• Преподавателю
  • Директору, завучу
  • Рефлексивный отчет на тему Мониторинг пен эвалюация үдерістерінің алғашқы нәтижелерін талдау негізіндегі даму үдерісі туралы қорытынды есеп

Рефлексивный отчет на тему Мониторинг пен эвалюация үдерістерінің алғашқы нәтижелерін талдау негізіндегі даму үдерісі туралы қорытынды есеп

Раздел Завучу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

С.Адамбеков атындағы жалпы орта мектебінің

ДОІЖО, информатика пәні мұғалімі

Иса Балзия Темірханқызының

2014-2015 оқу жылындағы рефлексивтік есебі

Мониторинг пен эвалюация үдерістерінің алғашқы нәтижелерін талдау негізіндегі даму үдерісі туралы қорытынды есеп

ХХ ғасырда әлем елдерінде болып жатқан экономикалық өзгерістер қарқынды әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажетілігіне әкелді. Білім беру саласындағы өзгеріс негізі оқушылар үшін білім мен дағдылардың теңдей дәрежеде екендігі, бағдарлама ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, білімдерін өмірде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады. Қазіргі уақытта түрлі ақпараттың көптігі ұстаздың ізденуіне , өз білімін жетілдіруге асығуымыз керек деп отырғандай. Егерде мұғалім өз ісіне немқұрайлылықпен қарайтын болса, өз пәні бойынша біліміне, өзіне педагогикалық дағды қалыптастырмаса, әдістемесіне өзгерістер енгізбесе, «дәстүрлі , бірсарынды » сабақтардан бала жалығып, мектепке келу және білім алу үдерісі жүрмей қалатынын түсіне отырып, әрбір мұғалімдік мамандықты таңдаған адамға , күнін текке өткізбей, өз оқушыларына сабақ өтуде инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануына қолдау көрсетуіміз қажет.Мұғалім өзінің тәжірибесінің аздығынан ізденістерін дұрыс қолдана алмай жатса, оған мектеп әкімшілігі және әріптестері дер кезінде қолдау көрсетіп үйретуі қажет. Ол үшін мұғалімдер жұмысына жеткілікті уақыт бөле отырып, оқушының білімі мен дағдыларын дамытуда ғана емес, оны тұлға ретінде дамытуда икемділік танытулары тиіс.«Өмір бойы азық боларлықтай білім беру» идеясының енді «өмір бойы өздігімен үйрену» ұстанымына өзгеріп отырғандығын осы бағдарлама бойынша курста мектеп басшысы ретінде өз проблемаңды өзің іздеп, шығармашыл топ құру, топпен бірлесе зерттеу және дәлелдеу болып табылатынын түсіндім. Ең қарапайымы мұғалім ретінде «рефлексия» жасауға өзім де үйрене бастадым. Мектебімізде менен кейін деңгейлік курстан өткен мұғалімдерге қолдау көрсету, олардың өзгерткісі келетін тәсілдерін жүзеге асыруда кәсіби қоғамдастық аясында мектеп әкімшілігі мүшесі ретінде жинап, жұмыстарын жүйелеуге І деңгей мұғалімі, тәлімгер ретінде ықпалы етуге тырыстым. Жаңа білім беру жүйесіндегі мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін анықтау және мектепішілік кәсіби қоғамдастықта мектептің даму жоспарын жүзеге асыруда ,қоғамдастықтың «Жалын», «Ұшқын», «Сенім» шығармашылық топтары құрылып, міндеттері айқындалды.Сәйкесінше, тәлімгерлер мен тәлім алушылар анықталды.Деңгейлік курстан өткен мұғалімдерді қолдау, ортақ іске тарту, өзгеріс енгізу топтарын құру арқылы бағдарламадағы 7 модульдерді сабақтарға ықпалдастыру үшін коучинг-сессиялар өткізу,тәлімгерлік үдеріс аясында бірлескен топпен Lesson Study зерттеу жұмысын жүргізу, оқушылардың білім деңгейін арттыру мақсатында оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді оқу үдерісіне енгізу, аудан мектептерімен тәжірибе алмасу мақсатында мектепаралық байланыстарды қоғамдастық арқылы нығайту , озат тәжірибелі мұғалімдерді кәсіби қоғамдастыққа тарту мақсатында құрылған даму жоспарымен жұмыс жасалды. Даму жоспарын құруда «Адамбеков ұстаздары» мектепішілік кәсіби қоғамдастығы деңгейлік курстан өткен мұғалімдер мен қатардағы пән мұғалімдерін толық қамтуға, жұмыс жасауларына атсалысты.

