«Мектептегі оқу үдерісі және оны қалай өзгертеміз?»

Раздел Завучу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коучинг тақырыбы:

«Мектептегі оқу үдерісі және оны қалай өзгертеміз?»

Сілтеме:

Нұсқаулық,суреттер, ғаламтор материалдары, бейнежазба

Мақсаты:

1.Мұғалімдер үшін сындарлы оқыту теориясы туралы түсінігін дамыту.

2.Жеті модульді қолдану туралы көзқарастарын қалыптастыра отырып, практикалық тапсырмалар арқылы түсініктерін кеңейту.

3. Топтық жұмыс арқылы бірлесе отырып пікір алмасуға дағдыланады;

4. Өзара сыйластыққа, топтық қарым-қатынасқа үйренеді.

5. Кездескен кедергілерді бірлесе отырып шешеді.

Оқыту нәтижесі:

Топтаса отырып жеті модульді сабақта қалай қолдануға болатыны туралы түсінік қалыптасады, жеті модульдің стратегияларын айқындай отырып, қажет жағдайда тиімді пайдалана алуға үйренеді.

Негізгі идеялар:

Жеті модульді сабақтарында қолдана отырып, мұғалімдердің жаңа технологияға қызғушылығы артып, білімдері одан әрі нығая түседі.

Ресурстар

Интертақта, фломастерлер, маркерлер, стикерлер, смайликтер, АКТ, карточкалар, алты қалпақ, слайдтар

Уақыты

Жүрісі

Мұғалімнің әрекеті

Күтілетін нәтиже

5мин

Психологиялық дайындық: «Мейірім» Қасындағы әріптесімен мейірімділікпен қарап жақсы тілек айту.

Мұғалімдер бір-бірінің қолын ұстап мейірімділік көзқараспен қарайды.

Қатысушыларда жақсы көңіл-күй қалыптасады, ынтасы оянады, қызығушылығы артады, бірі бірінің жақсы қасиеттерін анықтайды

15 мин

Ой қозғау

«Креативность» Бейнежазбаны көру және оны талқылау.

«Бейнежазбадан қандай ой түйдіңіздер?»

Өз ойларын айту,сыни тұрғыдан ойлау

Мұғалімдер өз ойларын жинақтайды, бір шешімге келеді

10 мин

«Сындарлы оқыту теориясымен танысу» деңгейлік бағдарлама туралы туралы мағлұмат беру.

Презентацияны тамашалайды.

Мұғалімдер сындарлы оқыту теориясы туралы, жеті модульдерді сабақта қолданғанда қандай нәтижеге қол жеткізу болатындығына көз жеткізеді

10 мин

30 мин

Берілген тапсырмалар бойынша постер жасап, оны қорғау.

Қызыл топ: Әлем елдері мен Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі реформалар.

Көк топ: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер.

Сары топ: Мектеп-Оқушы-Ата-ана. Үштік Одақтың байланысындағы жетістіктері мен кемшілік тұстары.

Жасыл топ: Мұғалімнің кәсіби өсуі оқу-тәрбие саласына ықпалы.

Сұр топ: Кері байланыс пен Оқушы үнінің мектеп өміріндегі алатын орны.

Әр топ мүшелері өз тапсырмаларын алып, постер жасауға кіріседі.

Әр топқа берілген тапсырмаларға ынтымақтаса отырып, өз ойларын жинақтап постер бетіне түсіреді.

3 мин

Сергіту сәті. Секен Тұрысбеков «Көңіл толқыны.»

Әуен тыңдап ойын демалдырады.


5 мин

Постер қорғаған топтарды қатысып отырған мұғалімдер бағалайды.

Қатысып отырған мұғалімдерге әр топтың көшбасшысы қорапшаны алып соның ішіне жетондарды жинастырады.

5-қорапшаның ішіндегі жетондар саны қаншалықты көп болса сол топ үздік болып табылады. Бір-біріне қол соғу арқылы бағалайды

7 мин

Ынтымақтастық орта қалыптастыру аясында «Кеседегі су» тренингін өткізу.

Мұғалімдер жіптің бір ұшын ұстап біркелкі көтереді.

Ынтымақтастық орта құру аясында «Кеседегі су» жіпті тартқан кезде біркелкі болып су төгілмеу керек.

5 мин

Бейнекөрініс
"Бәрі өзіңнің қолыңда"

Қорытынды шығару, рефлексия жүргізу

Топтар бірі біріне жақсы тілек айтады

5 мин

Кері байланыс
«3-2-1» стратегиясы

Жеке пікірін жазу

Сұрақтарын қою, баға беру

5 мин

Рефлексия


Тренинг «Үміт ағашы»
Ағаштың жапырақтарына өздеріне ұнаған дүниені, ойларын, тілектерін жазады

Қорытындылау, өздерінің ойларын жазу









Қызыл топ: Әлем елдері мен Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі реформалар.

Көк топ: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер.

Сары топ: Мектеп-Оқушы-Ата-ана. Үштік Одақтың байланысындағы жетістіктері мен кемшілік тұстары.

Жасыл топ: Мұғалімнің кәсіби өсуі оқу-тәрбие саласына ықпалы.

Сұр топ: Кері байланыс пен Оқушы үнінің мектеп өміріндегі алатын орны.



© 2010-2022