• Преподавателю
  • Директору, завучу
  • Бейінді оқыту-жеке тұлға қажеттілігінің перспективті және ахуалды дамуына, қоғам мен мемлекеттің білім сапасын арттырудағы негізгі құрал

Бейінді оқыту-жеке тұлға қажеттілігінің перспективті және ахуалды дамуына, қоғам мен мемлекеттің білім сапасын арттырудағы негізгі құрал

Бүгінгі білім саласындағы өзгерістер, бірнеше ойдан таралған аса бай мұраларды қолға алу арқылы білім алушылардың ел мүддесі үшін жұмыс жасауына септігін тигізіп отыр. Оқыту мен тәрбие бүгінгі өмірмен ғана астасып қана жатқан жоқ,  тарихтың тұңғиығымен астасып жатыр.  Сол себептен де  өткеннің кейбір іргелі тағылымдарына  ден қоюға тура келеді.  Бүгінде жаңа бетбұрыс жасау кезеңі деп білеміз. Педагогика ғылымы алдында оқу-тәрбие жүйесін ұдайы жетілдіру мәселесі басты мақсатқа алынып отыр. Бейін...
Раздел Завучу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бейінді оқыту-жеке тұлға қажеттілігінің перспективті және ахуалды дамуына, қоғам мен мемлекеттің білім сапасын арттырудағы негізгі құрал.



Күдесова Гүлдира Мақсұтқызы

Қостанай облысы, Рудный қаласы

«№7 орта мектебі»ММ-ң математика пәнінің мұғалімі

Баяндама тақырыбы: Бейінді оқыту-жеке тұлға қажеттілігінің перспективті және ахуалды дамуына, қоғам мен мемлекеттің білім сапасын арттырудағы негізгі құрал.

Бүгінгі білім саласындағы өзгерістер, бірнеше ойдан таралған аса бай мұраларды қолға алу арқылы білім алушылардың ел мүддесі үшін жұмыс жасауына септігін тигізіп отыр.

Оқыту мен тәрбие бүгінгі өмірмен ғана астасып қана жатқан жоқ, тарихтың тұңғиығымен астасып жатыр. Сол себептен де өткеннің кейбір іргелі тағылымдарына ден қоюға тура келеді. Бүгінде жаңа бетбұрыс жасау кезеңі деп білеміз. Педагогика ғылымы алдында оқу-тәрбие жүйесін ұдайы жетілдіру мәселесі басты мақсатқа алынып отыр. Бейінді-бағдарлы оқыту, ақпараттарды жоғары ғылыми-теориялық деңгейде терең және тыңғылықты оқыту, оқу мәліметтерін терең және шығармашылықпен меңгеру талап етіледі. Яғни бейінді-бағдарлы оқытудан өздік білімін көтеруіне, ақпарат көздерін алуға, ақыл-ой қабілетінің дамуына, білім негіздерін саналы түрде игеруіне барынша көңіл аударылуы қажет деп білемін.

Бүгінгі таңдағы үздіксіз білім беруде мұғалім қызметінің сапасы бүтіндей қоғамға қатысты этикалық міндеттерді таратушы ретінде көрінеді. Жеке тіл табысу, жақсы қарым-қатынас жасау дағдылары,жазбаша есептер әзірлей білуі, ауызша баяндамалар жасай білу, ақпараттық-техникалық презентациялар дайындай білу және өткізе білу тәжірибесінің болуы, жақсы коммуникативтік қасиеті болуы, нақты және ықшам есеп, логикалық тапсырмалар әзірлей білуі қажет .

Жалпы, бейімді-бағдарлы оқыту дегеніміз не?

Бейімді-бағдарлы оқыту дегеніміз оқушылардың қызығушылық бағытының, қабілетінің дамуына жағдай жасайтын және олардың келешекте ие болуға тиісті кәсібіне бейімделуді қамтамасыз ететін оқыту. Ол тек қана мектептің жоғарғы сатысында жүзеге асады.