МДЖ бойынша жұмыс жасауда көптеген кедергі болғанымен бірақ та мектеп мұғалімдердің 12% деңгейлік курсты аяқтағанымен, қазіргі таңда 9 % мұғалім (жалпы -164, І денгей-4,ІІ денгей-4, ІІІ -7 ) жұмыс атқарып отырса, ақпан айынан бастап 1 мұғалім -І денгей, наурыз айынан бастап 3 мұғалім-ІІІ деңгей бойынша курста оқып отыр.Осы мұғалімдердің бірлесе жүргізілген жұмыстарын бір жүйеге келтіре отырып, деңгейлік бағдарлама туралы ақпарат алып, дағдыланған мұғалімдер тобымен МДЖ бойынша жасалған іс-шараларға ынтымақтаса, бірлесіп кірісіп кетті. Мектепті дамыту жоспарына сай «Адамбеков ұстаздары » КҚ отырысында атқарылатын жұмыстарға тоқталып, оқу жылы барысындағы жұмыла атқаруға шақырылды. Мектептің даму жоспарын жүзеге асыру мақсатында құрылған «Адамбеков ұстаздары» кәсіби қоғамдастығы мүшелерінен құрылған шығармашыл топтардың коучинг-сессиялары әрбір коучингте мұғалімдерді баулай отырып, жан-жақты жұмыс істеуге жұмылдырылды.Жоспар бойынша ұйымдастырылған коучингтерде мұғалімдер өзара еркін, тең қолайлы ортада өз ойларын толық жеткізе алатын, пікір алмаса алатын тұлға ретінде дағдылана бастады. Атап айтар болсам, коучинг соңында қатысушылардан «Коучингте қандай модуль қолданылды?» сұрақтар қойылып, сәйкесінше «Әдістерге тоқталып өтіледі» осы орайда барлық қатысушылар қай модуль, қандай әдіс-тәсіл екендігін түсініп сабақта қолдануға бағытталып шығады. Мектеп ұжымына түгелдей бағдарламаның 7 модулінің маңызын ұғындыру,дағдыларын оқу үдерісінде қалыптастыру мақсатында өткізілген коучинг-сессиядан кейінгі өтілген сабақтарға қатыса отырып, мұғалімдердің бағдарламаны қалай, қаншалықты меңгергендігін көрсетті. Мұғалімнің жұмысының нәтижесі құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімде оқушының тақырып мәнін өз бетінше меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылатынын ескере отырып, сабақтарды жоспарлағанда, сабақты бақылағанда байқалды.Егер мектептегі әрбір мұғалімнің «басы»-кәсіби пәндік білім, «қолы»- педагогикалық білім әдіс-тәсілдермен қарулануы, «жүрегі»-рухани адамгершілігі біріккенде , оқушы «мұғалімнің айнасы іспеттес» білім мен тәрбиеде жауапкершілікті, сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Мұғалім мен оқушы арасындағы оқу мен оқыту үдерісінде құзіреттілік қалыптасуы ықтимал екені сөзсіз.Мысалы, тәлім алушым, оқыту тобының мүшесі биология пәні мұғалімі М.Қ үздіксіз биология сабақтарында топтық жұмысты ұйымдастыру,оқушыларды сыни ойлауына бағыттау, бағалау, алған білімдерін өмірмен байланыстырып қолдана алу бойынша берген деңгейлік тапсырмалары арқылы оқушыларды ойлауға, ізденуге, бірлесе жұмыс істеу, талқылау арқылы тақырыптың мәнін ашуға толық мүмкіндік берді. Бұл мұғалімнің басты жетістігі мен шеберлігі екендігін атап айқым келеді. Көптің назарында жүрген озат тәжірибелі ұстаздың сабақтарына қатыса отырып, сабаққа қатысушыларға қалай оқыту керектігі туралы ойландыра алды. Өз тәжірибесіне 7 модульдің сырларын сабақтарына кіріктіре отырып, оқушылардың білім алу үдерісін жаңа арнаға бұрған қолданыстағы әдістермен ұштастыру арқылы жандандыру қажеттігін түсінген мұғалімболатын.Биология сабақтарында оқушылардың постерлері оқушылармен бірге сабаққа қатысқан мұғалімдерге де ой салды. Дұрыс ой тастай білсең, оқушылардың ізденісте шыңдалатындығы сияқты, мұғалімдердің өзара бірлесе ізденіп, ортада ынтымақтаса талқылау арқылы ортақ шешімге келуге дағдылана бастады.

