Мемлекеттік емтихан және ҰБТ талдау үлгісі

Раздел Завучу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

VII. 9,11-сыныбы бойынша мемлекеттік емтихан және Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы.

Негізгі орта мектеп курсын оқытуда соңғы үш жылдың қорытындысында бойынша мектептегі 9-сынып оқушыларының білім сапасы келесідегідей көрсеткішті байқатты: 2012-2013 о.ж. 42%. ООД 56 пайыз, 2013-2014 о.ж.29% білім сапасы, 44% орташа оқытылу деңгейі, 2014-2015 оқу жылында білім сапасы 31,4 %, орташа оқытылуы 48,9% құрап, яғни ағымдағы оқу жылында оқушылардың білім деңгейі өткен жылғымен салыстырғанда 2% жоғары көрсеткішті байқатты. Мектеп әкімшілігі "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабына сәйкес білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі негізінде 9-сынып оқушылары мемлекеттік емтихан тапсыруын жоспарлы түрде ұйымдастырды. Емтихандарға әзірлік жұмыстары мен даярлық қосымша сабақтар кестесі құрылып, оқушыларды сапалы даярлау әкімшіліктің назарында болды. Сәуір айында «Оқушы білімін тұрақтандыру негізінде мемлекеттік стандарттың талаптары орындаулы және емтиханға әзірлік жағдайлары» тақырыбында әдістемелік кеңес тақырыбы бойынша сабақтарға қатысылып, талқылаулар жүргізілді.

9-сынып оқушылары жалпы орта білім департаменті белгілеген міндетті қазақ тілі, математика, орыс тілі, сондай-ақ таңдау бойынша биология, химия, Қазақстан тарихы, география, физика, ағылшын тілі пәндерінен емтихандар тапсырды. Ауызша емтихандар пәндер бірлестігінің қарауымен және әкімшіліктің бекітуімен белгіленген билеттері арқылы, ал жазбаша емтихандар облыстық оқу басқармасының арнайы пакеттермен жіберген тапсырмаларымен өткізіліп, мемлекеттік емтихандарды тәуелсіз емтихан комиссиясы қатысуымен қабылданды. Пән мұғалімдері оқушылардың оқу курсы бойынша білімдеріне қадағалау жасап, әр оқушының стандарт белгілеген оқу жоспарының толық меңгеруіне жауапкершілікпен қарады. Негізгі мектеп курсы бойынша мемлекеттік емтихан нәтижесінің соңғы жылдардағы қорытындысымен салыстырмалы көрсеткіші:

Пән

2012-2013оқу жылы

2013-2014 оқужылы

2014-2015оқу жылы

Оқуш

Үлгері

Б/с

ООД

Оқуш

Үлгері

Б/с

ООД

Оқуш

Үлгері

Б/с

ООД

Қ.т

24

100

79

52,3

24

100

54

55,6

35

100

68

61,3

Мат.

24

100

58

58

24

100

42

52

35

100

48

56,8

Ор.т

24

100

54

64

24

100

46

58

35

100

60

64

Салыстырмалы кестеден байқалғандай негізгі пәндерден білім сапасын өткен оқу жылымен салыстырғанда жоғарлағаны байқалып, пән мұғалімдері Шәңгішбаева А.С., Илюбаева А.А., Турсиянова Н.А., Абенова А.Ә., Ахметова Ш.Қ. пәндердің оқытылу сапасын көтеру мақсатындағы әдіс-тәсілдердің тиімділігін арттырған. Сабақтарда деңгейлі бағдарлама модульдері мен заманауи оқыту тәсілдерін, АКТ-ны нәтижелі қолданған.

Таңдау пәндері бойынша қорытынды кестесі:

Пән аты

Оқушы саны

Үлгерім

Білім сапасы

ООД

Қ. тарихы

8

100

33,5

55,5

география

2

100

100

82

биология

10

100

40

60

физика

9

100

56

63

Ағылшын т.

