Материалы Педагогического совета «Реализация ФГОС. Стандарты нового поколения»

«Наша школа должна быть открыта для всего нового, должна идти в ногу со временем и при этом сохранять свое уникальное лицо, свои корни, те ценности, которые веками закладывались в обществе, должна не только учить, но и воспитывать человека и гражданина». В.В. Путин Цель нашего педагогического совета: оценить работу школы по ФГОС НОО и определить круг задач, которые необходимо решить до начала введения ФГОС ООО.Задачи:1. Познакомить с ходом внедрения федеральных государственныхстандартов второго ...
Раздел Завучу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Материалы Педагогического совета «Реализация ФГОС. Стандарты нового поколения»Түрлі деңгейдегі оқушылармен жеке жұмыс түрін ұйымдастыру және оларды бағалау.

Егер балалар бірдеңені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлауға тиіс.Ол балалармен сөйлескенде, шыдамдылық етуі керек...

(Ы. Алтынсарин)

Мектепте оқушының тәрбиесі мен дамуы және оқу жұмысындағы мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы, ізгіліктендіру ұстанымдары негізінде ұйымдастыруға ерекше мән беріліп отырған қазіргі кезеңде бағалаудың рөлі өте жоғары. Нәтижеге бағдарланған білім беруді енгізу жағдайында білім беру үдерісі оған қатысушылар арасындағы субъект - субъект негізінде жүзеге асады. Білім алушы оқу - тәрбие үрдісіндегі субъект ретінде оқуда белгілі бір табыстарға жету үшін өз іс - әрекетін мақсатты ұйымдастырады. Бағалауға оқушылардың пәндік білім, білік, дағдыларын және адамгершілік нормалары бағдарлы, жалпы адами және ұлттық құндылықтар тұрғысындағы іс - әрекет тәсілдерін меңгеру бойынша олардың жетістіктерін көрсететін нақты нәтижелері бағалана алады. Яғни оқушы берілген тақырыпты қаншалықты меңгергені немесе игермегендігі көрсетіледі. Неге бағалау, оқу мақсаты және әдіс-тәсілдер бірге болуы керек? Егер біз сабағымызда бағалау, оқу мақсаты және әдіс-тәсілдерін бірге ықпалдастырып қолдансақ, олар бір-бірін нығайтып, жетілдіріп отырады. Сабақ мақсаты: мен оқушылар нені білгенін қалаймын және сабақтан шыққанда олар үйренгендерін ары қарай қалай қолданады. Оқудағы әдіс-тәсіл: қандай сыныптағы немесе сыныптан тыс іс-әрекет менің мақсатымды нығайтады және оқушыларды бағалауға дайындайды.

Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері. Оқушылардың оқу материалын меңгергенін тексеру және бағалау - оқыту нәтижелерін бақылау, оқу процесінің әр түрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару.
Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық білімдердің меңгерілуі деңгейін анықтайды.
Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады.
Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына қозғау салады.
Білімді тексеруге қойылатын талаптар:
• тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімнің сапасына кері әсер етеді;
• әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады.
• оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл-ой дамуына, жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін білу;
• білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру;
• байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі;
• бағаны әділ қойылуы;
• оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;
• әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалімнің және оқушылардың баға беруі;
• бақылау-бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмендемеуіне, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесуі.
Оқушылардың оқу жұмысын күнде бақылап отыру. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушылардың тәртібін, білімді қалай қабылдайтынын және түсінетінін, тәжірибелік іскерлік және дағдыларға машықтандыру кезінде өз бетімен атқара алатын жұмыстарын, оқуға икемділігін, қызығушылығын, қабілетін, білімді жүйелі алуын қадағалайды. Ауызша жауаптар алу үшін мұғалім сұрақтарды тұжырымдап, кеңестер береді, міндеттер қояды.
Ауызша сұрау оқушылардың білімін тексеріп бағалау үшін жиі қолданылады. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушыларға оқылған материал бойынша сұрақ беріп, жауаптарын бағалап, материалды қаншалықты деңгейде түсінгендерін анықтайды.

