Жаңа білім парадигмасындағы бейінді бағдарлап оқытудағы құзырлылық

    Мақалада білім беру сапасын  көтерудегі, мемлекеттің және қоғамның, тұлғаның өзекті және келешектегі  қажеттіліктерін жүзеге асыру бағыттарының бірі бейімді-бағдарлы  оқытудағы құзыретіліктері мен мәселелері қарастырылады. Сондай-ақ  бағдарлы деңгейдегі географияны оқытудың міндеттері сараланып  дифференциациялау мен жекелей оқыту принциптерін  жүзеге асыру  жайлы баяндалады. Бейімді-бағдарлы  оқыту, білім беру сапасын  көтеру, мемлекеттің және қоғамның, тұлғаның өзекті және келешектегі  қажетт...                        
Раздел Завучу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

УДК

Жаңа білім парадигмасындағы бейінді бағдарлап оқытудағы құзырлылық


М.Т.Жунусбаева, жоғары санатты география пәні мұғалімі

Химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі (Павлодар қаласы)

E-mail: [email protected]


Түйін

Мақалада білім беру сапасын көтерудегі, мемлекеттің және қоғамның, тұлғаның өзекті және келешектегі қажеттіліктерін жүзеге асыру бағыттарының бірі бейімді-бағдарлы оқытудағы құзыретіліктері мен мәселелері қарастырылады. Сондай-ақ бағдарлы деңгейдегі географияны оқытудың міндеттері сараланып дифференциациялау мен жекелей оқыту принциптерін жүзеге асыру жайлы баяндалады.

Summary

In this article we observed the problems and the ways of solutions of adapted teaching as it goes the first in realizing present and future needs of state,society and person for hightening the quality of education. Also we disclosed the functions of teaching of geography in a programmed level and we made conclusions about realizing of principles of individual teaching.

Аннотация

В данной статье раскрываются ключевые компетенций, проблемы и пути решений профильного преподавания, как она идет в реализации настоящих и будущих потребностей государства, общества и человека для качества образования. Также раскрыли функции преподавания географии в профильного обучения и сделали выводы о реализации принципов индивидуального обучения и дифференциации.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім беру саласында үлкен өзгерістер енгізіліп, бәсекеге қабілетті білім беру жан-жақты қолға алынуда. Бәсекеге қабілетті тұлға - бойында сапалы білім, саналы тәрбие тұнған, алынған білімді өмірде қолдана білетін, өзінің болашағын мектеп табалдырығынан ойлап, өмірдегі өз орнын нақты таба білетін жан-жақты жетілген құзыретті тұлға. [1]

Оқу - тәрбие үрдісіндегі қоғамның білім деңгейі мен интеллектуалдық әлеуеті ұлттық байлықтың маңызды құрамы ретіндегі сипатқа ие болды, ал адамның білімділігі, кәсіби икемділігі, шығармашылыққа талпынысы және қалыптан тыс жағдайларда әрекет ете білуі Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шарт бола алады. Осыған орай жаңа формациядағы қазақстандықтарды тәрбиелеу және Қазақстанды бәсекеге қабілетті адам капиталы бар елге айналдыру басты мәселе болып отыр. Өйткені, жаңа сапаға өту интеллектуалдық әлеуетіміз арқылы ғана іске асырылатыны түсінікті.

Қазіргі жағдайда жеке тұлғаның өздігінен әрекет етуі мен субъективтілігінің басым болуы білім парадигмасының шеңберінен шығуды талап етеді. Осыған байланысты бейінді оқытудың басты құзырлылығы - ұлттық құндылықтарды баланың бойына сіңіру арқылы оның жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізе білуіне, шығармашылық әлеуметтік толық іске асыруына ықпал ету. [2].