Lesson Study - білім беру саласындағы мұғалім тәжірибесіндегі білімді жетілдіруге бағытталған сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл.Енгізілуге тиісті өзгерістерді анықтау үшін Lesson Study зерттеу сабақтарынын «Сенім» тобының мүшесі, тәлімгер ретінде «Алау-2» оқыту тобының мүшелерімен өткізуден басталып, зерттеуге кірісіп кеттік.Бақылауға алынған сыныптың оқушыларына талдау жасай отырып, сабақ үлгерімі жоғары, орта, төмен оқушыларды алып,сабақ жоспарланып, сабақты өтуші мұғалім мен оқушыларды бақылаушы мұғалімдер белгіленіп, жұмыстар жүргізілді. 6 «Г» сыныбындағы Қазақстан тарихы сабағындағы Lesson Study бойынша зерттеу сабақтарын жүргізе отырып, мен мектептегі жинақталған жұмыс нәтижелеріне сүйене отырып мынадай тұжырымдама жасадым:

1.Өзгеріс енгізу бағытында сындарлы оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін, соның ішінде топтық оқытуда жүйелі жүргізу арқылы оқушылардың оқу белсенділігінің артуына әкелетіні анықталды.

2. Lessоn Study зерттеу сабақтары арқылы мұғалім өз тәжірибесін өзгертуге , дамуын бақылауға , кері байланыс жүргізуде маңыздылығы анықталды.

3.Мұғалімдердің кәсіби қауымдастығы арқылы, Lessоn Study бойынша зерттеу тобында мұғалімдердің ынтымақтаса, сенімділік арқылы , нақты іс- әрекеттерді орындауда белсенділікпен бірлескен жұмыс дағдыларының қалыптасатыны анықталды.

4.Зерттеу барысында шығармашыл топ мүшелері өзара ынтымақтастығын дамытып қана қоймай, туындаған кедергілерді шешу жолында жан-жақты ақпарат алмасу мен жаңа тың ойлардың туындатудың , осы мәселе бойынша өзге тәжірибелермен бөлісу анықталды.Осы орайда мен мектептегі сабақ сапасының артуы арқасынды мектеп оқушыларының білім көрсеткіштеріндегі оң өзгерістердің нәтижесі іспеттес.

Тоқсан

Оқушы саны

Оқу озаты

Екпінді

Білім сапасы

І

1178

128

313

37%

ІІ

1185

164

339

42%

ІІI

1182

174

347

44%

IV

1184

206

346

46%

ҰБТ көрсеткіш бойынша:

