Орыс тілді сыныптарға қазақ тілі сабағында бірлескен оқу арқылы мәтінді меңгерту тақырыбында коучинг-сессия жоспары

Раздел Завучу
Класс 12 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ІІ деңгей бойынша сертификатталған коуч

Аубакиров Ерболат Русланұлының

коучинг-сессия жоспары

Күні: 28.03.2015ж.

Тақырыбы

Орыс тілді сыныптарға қазақ тілі сабағында бірлескен оқу арқылы мәтінді меңгерту

Мақсаты:

Топтық жұмыстың мәтінді меңгертудегі рөлін түсіндіру, коллаборативті орта қалыптастыру арқылы сыныпта жағымды жұмыс жағдайын туғызу

Сілтеме:

Мұғалімге арналған нұсқаулық 78 бет

Күтілетін нәтижесі

Қатысушы мұғалімдер бірлескен оқудың тіл дамытудағы мәні мен маңызы туралы теориялық мағлұмат алады,

Түйінді идеялар:

Бірлескен оқу - оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп, өзара мәлімет алуларына жол ашады.

Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар:

А- 3 парақтары, стикер, интерактивті тақта, маркер.

Коучтің іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті


Уақыты


  1. Ой қозғау. «Қаздар сабағы» (М.Ольсон бойынша) бейнеүзіндісін көрсету.

  2. Осы бейнеүзіндіден сіздерде қандай ойлар туындап отыр? Топтық жұмыс туралы не айтар едіңіздер?

  3. Топқа бөлу: Мұғалімдерге танымал ақын - жазушылардың шығармаларынан үзінділер келтірілген қағаздар таратып, олардың авторларын табу арқылы топқа бөлу.

  4. Қатысушылармен жаттығу ережелерін қабылдау

Қалыпты жұмыс атмосферасын құру және қатысушылар жаттығу басында өз оқуларына жауапкершілік сезінулері үшін коуч оларға келесідей ұсыныстар жасайды:

  1. Топтық жұмыстағы рөлдерді бөлу;

  2. «Топта қалай жұмыс істеу керек?» ережесін жасау;

  3. постерге өз ережелерін жазу;

  4. жұмыстарын таныстыруды сұрайды.

  1. Кері байланыс

Талқылауға арналған сұрақтар:

- топтың ортақ ережесін қабылдау кезінде қандай қиындықтар болды?

- сіздің әріптестеріңізбен келіспей қалған тұстары болды ма?

  1. Тренинг

Әр топқа бір сұрақтан беріледі. Олар:

  1. Топтық оқытудың жұмыс принциптері қандай?

  2. Топты құруды қалай іске асыруға болады?

  3. Топтық жұмысың артықшылықтары неде деп ойлайсыздар?

  4. Жеке тұлғалық ерекшеліктеріне қарай әр оқушымен топта қалай жұмыс жүргізу керек?

  5. Сіздердің ойларыңызша, мұғалімнің функциясы не?

6. Динамикалық үзіліс

Сергіту сәті: 5 маймыл

7. Постер қорғау.

Әр топқа мәтінді меңгертуге байланысты қолданылатын тәсілдерді атап, солармен жұмысты қалай жүргізуге болатындығы жайлы ойларын ортаға салғызу.

  1. топ Сөздікпен жан-жақты жұмыс жасау

2 топ Түсініксіз сөздермен жұмыс жасау

3 топ Мәтінді өз сөзімен мазмұндау

4 топ Мәтінге бойынша ашық сұрақтар құру

5 топ Мәтінде кездесетін сөздердің лексикалық мағынасымен жұмыс

  1. Іс-тәжірибелік бөлім

Жоғарыда берілген тапсырмалар бойынша әр топ мұғалімдері өздеріне берілген мәтінді талқылайды.

  1. Рефлексия

Бағдаршамдағы қызыл, жасыл және сары түстер бойынша жаттығуды қорытындылау. Қызыл түс - маған барлығы ұнады, жасыл түс - ұнады, дегенмен күмәнді тұстары бар, сары түс - ұнамады.

Әркім өз ойларын ортаға салады.

Үзінді келтірілген қағаздардағы шығарма үзінділерін оқып, олардың авторларын табады.



4 мин

4 мин

5 мин.



18 мин











7 мин.

15мин.



3 мин.

15 мин.













15 мин.

5 мин.


© 2010-2022