ТӘРБИЕ ІСІНІҢ МЕҢГЕРУШІЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

Раздел Завучу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ТӘРБИЕ ІСІНІҢ МЕҢГЕРУШІЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

2015 жылдың қараша айының 27 күні "Жас Орда" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, Қазалы ауданындағы мектептердің тәрбие ісінің меңгерушілерінің қатысуымен, Әйтеке би кенті әкімінің мәжіліс залында «Діни тұрақтылық - ұлт болашағының кепілі» атты кездесу болып өтті.

Қатысушылар: Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Е.Нұржаубаев, Қазалы қаласы, Әйтеке би кентіндегі мешіттердің бас имамдары, Қазалы ауданындағы мектептердің тәрбие ісінің меңгерушілері, БАҚ өкілдері.

«Діни тұрақтылық - ұлт болашағының кепілі» тақырыбында өткізілетін кездесудің күн тәртібін Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Е.Нұржаубаев жүргізіп отырды.

Күн тәртібі бойынша баяндама жасаған «Жанқожа батыр» мешітінің бас имамы Жәмиев Мейрамбек Есенбайұлы «Мешіт пен мектеп тәрбиесі» тақырыбы төңірегінде сөз қозғап мектеп ұстаздарын бала тәрбиесі жөнінде бірігіп жұмыс жасауға шақырды.



© 2010-2022