Оқу жылы

Бітіруші саны

ҰБТ қатысу пайызы

Орта балл

Алтын белгісіне үміткер саны

Алтын белгісі иегерлер саны

2013-2014

140

69,8%

72,8

4

3

2014-2015

84

85%

81,8

3

1

Ата-аналарымыздағы өзгерістер туралы

МДЖ сәйкес «Бала тәрбиесі -баршаға ортақ» тақырыбында коучинг-сессия өткізілді.Коучинг барысында ата-аналар тарапынан «бұл не жағдай?» деген сияқты бастапқыда тосырқау болды. Бір-бірімен пікір алмасу кезінде ойларын толық жеткізе алмау сияқты жағдайлар кездесті. Осы коучингтан кейін тәлім алушымның есеп жазбаларынан «Ата-аналар жиналысын топтық жұмыс түрінде өтуіміз қажет. Мектептегі орын алып отырған проблемаларын бірлесіп шешуге талқылауларға қатыстыру, пікір алмасу мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайтуға ықпалы зор. Мектептегі оқыту барысындағы өзгерістерден хабардар болып, мұғалімдердің еңбектерін бағалайды.Баланың білім алуына көмектесуге , қарым-қатынас нығаяды»деген пікірін білдірді.Ата-аналармен кездесулердің ерекшелігі сол еркін пікірлесу, ашық сабақтарға, сыныптан-тыс іс-шараларға қатыстыру,әңгімелесу, сауалнамалар алу, яғни мұмкіндігінше кері байланыс алып отыру арқылы өз жұмысымызды бағалау еді.Неге? Себебі, осындай жиналыстардағы біздің әрекеттеріміздің мектепке берері мол екенін біз түсіндік білдік. Жасалған кесте бойынша өткізілген жиналыстарда ата-аналардың қызығушылығы мен қатысымы да артты, мектеп жұмысына оң бағасын беріп, бала тәрбиесіндегі өз жауапкершіліктерін сезінгені байқалды. «Балаңыз сабақтың қызық әрі әсерлі болғандығы жайында жиі айтады ма?, Ол қай мұғалімдердің сабақтары?», «Балаңыздың бойынан оқуға деген көзқарасындағы өзгерісті байқадыңыз?», «Соңғы кездері балаңыздың бойында қандай да бір қабілеттердің дамып келе жатқанын байқадыңыз ба? Ол қандай қабілеттер?» деген сұрақтарға ата-аналар тарапынан мұғалімдердің атын атап, баласының бойынан оқуға деген ынтасының артқанын, кітап оқу , ізденуге бет бұрып отырғандығы жазылғанынан, үйде бала мен ата-ана арасында мектептегі оқу үдерісіндегі болып жатқан өзгерістер туралы пікірлескенінен анықталып отыр.

Мұғалімдердің кәсіби дамуында коучинг пен тәлімгерлік үдерістің дұрыс бағытта екендігін анықтайды. Өзінің кәсіби дамуындағы қажетіліктерді байқағанымен, түрлі зерттеулер мен өзара тәжірибе алмасудағы ене жұмыстарға қатысқан мұғалімдер ғана құптауда, ал осы тәжірибе барысында зерттеуге қатыспаған мұғалімдерден немқұрайлылық байқалып отыр.Басқа мектепаралық байланыстардың мектептегі жұмыстарға оң баға бере отырып, сыншы дос ретінде кемшіліктерді де түзетуде ықпалы зор екендігін түсіну ортасы кәсіби қоғамдастықта пайда болғанын анықтап отыр.Мектепаралық кәсіби қоғамдастық аясында ай сайын мектебімізге жақын орналасқан №372 бастауыш мектебі, Арыс бастауыш мектебі, С.Сейфуллин ЖОМ, Аманкелді ЖОМ, Шөгірлі ЖОМ , Тәшенов атындағы ЖОМ мектеп мұғалімдерін мектебіміздегі коучинг -сессиялар мен ашық сабақтарға тәжірибе бөлісе отырып, пікірлесу мақсатында аймақтық семинарлар қолға алынып, өз дәрежесінде өтіліп отыр.Семинар соңында қатысушылардан сауалнамалар алынды. «Топпен жұмыс жасаудағы әдіс тәсілдерді қолдану туралы тәжірибе алмасуға ықпалы зор» деп А.Макаренко мектебінің тарих пәні мұғалімі Б.Нартаев жазса, «Үйренген әдіс-тәсілдерімді тағы да тереңірек үйренсем екен» деп Арыс б/мектебінен Л.Қансейітова, «Әріптестерімнен жағымды ахуал қалыптастыру, топпен жұмыста көп нәрсе үйренуге болатынын түсіндім» деп Аққала мектебі Эльмира Тынысбаева, т.б кері байланыс пікірлерін білдіріп отыр.Мектепті дамыту жоспары сәйкес қазан айының 30 жұлдызында аудандық-оқыту семинары өтілді. «Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану тиімділігі» тақырыбындағы оқу - әдістемелік семинарының мақсаты оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану бойынша тәжірибе алмасу бағытында өтілді.Семинар барысында мұғалімдердің ізденістегі үдерісі байқалды, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдердің тиімділігі мен қолданылуы туралы түсініктері қалыптасты. Аудандық «Арыс ақиқаты» қоғамдық-саяси газетіне тәлімгер ретінде мақала жариялап және жергілікті АТК телеарнасынан жаңалықтардан берілді.

