БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ

        Бүгінгі білім беру үрдісінде мұғалім өзінің теориялық білімі арқылы оқушы бойына  өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастырады. Мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге  асады.          Дарынды балаларға білім беруді ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу ерекше дарынды балалардың интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады. Оқушыны...
Раздел Завучу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:





































ШЕТ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІБІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ








БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН

ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫҢ

ӘДІСТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ


Әдістемелік нұсқау

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ



АҚСУ-АЮЛЫ-2013ж.

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ

Боранбаева Дариға Боранбайқызы



Шет ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдістемелік кабинетінің ғылыми-әдістемелік кеңесімен мақұлданған.

Әдістемелік нұсқауда білім беру ұйымдарындағы дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлері жазылған.

Пікір жазған: әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Ж.Амирова











3. Қысқаша психологиялық сөздік. / ред. А.В. Петровский. Ростов Н/Д: «Феникс» баспасы, 1998. 81-82 б.

Интернеттен алынған мақалалар, дәйексөздер әдебиеттердің жалпы тізімдерінде төмендегідей көрсетіледі:

Авторы (егер көрсетілсе), мақала атауы, электрондық мекен- жайы, (интернеттегі сілтеме).

Ғылыми жұмыстарда пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме төртбұрышты жақша ішінде келтірілген әдебиеттердің нөмірін көрсете отырып беріледі. Нөмірлеу сілтемесі мәтінде келуіне байланысты рет- ретімен келу керек. Мысалы, «химиялық ластану...»

Әдебиеттерді зерделеу мынандай кезеңдерден тұрады:

  • Жалпы танысу

  • Бөлімдер мен тарауларды окып шығу

  • Таңдап алып оқу

  • Оқыған материалдардан жоспар құру

  • Окығандардан көшіріп жазу

  • Осыған материалдарды баскалармен салыстыру

  • Окығандар мен жазып алгандарға сыни баға беру

Кезеңдердің мазмұны төмендегідей мазмұнды қамтуы тиіс:

  • Әдебиеттерге жалпы шолу

  • Мәтіннен манызды жерін бөліп алу

  • Мәтіннің маңыздыларын қайта оқу

  • Жоспарда негізгі ойлар қамтылуы тиіс.

  • Нақты және толық (цитата)

  • Мәселені шешуде айырмашылықтары белгіленеді

  • Шынайылық мен нақтылығына назар аударылады



Бүгінгі білім беру үрдісінде мұғалім өзінің теориялық білімі арқылы оқушы бойына өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастырады. Мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

Дарынды балаларға білім беруді ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу ерекше дарынды балалардың интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, кәсіби тағдыры жақсы мұғалімге байланысты. Баланың бойында күш қуаты жеткілікті, шын дарынды екеніне сендіру - ұстаз бойындағы құдіретті күш, өйткені сенім үлкен жеңіске жетелейді. Дарынды баланың одан әрі жетіле түсуіне ұстаз тарапынан мейірім мен кішіпейілділік, бала жанын жазбай танушылық қасиет қажет-ақ. Бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу, айқындау - ең басты мәселе. Ал оқытудың түпкілікті нәтижесі - өз ойын дәлелдей алатын, жан - жақты білімді, білімін жүзеге асыра алатын, қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар іскер, ақылды, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру. Ол үшін белгілі бір жоба болуы шарт. Яғни, оқушының дарындылығын айқындау, шығармашылық дарындылығын зерттеу, анықтау, белгілі бір бағыт - бағдарлама бойынша жұмыс жүргізу қажет. Оқу жылының басында дарынды балаларға арналған тиімді жұмыс жоспарын құрып аламын. Ол оқушылар осы жоспар бойынша жұмыстарын жасап, күнделіктеріне толтырып жазып отырады.

Оқушының дарындылығын анықтап, дамыту мақсатында әр пән мұғалімінің алдында төмендегідей мақсаттар мен міндеттер болуы орынды:
1.Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;

2.Жан-жақты ақпараттандыру;

3.Коммуникативті бейімдеу;

4. Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету;

Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауда мектеп ұстаздары мынандай жұмыс түрлерін қолданады:

1. Икемді және ұтқыр оқу жоспарын құрады;

2. Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасайды;

3. Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал етеді;

4. Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құрады.

Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда ұстаздар мынандай мәселелерге баса назар аударады:

1. Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізуге;

2. Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыруға;
3. Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға - пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуалдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізуге;

4. Білім беру мекемелерінде дарынды оқушылар үшін арнайы сыныптар мен топтар құрып, оқу бағдарламаларын жеделтетіп оқытуды ұйымдастыруға; Жеделдетіп оқыту бағдарламасын мұғалім оқушымен және ата-анасымен бірігіп құрады.
Мектеп психологы пән мұғалімдерімен бірігіп отырып, сауалнама арқылы оқушының дарындылық сферасын анықтайды. Оқушының дарындылығы анықталған кезде, дарынды оқушының жетекшісі, психолог оның жеке құжаттарын, мінездемесін, сынып журналын зерттейді,баланың сабақтағы, сабақтан тыс кездегі іс-әрекетіне үнемі бақылау жасап, талдау жүргізеді, әр түрлі формада білім тексеру жұмыстарын ұйымдастырып, білім деңгейін анықтайды,психо-педагогикалық диагностика жүргізеді.

Мектепте жеке пәндерді оқуда ерекше білім жетістіктерін көрсеткен оқушылардың мәлімет банкісі құрылып, оқушылардың

  • тақырып нақты бір объекті аясында шектелу керек.

  • таңдалған тақырып өз секциясының отырысында немесе жетекшімен жеке консультация барысында талқылану керек;

  • зерттеу тақырыбы мектепте ОҒҚ отырысында бекітілу керек.


ЗЕРТТЕУ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ӘДЕБИЕТТЕРДІ ЗЕРДЕЛЕУ

Жұмыстың бұл кезеңінің мақсаты оқушылардың бойында тақырып бойынша әдебиеттерді таңдай білуді, библиографиялық тізімді сауатты құра білуді қалыптастыру. Осы жұмысты орындаған кезде келесі тақырыптар ескерілу керек:

  1. Библиографиялық тізімде өзіне тән ең кем дегенде 15 түрлі жұмыс болу керек, олардың қатарында монографиялар, жинақ мақалалары және әртүрлі ғылыми журналдар, диссертациялық авторефераттар, арнайы зерттеулер мен басқа да жұмыстар болу керек.


Мәселелердің жаңашыл мен көкейкесті қағидалары- соңғы 3-5 жыл ішіндегі әдебиеттермен жиі жұмыс жасауды, ал мәселелердің жан- жақты және кешенді қарастыру қағидалары қазақстандық, ресейлік, әлемдік әдебиеттермен жұмыс жасау болжайды.

2. Тізімге енген барлық жұмыстар пайдалану ретіне қарай цифрленіп белгіленеді.

3. Тақырыпты сипаттау кезінде автордың тегі, аты- жөні, жұмыстың аты, шығу мәліметтері: шыққан жері, баспасы, жылы, бет саны көрсетілуі керек. Журнал мақалалары сипатталса, онда осы мақала жарияланған журнал атауы, шыққан жылы, нөмірі көрсетілу керек. Жинақ мақалаларын сипаттау кезінде жинақ атауынан кейін оның редакторының тегі келтіріледі.

Әдебиет көздерін сипаттау үлгілері:

1. Жексембекова В. Қазақстандағы этникалық қарым- қатынастар: прогресс үшін бірігу // Саясат, 2002, №11. 30-32 б.

2. Борисова Б.М. Даралық және кәсіп.- М: Білім, 1991. 116 б.


