«Мамандықтың бәрі жақсы» атты кездесу кеші

«Мамандықтың бәрі жақсы»   атты кездесу кеші   Ашылуы.       Вальс.     «Сағындым Алматымды» әнімен     1-жүргізуші:  Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар!   2-жүргізуші:  Біз бүгін сіздермен «Мамандықтың бәрі жақсы» атты тақырыпта сырласу кешін өткізбекпіз. Қош келіпсіздер!   1-жүргізуші:  Ендеше, біздің ата-аналарымыздың арасынан барлық маман иелерін кездестіруге болады.   2-жүргізуші: Әрбір бала борышы- білім алу Білімдінің әр сөзін іліп алу, - демекші  ұстаздан тәлім- тәрбие ала оты...
Раздел Завучу
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Мамандықтың бәрі жақсы» атты кездесу кеші


Ашылуы. Вальс. «Сағындым Алматымды» әнімен

1-жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар!

2-жүргізуші: Біз бүгін сіздермен «Мамандықтың бәрі жақсы» атты тақырыпта сырласу кешін өткізбекпіз. Қош келіпсіздер!

1-жүргізуші: Ендеше, біздің ата-аналарымыздың арасынан барлық маман иелерін кездестіруге болады.

2-жүргізуші:

Әрбір бала борышы- білім алу

Білімдінің әр сөзін іліп алу, -

демекші ұстаздан тәлім- тәрбие ала отырып, біз болашаққа қадам басамыз.

1-жүргізуші: Ерназар , болашақта сенің кім болғың келеді?

2-жүргізуші: Маржан, менің армандарым өте көп, соның бәрі орындалса, қанеки, мен әлі де ой үстінде жүрмін. Одан да сыныптастарымыздың сырын тыңдайық.

1-жүргізуші: Жақсы онда, Айғанай сенің ойыңды білсек...

Айғанайдың сөзі.

Музыкалық сәлемі : «Айттым сәлем Қаламқас» әні скрипкамен орындалады.

2-жүргізуші: Кездесу кешіне келген ата-анамыз -

Сөз кезегін сізге берсек. Қандай мамандықты қаладыңыз, соған қол

жеткіздіңіз бе ?

1-жүргізуші: Ал енді сөз кезегін -

Сіздің бала күніңіздегі арманыңыз қандай мамандықты қалаушы еді, қазір сол арамандаған маман иесісіз бе ?

2-жүргізуші: Көп рахмет. Сіздердің құрметіңізге арнап Жансаяның

орындауындағы «Әке» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Қайсар, сен болашақта кім болсам деп ойлайсың ?

Қайсардың сөзі.

2-жүргізуші: Еңлікке сөз берсек.

Еңліктің сөзі. Тілші болу туралы өлеңі оқылады.

1-жүргізуші: Арманың орындалсын дей келе , келесі сөз кезегін аяулы ұстаздарға берсек.

Шара апай, сізге өз мамандығыңыз ұнай ма, кей кездері көптеген ұстаздардан өз мамандығына деген көңіл толмастығын байқап қаламыз, сіздің пікіріңіз ?

Жанар апай, Айгүл апай, Тамара апай - сөз кезегі сіздерде.

Ұстаздар сөйлейді.

2-жүргізуші: Көп рахмет.

1-жүргізуші:

Сіздерге арнап Айғанайдың орындауында «Ұстазым» әні .

2-жүргізуші:

Кең дүниеге келгем де,

Өлең-жырмен таныстым.

Өлең толы өр кеуде,

Келмес менің қалысқым.

Ақын болу- үмітім,

Атам да ақын себебі.

Өлең жазып күні-түн,

Ақын болғым келеді.

1-жүргізуші:

Сыныбымызда өлең жазып , байқаулардан жүлдемен оралып жүрген ұлдарымыз да баршылық.

Ортаға ақын болу арманы болып жүрген ұлдарымыз-

Ерназар, Қайсар, Нұрмұқан, Санат-өз шығармаларынан үзінділер оқиды.

Музыкалық сәлемдеме: «Асыл досым» Айғанай

2-жүргізуші:

Барша маман иелері - ұстаздардан білім алған.

«Ғалым да, шахтер да бас иетін,

Ұстазым бар сенің қасиетің » - демекші, қымбатты ұстаздар, біз сіздерден әлі де үйренеміз және әрқашан бас иеміз.

1-жүргізуші: Ендеше ұстаз жайлы жыр толғасақ, қалай болар екен?

Алуа, Гауһар,Жазира - өлең оқиды.

Музыкалық сәлемдеме: Би «Алтын домбыра» «ЖанАйыМ» тобы

2-жүргізуші: Дүниеде өзгермейтін үш-ақ нәрсе бар:

ол-ананың ақ сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі.

Ал аналар жайлы тіпті айтып тауысу да мүмкін емес қой. Сол аналарға жыр арнайық - Әсел, Мағжан, Дулат, Таңшолпан

Музыкалық сәлемдеме: «Анаға хат» Еңлік

1-жүргізуші: Мамандықтың бәрі жақсы, тек оның қызығына қуанып, қиындығына төзе отырып, оның қыр-сырын игеру керек екен. Сол маман иелеріне шолу жасасақ.

Слайдтан ата-аналар мен оқушылардың таңдаған мамандықтары жайлы көрсету.

Музыка . «Анам, әкем» әні әуенімен.

2жүргізуші: Бізді білім бере отырып тәрбиеге үйреткен ұстазымыз.

Ұстазымыз Майгүл апайдың тілегіне құлақ ассақ:

Мінеки, барлық мамандықтың қыр-сырына қанықтыңдар деп ойлаймын.Ендеше соған жету үшін, ең бірінші білім алу керек екен. Сендерге мына өлең жолдарын арнай отырып, болашаққа ой түйер деп үміттенемін.

Білім- ақыл алдыңдағы өмірің,

Қуанышты, мұң-қайғысыз көңілің.

Өмір- дария болса егер, білім деген

Сол дарияда жүзетін бір көлігің.

Білім-азық, әлі-ақ жейтін жемісің,

Білім алсаң- өмірдегі жеңісің.

Ерінбе сен, сүйіп оқы оқуды,

Сен қазақтың болашағы, ерісің.

Жақұттың, асыл тастың жоқ керегі,

Байлық - ол ұшатын гүл көбелегі.

Ал, білім есте қалып мәңгілікке,

Өсіп - өніп, жетіліп, көгереді.

Ерінбегін, оқығын, жалықпағын,

Бай болсаң да білімнен тарықпағын.

Білім деген әлемнің күніндей ғой

Өміріне шашатын жарықтарын.

Білім- өмір ажары, шам-шырағы,

Орындалар мақсаттың жоқ жырағы.

Бұл білімнің пайдасын, рахатын да,

Білім алып, көп оқыған ұғады.

1-жүргізуші: Ұстаз - екінші ана. Сондықтан Айғанайдың орындауындағы «Ана жүрегі» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Құрметті ата-аналар мен ұстаздар. Сіздердің бағыт-бағдар бере отырып айтқан өнегелі сөздеріңізден үлгі алады деп сеніңіздер. Болашақ - біздің қолымызда , сол болашақтың мәнді де мағыналы болуына ықпал еткен сіздерге мың рахмет айтамыз.

1-жүргізуші: Кешімізге келіп ой бөліскендеріңізге көп-көп рахмет айта отырып, біз сіздермен қоштасамыз.

Екеуі: Кездескенше сау-саламат болыңыздар!

© 2010-2022