Мұғалімдерге арналған педагогикалық кеңес баяндамасы

 "Инновациялық технологияларды қолдануды жеке тұлғаға бағыттау арқылы білім сапасынарттыру"  тақырыбындағы педагогикалық кеңес. педагогикалық кеңеске келесідегідей  байқау бағдарламасы құрылды: 1.     Инновациялық технология тәсілдерін сабақ мақсаттарына сай ықпалдастыру арқылы жеке тұлғаға бағыттай оқытуды бақылау; 2.     Тиімді әдістер арқылы сабақта және сыныптан тыс жұмыстарда, пәндік үйірмелерде оқушының интеллектуалды ой-өрісін дамытуды ұйымдастыру шеберлігін байқау; 3.     АКТ және электр...
Раздел Завучу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Инновациялық технологияларды қолдануды жеке тұлғаға бағыттау арқылы білім сапасын арттыру

(2014-2015 оқу жылының өзекті тақырыбына сәйкес өткізілген педагогикалық кеңестің анықтамасы).

Инновациялық білім беру - іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану - біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек.

Мектептің 2014-2015 оқу жылындағы өзекті тақырыбына орай қойылған педагогикалық кеңеске келесідегідей байқау бағдарламасы құрылды:

  1. Инновациялық технология тәсілдерін сабақ мақсаттарына сай ықпалдастыру арқылы жеке тұлғаға бағыттай оқытуды бақылау;

  2. Тиімді әдістер арқылы сабақта және сыныптан тыс жұмыстарда, пәндік үйірмелерде оқушының интеллектуалды ой-өрісін дамытуды ұйымдастыру шеберлігін байқау;

  3. АКТ және электронды оқулықты қолданып, сабақ мазмұнын байыта отырып, оқушының таным белсенділігін арттыру мүмкіндігін анықтау;

  4. Сабақты ұйымдастырудың тиімді формалары арқылы оқушылардың білімді өзіндік белсенді сапалы игеруін қамтамасыз етуді байқау;

  5. Мұғалім деңгейлеп оқытудың тәсілдерін сабақтарда қолдана отырып, әр оқушының қол жетімді нәтижеге жетуіне жағдай жасауын бақылау.

Әкімшілік тарапынан педагогикалық кеңеске төмендегідей даярлық жоспары жасалынды:

  • Педагогикалық кеңес тақырыбына орай барлық пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысылады;

  • Пән мұғалімдерінің тиімді әдістер арқылы сыныптан тыс жұмыстарда, пәндік үйірмелерде оқушының интеллектуалды ой-өрісін дамытуды ұйымдастыру шеберлігін байқау;

  • Педагогикалық ұжым мүшелерінен сауалнамалар алып, қорытындысын шығару;

Педагогикалық кеңес тақырыбына орай педагогикалық ұжымнан сауалнама (сауалнама: «Инновациялық типті мектептерде білім беру үрдісі» басылымы. Өскемен, 2013) алынып, сауалнамаға келесідегідей бағыттар алынды:

БАҒЫТТАР

ҮНЕМІ

СИРЕК

Қажет кезде

ЖОҚ

Жеке тұлға ретінде деңгейлеп оқытуды басшылыққа алуыңыз

8

5

13

Оқушы қабілетін орай деңгейлік тапсырманы сабақтарға енгізуіңіз

10

3

13

Деңгейлік тапсырмаларды сабақтың қай кезеңінде ұйымдастырасыз:

  • Өткен тақырыпты бекіту, қайталау

  • Жаңа тақырыпты меңгерту

  • Жаңаны бекіту кездерінде

  • Үй тапсырмасын беруде

13

5

4

9

2

2

3

13

14

17

11

5

3

3

Инновациялық тәсілді сабақтарға ықпалдастыру мүмкіндігіңіз

18

6

2

Оқушыларды жеке тұлға ретінді пәніңіз бойынша даму траекториясына зерттеу жасауыңыз

6

4

14

2

Сабақта ғылыми, зерттеу жұмыстарын қаншалықты ұйымдастырасыз

7

5

14

Қосымша мәліметтер арқылы қызығушылықты арттыру жолдарын іздестіруіңіз

19

3

4


  • Жеке тұлға ретінде деңгейлеп оқытуды басшылыққа алуды үнемі жүргізеді-8, қажет жағдайда қолданады-13, 5 мұғалім сирек.

  • Оқушы қабілетін орай деңгейлік тапсырманы сабақтарға енгізу: 10 мұғалім үнемі, 11 мұғалім қажет жағдайда, өте сирек енгізетін-3 мұғалім.

  • Деңгейлік тапсырмаларды сабақ кезеңіндерде ұйымдастыру:

  • Өткен тақырыпты бекіту, қайталау:13

  • Жаңа тақырыпты меңгерту: 2

  • Жаңаны бекіту кездерінде: 4

  • Үй тапсырмасын беруде: 9

  • Инновациялық тәсілді сабақтарға ықпалдастыру мүмкіндігі: үнемі 18, қажет кезеңде: 6 сирек қолданады: 2мұғалім.

  • Оқушыларды жеке тұлға ретінді пән бойынша даму траекториясына үнемі зерттеу жасайды: 6, қажет жағдайда 14, сирек зерттейді: 6 мұғалім.