Қараша айының 7-не және наурыз айының 18 -не аймақтық қолдау мектептерімен тәжірибе алмасуда коучинг-сессиялар мен ашық сабақтар ұйымдастырылды.Осындай семинарларға қатысқан Ташенов атындағы ЖОМ мұғалімдері мектепаралық байланыстарды нығайту, жиі өзара бір-біріміздің мектептерімізде ашық сабақ, коучинг сессиялар өтіп тәжірибе алмасуға шақырды. Соның негізінде 31.03.15ж Ташенов атындағы ЖОМ-не барып, сол мектептің оқушыларымен 2 ашық сабақ және коучинг сессия өткізілді.Кәсіби қоғамдастық аясында, мұғалімдер өзара ортақ проблемалар мен әдіс-тәсілдерді қолданудағы пәннің ерекшелігін ескеру бойынша, кәсіби талдаулар, ой-пікірлерін ортаға салып талқылаулар жасалынды.

Жалпы мектептегі ұстаздардың еңбектерін, атқарылған жұмыстарын, іс-шараларын БАҚ жарияланып тұрса, ауыл - аймақ тұрғындары және ата-аналар қауымы мектептің тыныс тіршілігімен танысып өз бағаларын беріп отырады деп ойлаймын.

Мектепті дамыту жоспары қойған мақсаттарыма жету жолдары мектептегі оқу жылы кезеңінде нәтижелі іске асырылуда деп сеніммен айта аламын. Барлық жасаған жұмыстарым тек оқушының сапалы білім алып, алған білімдерін мектептен тыс жерде қолдануы басты мақсатымның бірі болды. «Мектеп жұмысын өрістетін тұлға - мұғалім» демекші мұғалім мен оқушы жетістіктері, ұжымның ынтымақтаса, бірлесе атқарылған жұмысының нәтижесі деп білемін. Ал кәсіби шыңдалған мұғалімдерді дайындауда, ұстаздардың шеберлігін арттыруда мектептегі тәлімгер ұстаздар мен кәсіби қоғамдастық өз ықпалын тигізуде.ҚР жалпы білім беру ұйымдары мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру арқылы, ұстаздар қауымына үлкен үміт артып,заманауи жаңа технологияларды сабақ үдерісіне ендіру, жаңа форматта жұмыс жасап жүрген ұстаздарға қолдау көрсету, даму жоспарын жасақтап, басшылық арқылы жетекшілік ету бағдарламада айқын айтылған.Мектеп оқушылары, олардың ата-аналарынан сауалнама мен оқушылармен «оқушы үні» әңгіме сұхбат барысында өз қолдауларын, жаңа өзгерістерді оң бағалап отыр. Бұл дегеніміз ағымдағы оқу жылында атқарылып отырған игі жұмыстар әрі қарай жалғасын табылуына әкелетіні сөзсіз.Білім мен біліктілік, шеберлігімізді ұштастырып, ел болашағын әлемді мойындататын тұлғаға айналдыру біздің міндетіміз деп білемін.Бала қалай үйренеді? Өздігімен, тек оқуға деген белсенділігін дұрыс жаңа форматтағы сабақ жоспарындағы әрекеттер арқылы.Сондықтан да әр сабақтағы әрбір баланың белсенді әрекеттері мұғалімнің басты мақсаты болуы керек. Яғни біз үшін барлығы әрекетте байқалады, сыналады ол дұрыс болу үшін дұрыс жоспарлау, зерттеу, талдау қажет.

ДОІЖО: Б.Иса

Рефлексивный отчет на тему Мониторинг пен эвалюация үдерістерінің алғашқы нәтижелерін талдау негізіндегі даму үдерісі туралы қорытынды есепРефлексивный отчет на тему Мониторинг пен эвалюация үдерістерінің алғашқы нәтижелерін талдау негізіндегі даму үдерісі туралы қорытынды есепРефлексивный отчет на тему Мониторинг пен эвалюация үдерістерінің алғашқы нәтижелерін талдау негізіндегі даму үдерісі туралы қорытынды есепРефлексивный отчет на тему Мониторинг пен эвалюация үдерістерінің алғашқы нәтижелерін талдау негізіндегі даму үдерісі туралы қорытынды есеп



© 2010-2022