Кездесу: Қарттарым аман – сау жүрші

Тақырыбы: «Қарттарым аман – сау жүрші...«Мақсаты: Осы тұрғыда акция аясында жастарымзға үлкенді сыйлай отырып, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1990 жылдың желтоқсан айындағы кезекті отырысында 1 қазан — Қарттар күні деп белгіленгеннен бері елімізде жыл сайын осы күн кеңінен аталып өтіп, қарияларымызға құрмет көрсетіледі.Бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында Қарттар күнін Еуропада, кейін Америкада, ал 80-жылдардың аяғында барлық әлемде атап өтеті...
Раздел Завучу
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Қарттарым аман - сау жүрші...»

Мақсаты: Осы тұрғыда акция аясында жастарымзға үлкенді сыйлай отырып, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1990 жылдың желтоқсан айындағы кезекті отырысында 1 қазан - Қарттар күні деп белгіленгеннен бері елімізде жыл сайын осы күн кеңінен аталып өтіп, қарияларымызға құрмет көрсетіледі.

Бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында Қарттар күнін Еуропада, кейін Америкада, ал 80-жылдардың аяғында барлық әлемде атап өтетін болды.

Қарттар күнінің маңызы, аз қамтамасыз етілген қарт адамдардың, жалғызілікті қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектердің мүдделеріне, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсетуге назар аудару мәселелері болып отыр.

Қарттары бар жұрттың қазынасы бар. Қарттар бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа өмір жолдары өнеге, еңбек жолдары үлгі боларлық данагөй тұлға, саялы бәйтерек.

Жүгізуші: Қайырлы күн, қымбатты да аяулы әкелер, ақ жаулықты аналар!

Ұрпағына жол ашқан, мұқалмаған қаншама қиындықтан,

Жасымаған қарттарым, өмірінің сан-сала сырын ұққан.

Табиғаты керемет, таудай мүсін байсалды қариялар,

Шежірелі жүрегі, баталы ауыз жаралған жылылықтан.

Асқарындай таулардың, күмістей боп ақ кірсе де басыңа,

Заңғар ойлы қарттарым, мұқалмағын, қартайсаң да жасыма.

Ұлы көштің сынығысың із тастаған, қарттығыңды ұмытып,

Бір жасарып қалғандай бір шөбереңіз келген кезде қасыңа.

Ақылыңа ақ саусақпен жас кекілді сипап қана айтатын,

Арға балар, алтынменен сатып алмас байлығымдай байқадым.

Болашағың өскен сайын қауанасың, шүкірлікпен жас алып,

Көкірегіңде қуаныш бар көздеріңнен көрсем дағы қанша мұң.

Шынымен де, жылдан жылға бұл күн «Қарттар күні» дәстүрлі мерекеге айналып келеді. Жыл сайын сіздерді көрген кезде, жүректеріңіздің қуанғанын, кәріліктің сыр алғанын жылы жүздеріңізден байқаймыз.

Жүгізуші: Ортамызда қадірменді қарттар бар,

Ащы өмірдің тауқыметін тартқандар.

Арқасында нардың жүгін артқандар.

Омырауға қос-қос орден таққандар.

Дей келе кешімізге келген қонақтармен таныс болайық.

1.Ботабай ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Махамбетов Ерім ағай.

2.Тың ардагерлері: Абызов Махамбетхан ағай,

3.Әбсадықов Жұманазар ата,

4.Кененбаев Самиддин ата,

5.Кененбаева Сараш апа,

6.Ахантаев Құрманай ата,

7.Айғараев Ауғанбек ата,

8.Айғараев Мәден ата,

9.Яшкуров Шамшаддин ата,

10.Мәмбетова Клшара апа,

11.Омарова Дариға апа,

12.Ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Қожахметова Рахия апай.

Жүргізуші: Құрметті әкелер, әжелер, қасиетті қариялар, сіздердің бүгінгі мерекелеріңізге құттықтау лебіз ретінде ән- шашу таралғы еткелі отыр, қабыл алыңыздар.

Ән: «Асыл әжем» орындайтын 7б-сынып оқушысы Арғынбай Саламат

Көркем сөз оқу: "Ана"орындайтын 9-сынып оқушысы Назарбеков Бауыржан

Арманыңды ақтарам ба жүрегімде тербесем,
Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.

Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен,
Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен.
Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған,
Әр кез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман.
Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін,
Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім.

Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен шерменде,
Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде,
Көз алдымда жас дөңгелеп булығам да ызадан,
Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан қызарам.

Бұл дүниеге онсыз-дағы кеткен жоқ па көп есең,
О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен!
Тасбауырлар дүниеге келсін де, тез кетсін де,
Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе?

Қай кеудені жылытады лапылдаған отпенен,
Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген.
Анаң саған керек болса, балаңа да сен керек,
Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек.

Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.
II
Білмедім мен, сен әйтеуір ораласың көп тілге,
Киелі сүт құдіретімен әлде есейіп кеттім бе?
Ана десе әйтеуір мен өзге сөзді есітпен,
Құлағыма үн келеді қоңыраулы бесіктен.
Құлағымда ол үн менің көрген емес толастап,
Өйткені сен жылауыма қарсы болдың о баста-ақ..
Бүкіл әлем шуларына жіберді де сүңгітіп,
Өзің қаққан қоңыраудан кетті маған тіл бітіп…
Қоңыраулардың үні мені жетектеді қиянға.
Қоңыраулардың үні мені шомдырды сан қиялға.
Тұтқасынан ұстамақ боп дария - білім есіктің,
Мектеп бардым, онан да мен қоңырау үнін есіттім.
Ұстаз болдым. Сөз сөйлетті болашақтың мінбері,
Көз алдымда қызыл ала қызғалдақтар гүлдеді.
Дәл бүгін де нұрлы ертеңнің қоңырауы етіп тұр мені,
Өміріме өзің қаққан қоныраудың үндері.
Өзің қаққан қоңырауда өмір жыры бар екен,
Оның үні тарқамайтын болды менің мерекем.
Сол үнменен тыным таппай бақытымды күреймін,
Өйткені мен мерекемнің тарқамауын тілеймін!

