Лекция на тему: ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ МАСТЕРСТВО

Раздел Завучу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК


Арман Қонысбайұлы Мусаев

Қазалы аграрлы - техникалық колледжі директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары


Педагогикалық әдеп - ұстаздық жолды қалаған әрбір ұстаздың кәсіптік белгісі. Қай мамандықтың болмасын бір айырмашылық белгісі болатыны белгілі. Ол белгі адамның үйреншікті әдетінен, сөйлеген сөзінен, киім киісінен де байқалуы мүмкін. Мұғалім кәсібінің ерекшелігі ең алдымен оның педагогикалық әдебінде жатады.

Мысалы, мен педагогика саласында 15 жылға жуық еңбек етіп келемін. Қаладағы мектеп, ауылдағы мектеп, аудандық білім бөлімі, қазіргі еңбек етіп жүрген жерім - Қазалы аграрлы - техникалық колледжі. Қанша білім беру ұйымында еңбек етсем де, талай педагогтармен қызмет істеп келе жатсам да мен өзімнің ұстаз екенімді ешқашан ұмытқан емеспін. Оны үйде өмір бойы өмірін ұстаздыққа арнаған әкем де айтудан жалыққан емес.

Педагогикалық әдеп туралы сөз қозғағанда оны нақты мысалмен айтқан дұрыс. Өйткені, мына жерде мынандай оқиға болыпты, ана жерде мынандай жағдай болыпты десем, әркім ол мысалдың орнына өзін қойып, қабылдауы мүмкін. Мысалы, көркемөнерпаз жетекшіміз Әсетке дауысты, үнді, музыканы ұғу қандай қажет болса, біздер мұғалімдер үшін педагогикалық әдеп сондай қажет.

Ал ұстаздық шеберлік дегеніміз не? Бұл біріншіден, мен мұғаліммін деген адамның өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы. Екіншіден, өз пәнін жетік біліп, сабаққа жан -жақты дайындықпен келуі. Үшіншіден, қазіргі заманғы жаңа технологиялармен қаруланған жеке тұлғаның құзіреттіліктерін қалыптастырушы мұғалім.

Оқу процесі - екіжақты процесс. Оған мұғалімдер мен оқушылар қатысады. Сондықтан да біз педагогикалық әдеп пен педагогикалық шеберлікті осы процесті іске асыруда жүзеге асыру керекпіз. Педагогикалық әдеп оқуда да, тәрбиеде де аса қажет. Әсіресе тәрбие процесінде ерекше. Әдеп әлемінен алыстау мұғалімнен оқушылар өздеріне ауыр тигенімен әйтеуір бірдеңе үйренер. Алайда, ондай мұғалімдердің тәрбиесінен нәтиже шығу-шықпауы екіталай. Әрбір мұғалім шәкірт жанынан жол табу керек. Сонда ғана ұстаз өзінің ұстаз екенін сезінеді. Оқушы көп талап қоймайтын мұғалімді жақсы көреді деп ойлайсыздар. Жоқ олай емес, әрбір шәкірт әдептен аспайтын, орнымен талап қоя алатын мұғалімді жақсы көреді. Мысалы, өндірістік оқыту шеберлері мен топ кураторлары өз тобының оқушыларына жақын болмаса, педагогикалық әдеп біздің бойымыздан табылмайынша, шәкірттермен тіл табысу мүмкін емес, олардың тілін таппайынша, оқу - тәрбие процесінде ілгерілеу болмайды.

Оқушылардың тәртіпті болуы, оқу құралының толық болуы тек топ кураторына қатысты емес. Әрбір мұғалім сабағын өз дәрежесінде жүргізіп, оқушылардың көңіл-күйіне, оқу құралдарына бақылау жасап отырса, онда біз рухани - адамгершілік тұрғысынан дамыған, жаңа заманға сай жеке тұлға қалыптастыратын боламыз.




© 2010-2022