  • Сабақта ғылыми, зерттеу жұмыстарын үнемі ұйымдастырады-7мұғалім, қажет жағдайда:14, сирек ұйымдастырады: 3 мұғалім.

  • Қосымша мәліметтер арқылы қызығушылықты арттыру жолдарын үнемі іздестіреді: 19, қажет жағдайда 4 мұғалім, сирек-3мұғалім.

Сауалнаманы диаграмма түрінде қарастырсақ:

Сауалнама қорытындысынан байқалған педагогикалық ұжым инновациялық технологияның негізі болып табылатын жеке тұлғаға бағыттай оқыту жолдарын және оқушы қабілетіне орай деңгейлік тапсырмалар жүйесін тақырыптардың мазмұнына орай қажет жағдайларда басым көпшілігі қолданатыны айқындалды. Сондай-ақ, жеке тұлғаға бағыттай оқытуда деңгейлік тапсырмаларда мұғалімдердің көпшілігі өткен тақырыпты қайталау кезеңдерінде (50%) қолданатындары байқалды. Дегенмен, оқушы қабілетін ескеру арқылы үй тапсырмасының көлемін деңгейлейтіндер 26% мұғалімдерді ғана қамтыды. Сондықтан, педагогикалық ұжымға үй тапсырмасын берудің тиімді жолдарын кеңінен іздестіріп, оқушылардың пәнді сапалы меңгеруін қамтамасыз ету жағдайын қарастыру қажет. Мектептің педагогикалық ұжымының 69%-ы инновациялық тәсілдерді сабақтарға ықпалдастыра алу мүмкіндіктері бар екендігі айқындалды, дегенмен 15%-ы бұл тәсілдерді қажет кезінде және 15%-сирек қолданатындаы көрсетілген. Егер, мектептегі барлық мұғалімдер тиімді тәсілдерді оқу-тәрбие жұмысына жаппай енгізгенде ғана оқушылардың білімге деген қажеттіліктері мен жауапкершіліктері арттырылатынын педагогикалық ұжым ескеру керек. Оқушыларды сабақ барысында ғылыми зерттеу жұмыстарына баулып, проблемелап оқыту, дәлелдей білуге, тұжырым жасауға жүйелі баулитын мұғалімдер 26%-ы құрады. Мұғалімдердің 53%-ы қажет жағдайда ғана, 11%-ы өте сирек қолданатындары анықталды. Педагогикалық ұжымға оқушылардың шығармашылық пен зерттеушілік, жаңаны ойлап таба білу дағдыларын дамтытатын тапсырмалар жүйесін кеңінен қарастыру қажеттілігі байқалды. Мектеп ұжымының 73%-ы қосымша мәліметтермен жұмыс жасау арқылы оқушыларды пәнге қызықтыра алатыны сауалнама жауаптарынан байқалды.

Педагогикалық кеңес тақырыбына орай мектеп мұғалімдерінің инновациялық технологияларды қолдануы және оның тұлғаға бағыттай оқытудағы сабақ сапасын арттырудағы ролі анықтама кесте арқылы зерттеу жүргізілді. (сауалнама: «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»№5,2014)

БАҒЫТТАР

«5»

«4»

«3»

Инновациялық технологияларды теориялық тұрғыдан қарастыруыңыз,оқуыңыз

21

5

Инновациялық технологияны қолдану деңгейіңіз

17

9

Иннов/қ техн/ң пәніңізді жақсы оқытуға тиімділігі (дөңгелектеңіз)

12

8

3

Инновациялық тех/ы енгізудің оқушы қабілетін ескеруге әсері қандай деп бағалайсыз?

13

8

5

Сіздің тәсілдеріңізге оқушылар қызыға ма? Сабақ сапасын арттыруға әсері қандай?

17

5

4

Анықтама-кесте қорытындысын диаграмма түрінде қарастырсақ:

Анықтама-кесте педагогикалық ұжымның инновациялық технологияларды теориялық тұрғыдан қарастыруы, оқуы, қолдану деңгейі, пәнді жақсы меңгертудегі тиімділігі, жаңа әдістердің оқушы қабілетін ескеруге әсерін бағалау, оларға оқушылардың қызығушылығы, сабақ сапасын арттырудағы әсері туралы анықталды. Нәтижесінде педагогикалық ұжымның инновациялық технологияларды теориялық тұрғыдан қарастырып, оқитындары 80%-ы құрап, мектеп ұжымы заманауи оқыту әдістерін іс-тәжірибеге нәтижелі енгізуге қызығушылық танытатыны анықталды. Дегенмен оларды қолдану деңгейі 65%-ы құрады. Яғни, практикалық тұрғыдан жаңа технология тәсілдерін сабақтарға зерттеу жүргізе отырып енгізуге мұғалімдерге шығармашылық тұрғыдан қарау керек. Мұғалімдердің 46%-ы инновациялық технологиялар пәнді жақсы оқытуға тиімді деп есептегенмен, қалған мұғалімдер жақсы және орта бағалар қойған, яғни педагогикалық ұжымда әлі де заман талабына сай сабақтар өткізуді жүйелендіру қажеттілігі байқалды. Мұғалімдердің 65%-ы сабақтағы жаңа тәсілдерге оқушылардың қызығатындарын, сабақ сапасын арттыруға әсерінің жоғары екендігін белгілеген. Ендеше, педагогикалық ұжымға инновациялық әдіс-тәсілдерді сабақтарға енгізуде әр оқушылны жеке тұлға ретінде қарастыра отырып, білімді сапалы игертуге бағыттай нәтижеге зерттеу жасай отырып, тиімді ықпалдастаруды жетілдіру қажеттілігі байқалды.

