Работа с молодыми специалистами

Раздел Завучу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың

қолында,ал жас ұрпақтың тағдыры

мұғалімдердің қолында»

Н. Ә. Назарбаев

Жас мамандардың алдына қойған мақсаты шәкірттердің оқуға деген ынтасын арттырып, білімді, ізденімпаз, талапты азамат етіп тәрбиелеу. Сондай - ақ ұстаз деген ұлы есімге лайық болу. Ұстанатын қағидасы: терең судың пайдасы мен қатар залалы да бар. Одан сақтану үшін шәкірттерді еркін жүзе білуге үйрету.
Жас мамандар жоғарыдағы эпигрофты әркез естен шығармай,жақсы шәкірті бар, саналы азамат тәрбиелеуде ерінбей еңбек етуге лайықты жалынды жастар.
Мектепке келген жас мамандар алдымен мектеппен, ұжыммен танысады. Тәлімгер - жетекшілер тағайындалып, жылдық жоспар бойынша жұмыс жасайды. Жас маманның өзінің және тәлімгер - жетекшісінің жоспары жасақталады. Мұғалім портфолиосын жасауға, күнтізбелік және сабақ жоспарын және өзіндік білім көтеру жоспарларын жасауға жетекшілер бағыт береді. Іс - қағаздар, журнал толтыруға әдістемелік және жетекшілік көмек берілуі керек.
ҰБТ, ОЖСБ сияқты мемлекеттік бағдарламалардың ережелерімен танысып, модификацияланған кабинеттерде жұмыс жасау, электронды журнал, электронды оқулықпен жұмыс жүргізу туралы мектеп әдіскері таныстырып отырғаны абзал.
Сонымен бірге, жас мамандарды сабақтарға сараптама жасап үйретіп отыру қажет. Тоқсан сайын сауалнамалар жүргізіп, қиындық келтіріп жүрген мәселелері бойынша өзара пікірлесіп, шешімін табу көзделсе тіпті жақсы.
Жас мамандармен өтетін отырыстарда баяндамалар жасатып, заман талабына сай оқытудың қандай тиімді тәсілдерін қолдану керектігін үйретіп отырған жөн.

Работа с молодыми специалистами

Абилкаримова М.М.


© 2010-2022