  1. Әлеуметтік- экономикалық мәселелерді шешуге бағытталатын экономикалық- заңды негіздемесі бар компьютерлік модельдер мен жобалар;

  2. Жарысқа кәмілеттік жасқа толмағандарға рұқсат берілмейтін аппаратуралар, сондай-ақ адам денсаулығы мен жануарларға зиянды заттары бар (уытты, радиоактивті, канцерогендік және мутагендік әрекеттегі зерттелмеген биологиялық активті құрамалар, адамдар мен жануарларға патогенді немесе оған тең заттар, микроағзалар, вирустар, алкоголь, темекі т.б) және жануарларға қатыгездік көрсететін эксперименттер пайдаланылған жұмыстар жарысқа қатысуға жіберілмейді;

  3. Ғылыми жарыстарда бұрын қаралған және қорғалған жобаларды жарысқа қатыстыруға жол берілмейді.

Ғылыми жоба тақырыптарын таңдау ережесі

  1. Тақырып оқушыларға қызықты, оларды тартатындай болу керек.

  2. Тақырып орындалатын, шешімі зерттеуге қатысушыларға пайдасы тиетіндей болу керек.

  3. Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, жетекші өзі жақсы білетін тақырып аясын таңдау керек.

  4. Тақырып шынайы болу керек, онда жаңа дүниелер, күтпеген жаңалық, ерекшелік элементтері болу керек.

  5. тақырып жұмыс ұзақ жылдарға созылмай, тез орындалатындай болу керек.

  6. Тақырыпты бәрі түсінетіндей болу керек, әрине тақырып оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес келу керек.

  7. Тілегі мен мүмкіндігінің ұштасуы.


Тақырып таңдар кезде жоғарыда аталғандардан басқа, келесі ұсынымдар ескерілу керек:

  • алдыңғы жылдардағы ғылыми жұмыстардың тақырыптарымен танысу;

  • бұрын жазған жұмыс тақырыптарын қайталамау, тақырыптың шынайылығын ескере отырып зерттеу тақырыбын таңдау;

мәлімет банкісі құрылып, оқушылардың білім жетістіктері мен психопедагогикалық диагностикалары салыстырылып, әр оқушыға күнделік жүргізіледі.

Дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыс түрлері:

1. Баланың қызығушылығына әрі табиғатына қарай ғылыми жұмысқа баулу;

2. Пәндік олимпиадалық жұмыстарға дайындау;

3. Қазіргі кезде жақсы дамып келе жатқан дебаттарға, пікір - сайыс яғни интеллектуальды ойындарға дайындау;

4.Мектептің ғылыми қоғамындағы үйірме жұмыстарын ұйымдастыру.
ХХІ- ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтарының бірі - мектеп білімін жаңарту. Ол оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған.

Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыруы мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек. Сондықтан да ғылыми жоба технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда. Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат - оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу. Егер оқушы ғылыми жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса - ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт - бағдар бере алады.

Сонымен, оқушының ғылыми жұмысының тиімділігі - көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып,оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.

Пәндік олимпиадалардың негізгі мақсаттары мен міндеттері педагогтардың ғылыми-әдістемелік деңгейлерін анықтау, кәсіби және ақпараттық құзыреттілік деңгейлерін арттыру мен қатар, дарынды оқушының өзін қызықтыратын пәнде шығармашылық белсенділігін ынталандыру және қызығушылығын дамыту, ғылыми білімді насихаттау болып табылады.

Қазіргі кезде жақсы дамып келе жатқан дебаттардың, пікір - сайыс яғни интеллектуальды ойындардың мақсаты - Қазақстандық қоғамдағы өзекті мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерттеп, ашық пікірталас алаңында талқыға салу арқылы оқушылардың шығармашылық және қоғамдық белсенділігін арттыру; жастардың ғылымға қызығушылығын туғызып, мемлекетшілдік сананы дамыту болып табылады.

Дарынды баланың қабілетіне білім беру тарапынан және тәрбиеішілік жұмыстар тарапынан қолдау болуы шарт. Ол ең алдымен: дарынды баланы анықтау жолдарымен және дұрыс бағыт-бағдар беру жолдарымен айқындалады. Дарынды баламен жұмысты бастау жолында төмендегідей проблемаларға кездесеміз: әлеуметтік жағдайының әсері, жаңадан келген оқушының ортаға бейімделе алмауы; жас кезеңіндегі өтпелі кезеңі, оқуда жетістікке жете алмауы, ұяңдығы, психофизиологиялық себептер. Әртүрлі жағдайда кездесетін жоғарыда көрсетілген проблемадан негізінен ата-ана мен сынып жетекшісінің, пән мұғалімдерінің және әкімшіліктің тығыз байланысы шешуші жолды анықтайды.