Бұл жерде туындайтын бірінші мәселе «Неге мектептің жоғарғы сатысы бейімді-бағдарлы болуға тиісті?» деген сұрақ болып отыр. Адамның барлық кезде жаманнан, нашардан, дұрыс еместен, пайдасыздан жақсыға, нашар емеске, дұрысқа, пайдалыға ұмтылатыны немесе аз пайда беретін нәрседен көп пайда беретін нәрсеге қарай ұмтылатыны табиғи жағдай.

Қазіргі кезде жалпы орта білім беретін мектептің жоғарғы сатысында жиырмаға жуық пән оқытылады. Және олардың барлығының мәртебесі бірдей. Демек, бұлардың бәрінен де бағдарлама мәжесі деңгейінде білім берілуі тиісті. Ол деген сөз оқушыға көп сала бойынша аз-аздан білім беріледі және соның салдарынан оқушылар ешбір саланы терең меңгеруге мүмкіндігі болмайды. Қазіргі кезде әлемде білім беру мәселесі дамуының үрдісінің негізгі ерекшеліктерінің бірі-ол білімнің тез өзгеруі, өмір сүру үшін қажетті мәліметтер ағыны жоғарғы қарқынымен көбеюі.

Сондықтан да бұрынғыдай жеткіншек ұрпақты энциклопедиялық біліммен қаруландыратын уақыт кетті, оған мүмкіндік жоқ, оны заман ағымы көтермейді. Жеткіншек ұрпаққа аз-аздан барлық сала жайлы білім емес, терең бір ғана сала бойынша білім беретін мезгіл келді.

Бізге ұнасын-ұнамасын, жақсы көреік-көрмейік бір кездері өз бабаларымыз бастап берген ғылым-білім деген ұлы мәселеде бұл күнде бізден алда тұрған әлемдегі дамыған елдердің іс-тәжірибесін ескермеуге қақымыз жоқ. Ал оларда (Франция, Голандия, Англия, Шотландия, Швеция, Финляндия, Норвегия, Дания және т.б.) бейімді - бағдарлы оқыту негізінен жүйелі түрде 7- сыныптан соң-ақ басталады.

Өнер-білім-ғылымға ерекше мән берудің арқасында, жоқтан бар жасап отырған бұл елдер егер бейінді оқыту дұрыс болмаған болса оған барар ма еді, барғанның өзінде оған жабысып қалар ма еді.

Осындай жағдайларды ескере отырып 2006-2007 оқу жылында бейімді - бағдарлы оқытуға көштік. 10-шы сыныпта осы оқу жылына арналған оқу жоспарлары да, баспадан шыққан немесе шығып жатқан оқулықтары да тек қана бейімді - бағдарлы оқытуға лайықталған.

Сонымен бейімді оқытудың мақсаты: оқушылардың қызығушылық бағытын, қабілетін, келешекте ие болуға тиісті мамандыққа бейімделуін қанағаттандыруға бағытталған оқыту барысы немесе басқа сөзбен айтсақ жеке тұлғаға бағытталған яғни оқытуды дифференциациялау және индвидуализацилаудың құралы.

Міндеттері: - пәнді қандай-да деңгейде тереңдетіп оқыту

- оқушылардың жеке қабілеттерін оқыту барысында жан-жақты ескеру

- орта және жоғарғы білім салаларының сабақтастығын жетілдіру.

Демек, мектеп басшылығы, мектеп ұжымы мынандай мәселелерді өз беттерімен шешуге тиісті.

- мектептің жоғарғы сатысының бейімі

- сыныптың бағдары

- жұмыстың оқу жоспары

- қолданбалы курстардың бағдарламасы, мазмұны

- таңдау курстарының бағдарламасы, мазмұны

- сынып оқушыларын топтарға бөлу т.б.

Әрине, бұл мәселелерді, бірден, әр мектептің өз бетімен сапалы түрде шешіп кетуі де оңай емес.