Жүгізуші:

Құзы терең, кең құлашты шалқардай,

Ғасырлардан сырлар шертіп, айтардай,

Отырады үй төрінде қомданып,

Бұрынғының аңқылдаған қарттары-ай!

Кең даланың қоңыр лебі-үнінде,

Дархан елдің даналығы- тілінде.

Тамылжыған табиғаттай табиғи,

Тозбай келген кешегі мен бүгінде

Жүгізуші:

Әкелер!

Мәңгі өшпейтін атақ-даңқың,

Жүрегімнің лаулатып отын жақты.

Ерлігіңді жалғастырам, бақыттымын,

Сендер ғой маған берген осы бақты.

Аналар!

Қарыздармын өзіңе мен,

Қайыспай қиындыққа төзе білген.

Жүздеріңді әжімдер басқанымен

Баяғы бәз жүздерің өзгермеген.

Ортаға мектеп тәлімгері Гүлназ Маханбетованы «Аман болшы, қарттарым» баяндамасымен шақырамыз.

Күзгі күнтізбеде жүрегіңді елжіретіп, толғанысқа түсірер, кеудеңді толтырған ризашылықты жеткізгенше асығатын, қолыңнан келген қызметіңді көрсеткің келіп тұратын ерекше күн бар - бұл 1 қазан немесе Халықаралық қарттар күні.

Осыдан 22 жыл бұрын, яғни, 1990 жылы желтоқсан айының он төртінші жұлдызында Бас Ассамблея 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын. Асылында, бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында Қарттар күні Еуропада, кейін Америкада тойланған, ал 80 жылдардың аяғынан бері бүкіл әлемде атап өтіліп келеді.
Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат - аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғызбасты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болып табылады. Бұл күні біздің елімізде ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде қарттарға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіліп, оқушылар мен студенттердің тарапынан қарияларға көмек көрсетілетін алуан түрлі жобалар ұйымдастырылып, мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалады. Алайда, қарттар үйіндегі жанары жәутеңдеп, есік пен терезеге телміріп отырған апаларымыз бен аталарымызды бұл жұбата алады ма? Замандастарымыздың тоғыз ай құрсағында көтеріп, дүниеге әкеліп, түн ұйқысын төрт бөліп асыраған анасы мен қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай ер жеткізген әкесін қарттар үйіне әкеліп қамауларына не себеп болғандығын кім білсін?

Қарттары бар жұрттың қазынасы бар. Қарттар бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа өмір жолдары өнеге, еңбек жолдары үлгі боларлық данагөй тұлға, саялы бәйтерек.

Ісі ұрпаққа үлгі - өнеге болатын қадірменді қариялардың елге сіңірген ерен еңбектерінің ешқашан өшпей, ұрпақтар санасында мәңгілік сақталынып, олардың жалпы өзекті мәселелерді шешуде даналық ақыл-кеңестерінің, ағалық ақылдары мен иманды сөздері маңыздылығын жоймайды.

«Ата қайратты болса, бала ғибратты болады» деген сөз бекер айтылмаған. Халық арасында ауызы дуалы, әңгімесі бәтуалы ақсақалдар барда ел ішінде алауыздықтың орын алмайтыны, жастары жөнсіз кетпейтіні белгілі. Біздің қоғамымыздағы түсіністіктің, сыйластықтың орнауында Елбасы жүргізіп отырған сындарлы-салиқалы саясатпен бірге аға ұрпақтың да үлесі бар. Сондықтан, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері - ерік-жігерін ұрпағының жарқын болашағы үшін құрбан еткен қариялармыздың да арқасы.

Қазақтар «Төрінен қарт кетпесін» дейді, жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу - біздің ата-дәстүріміз. Осы орайда әрбір жасқа айтарымыз, өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау - өз болашағынды сақтау. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады. Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған орны, қадір-қасиеті ерекше биік. Сол себепті олардың «Бала-шағаның алдында дүние салып, солардан топырақ бұйырса» деген бар тілегін, үміт-арманын ақтау парызым деп білуіңіз керек.

«Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді» деген сөз бар. Жастарымыз ата-анасының қадірін кеш болмай түсінсе екен. Қарттары бар ел-бақытты ел.

Сондықтан ел басына күн туған, қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз қашан да аман болсын!

Жүгізуші:

Не деген атам қазақ-ойшыл адам!

Бұлбұлдай құйқылжытып күй шығарған.

Ауылдың алты ауызын өзі шырқап,

Мейманнан дүние емес, ән сұраған.

Жүгізуші:

Қастерлеймін әке даңқын, ана салтын,

Ұмытпайды ұрпағың дархан халқың.

Қабыл ал, ұрпағыңнын аманатын

Жыр боп келді, саған деген махаббатым!

Хор : «Атамекен»

Жүгізуші:

Арқасына нардың жүгін артқандай,

Батырлығы-арғы атаға тартқандай.

Мойымаған қиындыққа төзімді

Бұрынғының қыран қабақ қарттары-ай.

Осымен, асыл қариялар, бүгінгі сіздерге арналған бағдарламамыз аяқталды. Сіздерге ең бірінші денсаулық, бала- шағаларыңыздың қызықтарына тоймай ортасында өмір кешулеріңізге тілектеспіз. Сау болыңыздар!

Маханбетова Гүлназ

Қызылорда облысы Шиелі ауданы

№228 орта мектеп тәлімгері









© 2010-2022