Педагогикалық ұжымның инновациялық технологияларды қолдануды жеке тұлғаға бағыттау арқылы білім сапасын арттыруды бақылау мақсатында сабақтарға қатысылды. Ағылшын тілі пәнінен 2-санатты мұғалім Шоматова Ә.А. өз сабақтарында заманауи оқыту тәсілдерін сабақ ерекшелігіне сай ұтымды ойластыра алады. 10А сыныбында өткізген «Ғылымдар мен көрнекі ғалымдар» тақырыбындағы сабақта инновациялық оқытуда компьютерлік қондырғыны қолдана отырып, жеке тұлғаға бағыттай оқытудың басты шарты ретінде сабақта жүйелі түрде шығармашылық әрекеттердің болуын назарда ұстады. Сынып ерекшелігі мен қабілетіне сай ойлау мүмкіндігінің дамуына жағдай туғыза отырып, сөйлеу, баяндау, грамматикалық амалдарды қолдана білу дағдылары дамытылды. Мұғалім оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттеріне жетелеп, ағылшын ғалымдарының ғылымның әр саласындағы жаңалықтарын меңгерту арқылы пәнаралық байланысты жүзеге асырды. Оқушылар материалды меңгере отырып түрлі ғылымдардың жаңалықтары мен ашылу тарихынан хабардар болды. Мұғалім оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденісін арттыруға бағытталған тапсырмаларды үйлестіріп, сабақтың қорытынды бөлімінде қолданған «Кім? Қайда? Қашан?» атауымен шеңбер бойымен әңгімелеу тәсілі оқушылардың білімдерін сараптауға мүмкіндік туғызды. 11А сыныбында өткізілген «АҚШ-тың сайлау жүйесі» тақырыбындағы сабақ құрылымы жаңа технология элементтерін қолдана отырып жүргізілді. Оқушы мен мұғалімнің іс-әрекеттері арқылы білім беру мен білім алу арасындағы еңбекті тиімді ықпалдастырып, оқушылардың білімді белсенді игеруіне бағыттай алды. Мәтін тақырыбына сай грамматикалық тұлғалар ғылыми тұрғыда беріліп, тәжірибеде бірден қолдануға мүмкіндік жасалды. Сабақта еркіндік, ой бостандығы, оқушылардың өздерін-өздері оқытуы, сыни тұрғыдан ойлау көрініс тапты. Оқушылардың қалыптасу деңгейлері мен бейімділіктерін ескеру арқылы деңгейлі тапсырма түрі берілді. Оқушылардың шығармашылығы мен сөздік қорды қолдана білу дағдыларын дамытуға бағытталған «Егер мен Президент болсам» және «Президенттікке дауыс бергенде нені ескересің?» тапсырмалары оқушы қызығушылығын туғызып, ағылшын тілінде ойды еркін жеткізе және дәлелдей білуге баулыды. Сабақтың тәрбиелік маңыздылығы жоғары болып, өмірмен байланыстырылып, оқушылардың белсенді өмірлік позициясы мен қарым-қатынас тәжірибесін жинауға әсер етті. «Фразалық етістіктер» тақырыбындағы 8А сыныбындағы сабақ мұғалім тарапынан терең ойластырылып, маңызды түсініктерді, теориялық ережелерді, практикалық заңдылықтарды, оқу материалындағы басшы тәрбиелік идеяларды, оқу мазмұнындағы негізгі өміршең бөліктерді бөліп алуға оқушылардың ықыласы мен назарын аударды. Оқушылардың меңгерген білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын деңгейлік тапсырмалар арқылы пайдалануға мүмкіндік берді. Электронды оқулық тапсырмалары, тест және сәйкестендіру сызбалары инновациялық тәсілдер арқылы шебер ұйымдастырылды. Фразалық етістіктерді сөздерге топтастыру, сөйлем құрау, сөздікпен аударма жасау, сөздерді сөйлем жігіне орналастыру, ән сөздеріне қойып музыкамен айту жұмыстарын оқушылар белсенділікпен орындады. Жеке қабілеттерді ескеру негізінде нақты оқыту мүмкіндіктерін, оқушыларға даралай көмек мөлшерін пайдалануды түрлі деңгейдегі дайындықпен ескере отырып, топтық, жұптық оқыту формасын қолданды. «Артист» тақырыбындағы 9А сыныбындағы сабақтың әр кезеңінде инновациялық оқыту тәсілдерін сабақ мақсатына сай ұтымды үйлестіріп, көрнекілік пен проблемалық іздене оқыту әдістерін пайдаланды. Оқушыларға материалды терең меңгертуге бағытталған өздік жұмыс түрлерін таңдап ала білген. Оқу еңбегімен толық қамтылып, оқуға саналы қарым-қатынастарын зор үйлесімділікпен қолданды. Мұғалім оқушылардың ғылыми білімді меңгеруін сабақ кезеңдерінде түрлі практикалық тапсырмалар арқылы нәтижелі ұйымдастырды. Оқыту құралдарын дұрыс таңдап алуы, оқушыларды ынталандырды, олардың танымдық белсенділігін қамтамасыз етті. Дәстүрлі емес жағдайлар оқушы мен мұғалім іс-әрекетінің нақтылығын қамтамасыз етті. Әсел Асқарбековна 5-9-сыныптар арасында ағылшын тілінен сыныптан тыс шараны сайыс түрінде өткізілді. Сабақ бөлімдеріне терең даярланып, инновациялық оқыту тәсілдерін нәтижелі іріктеп алған. АКТ көмегімен тығыздығы арттырылып, әріптерден сөз құрау, сөзжұмбақ шешу, электронды оқулық тапсырмаларын компьютерлік қондырғыда орындау, сәйкестендіру, сөйлем құрау, сөз бөліктерін табу, жаңылтпаштар айту оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін туғызды. Оқушылардың дүниетанымын кеңіту, білім, іскерлік, дағды жүйесі жетілдірілді. Еске сақтау, түсініктерін, қабылдауын дамыту назарда болды