«Құзыреттілік» анықтамасы әдебиеттерде білім мен мүмкіндіктердің бірігуін, зерттеу еңбегі нәтижесін, жеке тұлға сапасын, жалпы мәдениет пен істің күрделі мәдени жиынтық түрлерін іске асыра алуын, адамның өзгелермен қажетті байланыс құрып, оны сақтай алуы деп беріледі. Олай болса, «оқушыдан - тұлға», «тұлғадан - құзыретті тұлға» қалыптастыру жүйесін жасау ұстаз, тәрбиеші іс-әрекеттерімен тікелей байланысты. [3]

Жаңа білім беру парадигмасындағы күтілетін нәтижеге бағытталған құзыреттіліктер:

- білім алушының танымдық үрдістің белсенді субъектісі бола алатын білім алушыға айналуын қамтамасыз ететін мектеп қызметінің маңызды үрдісі ретіндегі оқудың рөлін көтеру;

- оқу пәндері арқылы білім беру үрдісінде білім алушылардың құзіреттілігін қалыптастыру мен дамыту;

- білім берудің әртүрлі деңгейлерінде тұлғаның дамуының бірізділігін сипаттайтын күтілетін оқыту нәтижелерінің әр деңгейлі жүйесін құруда сабақтастықты сақтау;

- оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде білім алушыларды нәтижелі әлеуметтендіру;

- білім алушылардың сәйкес құзреттіліктерді меңгерудегі оқу жетістіктерінің деңгейлерін анықтау негізінде білім алушылардың, мектептердің, білім беру жүйелерінің даму өзгерісінің мониторингін жасау:

- пән бойынша білім алушыларда функционалдық сауаттылықты қалыптастыру. [2]

Жаңа білім беру жүйесі тұлғаны дамытуды, ұлттық құндылықтарды, қалыптастыруды, оны өз елінің және әлемнің азаматы ретінде тәрбиелеуді, сонымен қатар жаңа заманның талаптары негізінде қажет мәліметтерді өз бетімен таба алу біліктілігін қалыптастыруды қамтамасыз етуді қарастырады. Сондықтан да бүгінгі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - ауыспалы жағдайдағы әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге икемді және игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру атап айтқанда тәрбиелеу болып отыр. Мұндай тұлғаға қойылатын негізгі талаптар: жоғары мәдениеттілік, шығармашылық қабілеттілік, белсенділік, жоғары білімділік пен кәсіби сауаттылық. Әрине осы талаптарды орындау үшін бүгінгі таңдағы мектептің құрылымын түбегейлі өзгерту керектігі белгілі. Атап айтқанда жаңа мазмұнды білім беру ортасын құру қажет [4].

Бейімді-бағдарлы оқыту- кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге даярлау, олардың кәсіптік бағдарлары үшін жағдай жасау, оқушылардың арнаулы бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық қабілетін ескеруге бағытталған білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру түрі, жалпы сыныптағылардың оқуын даралау мен саралап жіктеудің педагогикалық жүйесі. Бейімді-бағдарлы оқыту, білім беру сапасын көтеру, мемлекеттің және қоғамның, тұлғаның өзекті және келешектегі қажеттіліктерін жүзеге асыру әдістерінің бірі ретінде ұсынылып отыр. Бейінді бағдарлап оқыту жүйесі жеті негізгі құзыреттіліктер негізінде (жеке тұлғалық, азаматтық, басқарушылық, әлеуметтік, коммуникативтік, ақпараттық, технологиялық) жеке тұлғаның біртұтас дамуын қамтамасыз етеді. Бейімді-бағдарлы оқытудың жетістігі неде, деген сұраққа жауап беретін болсақ, қазіргі кезде жалпы орта білім беретін мектептің жоғарғы сатысында жиырмаға жуық пән оқытылады және олардың барлығының мәртебесі бірдей. Демек, бұлардың бәрінен де бағдарлама деңгейінде білім берілуі тиісті. Ол деген сөз оқушыға көп сала бойынша аз-аздан білім беріледі және соның салдарынан оқушылар еш бір саланы терең меңгеруге мүмкіндігі болмайды. Қазіргі кезде әлемде білім беру мәселесі дамуының үрдісінің негізгі ерекшеліктерінің бірі-ол білімнің тез өзгеруі, өмір сүру үшін қажетті ақпараттар ағыны жоғарғы қарқынымен көбеюі, сондықтан да бұрынғыдай жеткіншек ұрпақты энциклопедиялық біліммен қаруландыратын уақыт кетті, оған мүмкіндік жоқ, оны заман ағымы көтермейді. Жеткіншек ұрпаққа аз-аздан барлық сала жайлы білім емес, терең бір ғана сала бойынша білім беретін мезгіл келді, міне бейінді оқытудың жетістігі осында. [5]