4

100

100

82

Химия

2

100

100

82

Мемлекеттік емтихан кестесінен байқалғандай пәннің оқытылуы мемлекеттік стандарттың жеткілікті және оңтайлы деңгейін байқатқан қазақ тілі, орыс тілі, география, биология, физика, ағылшын тілі мен химия пәндері, ал сынаулы деңгейді байқатқан математика, Қазақстан тарихы пәндері. Әкімшілік қорытынды аттестаттау бойынша барлық пәндердің оқытылу жағдайына талдау жасады. Қазақ тілі пәнінен диктант жұмысының нәтижесінде оқушылар тіл білімінің негізгі салаларын жақсы меңгергенмен, қүрделі сөздердің тыныс белгісінен, н/ң ұқсас әріптерден, әріп тастау мен азат жолдан жазу ережелерінен қателер жіберген. Пән мұғалімдері Шәңгішбаева А.С., Илюбаева А.А. қазақ тілінің білімдік, танымдық, қатысымдық және кумулятивтік қызметтерін меңгерте білген. Нәтижесінде жылдық қорытындымен салыстырғанда үш оқушы проргесс байқатты. Алайда, мұғалімдерге оқушылардың орфографиялық сауаттылықтарын арттыру жұмыстарын кеңінен қарастыруы қажеттілігі байқалды. Математика пәнінен оқушылар жазбаша емтихан тапсырып, 3 оқушы жылдық бағамен салыстырғанда прогресс байқатты. Оқушылар емтихан жұмысы барысында өрнекті қысқаша көбейту формуласын қолданып, ықшамдау, теңсіздікті шешу, прогрессияның белгісіз мүшесін табу тапсырмаларын жақсы деңгейде орындағанмен, тригонометрия өрнегінің мәнін табу, берілген аралыққа тиісті теңсіздік шешімін салудан қателер жіберген. Мұғалімдер Турсиянова Н.А., Абенова А.Ә. математикалық функционалдық сауаттылықты арттыра отырып, қолданбалы сипаттағы математикалық есептерді шешу құралы ретінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдануды терең ойластыру керек. Орыс тілі пәнінен сынып оқушылары ауызша емтихан тапсырып, 13 оқушы жылдық бағамен салыстырғанда прогресс байқатты. Пән мұғалімі Ахметова Ш.Қ. оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін, АКТ мен электронды оқулық тапсырмаларын шеберлікпен қолданып, оқушылардың білім беріктігін қамтамасыз ете білген. Оқушылар сөз таптары, сөзжасам, оқшау сөздер мен бірыңғай мүшелер тарауларын жақсы деңгейде меңгергендерін байқатты. Алайда, төл сөздің пунктуациясы және сабақтас құрмалас түрлерінен қателер жіберді. Мұғалімге оқыту сапасы мен оқушының білім сапасын үздіксіз байланыста ұстау керек. Қазақстан тарихы пәні бойынша 9-сыныпта 8 оқушы таңдау пәні ретінде емтихан тапсырып, желтоқсан оқиғасы, Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруі, Моғолстан мемлекетінің құрылуы тақырыптарын жақсы меңгергендерін байқатты. Алайда, мұғалім Азылханова А.