3«Б»сыныбының мұғалімі Жұмағұлова Алия Масалимқызы инновациялық технологияны сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын кең қолданады, оқушылар алдына проблемалар , логикалық есептердің шығару жолдарын табу туралы максат қойылып, оқушыларды ойлауға, топтық болжам жасап, талқылап, өз идеяларымен пікір алмасуға баулыды. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын қолдана отырып, негізгі ойды табуға, шешім қабылдай білуге, логикалық байланыс жасауға үйретті. Сабақта инновациялық технологиялар қолданылып, әр дидактикалық сәт жеке тұлғаға бағытталды. Логикалық есептер оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытумен қатар, есеп шығарудың бірнеше тәсілдерін тауып, салыстырып тиімді жолдарын анықтаумен шешім қабылдай білуге , білімнің берік болуына ықпал етті. Ынталандыру, қолдау жасау , топта бағалау, жұптық бірін бірі бағалау, формативті бағалау, өзін өзі бағалау сабақ бойына жүргізіліп, білімді қадағалауға, ынталандыруға жағдай жасалды. Жағдаяттық, жартылай ізденіс әдістері оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, оқытудың жеке тұлғаға бағытталуын қамтамасыз етті.

15.04.2015 ж .өткен математика сабағы мемелекеттік стандарт талаптарын білім сапасы бойынша өз деңгейінде орындап, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Берілген есептер ауызша есептеу, ойлау қабілеттеріне арналған. Сабақтың тәрбиелік мақсаттын шешуде жеңістің 70 жылдығына орай соғыс кезіндегі батырлар туралы мағлұматтар беріліп отырды. Патриоттық тәрбие жүзеге асырылды. Жаңа материалды жазбаша көбейту мен бөлу Ривин әдісі арқылы жүзеге асырылды. Ұжымдық, жұптық, топтық, жұмыстар арқылы көбейту мен бөлу әдістері игерілді. Ізденіс, жартылай ізденіс, жағдаяттық әдістер арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамытылып, деңгейлік тапсырмалар арқылы ауызша есептеу дағдылары қалыптастырылды. Ривин әдісі ойлау қабілеттерін дамытып, білімді нақтылауға әсер етті. Сабақта өзін өзі бағалау , өзара бағалау түрлері қолданылып, формативтік бағалау білім нақтылығын қамтамасыз етті. Инновациялық технология жеке тұлғаға бағытталған білім сапасы жақсы берік, рефлексия алты қалпақпен жүргізіліп, оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамытылды.

20.04.2015 ж өткен әдебиеттік оқу сабағы мұғаліммен ойланылған, әдістемелік жағынан дұрыс құрылған, инновациялық әдіс тәсілдер сабақта кең қолданылып, жеке тұлғаға бағытталған. Өткенді қайталау тақырыпқа салынған суреттерді сипаттаудан, қай мәтінге салынған сурет екенінін анықтаудан басталып, оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамытуға сипаттау арқылы ерекшеліктерін анықтауға бағытталды, әр оқушы өз суреттері арқылы тақырып мағынасын ашуға тырысқаны байқалды. Жаңа материалдарды игеруде мұғалім әдебиеттік оқу сабағының талаптарын сапалы орындап, оқу техникасын, оқу сауаттылығын дамытуға үлкен жұмыс атқарды. Топтық жұмыс арқылы мәтін мазмұнын талқылап, сын тұрғысынан ойлауға, өз ойларын, пікірлерін айта білуге баулыды. Венн диаграммасын құру арқылы жаңбырдың пайдасы мен зиянын анықтау арқылы, сын көзқарастар арқылы оқушылардың ой өрісін кеңейтіп, интеллектісін оқу сауаттылығын қалыптастырды. Табыс критерилері анықтағандай, табиғи құбылыстарды оқушылар еркін сипаттай алады, білім сапасына қолданылған технологиялар тікелей әсер етіп, жартылай ізденіс, ізденіс көрнекілік , жағдаяттық әдістер, интерактивті белсенді құралдар сабақ мазмұнын байытып сапалы білім беруге ықпал етті. Формативтік бағалау жүргізіліп, білім нақтылығы мұғаліммен тексеріліп отырды.

