Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім       Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан білімін көтерудегі басты талап – қазіргі кездегі жаңа ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану,тиімді пайдалана отырып жетістіктерге жету.            Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Елдің ертеңі – өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтар тәрбиелеу үшін бүгінгі ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру әрбір мұғалімнің алдында үлкен жауапкершілікті жүктейді» деген сөзі білім нәтижесіндегі негізгі тұлға – мұғалім екендігін тағы бір дәлелдейді.         Жас ұрпақты рухани жағынан байытып, денінің саулығына көңіл бөліп, білім деңгейін көтеріп, жалынды да дарынды, айбынды азамат болып өсуіне тікелей ықпал ететін мұғалімдер екені баршаңызға аян. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім. Бүгінгі күні мектебімізде 89 мұғалім еңбек етіп келеді. Оның ішінде 11 пайызы ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы бойынша курста болып, сертификатталды. Бірінші деңгей бойынша: химия және би...
Раздел Завучу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Есенаманова А.Қ. химия пәнінің мұғалімі

Абдубаева А.М. оқу ісінің орынбасарыМектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалімМектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі

негізгі тұлға - мұғалім


Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан білімін көтерудегі басты талап - қазіргі кездегі жаңа ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану,тиімді пайдалана отырып жетістіктерге жету.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Елдің ертеңі - өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтар тәрбиелеу үшін бүгінгі ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру әрбір мұғалімнің алдында үлкен жауапкершілікті жүктейді» деген сөзі білім нәтижесіндегі негізгі тұлға - мұғалім екендігін тағы бір дәлелдейді.

Жас ұрпақты рухани жағынан байытып, денінің саулығына көңіл бөліп, білім деңгейін көтеріп, жалынды да дарынды, айбынды азамат болып өсуіне тікелей ықпал ететін мұғалімдер екені баршаңызға аян. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - мұғалім. Бүгінгі күні мектебімізде 89 мұғалім еңбек етіп келеді. Оның ішінде 11 пайызы ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы бойынша курста болып, сертификатталды. Бірінші деңгей бойынша: химия және биология пәндерінің мұғалімі Есенаманова Айсұлу Қуанышқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Утегенова Салима Мухат қызы. Үшінші деңгей бойынша: орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Омиргожаева Камила Калымовна мен Корчагина Людмила Юрьевна, математика пәнінің мұғалімі Жарболина Стелла Жарболқызы, химия пәнінің мұғалімі Нұрқали Лаура Турсыновна, бастауыш сынып мұғалімдері Ділмағанбетова Рая Төлегенқызы мен Оралбекова Гүлзира Құттыбайқызы, биология пәнінің мұғалімі Дюсембаева Гүлназ Даулеткуловна, география пәнінің мұғалімі Сарбекбаева Сарқытгүл Базарбаевна. Бұл мұғалімдерде құзырлы мұғалімге тән белгілерді көруге болады. Кәсіби түсінік, оқытудың тәжірибелік дағдылары, кәсіби адамгершілік тұтастықтар толық қалыптасқан деп айта аламыз. Мектебімізде қазан айынан бастап құрамына осы мұғалімдер кіретін «Жаңашыл мұғалімдер» тобы ұйымдастырылды. «Оқу мен оқытудағы жаңалықтар » тақырыбындағы ілме қабырғасы, әдістемелік кабинеттен «Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек?» тақырыбымен теориялық және практикалық тәжірибе алмасу бұрышы ұйымдастырылды.

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалімМектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім



Мектептегі оқыту жүйесіне өзгеріс енгізу мақсатында коуч сессиялары ұйымдастырылды. Осы уақыт аралығында мектеп мұғалімдерімен « Әлем өзгереді, біз де өзгереміз», «Жаңа форматта сабақ беру» тақырыптарында семинарлар өткізілді.