Б. оқушыларда тарихи ақпараттарды жүйелеп іздеу, зерттеушілік, тарихи деректердің түрлерімен кешенді жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруды әлсіз жүргізгендіктен, пәннің орташа оқытылуы стандарттың сынаулы деңгейін байқатты. География пәнінен 2 оқушы таңдау бойынша емтихан тапсырып, картамен географиялық байланыс жасау, Қазақстанның шаруашылығы мен жер бедері, халқы туралы деректерді жақсы меңгергендерін байқатты. Дегенмен, оқушылар аймақтық компонент пен шетелдік компанияларда шаруашылық бойынша қателер жіберді. Сондықтан, мұғалімге географиялық білімді өмірлік тәжірибеде, оқу және оқудан тыс әртүрлі жағдаяттарда қолдана білу біліктілігін қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды сабақта пайдалану ұсынылады. Биология пәнінен 10 оқушы емтихан тапсырып, негізгі мектеп курсы бойынша білімдерін көрсетті.Емтихан барысында оқушылар эволюциялық білім негіздері, Ч.Дарвиннің теориясы, генетика негіздері, жасуша құрылысы мен тіршілік үшін күрес, бейімдеушілік түрлері, фотосинтез тақырыптарын жақсы айтқандарымен, жасушадағы энергетикалық алмасу, экожүйе, макроэволюция, оның бағыттары, жерде тіршіліктің пайда болуы тақырыптарын төмен деңгейде меңгергендерін байқатты. Мұғалім Бисатова Ғ.Ш. оқушыларда тіршілік құбылыстарының заңдылықтарын оқып білуге танымдық қызығушылық қалыптастыру мақсатында деңгейлі бағдарлама модульдерін сабақтарға жүйелі түрде тиімді ықпалдастыруды қарастыру керек. Физика пәнінен 9оқушы емтихан тапсырып, пәннің орташа оқытылуы емтихан нәтижесінде стандарттың жеткілікті деңгейін байқатты. Оқушылар қозғалыс түрлері, энергия, оның айналуы, күш туралы білімдері жақсы болғанмен, пайдалы әсер коэфиценті, жылу машинасы, жай механизмдер тақырыптарын әлсіз меңгерген. Мұғалім Дамухан М. пәнді оқытуда функционалдық сауаттылықты дамыту негiзінде оқушылардың ғылыми дүниетаным негіздерін, танымдық қызығушылығын, сын тұрғысынан ойлауын, зияткерлік және шығармашылық қабілетін қалыптастыру жұмыстарын жүргізу керектігі байқалды. Ағылшын тілі пәнінен 4 оқушы мемлекеттік емтихан тапсырып, өз білімдерін ақтап шықты. Емтихан барысында шақтар және лексикалық тапсырмаларды, тақырып бойынша монологтық сөйлеуді жақсы орындағанмен, граммикалық тапсырмалардан кемшілік байқалды. Мұғалім Шоматова Ә.А. оқушыларға түсінікті тәсілдер мен құралдарды қолдана отырып жалпы және арнайы іскерліктерді қалыптастыру мен жетілдіруді инновациялық оқыту түрлері арқылы дамыту қажет. Химия пәнінен 2 оқушы мемлекеттік емтихан тапсырып, электролиттік диссоциация, металдардың химиялық қасиеттері, бейметалдардың физикалық касиеттері тақырыптарын жақсы меңгергендерін байқатты. Алайда, топтық жалпы сипаттамаы, молярлық масса есептеуден қателер жіберді. Мұғалім Тогузова А.З. химияны оқытуда оқушыларды күнделікті өмірге, өндірістік іс-әрекеттерге, білім алуды жалғастыруға, қоршаған ортада өзін дұрыс ұстауға қажетті химиялық білімдермен қаруландыру міндеттерін шеше білген.

Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысына талдау.

Мектеп әкімшілігі 2014-2015 оқу жылында мектеп түлектерін Ұлттық бірыңғай тестілеуге даярлау мақсаттарын белгілеген:

  1. Оқушының мемлекеттік білім бағдарламасын орта мектеп курсы бойынша меңгеру нәтижесін бақылау;

  2. Тестілеу жүйесіне енгізілген негізгі пәндер мен таңдау пәні бойынша білім деңгейін байқау;

  3. Орта мектеп курсы бойынша теориялық материалдың жан-жақты меңгерілуі және практикада қолдана білу біліктері мен дағдысын есепке алу.

  4. Қорытынды аттестаттау арқылы оқушы білімін жан-жақты есепке алу.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге 7 оқушы (100%) қатысып, толық үлгерім көрсетті. Орта ұпай 98,2 құрады. «Алтын белгі» 1 оқушы, 100-ден жоғары ұпай жинағандар: 4 оқушы. Білім сапасы: 93% болды.

Ұлттық бірыңғай тестілеу мен жылдық қорытынды бойынша білім сапаларының салыстырмалы нәтижелері.

Пән

Мұғалімнің аты-жөні

Орта ұпай

Білім сапасы

ҰБТ ООД

Жылдық білім са/ы

Жылдық ООД

Қазақ тілі

Саньязова Б.Қ.

22

100

94

85

89

Орыс тілі

Ахметова Ш.Қ.

17

85

80

85

85

математика

Турсиянова Н.А.

19

85

80

85

75

Тарих

Азылханова А.Б.

21

100

84

85

75

биология

Бисатова Ғ.Ш.

19

100

64

100

95

география

Жампеисов Е.Т.

21

100

100

100

95

Қазақ әдебиет

Саньязова Б.Қ.

19

100

64

100

89

Физика

Оралбаева Р.Т.

15

75

57

85

70

2014-2015 оқу жылындағы мектеп түлектерінің ҰБТ-дан орта ұпайларының соңғы жылдардағы көрсеткіштермен салыстыру нәтижесі: Мемлекеттік емтихан және ҰБТ талдау үлгісі

Әр пәннің оқытылу деңгейі, мұғалімнің еңбегі ҰБТ қорытындысынан көрінетіні белгілі, ендеше пәндер бойынша орташа ұпайлардың салыстырмалы көрсеткішін қарастырсақ, келесідегідей нәтижені байқауға болады.

Жеке пәндер бойынша орташа ұпайдың салыстырмалы мониторингісі:

Мемлекеттік емтихан және ҰБТ талдау үлгісі

Қорытынды: 2014-2015 оқу жылында 11-сыныптан 7 оқушы ҰБТ тапсырды. Оқушының орта мектеп курсы бойынша даярлық деңгейі мен білім, білік, дағдылары тестілеу нәтижесінде жоғары деңгейді байқатты. Жыл көлемінде мектеп түлектеріне мемлекеттік білім бағдарламасын меңгертудің басты шарты - тұлғаға бағыттай оқытуды мұғалімдер басшылыққа алған. Тұлғаға бағытталған сабақ оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдайы екенінін ескере отырып, пән мұғалімдері инновациялық оқыту тәсілдерін нәтижелі қолдана білді. Оқушыларды жыл көлемінде тестілеуге даярлау мақсатында әкімшілік тарапынан мектепішілік бақылаулар жасалынып, аралық тестілеудің қорытындысы шығарылып отырылды, жетістіктер мен типтік қателер талданып көрсетілді. Қыркүйек айынан бастап оқушылармен ҰБТ-ға даярлық жоспары жасалынып, құжаттар іріктелді. Оқушыларға ҰБТ-ға дайындық жайындағы кеңестер мен психологиялық сабақтар өткізілді. Пән мұғалімдерінің жұмыс жоспарлары жасалынды. Аудандық тестілеу орталығынан жыл басынан бері 29 рет аралық байқау тестілеуі жазылды. Орта мектеп курсы бойынша барлық материалдың меңгерілуін мұғалімдер назарда ұстап, жеке жұмыстар мен қосымша сабақтар ұйымдастырды. Жыл көлемінде оқушыға ҰБТ-ға дайындық нұсқаулармен таныстыру, ҰБТ кезіндегі тәртіп ережесі, нұсқауларымен, тіркелу және өтілу уақытымен таныстыру, ҰБТ сайтымен жұмыстар жүйелі жүргізілді. Мектептің әдістемелік кеңестерінде желтоқсан айында «11-сыныпта ҰБТ-ға даярлық негіздерін бақылау (сыныптық бақылау)», сәуір айында «Оқушы білімін тұрақтандыру негізінде мемлекеттік стандарттың талаптары орындаулы және емтиханға әзірлік жағдайлары, ҰБТ-ға сапалы даярлану жолдары.» тақырыбында отырыстар өткізіліп, әкімшілік тарапынан сабақтарға қатысылып, талдаулар жасалынды. Мектеп психологы ҰБТ-ға даярлық жұмыстары жайлы есебі, «ҰБТ-ға даярлық кезеңіндегі оқушылар психологиясын зерттеу» семинары мен тренингтер өткізді, «ҰБТ даярлау мен тапсыру туралы ережелер», «ҰБТ-ға даярлық кезеңіндегі психологиялық ерекшелік» тақырыптарында ата-аналар мәжілісі ұйымдастырылды. Аралық тестілеу кезеңдерінде оқушылардан сауалнама сұрақтар алынып, талдау жасалынып отырылды. ҰБТ-ға даярлық ретінде «Ұлттық Бірыңғай Тестілеуді сәтті тапсырайық» стендін ұйымдастыру жұмысы жүргізілді. Нәтижесінде оқушылар келесідегідей ұпайлық көрсеткішті байқатты:

Барлық оқушы саны

Жинаған ұпайлардың сандық салыстырмалы көрсеткіштері


100-117

90-95

65

7

4

2

1

Тестілеу нәтижесінде барлық пәндерден жақсы білім сапасын көрсетіп, жоғары ұпай жинаған оқушылар: Қаирдинова А.-117, Маулетханова Ж.-108, Қаныбек М.-111, Құмарбекова А.-102. Мектеп бойынша жоғары ұпай 117 болса, ең төменгі ұпай 65 болды.

Оқушылардың жеке пәндер бойынша ұпай санын қарастырсақ:

Оқушы

Қаз.т.

Рус.яз

тарих

Мате

биол

физик

Геогр

әдеби

ұпай

Қаирдинова А.

24

22

25

25



21


117

Еркінбекқызы А.

24

14

20

16


16



90

Маулетханова Ж.

23

20

24

22




19

108

Қаныбек М.

24

24

21

23


19



111

Құмарбекова А.

25

18

21

21


17



102

Советханова Б.

22

15

20

19

19




95

Қамбарханов С.

16

10

17

11


11



65

Пәндер бойынша бағалау көрсеткіші:

баға

Қаз.т.

Рус.яз

тарих

Мате

биол

физик

Геогр

әдебиет

Оқушы саны

7

7

7

7

1

4

1

1

«5»

6

4

4

4

1


1


«4»

1

2

3

2


3


1

«3»

1


1


1



«2»







Мектеп бітірушілердің орта мектеп курсы бойынша пәндерден білім көрсеткіштерін қарастырсақ:

Қазақ тілі пәнінен оқушылардың оқытылуы мемлекеттік стандарттың оңтайлы деңгейін байқатып, мұғалім Саньязова Б.Қ. деңгейлі бағдарлама модульдерін сабақтарғы нәтижелі ықпалдастырып, оқушымен кері байланысты тиімді орнатып, ҰБТ-ның даярлығы ретінде оқушылардың арнайы және жалпы оқу дағдыларына зерттеу жасау арқылы пәнді меңгертудегі әсері қадағалап, кемшіліктерге түзету жұмыстарын жүргізген. Қазақ тілі пәнінен прогресс көрсеткен оқушылар: ҚұмарбековаА., Қамбарханов С., Советханова Б. Оқушылар қазақ тілі пәнінен фонетика, морфология, синтаксис бөлімінен сөз тіркесі, салалас, сабақтас, аралас құрмалас түрлерін, сөзжасам, төл сөз, төлеу сөздер, пунктуация, сөз мәдениеті мен шешендік сөздер құрылымы тарауларын жақсы меңгергенмен, дәйексөздердің авторларын белгілеуден, стильдер ерекшелігі, кәсіби және диалект сөздерден қателер жіберген. Сондықтан мұғалімге бағдарламадан тыс қосымша мәліметтермен жұмыс түрлерін кеңінен қарастыру керек.