23.02.2015ж өткен қазақ тілі сабағында мұғалім инновациялық әдіс тәсілдерді жетік меңгергені байқалды, табыс критериі, мақсат дер кезінде қойылып, өткенді қайталау іскерлік ойын ретінде жүргізілді. Іскерлік ойындағы рольдер: сарапшы, репортер, респондент арқылы оқушылардың талдау, қорытындылау, ізденіс, зерттеу дағдыларын қалыптастырып, мамандықтармен таныстырды. Оқушылар топта, жұпта жұмыс істеп дағдыланған. Деңгейлік тапсырмалар жүйесі оқушыларды қабілетіне қарай А,В,С топтарында ұйымдастырылды. Топта жұмыс істеу, кешенді талдау, схематикалық картамен жұмыс істеу, өзара тексеру, өзіндік тексеру түрлерінің нәтижелілігі жоғары болды. Сабақ бойында оқушылардың сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған сөздік диктант, сөйлем құрау, талдау, жаттығу орындау жұмыстары, қателіктермен жұмыс нәтижелі жүргізілді. Сыни тұрғыдан ойлауға, талдауға оқушылар бейімделген, рефлексия тиімді ұйымдастырылған. Формативті бағалау, АКТ сабақта қолдану өте тиімді болды. Дәлелдерді, деректерді интерпретациялау нәтижелі ойланылған. Алия Масалимқызының әр сабағында инновациялық технологиялар тиімді нәтижелі қолданылады, білім сапасын арттыруға тікелей әсер етеді.

Педагогикалық кеңестің дайындық кезеңінде ойын технологиясын жеке тұлғаға бағыттау арқылы оқытудың тиімділігін арттыруды байқау мақсатында Тлеукенова Гүлназ Оралхановнаның мектеп алды даярлық тобындағы сабақтарына (8 сабаққа) қатысылды. Мұғалім өз сабақтарын әдістемелік жағынан дұрыс құрады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқытудың әдіс-тәсілдерін дұрыс іріктеп алады. Ойын технологиясының элементтерін сабақтарына енгізе отырып, оқушылардың таным қызығушылығын, ой белсенділіктерін арттыруға жағдай жасайды. Баланың зейінін, есте сақтауын дамытуға арналған тапсырмаларды мақсатты түрде қолдана отырып, үлгі бойынша жалғастыру, сәйкесін табу, ұқсас фигураларды анықтау, айырмашылығын табу, суретерді топтастыруға үйретеді. "Уақыт туралы түсінік" тақырыбындағы математика сабағында Дымбілместің тапсырмаларын ұсына отырып, "Баспалдақпен кім бұрын көтеріледі?" атты дидактикалық ойын ұйымдастырып, бес көлемінде 1 және 2 санын қосуға жаттықтырды. Күн режимін қайталау арқылы тәулік мезгілдерін, апта күндерін, жыл мезгілдерін меңгеруге, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамытуға жағдай туғызды, пәнаралық байланыстарды жүзеге асырды. Ертегі кейіпкерлеріне көмектесу, суреттер бойынша жұмыс, "Күн мен түн" ойыны, сәйкестендіру жұмысы сәтті ұйымдастырылып, оқушылардың сөз қорын жетілдіруге, ойлау қабілеттерін дамытуға ықпалын тигізді. "Жасыл әлемінде" тақырыбындағы айналамен танысу сабағында қолданылған жартылай-ізденіс, көрнекілік әдістері ақпараттық-компьютерлік технологиясымен ұштастырылды. Жұмбақтар жасыру арқылы табиғат денелері мен түрлі табиғат құбылыстары бойынша оқушылардың білімдерін кеңейтуге әсер етті. Аудиожазбадан түрлі табиғат дыбыстарын ажыратуға жетеледі. Суреттер топтамасымен жұмыс жасата отырып, өсімдік түрлерін меңгеруге көмектесті, тақпақ жаттатып, есте сақтау қабілеттерін арттыра түсті, тілдерін жаттықтырды. Алайда сабақта шу деңгейі жоғары болып, сабақтың тиімділігін төмендеді. Мұғалімге оқушыларды бірыңғай талаптарға үйрету, сонымен қатар тақпақтарды тез жаттау әдістерін қарастыру керектігі ұсынылды. "Тоқтар - тұңғыш ғарышкер" тақырыбындағы тіл дамыту сабағында әңгімелеу, көрнекілік, репродуктивті әдістер арқылы жұмбақтар шешу, суреттер бойынша сөйлемдер құрастыру, дидактикалық ойындар, үлестірмелі қағаздармен жүргізілген жұмыстар сабақ мазмұнын байытып, жаңа сөздермен танысуға, ғарыш туралы түсінік қалыптастыруға көмектессе, "Қарлығаш пен дәуіт" тақырыбындағы сабақта ертегі мазмұны бойынша қолданылған суреттер оқушы зейінін тұрақтандыруға әсер етіп, мазмұнын түсіне меңгеруге, байланыстырып сөйлеуге үйретті. Ертегі желісін сахналау арқылы оқушыларды рөлдік ойынға жетеледі. Сауат ашу сабақтарында жеке, жұптық, - жұмыс түрлері жеке тұлғаға бағытталып, жаңа дыбысты зерттеу, сөздерге дыбыстық талдау жасап, сызбасын құру, дауысты-дауыссыз дыбыстарды ажырату, адасқан әріпті табу, буындардан сөздер жасау түрлі дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылды. Мұғалім оқушыларды әріптен буын құру, буыннан сөз құру арқылы оқуға жетелеп, сөзден басқа сөздер құру арқылы талдау, синтездеу операцияларын жасатып, ой белсенділіктерін дамытуға ықпал етті. Сабаққа келген мультфильм кейіпкерлері, орман тұрғындары оқуға қызығушылықтарын арттырып, пәнге жағымды мотивация қалыптастыруға септігін тигізді.