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім

Мектеп ұжымынан, ата-аналардан, оқушылардан сауалнамалар алынып, сараптама нәтижесінде оқытудағы жаңашылдықтың қолдау тапқандығы анықталды. Қаңтар айындағы әдістемелік кеңесте жаңашыл мұғалімдер өз іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында таныстырылымдар жасады. Жаңашыл мұғалімдердің әрқайсысына 2 мұғалімнен бекітіліп, сындарлы оқыту технологиясы туралы теориялық білімнен хабардар ету және 7 модульді сабаққа енгізу бойынша жұмыстар ұйымдастырылды. 20-30 қаңтар аралығында «Жаңашыл ұстаздар»тобы «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез!» тақырыбында онкүндік өткізді. Онкүндік кезінде ашық сабақ қана беріп қоймай, 15 минуттық үзіліс кезінде ауысымда сергіту сәттерін жүргізіп оқушылардың қызығушылығын оятты. Осы сәттен бастап мектепте күнделікті әр ауысым сайын «Жас Ұлан» оқушылар ұйымы сергіту сәттерін өткізеді.

Мектебіміздегі «Жаңашыл мұғалімдер» тобының іс-тәжірибесін насихаттау, тәжірибе алмасу мақсатында «Білімде тәуелсіздікті қамтамасыз ету - оқуды даралаудың шешуші критериі» тақырыбымен семинар ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты - жаңа үлгідегі сабақтардағы жетістіктерді бірлесе талқылап, жаңа идеяларды анықтау және оларды оқыту үшін негіз етіп алу. Сабақ нәтижесін сапалы білімге бағыттау.

Сыни тұрғыдан ойлана алатын, өз пікірі бар, патриоттық сезімі жоғары тұлға тәрбиелеу тәжірибесімен танысу және пікірлерімен, ресурстарымен алмасу. Семинарда 6 сабақтың түрлері көрсетілді және 3 коуч сессиясы жүргізілді. 15 минуттық үзілісте мектеп оқушыларының сергіту сәті өтті.

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалімМектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалімМектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім

Омиргожаева К.К. Утегенова С.М. Есенаманова А.Қ.

«Инклюзивное обучение» «Табысты мұғалім,табыс- «ХХІ ғасырдың көшбас-

тақырыбындағы коуч ты оқушы» тақырыбында- шы оқушысы» тақыры- сессиясы ғы коуч сессиясы бындағы коуч сессиясы Семинарда келген қонақтарымыз бен әріптестеріміз мұғалімдердің іс-тәжірибесімен, Кембридж университеті оқыту тәсілінің қолданыс формаларымен танысты.

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалімМектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалімМектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім



Мектеп ұжымындағы курстан өтпеген мұғалімдермен жүргізілген жұмыстың бір көрінісі әрі нәтижесі ретінде семинарда 1 «Е» орыс сыныбының оқушыларымен А.К. Маханова өз сабағын көрсетті. Білім жүйесі бастауышта, сондықтан 1 сыныптан бастап оқыту жүйесіне өзгеріс енгізуді мақсат етіп отырмыз.

Семинар соңындағы рефлексиямен танысқан кезде келген әріптестеріміздің үлкен әсер алғанын байқадық. Десек те семинар бізге әрі әдістемелік көмек те көрсетті. Семинарымыздың қонағы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренері Жақыпова Н.Б. қысқа мерзімді жоспар мен сабақтағы бағалау әдістері туралы ұсыныстарын айтып, мұғалімдердің жұмыстарына сәттілік тіледі. Осы семинарды өткізу мен ұйымдастыру кезінде аудандық білім бөлімінің әдіскері Аденова С.С. көп әдістемелік көмек берді

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім

Бұл мектептің білім беру жүйесіндегі енгізіліп жатқан өзгерістің бастамасы. Сондықтан жаңа өзгерістер ары қарай жалғасын табады.

Алматы облысы,Жамбыл ауданы,

Қарғалы ауылы,Әсет Бейсеуов ОМ

© 2010-2022