Мектеп бітірушілердің орта мектеп курсы бойынша орыс тілі пәнінен мемлекеттік білім стандартының оңтайлы деңгейін байқатып, жылдық қорытындымен салыстырғанда Құмарбекова А. прогресс көрсетсе, Еркінбекқызы А. регресс байқатты. Орыс тілі пәнін оқытуда мұғалім Ахметова Ш.Қ. оқыту үрдісін ақпараттық -әдістемелік жағынан қамтамасыз ету арқылы білім сапасын көтеріп, модульдік оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін нәтижелі қолданған. Орыс тілі пәнінен оқушылар сөзжасам, олардың жасалу жолдары, сининим, антоним, есімдік түрлерін, үстеудің жазылу емлесін жақсы деңгейде меңгерген. Сонымен бірге, тестілеу кезінде оқушылар шылаусыз сабақтастастардың тыныс белгісінен, олардың түрлерінен, күрделі сөздердің байланысу тәсілдерінен қателер жіберген. Мұғалім Ахметова Ш.Қ. оқыту сапасы мен оқушының білім сапасын үздіксіз байланыста ұстау керек.

Қазақстан тарихы пәнінен ҰБТ қорытындысында пәннің орта оқытылуы стандарттың оңтайлы деңгейін байқатты. Жылдық қорытындымен салыстырғанда 6 оқушы прогресс байқатса, Еркінбекқызы А. регресс көрсетті. Мұғалім Айнұр Бақытжановна оқушылардың жеке бас ерекшелігін ескеріп, әр оқушыны жеке тұлға ретінде қарай отырып соңғы нәтижеге бағыттай оқыту үрдісін жетілдіруде деңгейлі бағдарлама модульдерін тиімді қолдана алған. Соның нәтижесінде оқушылар тарихи құбылыстар мен негізгі мәліметтерді жақсы меңгерген, олар 1990ж. құрылған азаматтық қозғалыс, Ж.Баласағұн еңбегі, шеп атаулары, тарихи сөздер мағынасы, уақытша ереже туралы деректерді дұрыс таба алған. Дегенмен, тарихтан келесідегідей қателер жіберген: 1845ж. жаулап алған бекіністер, Е.Пугачев соғысына қазақтардың қатысуының басты себептері, Қарлұқ қағанатының пайда болуы, 15ғ. II жартысында қазақтардың этникалық шоғырлануы. Мұғалімге, оқушылардың білім беріктігін қамтамасыз ету жолдарын әлі де жүйелеу қажет.

Математика пәнінен оқушылардың оқытылуы ҰБТ қорытындысы бойынша мемлекеттік стандарттың жеткілікті деңгейді құрап, ортақ ұпай 19 болып, білім сапасы 85% көрсетіп, оқушылар тестілеу нәтижесінде келесідегідей тапсырмаларды бір бөлгіштігі бар теңдеу, планаметрияға берілген септер, триногонометриялық функциялар туындысын табу, мәндерін қойып есептеу тапсырмаларын жақсы деңгейде орындағанмен, тригонометриялық теңсіздіктерді шешу, пайыздық қоспа мөлшерін табу, векторлардың параллелипипедтері, стреонометриялық есептерден қателер жіберілген. Мұғалімге оқушылардың математикадан білім сапасын тексеруге, нақтылауға бағытталған ағымдық, қалдық, білім бөлшегін тексеру, бақылаулар мен жазба жұмыстарын үздіксіз ала отырып, типтік қателермен жүйелі жұмыс жасап, даралап-саралап оқытуды жетілдіру керек. Сондай-ақ, оқушылардың пәнге қызығушылығын, ой белсенділігін арттыруға бағытталған логикалық тапсырмалар жүйесін жетілдіріп, сыныптан тыс сабақтарды іс-тәжірибесіне кеңінен енгізу керек.