«Инновациялық технологияларды қолдануды жеке тұлғаға бағыттау арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбындағы педагогикалық кеңеске арнайы байқау бағдарламасымен бастауыш сынып мұғалімі Нұрсалова Мира Кусмановнаның сабақтарына қатысылды.

Мира Кусмановнаның сабақтары әдістемелік тұрғыда дұрыс ұйымдастырылады. Әрбір сабақта мақсат - міндеттер нақты қойылып, оқушыны жетістікке жетелеу мақсатында табыс критерийлері беріліп отырылады. Қатысылған сабақтарда мұғалім ұжымдық, топтық жұмыс түрлерін енгізіп, тақырыптардың маңыздылығын назарда ұстады. Әр сабақта өмірмен байланысты қамтамасыз етіп отырды. Сабақтардағы мақсаттардың бірлігі сақталды.

10 - ақпанда әдебиеттік оқудан өткен «Шеше мен бала» тақырыбындағы сабақ мазмұны жағынан бай болып, музыка, қазақ тілі пәндерімен пәнаралық байланыс ұштастыра жүргізілді. Мұғалім «Бесік жыры» әуенін тыңдату арқылы оқушылардың назарын сабаққа аударып, инновациялық технология тәсілдерін сабақ мақсаттарына сай ықпалдастыру арқылы жеке тұлғаға бағыттай оқытуды жүзеге асыру мақсатында үй тапсырмасын «Автор орындығы», «Топтастыру» стратегиялары арқылы тексерді, «Екі жұлдыз, бір тілек» формативті бағалауын ұтымды қолданды. Оқушылардың шығармашылығын арттыруға ықпал ететіндей үйге берілген тапсырмалар айтылым, тыңдалым, талқылау арқылы байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамытуға ықпал етті, тілдік қатынастары қамтамасыз етілді. Дарынды оқушының автор туралы мәліметі арқылы оқушылардың білімі толықтырылды.Тірек сөздер көмегімен болжам жасай отырып, тақырыпты меңгерудегі оқушылардың қызығушылығын туғызуда оқытудың жартылай ізденіс әдісі сәтті қолданылды. «Бағытталған оқу» стратегиясы оқушылардың жаңа сабақты меңгеруде белсенді қатысуына, ой-өрісінің дамуына көмектесіп, оқушыларды сыни ойлауға жетелейтіндей тапсырмалар қамтылған «Кір жаятын жіп», «Еркін микрофон» стратегиялары сабақты бекіту кезеңінде тиімді қолданылды.

13-ақпанда «Көпбұрыштарды сызу» тақырыбында өткен математика сабағында мұғалім ойын технологиясымен оқушының интеллектуалды ой-өрісін дамытуға көңіл бөліп, фигуралар құрастыру, математикалық өлеңдер, эстафета сынды дидактикалық сәттерді тиімді қолдана білді. Оқушылардың визуалды есте сақтау қабілеттерін дамытуға бағытталған «Мұғалімнің үстелінен не көрдің?» дидактикалық ойыны оқушыларды байқағыштыққа жетеледі. Алайда, есеп талдау әдістемесінің дұрыс ұйымдастырылмауы есеп шығаруда қиындық туғызып, бұл жұмысты тек алғыр оқушылар ғана аяғына дейін жеткізе алды.

16-ақпанда қазақ тілі сабағында мұғалім теориялық білімді практикада қолдануды қамтамасыз етуге көңіл бөліп, арнайы оқу дағдыларын дамытуда қолданылған әдіс-тәсілдерінің тиімділігі жоғары болды. Мұғалімнің оқушылардың білімді өзіндік сапалы игеруін қамтамасыз етуге бағытталған «Сөздерді топтап жаз», «Кестені толтыр» сынды топтық тапсырмалары оқушылардың қызығушылығын арттырып, белсенділігін дамытты. Мұғалім оқушылардың бұрынғы өткен білімдеріне сүйене отырып, оқушыларды қорытынды жасауға жетеледі. Сергіту сәтін де мұғалім сабақ тақырыбына сай тиімді таңдап алған. Білім бекіту кезінде әр оқушының қол жетімді нәтижеге жетуіне жағдай жасау мақсатымен деңгейлі тапсырмалар беріліп, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік тудырды.