Оқушының дарындылығын анықтауда:

1. Дарынды бала туралы педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік ақпараттар, мәліметтер жинақтау.

2. Бақылау

3. Анкета

4. Психодиагностика

5. Социометрия

6. Әңгімелесу

7. Интервью сынды жұмыс түрлері жүргілуі тиіс.

Аталмыш жұмыстар негізде психологиялық ерекшеліктерін айқындап,психологиялық зерттеу жұмысының қорытындысын (темперамент, зейін, ес, қабылдау, ойлауы, т.б.) және басқа мәліметтерді салыстыра арқылы, баланың әлсіз жақтарын дамытуға бағыт - бағдар беріп отыру. Ол салыстыру өмірдегі ғұлама

проблеманы ұсыну, шешімін бірлесіп шығару талап етіледі. Ғылыми жұмысқа баулу оқушыларды өздік жұмысына бағыттаудың бірден-бір тиімді жолы болып табылады. Ғылыми жұмысқа ұсынылатын тақырыптар зерттеуге, ізденіске бағыттайтындай пән негізіндегі талдау түрлерін қамтитындай сипатта болу керек. Ғылыми жұмыс тақырыбының бірнеше нұсқалығы оқушы таңдауына мүмкіндік туғызады және қандай түрде қорғайтыны оқушылардың өзінің қалауына қалдырылатын болғандықтан, қызығушылығын арттырады. Осы тұста айта кететіні оқушыдан тақырып негізінде ғылыми жұмыс тақырыбының мақсат-міндетін анықтау, болжамын қоя білу талап етіледі. Ғылыми жұмыстың жоспарын әзірлеу барысындағы оқушының өзіндік ізденісі мен еңбектенуі аса маңызды. Бұл оқушылардың ғылыми ізденімпаздық қабілетін арттырады әрі шығармашылыққа баулиды. Ғылыми жұмыс барысында оқушылардың өз жұмысына және өзгенің жұмысына сараптама жасауы жауапкершіліктерін арттырады. Ғылыми жұмыста сарапшылар төмендегідей өлшемдер бойынша төрелік етіп, сараптама жасайды:

  1. Тақырыпты мақсаты мен өзектілігіне сай аша білуі. Болжам қоя білуі.

  2. Ғылыми ізденісі , жаңалығы, шығармашылығы.

  3. Талдай білуі, көрнекілік қолдануы .

  4. Сөйлеу мәдениеті және шешендік қабілеті.


Тақырыпты таңдау ережесі:

Ғылыми жарысқа келесі жұмыстар ұсынылады:

  • Ғылымның осы саласындағы фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды және жеке , бұрын мәлім болмаған жақтарын жариялайтын;

  • Практикалық тапсырмаларды шешуде жаңалық еңгізетін аппараттар, модельдер мен аспаптардың конструкциясын ұсынатын, мектептегі эксперименттерді, өндірістік үрдістердің ұтымды пайдалануын жетілдіруге қатысатын;


  • зерттеу саласын анықтау (негізі мәселелерді белгілеу);

  • зерттеу тақырыбын тандау (зерттеу шеңберін белгілеу);

  • шешімге келу тәсілдерін анықтау, жүйелеу (зерттеу әдістерін
    таңдау);

  • зерттеу жүргізудің жүйелілігін анықтау;

  • ақпараттар жинау, реттеу (алған білімдерін есепке алу);

  • алынған материалдарды жинақтау, талдау (белгілі әдіс-тәсілдерді
    қолдана отырып, материалдарды жинақтау);

  • есеп беруге дайындау (негізгі түсініктерге анықтама беру, зерттеу
    нәтижесі бойынша хабарлама дайындау);

  • баяндама (зерттеу нәтижелерін құрбылары алдында баяндау,
    сұрақтарға жауап беру).