Биологиядан 1 оқушы таңдау пәні ретінде ҰБТ тапсырды, тестілеу нәтижесінде оқушы пәннен өсімдіктердің құрылысы, қызметі, жануарлардың түрлері, тіршілік әрекеттері, адам анатомиясы, физиологиясы, гигиенасы, жалпы биология негіздері тарауларын жақсы деңгейде меңгергендерін көрсеткенмен, экология негіздері, қоршаған орта сапасына бақылау жасау мониторингтік жүйесі, биосферадағы бионогенографиялық аймақтар тарауларынан қателер жіберген. Мұғалім жыл көлемінде оқушымен жеке жұмыс түрлерін жоспарлы жүргізіп, оқушының білімді өзіндік игеруіне, тапсырмаларды топтарда талқылап пікір айта білуге бағыттай алған.

Физика пәнінен 4 оқушы ҰБТ тапсырып, ортақ ұпай 15 болып, білім сапасы 75%, ҰБТ нәтижесі бойынша оқушылардың оқытылуы сынаулы деңгейді көрсетті. Тестілеу барысында жақсы деңгейде келесідегідей тақырыптар меңгерілгені анықталды: еркін түскен дене биіктігін есептеу, жол мен орын ауыстыруды табу, толқын түрін шығару, Кулон заңы бойынша арақашықтықты табу. Дегенмен, тест тапсырған оқушылар бастапқы жылдамдықты табу, ауырлық күшінің жұмысы, шашыраңқы линзадағы оптикалық осіне параллель келген сәулелер тапсырмаларынан қателер жіберген. Мұғалімге оқушы біліміндегі олқылықтарды толықтыру мақсатында білімді жан-жақты терең игерту және жаңаша ойлауға бағыттау арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту жұмыстарын жалғастыру керек.

Географиядан 1оқушы таңдау пәні ретінде ҰБТ тапсырып, гидросфера және атмосфера, материалдардың ерекшеліктері, Қазақстанның жер бедері және олардың айырмашылығы, Қазақстанның шаруашылығы, дүние жүзі елдерінің халқы мен өнеркәсібі тарауларын жақсы деңгейде меңгергендерін байқатқанмен, ТМД елдерінің жекеленген елдерінің ақша бірліктері, Латын Америка елдеріндегі негізгі емес діндер, Қазақстандағы шөл зонасында орналасқан қала тақырыптарынан қателер жіберген. Мұғалім географиядан негізгі орта мектеп курсы бойынша тақырытардың меңгерілуін назарда ұстаған. Мұғалім Жампеисов Е.Т. оқушылардың әлеуметтік-бағдарлы географиялық білім жүйесін қалыптастыруда деңгейлі бағдарламаның модульдерін сабақтарға ықпалдастыру арқылы жүзеге асыруды жетілдіру керектігі анықталды.

Қазақ әдебиеті пәнінен 1 оқушы ҰБТ тапсырып, 19 ұпай, 100% білім сапасын көрсетті. ҰБТ нәтижесінде оқушы ежелге дәуір әдебиеті, Орхон- Енисей жазбалары, классикалық проза мен поэзия, әдебиет теориясы мен тектері, жанр түрлері, шығармалардың авторы мен кйіпкерлері, халық ауыз әдебиеті тақырыптарын жақсы меңгергенін байқатқанмен, жыраулар поэзиясы, Ғ.Мүсіреповке қолдау жасаған ақын, Д.Бабатайұлының болыстарға арнауы тақырыптарынан қателер жіберген. Сондықтан мұғалімге оқушылардың қабілеттерін ескеру арқылы, оқытудың инновациялық әдістерінің тиімділігін жетілдіру керек.



© 2010-2022