23-ақпанда «Даңғой» тақырыбымен өткен әдебиеттік оқу пәнінде «Сандар сөйлейді» дидактикалық ойынының көмегімен оқушылардың функционалды сауаттылықтарын арттыруға жағдай жасай отырып, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту, дүниетанымдарын кеңейтуге көңіл бөлінді. «Стикердегі диалог» стратегиясы арқылы ой қозғата отырып, түсініксіз сөздердің мағынасын ашқызды. Проблемалық сұрақ қоя отырып, қисынды ойлауын дамытуға, өз ойын жеткізе білуге жетеледі.

Оқушылардың ой-өрісін дамыту мақсатында қызықты грамматика сабағы «Ұлт болашағы - білімдінің қолында» тақырыбында топтар арасында сайыс түрінде өткізілді. Шығармашылықтарын, логикалық ойлауын дамыту мақсатында «Сөзден сөз құра», «Тіл өнері» кезеңдері тиімді болды. Мұғалім тарапынан педагогикалық жағдаят шешкізу топтар арасында қызу пікірталас туғызуға себеп болды.

«Бүркеніш рең. Сақтандырғыш рең» тақырыбында өткен дүниетану сабағында мұғалім оқушылардың пәндік тілдерін қалыптастырып, дәлелдеу, қорытындылау сияқты ой операцияларын жүргізуге жетеледі. Дидактикалық ойындар арқылы білімдерін жетілдіруге ықпал етті. Бұл сабақта оқушылардың бейімділігіне қарай саралап, даралап оқыту мұғалім назарынан тыс қалып, сабаққа көбіне алғыр оқушылар қатысып отырды.

Өткізілген сабақтардың барлығында да мұғалім тарапынан үйге оқушылардың шығармашылығын дамытатындай тапсырмалар берілді. Сабақ мазмұнын байыта түсу мақсатында АКТ жүйелі қолданылды. Мұғалім сабақтарда көбінесе оқытудың топтық, жеке жұмыс формаларын қолданады. Дегенмен де мұғалімге топтық жұмыстың технологиясын меңгеру қажеттілігі сезілді.

Мектептегі білім сапасы сол мектепте жұмыс істейтін мұғалімдерге байланыты болады. Мұғалімдер, ең алдымен, өз пәні бойынша білімі терең білуі шарт және сол білімді оқушыға жеткізе алатындай оқыту әдістемесін күнделікті іздену қажет. Екіншіден, шығармашылықпен еңбек етіп, әр сабаққа тыңғылықты даярлану керек. Осындай жағдайда ғана сыныптағы әр оқушы сіздің пәніңізді жетік біліп шығады. Мектепте «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» технологиясының стратегияларын 14 мұғалім, модульдік оқыту технологиясын 4 мұғалім, ойын технологиясын 5 мұғалім, саралап-даралап оқыту технологиясын 3 мұғалім қолданатындарын анықтама кестеде белгілеген. Дегенмен, жекеленген сабақтарда әлі де дәстүрлі, бірқалыпты өткізілетін сабақтар үлгісін кездестіруге болады. Қазақстанда білім беру үрдісін жетілдірудің бірден-бір жолы ретінде әлемнің озық мектептерінде кеңінен қолданып жүрген деңгейлі бағдарлама модульдері таратылуда. Педагогикалық ұжымда Кембриждік деңгейлі бағдарламаны курсын аяқтаған 1-деңгейлі 2 мұғалім, 2-деңгейлі 1 мұғалім 3-деңгейлі 8 мұғалім бар. Педагогикалық ұжымға коучингтер арқылы модульдер кеңінен таратылды. Дегенмен, деңгейлі бағдарлама модульдерін Бисатова Ғ.Ш., Жампеисов К.И. сабақтарға әлсіз ықпалдастырып жүргені байқалды. Әлемде білім беру ісінің нәтижесін саралайтын өзіндік тәжірибе қалыптасқан. Бұл ретте оқушының қаншалықты білім алғанымен қатар, сол алған білімді пайдалана ала ма, жоқ па деген сұрақ маңызды рөл атқарады. Педагогикалық ұжымда теориялық білімді практикадан қолдануды инновациялық тәсілдермен шебер ұйымдастыратын мұғалімдер Турсиянова Н.А., Абенова А.Ә., Ахметова Ш.Қ., Шоматова Ә.А., Шангишбаева А.С., Илюбаева А.А., Матаева А.Б., Жумагулова А.М, Нуксарина А.К., Нурсалова Н.К., Нурсалова М.К. білімді сапалы меңгертуде оқушы қызметін белсендіре, шығармашылыққа баули жүргізеді. Қазіргідей ақпараттық-компьютерлік технология қатты дамыған заманда елімізде оқушыларды сапалы оқытуға компьютерлік қондырғының түрлі тәсілдерін ұстаздар кеңінен қолдануда. Әкімшілік тарапынан педагогикалық ұжымның сабақтарына қатысу барысында АКТ мен электронды оқулықты нәтижелі қолданатын мұғалімдер Алдабергенова Д.Р., Қыдырханов А.Б., Айтқазина А.К., Исмагулова Э.Е., Турсиянова Н.А., Ахметова Ш.Қ., Мусина С.Т., Шоматова Ә.А., Абенова А.Ә., Отарбаева Р.Ч, Матаева А.Б., Абилькасенова А.С, Нурсалова М.К. Керісінше, кабинеттегі қолжетімді мүмкіндіктің өзін жан-жақты қолданбайтын Дамухан М., Бисатова Ғ.Ш. тәрізді мұғалімдерге электронды оқулықтарды іздестіру жолдарын қарастыру керек. Инновациялық оқытуда оқушылардың мүмкіндігін барынша аша алатын, оқушының қызығушылығы мен икемділігін толықтай есепке алуға жағдай туғыза оқытатын мұғалімдер ретінде Илюбаева А.А., Шангишбаева А.С. Турсиянова Н.А., Исмагулова Э.Е., Жампеисов Е.Т., Ахметова Ш.Қ., Нуксарина А.К, Жумагулова А.М тәрізді мұғалімдерді атап өтуге болады. Инновациялық оқыту тәсілдерін іс-тәжірибеге әлі кеңінен енгізуді Алдабергенова Д.Р., Касенова Ә.Е., Дамухан М., Раджанова Ж.Р, Касенова Г.Е. ескеру қажет. Алдыңғы қатарлы мектептерде оқушылардың білім беру үрдісіне белсенді қатысуы, балалардың уәждемесін ынталандыру және білім берудің үздік жағдайларын қамтамасыз ету міндетті болып табылады. Сондықтан педагогикалық ұжымға инновациялық технологияларды қолдану банкісін құра отырып, әр мұғалімнің оқу үрдісіне енгізу мүмкіндіктерін кеңіту қажеттілігі байқалды.