Ғылыми жұмыстың табысты жазылуына тақырыпты дұрыс таңдаудың тигізетін әсері мол. Тақырыпты таңдау кезінде оқушылдардың ғылыми үйірмедегі жұмысындағы, арнайы әдебиеттерді оқудағы, бұрынғы жұмыс тәжірибесіндегі, семинар сабақтардағы, баяндамалардағы, сабақтас пәндер бойынша ғылыми жұмыстағы ғылыми және практикалық мүдделерді оқушының ескеруі қажет. Мұндай жағдайда оқушы алған білімін тереңдете отырып, проблеманы жан-жақты зерттеп, өз мүддесіне жақын тақырыпта орындауға алдында мақсат қояды.

Оқушы оқу процесінде өздеріне аз оқытылған тақырыпты да таңдап алуға болады. Бірақ ғылыми жұмыстың тақырыбын таңдап алу негізді болуы қажет. Тақырыпты таңдап алған кезде қандай да болмасын проблемалық мәні туралы шамалы болса да түсінікті болып, жұмысында қандай мәселені көрсететіндігін білуге тиіс.

Тақырып - мәселелердің өзіне тән сипатын көрсетеді, сонымен қатар тақырыпта қысқа формада құрылған, айқын бір мағыналы, дәл жарнамалық мәселелерді шешу әдістері болады.

Егер тақырыпты өңдеп және шешімін табуды қажет ететін мәселе түрінде ұсынса, сол арқылы оны оқушыға жақындатса , бұл әрекет оқушыда қызығушылық тудырады, мұғалім тарапынан нақты ғалымдардың балалық шағымен байланысқаны ұтымды болады. Атақты адамдардың мектеп қабырғасында кей пәндерде білімі төмен болғанымен танымдық қабілеті жүре дамитындығын дәлел ретінде айтуға болады. Мысалы: Лейбниицтің, Ньютонның, Лобачевскийдің математикаға қабілеттері 20 жастан соң байқалыпты. Томас Эдисонның бала кезінде есте сақтау қабілетінің өте нашар болғандығын және мектепте үйреткенін ұмыта беріп, мұғалімдерді жиі ренжітетін. Ол мектепте барлығы үш ай ғана оқыды.

Қашықтықтан ақпарат жіберетін прибор құрастырды, жазу машинкасымен әлемді таң қалдырды.

Осындай өмірдегі жағдаяттармен таныстыра отырып, баланың тек жақсы оқуына ғана емес, бойындағы қабілеттілікті көре, тани білуіміз керектігін естен шығармағанымыз да дұрыс. Дарынды балалардың шығармашылық қасиеттерін дамыту жұмыстары сынып ішінде психо-эмоционалды климатты қалыптастыру бағдарымен де тығыз байланысты. Ол бағыт:

-Әлеуметтік жағдайы төмен отбасының дарынды балаларына мектеп тарапынан материалдық көмекпен қамтамасыз ету (мұражай, театр, қаланың көрнекті жерлеріне саяхат ұйымдастыру т.б.)

- физиологиялық денсаулығын бақылап отыру,

- демалыс кезінде тегін сауықтыру орындарына жіберу;

- психологиялық қызмет қолдауы (психологиялық тұрғыда денсаулығын бақылау,консультация,

- профилактика, тренинг, қабілетіне қарай іс-шаралар ұйымдастыру, ақпараттандыру,жинақтау,тарату,т.б.)

- кітапханамен тығыз байланыс,қажетті материалдар қарастыру.
Көрсетілген жұмыстар сынып жетекшісімен ата-ана байланысы негізінде мектеп әкімшілігінің қолдауымен жүзеге асады.