Мектептің жоғарғы сатысында барлық балаға бірдей білім берілуге тиісті болғандықтан, білім беру деңгейі сөз жоқ орташа балаға лайықталады. Мұның жақсы оқитын балаларға зияны ұшан-теңіз. Атап айтқанда, олардың білімге деген құштарлығы жоғарғы оқу орнына түсем деген ниеттері тежеледі, болмаса олар бұл жағдайларды шешу үшін мектептен тыс мекемелердің, жекелеген мамандардың құзыреттілігіне жүгінуге мәжбүр болады. Осыдан келіп ақылы дайындық курстары, оқушыларды ЖОО дайындайтын жекелеген курстар, репетитор арқылы оқыту сияқты мәселелер өте көп орын алады.

Оқушы мен оқытушы арасындағы өзара түсіністік пен ықпалдас­тыққа негізделген оқыту үрдісі оқушының ойлау жүйесінің дамуына, құндылық бағдарының айқын­далуына, қарым-қатынас жасай білу дағдысының қалыптасуына игі ықпал етеді. Нәтижесінде оқушы­ның танымдық қабілетінің деңгейін өсіріп, ойлау қабілетін арттырып, ақпаратты қабылдап қана қой­май, оны талдап, өзіндік тұжырым жасай алатын дәрежеге қол жеткізеді. Бұл үрдіс бейіндік оқыту жүйесінде білім мазмұнын түбегейлі жаңарту­мен қатар, оқытудың тың әдістемесін дүниеге әке­леді. Әрине, бұл құнды идеялар жаңа оқыту технологияларын енгізуді талап етері сөзсіз. Ол дегеніміз, білім саласын технологияландыру дегенмен сәйкес келеді және қазіргі білім берудің жаңа парагдимасы 12-жылдық білім беру жүйесіне көшу және гуманизациялау қағидасының педагогикалық сиппатамасында білімді жаңа үлгіде бағалау талабын қойып отыр. [6]

Технология- ұстаздардың ойлау өнерін өркендетудің амалы. Осыған орай оқыту технологияларын жаңарту, педагогикалық мамандарының шығармашылық бастамасына қолдау жасау талап етілуде. Жеке тұлға қалыптастыруда инновациялық оқытудың әдіс-тәсілдерін іздестіру пәндік білім аймағында игерілетін білімдерімен анықталады. Бұның өзі білім берудің мақсатын жаңаша ұғынудың және оны жүзеге асырудың алғы шарттарын жасау әдісінің бірі. Ол үшін ғылым мен ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі даму деңгейіне сәйкес әлемдік білім кеңістігі аясында білім беру мазмұны мен қоса, оқыту әдістемесін инновациялық біліммен ұштастырып, ғылыми негізде жеткізу қажет. Мұндай бастамалар - білім беру жүйесінде интеллектуалды адам ресурстарын дамытуды басқарудың тенденцияларын бүкіл әлем деңгейінде көрсетудің тағы бір дәлелін айғақтайды. [7]