Бейімді-бағдарлы оқытуға көшудің әдістемесі, алгоритмі қандай ? Мұнда Қазақстандағы білім стандарттары негізінде педагог-мамандарға ұсынылады.

Мектептің жоғарғы сатысының әсіресе оның 10-шы сыныбының бейімі анықталуға тиіс. Қазірше яғни 12-жылдық білім беру жүйесіне көшкенге дейін бейімді-бағдарлы оқытудың екі бағыты айқындалып отыр. Олар қоғамдық - гуманитарлық және жаратылыстану - математикалық пәндерді бейімдеп оқыту.

Мектеп бұл бағыттардың екеуін де алуға немесе біреуін ғана алуға құқылы.

Бұл таңдау мынандай жағдайларға байланысты:

а) оқушылардың қызығушылық бағыты, қабілеті, талабы.

ә) 1-9 сыныптарда жүргізілген бейімалды (предпрофильный) жұмыстарының бағыты, мақсаты, мазмұны, ол жұмыстардың нәтижесі. Ал, республика мектептері өзіміз дайындаған типтік оқу жоспарына көше бастаған 1997-98 оқу жылынан бастап (егер 1-сыныптан бастаса), тіпті болмаса 2001-2002 оқу жылынан бастап (егер 5-сыныптан бастаса) жүйелі бейімалды жұмыстар жүргізген мектептер оқушыларын жоғалтпай әртүрлі бағыттағы, бағдардағы 10-сыныптарды еркін аша алады.

б) мектеп мұғалімдерінің кәсіби деңгейі. Қандай-да бағыттағы сыныптар ашу үшін сол сыныптарға сабақ беретін мамандардың бар-жоғы ескерілетіні айқын. Мысалы: Егер мектепте математика пәні мұғалімі жалпы білім беретін орта мектеп математикасының есептерін зорға шығарып жүрсе онда ол математиканы әрі теориялық, әрі пратикалық тұрғыдан қандай деңгейде тереңдетіп оқыта ала ды? Математика бойынша қолданбалы, таңдау курстардың бағдарламасын жасай ала ма, мазмұнын анықтай ала ма? Демек, бұл жағдайда математиканы бағдарлап оқытатын сыныпты ашу аса қауіпті болуы мүмкін.

Ал пән мұғалімінің міндеті

1. «Мемлекеттік Білім беру Стандарты» және «Білім берудің 12-жылдық концепциясы мен сабақ берілетін пән бойынша оқушылардың тәрбиесі мен оқытылуы жүзеге асырылады.

2. Оқушының әлеуметтенуіне және оның кәсіптік бағытталуының қалыптасуына септігін тигізеді.

3. Оқушының жекелеген қабілеттерінің дамуын анықтайды және оған әсер етеді.

4. Таңдау бойынша, қолданбалы курстардың бағдарламаларын жоспарлауда және оларды жүзеге асыру үшін жауапкершілік артады.

5. Оқыту мен тәрбие берудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін, формаларын қолдану.

6. Өз пәні арқылы жұмысты жүзеге асырады.

7. Бейінді оқытуды енгізу бойынша шараларды қамтамасыз ететін мұғалімдердің жұмысына қатысады

в) мектептің материалдық - техникалық жағдайы.

Негізінен осындай жағдайлар ескеріле келе мектепте ашылуы мүмкін не екі бейімдегі 10 сыныптар немесе бір ғана бейімдегі 10-сынып.

Ескерте кететін бір жай, бір ғана сыныпта екі бейімді де оқыту мүмкін емес.

10 сыныптың бейімі анықталған соң осы сынып үшін жұмыстың оқу жоспары дайындау мәселесі қолға алынады.

10-сыныптың жұмыстық оқу жоспары дегеніміз - типтік оқу жоспарлары негізінде, оқыту бейімі ескеріліп, жалпы білім беретін оқу орындарында жасалатын нормативті құжат.

Типтік оқу жоспарлары қазіргі кезде әр мектепте бар «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Негізгі ережелер» атты құжаттың 32 және 33 беттерінде келтірілген.