Аталмыш жұмыстар жүйелілікке негізделіп, дарынды оқушымен жұмыс түрлері іске асу барысында оқушының өзін өзі бақылауы негізінде төмендегідей өзгешелікті байқауға болады:

1. Интеллектуалды эмоциялық бірлікті сақтай біледі;

2. Шешім қабылдайды;

3. Сенімділік туындайды;

4. Өзгелермен салыстырады;

5. Өзін-өзі бақылайды;

6. Жауапкершілік туындайды;

7. Мінез-құлқы өзгеріледі;

8. Ғылыми тұрғыда ізденеді;

9. Материалдарын жинақтайды.

Дарынды баламен жасалынатын жұмыс барысында төмендегідей бағыт-бағдарды жоспарлаған орынды:

1.Оқушымен жасалынатын жұмыстың икемді және ұтқыр формасы құрылуы тиіс;

2.Жеке пәндерді оқытуда бағдарламадан тыс материалдар негізі қамтылып, тәуелсіз құрылымы жасалуы қажет;

3.Дарынды оқушының ғылыми жұмысының жоспары өзі қалауындай етіп жасағаны орынды,өзіндік шешім қабылдауына ықпал ету қажет;

4.Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты мұғалімнің өзіндік оқу жоспарын құру;

5.Оқушыға ЖОО -на ғылыми жетекшілік жасайтын ұстаз бен тығыз байланыс жасауына ықпал ету;

6.Дистанциялық оқуды ұйымдастыру.

Дарынды балалармен жұмыс түрлерін ұйымдастыруда төмендегідей мәселелерге назар аудару керек;

1.Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізу.

2.Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыру.

3.Сабақтан тыс мезгілінде жүргізілетін жұмыстарды- пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуальдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізу керек.

4. Білім беру мекемелерінде дарынды оқушылар үшін арнайы сыныптар мен топтар құрып, оқу бағдарламаларын жеделдетіп оқытуды ұйымдастыру;
Дарынды баланың жасаған жұмысына қолдау көрсету де оның болашағына ерекше әсер береді. Оның өзінің білімділігіне деген сенімділігі арта түседі. Қолдау көрсету дегеніміз өзі баланың

таныстыра отырып, олардың қай пәнге бейім, қандай бағытқа деген қызығушылығы бар екенін анықтап алынады. Содан кейін барып ізденіс жұмысының тақырыбын анықтау деген мәселе туындайды. Бүгінгі таңда өзекті, әрі оқушының қызығушылығын тудыратын тақырып таңдауың керек. Ол тақырып жаңалыққа негізделген, баланың қызығушылығын дамытатын болуы шарт.

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ҒЫЛЫМҒА БЕЙІМДЕУ

Бүгінгі білім беру үрдісінің жалпы орта білім беру мазмұны әрбір оқушының жеке ерекшеліктері ескерілген білім беру нәтижелері түріндегі құзыреттіліктер жиынтығын игеруге бағдарланған. Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Өзіндік көзқарасты қалыптастыруда дарынды оқушыларды ғылымға бейімдеу.

Зерттеу - адамгершiлiк қарекеттері формаларының бірі. Оның негiзi өзгерту мақсатымен қоршаған ортаға деген белсендi көзқарас, білімқұмарлық болып табылады. Бұл ғылыми зерттеуге де қатысты, дегенмен ғылыми зерттеуге тән ерекшелiктер бар. Ғылыми зерттеу - бағытталған тану. Ғылыми зерттеу нәтижелерi - ұғымдар жүйелері, заңдар. Кез келген ғылыми жоба адамның жаңа бірдеңені білгісі келуінен басталады.

Зерттеуші оқушы келесі жұмыстарды жасай алуға тиісті: зерттеу проблемасын танымдық есеп түрінде қисынға келтіру, зерттеу мақсатын анықтау, қажетті мәліметтерді жинау, басты бағытты айқындау, зерттеу объектісінің үлгісін жасау, зерттеу әдiстемесiн жасау; зерттеу жұмыстарын өткiзу, алған нәтижелерді сипаттап түсiндiру, алған бiлiмдердi қолдану туралы ұсыныс жасау, өз зерттеуiнiң нәтижелерiн жұрт алдында қорғау.

