Ұжым шығармашылық ізденіс режимінде жұмыс істейді. Әріптестік ынтымақтастықтың ізгі қарым-қатынасы, сенім, табысқа жетелейтін атмосфера ұжым мүшелерінің өмір нормасына айналған. Біз студентті тұлға деп есептеп, оған өз бетімен білім алуға жағдай жасаймыз, оқу-танымдық қызметін ұйымдастырамыз, жеке тұлғаны пәндер арқылы дамытамыз. Білім сапасының белгіленген деңгейіне нәтижеге жеткізетін құзыреттілік мен ұлттық тәрбиенің ұстанымдарына негіздеу арқылы жетуге болады. Ұлы Абайдың адамның үш қасиеті "нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек" деген пайымы осы замандағы басымдықтарды - ғылым және білімді, инновациялық жүйені, ұлттың рухани әлеуеті мен мәдениетін дамытудың қажетті шарттары екенін ұмытпасақ деймін.

Әдебиеттер тізімі:

[1] Зенкина С.В. Информационно-коммуникационная среда, ориентированная на новые образовательные результаты. М.: Просвещение, 2007.

[2] Курманалина Ш.Х. Методология и технология создания электронной методической системы в условиях информатизации образования.// Монография. А.: Издательство «Алем», 2002. С.316.

[3] Курманалина Ш.Х. Обновление методического обеспечения учебного процесса в условиях информатизации образования (в соавторстве с П. Б. Чекалева). //Монография. О.: ОмГПУ, 2002. С.82.

[4] Лукичева Е.Ю. Информационно-образовательная среда как фактор профессионального и личностного развития педагога [Электронный ресурс] /

-rois.loiro.ru/ (10.11.2012)

[5] Роберт И.В. Толковый словарь терминов понятийного аппарата информатизации образования. М.: ИИО РАО, 2009.

Аннотация

Педагогикалық кадрларды дайындаудың проблемалары мен келешектері, мұғалім дайындайтын оқу орындарын оңтайландыру, оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру, электрондық оқытуды (E-learning) енгізу жолдары жеке тәжрибе негізінде көрсетілген.

В статье раскрыты проблемы и будущее подготовки педагогических кадров, оптимизация учебных заведений, обновление учебно-воспитательного процесса, повышение эффективности и доступности образования работников, практически показаны пути внедрения электронного обучения (E-learning).


Problems and prospects in preparation of pedagogical shots, optimization of educational places on preparation of teachers, improvement of teaching and educational process, improvement of efficiency and availability of work of education, a way of introduction of E-learning from personal experience are shown.

5


© 2010-2022