Бұл 10, 11- сыныптарға арналып жасалған типтік оқу жоспарларынан 10-шы сыныпқа арналған жұмыстың оқу жоспарын шығарып алу үшін тәжірибелі - педагогтар мұндағы қолданбалы курстар, таңдау курстары мәселелерін толық түсінулері керек.

а) Қолданбалы курстар дегеніміз - бағдарлы пәндер бойынша оқушылардың білімін тереңдетуге, кеңітуге және олардың қандай-да қолданылуы жайлы оқушыларда білім қалыптастыруға арналған курстар.

Жалпы бағдарлы пән дегеніміз - жалпы орта білім беретін оқу орындарындағы саралап оқыту сипатын анықтайтын оқу пәні. Егер оқытудың бейімі жаратылыстану математикалық болса, онда бағдарлы пәндер математика, физика, химия, биология, география,информатика пәндерінің ішінен таңдалады. Егер оқытудың бейімі қоғамдық-гуманитарлық болса, онда бағдарлы пәндер қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс тілі, шет тілі, жалпы тарих, Қазақстан тарихы, қоғамтану негіздері, құқық пәндерінің ішінен таңдалады.

ә) Таңдау курстары дегеніміз - оқушылардың талап-тілегін, қызығушылығын қанағаттандыруға арналған курстар. Олар сыныптық бейімі мен бағдарына байланысты болуы мүмкін немесе байланысты болмауы да мүмкін. Қоғамдық - гуманитарлық және жаратылыстану - математикалық бағыттағы пәндерді бейімдеп оқытуға арналған типтік оқу жоспарларының базалық компоненттерінің саны бойынша айырмашылықтары жоқ. Екі бағыттың типтік оқу жоспарлары зерделенген соң, сыныптың нақты бағдарын анықтау керек.

Сыныптың бағдарын немесе бағдарларын анықтау дегеніміз оқушылардың білім алу бағытын ары қарай тарылтудың, нақтылаудың, жүйелеудің 2-ші кезеңін жүзеге асыру дегенді білдіреді.

Егер сынып қоғамдық-гуманитарлық бейімдеп оқытатын болса, лингвистикалық, филологиялық, филология-тарихи, тарихи-құқықтық, тарихи-қоғамдық ж.т.б. бағдарлардың біреуін, екеуін т.б. таңдауы мүмкін.

Егер сынып жаратылыстану-математикалық пәндерді бейімдеп оқытатың болса, онда сынып математикалық, физика-математикалық, математика-экономикалық, физика-технологиялық, биология-химиялық, геграфия-биологиялық, биология-экологиялық ж.т.б. бағдарлардың біреуін, екеуін т.б. таңдауы мүмкін.

Демек, мемлекет оқытудың бейімін ұсынады ал мектеп әрбір 10-шы сынып үшін осы ұсынғандардың біреуін ғана таңдайды және де мемлекет оқытудың бағдарын анықтамайды, оны әрбір10-сынып үшін оқыту бейімінің аясында мектеп өзі анықтайды.

Сонымен бірге, сынып өзі таңдаған оқытудың бейімі ауқымында оқытудың бір бағдарын немесе екі, үш бағдарын алуы мүмкін.

Егер сынып бір ғана бағдарлы болса, ондай сыныпты монобағдарлы сынып, ал бірнеше бағдарлы болса полибағдарлы сынып деп атайды.

Жалпы бүгінгі күні тәжірибеде беймді оқыту оқушыны әртүрлі әдіс тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір пән бойынша толық білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көзделген нәтижелі жұмысқана емес, оқушының дамып жеке тұлға ретінде қалыптасуына көп деген мүмкіндік береді, мысалы: пән олимпиадалыры, ғылыми конференция, шығармашылық сайыстарға қатысып, жетіліп, нәтижеге кол жеткізуде.

Өз ойымды ұлы Абай атамыздың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген қанатты сөзімен қорытындылай отырып сіздерге тек сәттілік тілеймін.

5



© 2010-2022