Жаратылыстану-математикалық бейіндегі география пәнін бағдарлы оқыту оқушылардың қызығушылық бағытын, қабілетін, келешекте ие болуға тиісті мамандыққа бейімделуін қанағаттандыруға бағытталған оқыту барысы немесе басқа сөзбен айтсақ жеке тұлғаға бағытталған оқытуды саралау және даралау. Географияны бағдарлы оқыту өсіп келе жатқан ұрпақты этнографиялық және демографиялық біліммен қанағаттандырады. Білім беруді жаңартудың жоғарғы сатысы дифференциациялау мен жекелей оқыту принциптерін жүзеге асырудағы бағдарлы оқытуды ұйымдастыруды және аймақтың геоэкономикалық кеңістігін ескере отырып еңбек нарығындағы қолданыс аясын, оның даму бағыттарын, іс-әрекетін, құзыреттілігін, коммуникативтілігінің дамуын қарастырады. Ең маңыздысы жоғарғы сынып оқушыларының әлеуметтік-кәсіби деңгейдегі өз-өзін анықтаудағы дайындығында. Мектептегі география, дүниетанымды қалыптастырудағы басты компонент, ондағы мақсат ғылыми ойлауда логикасы мықты, кәсіби тұрақтылықтың көшбасшысы ретінде интеллектуалды және кәсіптік деңгейі жоғары болашақ маманды даярлау болып табылады.

Бағдарлы деңгейде географияны оқытудың тиімділігін қамтамасыз етудегі негізгі міндеттерді бөліп алатын болсақ :

- пәнді және географиялық заманауи міндеттерді, оның құрылымын, даму тенденциясын түсінуде, географиялық білімнің жүйесін меңгерту;

- нақты территориядағы географиялық жағдайды қажет ететін кешенді есептеулерді шығару біліктілігінің болуы;

- қоғамдағы аймақтық ұйымдар мәселесін бағдарлау мақсатында оның табиғатпен өзара байланыс әрекетін анықтауда географиялық ойлауды дамыту;

- басқа ұлт өкілдеріне және мәдениетіне деген толеранттылық және потриоттық тәрбие беру;

- күнделікті тұрмыстық және еңбек әрекетінде қоршаған ортамен қарым-қатынастарындағы әлеуметтік-жауапкершілік тәрбие беру;

- өмірде және келешек кәсіби мамандығына дайындығы барысында түрлі географиялық білім мен біліктілікті қолдану.[6]

Қорыта айтқанда, бейінді-бағдарлы оқыту еліміздің білім саясатындағы келелі мәселелерді шешуде нақты қадам екендігі анық. Білім беру құрылымы мен мазмұнының түбегейлі жаңаруы еліміздің болашағына ие болар білікті жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына игі ықпал ете отырып, Қазақстанның өркениетті ел ретінде дамыған алдыңғы елдердің қатарынан орын алуына кепіл бола алады.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.

  2. Садыков Т.С., Абылкасымова А.Е. Методология 12-летнего образования. - Алматы, 2003. - 126 с.

  3. К.С.Кудайбергенова Құзырлылық табиғаты- тұлғаның өзіндік дамуында. Әдістемелік құрал-2006

  4. Абылкасымова А.Е., Ушуров Е.А., Омарова Р.С. Развития системы общего среднего образования в современном мире. - Алматы, 2003.

  5. Қайыңбаев Ж.Т. Бейімді - бағдарлы оқытудың мәселелері: жұмыстық оқу жоспарының үлгілері. «Открытая школа» №3(64) 2007 год, 11-16с.

  6. Қонақова К.Ө. және т.б. Қазақстан Республикасы мектептерінде бағдарлы оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар. - Алматы, 2006. - 32б.

  7. Л.А. Попова, Г.Г. Червякова. Под ред. к.п.н. доцента А.А. Семченко. Проблемы профильного обучения. Сборние статей, опубликованных в журнале «Открытая наука» в 2006 году. Алматы, 2006-106с.



© 2010-2022