Ауызша тексерудің жетілдірілген түрі жаппай тексеру. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқылған материалды ұсақ бөліктерге бөліп, оларды оқушылардың қалай меңгергенін білу үшін сыныпқа сұрақтар беріп, олардың білімдерін тексеріп, көп оқушылардың білімдерін анықтауға мүмкіндік алады. Бірақ жаппай тексеру арқылы оқушыларға әділ баға қою қиын, себебі бір-екі шағын сұраққа жауап берген оқушының толық білімін анықтау қиын.
Мәселен, өз жолдасының жауаптарын толықтырған, нақтыландырған және тереңдеткен оқушылар, мысалдар келтірген, мұғалімнің жаңа материалды баяндау кезінде қойған сұрақтарына жауап берген, жаңа тақырыпты тез түсінген балаларға қолдау көрсету. Бақылау жұмысының алдында мұғалім оқушылардың оқылған материалды меңгергенін анықтау мақсатымен жазба жұмыстарын жүргізеді. Егер оқушылар тақырыпты не бөлімді жақсы меңгермесе, онда бақылау жұмысы жүргізілмейді, оқу материалын меңгерту бағытында еңбектенеді.
Оқушылар бақылау жұмысына дайындалу үшін, мұғалім бақылау жұмысы болатынын бір-екі жұма бұрын хабарлап, дайындық жұмыстарын ұйымдастырады. Мысалы, бақылау жұмысына ұқсас тапсырмалар орындау және жаттығулар жазу. Алдын ала бір бақылау жұмысын жүргізіп, оқушылардың болашақтағы бақылау жұмысына дайындығын тексереді.
Тексерудің негізгі әдісі - мұғалімнің оқушылардың іс-әрекетін жүйелі түрде бақылауы. Мұғалім жұмыс кезінде жіберілген кемшіліктерді айтып, әр оқушыға дер кезінде, нақты көмек береді.
Өзін-өзі бақылау әдістері - оқушылардың оқу жұмысының маңызды элементі. Үй жұмысын оқушының өзі тексеретін тәсілдері: Оқулық мәтінін оқып, оның жоспарын құру, ол жоспармен мәтіннің негізгі ойын айтып беру, әр тақырып соңында бақылау сұрақтарымен жұмыс істеу, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, оған жауап беру.
Оқыту нәтижелерін бағалау. Бақылау - білім, іскерліктерді анықтау, өлшеу және бағалау. Тексеру - бақылаудың бір бөлігі, негізгі дидактикалық қызметі мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету, оқушылардың материалды қалай түсінгендігі туралы мұғалімнің ақпарат алуы, білімдегі кемшіліктерді дер кезінде табу. Бақылаудың жалпы қызметі; тексеру, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ынталандыру. Тексерудің мақсаты - оқушылардың білім деңгейін, оның сапасын, оқу еңбегінің көлемін анықтау.
Баға әділ қойылу үшін диагностикалық тестілердің (тапсырма, сұрақтардың) мазмұны ғылыми әдістермен жасалып, мұғалімдер мен оқушылардың арасында дұрыс қарым-қатынас болу керек.
Көрнекілік принципіне сәйкес барлық оқушыларды бір өлшеммен сынақтан өткізіп, бағаны талдап қойып, тестілердің нәтижелері талқыланады.
Білім, іскерлік, дағдыларды бақылау және бағалау жұмыстары:
• тексеру және бағалаудың пайдасын көрсететін жағдаяттар жасау;
• "Үйге не берілді?" деген сұраққа жауап алуға уақыт кетірмеу;
• жақсы көңіл-күйге бөлеу;
• оқушының жауапты ойланып беруіне уақыт бөлу;
• оқушылардың жауаптарын мұқият тыңдау, мадақтау;
• жауапты соңына дейін тыңдау, талдау және ескертулерді кейін жасау;
• оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру (жай, темперамент, тіл кемістігі);
• жеке тапсырмалар беру;
• оқушы өзін еркін сезетін жағдай жасау:
• оқушының жауабын талдау, жеке тұлғасын сынамау;
• оқушылар бағасын көтергісі келсе, оларға тапсырманы қайта беру;
• жауап бергенде, тапсырманы орындағанда тірек сызбаларды қолдануға рұқсат беру;
• бақылау және тексеру әдістерін түрлендіріп отыру;
• тестілік бақылауды жиі қолдану.
Баға -бала өміріндегі маңызды оқиға. Баға арқылы бала өзі туралы ойын реттеп, сыныптағы беделін нығайтады. Сондықтан мұғалім баға қоюға өте мұқият болу керек.

Оқушылардың үлгермеушілігін болдырмау шаралары:
Үлгермеушілікті болдырмау үшін оқу материалдарын түсінбеу себептерін анықтау керек.
Үлгермеудің негізгі себептерінің бірі - жұмыс істеу қабілетінің, ынтаның, зейіннің жоқтығы. Екінші себеп - білімнің жүйесіздігі, жауапкершіліктің төмендігі. Оқушы бұрынғы оқу материалдарын түсінбегенін мұғалім уақытында байқамаса, онда оқушының оқуға қабілеті жеткіліксіз болады. Әдетте мұндай оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіліп, оларға кеңес беріледі.
Үшінші себеп - материалдан мәнді белгілерді бөле алмау, негізгі мен негізгі емес мәселелерді ажырата алмау, оқушылардың жаттап оқып, бәрін есте сақтауға тырысуы. Мұндай оқушыларға абстрактілі ойлауларын дамыту үшін талдауға, қорытындылауға жаттығулар беріледі.
Төртінші себеп - пәнге деген қызығушылықтың жоқтығы. Нәтижесінде оқушының зейіні, білімге деген ықыласы төмендейді. Оқушыларға талап қою, құрметтеу, оқушының жеке тұлғалық сапаларын ескеру, баланы қызықтыру оның оқу жұмысын белсенді етіп, кемшіліктерін түзетуге ықпал етеді.
Бесінші себеп - оқушының отбасындағы қолайсыз жағдай, құрбыларымен тіл табыса алмау, оқушының оқу жұмысын атқара алмауы, "қиын" балаларға еліктеуі.
Үлгермеудің басқа да себептері бар. Ең бастысы - үлгермеу себебін анықтап, жеке жұмыстың жолдарын белгілеу. Мұғалімнің, мектептің міндеті әрбір оқушының жақсы оқуына көмектесу.





№16 орта мектеп









Педагогикалық кеңесте оқылған баяндама





Тақырыбы: «Түрлі деңгейдегі оқушылармен жеке жұмыс түрін ұйымдастыру және оларды бағалау»



Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Нурмуханова А.Х.







Көкшетау,2014

© 2010-2022