  • Шығармашылық топтар жұмысы

«Біз ұсынатын инновациялық технология тәсілдерінің жеке тұлғаға бағыттаудағы тиімділігі» модель жасау және қорғау. (тиімділігі, қолжетімділігі, жаңашылдығы, жеке тұлғаға бағыттай оқытудағы нәтижелігі) 1,3-топ.



  • Тиімдісін таңдау 3-4-топ: жеке тұлғаға бағытталған оқыту; рөлдік ойындар; презентациялар; пікірсайыстар; кейс-стади; миға шабуыл әдісі; сұрақ-жауап ойындары; іскерлік ойындар; цифрлық білім беру ресурстары, бизнес-ойын түрлері, он-лайн сабақтары, электронды оқулықтар, сыныптан тыс шаралар, сыныптан тыс оқу, КТД, кіші пәндік олимпиадалар, ғылыми зерттеу жобаларын жасау.

«Біз ұсынатын инновациялық технология тәсілдерінің жеке тұлғаға бағыттаудағы тиімділігі» модель жасау және қорғау. (тиімділігі, қолжетімділігі, жаңашылдығы, жеке тұлғаға бағыттай оқытудағы нәтижелігі) 1,3-топ.



  • Тиімдісін таңдау 3-4-топ: жеке тұлғаға бағытталған оқыту; рөлдік ойындар; презентациялар; пікірсайыстар; кейс-стади; миға шабуыл әдісі; сұрақ-жауап ойындары; іскерлік ойындар; цифрлық білім беру ресурстары, бизнес-ойын түрлері, он-лайн сабақтары, электронды оқулықтар, сыныптан тыс шаралар, сыныптан тыс оқу, КТД, кіші пәндік олимпиадалар, ғылыми зерттеу жобаларын жасау.



«Біз ұсынатын инновациялық технология тәсілдерінің жеке тұлғаға бағыттаудағы тиімділігі» модель жасау және қорғау. (тиімділігі, қолжетімділігі, жаңашылдығы, жеке тұлғаға бағыттай оқытудағы нәтижелігі) 1,3-топ.



  • Тиімдісін таңдау 3-4-топ: жеке тұлғаға бағытталған оқыту; рөлдік ойындар; презентациялар; пікірсайыстар; кейс-стади; миға шабуыл әдісі; сұрақ-жауап ойындары; іскерлік ойындар; цифрлық білім беру ресурстары, бизнес-ойын түрлері, он-лайн сабақтары, электронды оқулықтар, сыныптан тыс шаралар, сыныптан тыс оқу, КТД, кіші пәндік олимпиадалар, ғылыми зерттеу жобаларын жасау.

«Біз ұсынатын инновациялық технология тәсілдерінің жеке тұлғаға бағыттаудағы тиімділігі» модель жасау және қорғау. (тиімділігі, қолжетімділігі, жаңашылдығы, жеке тұлғаға бағыттай оқытудағы нәтижелігі) 1,3-топ.



  • Тиімдісін таңдау 3-4-топ: жеке тұлғаға бағытталған оқыту; рөлдік ойындар; презентациялар; пікірсайыстар; кейс-стади; миға шабуыл әдісі; сұрақ-жауап ойындары; іскерлік ойындар; цифрлық білім беру ресурстары, бизнес-ойын түрлері, он-лайн сабақтары, электронды оқулықтар, сыныптан тыс шаралар, сыныптан тыс оқу, КТД, кіші пәндік олимпиадалар, ғылыми зерттеу жобаларын жасау.



Пікірлер парағы.






© 2010-2022