Зерттеу жұмыстары жалпы жүйесінің негізгі кезеңдері

  • проблеманың өзектілігі (болашақ зерттеулерді анықтау,
    проблемаларды табу);

- қызмет нысанын, яғни бірыңғай педагогикалық үрдісті білуі;

- оқушы дарындылығын моделін білуі;

- жеке тұлға теориясын, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілін білуі;

- дарынды оқушыны анықтаудың психодиагностикалық әдіс-тәсілін білуі;

- қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білуі;

- дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей, оның басқа көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлуі;

-Шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар бере білуі.

Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:

- дарынды оқушыны анықтауға, дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;

- Дарынды оқушыны зерттеу барысында психодиагностикалық күнделік жүргізуі;

- оқушылармен қарым-қатынасын сауатты жүзеге асыра алуы;

- дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай алуы;

-дарынды оқушының ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;

-дарынды оқушыны олимпиада мен сайыстарға дайындауда нәтижеге жете алатындай деңгейде жұмыс жасай алуы;

- дарынды оқушының ата-анасына әртүрлі психологиялық-педагогикалық кеңестер бере алуы;

- дарынды оқушының (жеке және топпен) оқытуға тереңдетілген бағдарлама құрастырып тұрақты жұмыс жасай алуы»

Білім беру мекемелерінде дарынды балалармен жұмыс барысында ОҒҚ-ның алатын ролі ерекше. Осы тұрғыда оқушылардың ғылыми қоғамы жұмысын қалай тиімді етіп ұйымдастыруға болады деген сұрақ туындайды. Бұл әрине, мектепте ғылыми-әдістемелік кеңесінде, ОҒҚ-ның жұмысын оқу ісінің меңгерушісі немесе директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары басқаруымен жүргізілетін жұмыс. Ғылыми жетекшілер кеңесі секция жұмысы мен ОҒҚ мүшелері үшін танымдық бағдарламаны қарап бекітеді. Ғылыми-ізденіс жұмыспен шұғылданатын оқушыларды ғылыми жұмыстардың бағыттарымен жұмысын таныстыру, тарату ұғымдарымен астасып жатады. Ол:

1. Тәжірибелерін газет,журнал беттеріне беру;

2. Байқауларға қатысу;

3. Іс-шаралар ұйымдастыру;

4. Мектептермен тәжірибе алмасу.

5. Бақылау күнделігін жазып отыру;

6. Психологиялық материалдар жинақтау;

7. Кітапша құрастыру.

8."Реферат";

9."Портфолио"

Дарынды баламен жұмыс мұғалімнің бақылауымен тікелей жүзеге асып отыруы қажет. Бұл дегеніміз- әр жұмыс түрлері талданып, сараптама жасалып отыру деген сөз. Осы сараптама негізінде дарынды балаларды мектепішілік, қалалық, облыстық, республикалық іс-шараларға қатыстырып, қабілеттерін дәлелдеу - баланың өз біліміне деген сенімін арттырады. Әр дарынды баланың ынтасын, дарындылығын қамти отырып, шығармашылық жұмыстарын таратуға мүмкіндіктер жасалынады. .Осы жағдай дарынды баланы бақылауға, дұрыс бағыт беруге, жеке тұлғалық дамуына мүмкіндік туғызатын бірден бір жол. Жас ерекшелігін ескере отырып қабілетіне қарай баланы жүйелі дамытып, қолдау көрсетіп отыру - келешек жастардың мемлекетімізге әкелер үлесінің зор екендігін айқындай түседі.

Дарынды баламен жұмыс негізінде біріншіден: өзін-өзі тануға, өзін-өзі тәрбиелеуге, жаңашыл, төзімі берік, үнемі өзін дамытуға, ізденетін, экспериментшіл, принципке берік, ешкімді қайталамайтын, энтузиазист,бойына дарындылықты қалыптастыра білетін тұлғаны күтеміз.Екіншіден: дарынды балалар келешектегі кәсіби мамандық таңдауда өздері шешім қабылдайды.Және олар мектептегі жасалынған жұмыс негізінде болашақ мамандықтарын қателеспей таңдай алады және болашақта жақсы маман иелері болып шығады. Үшіншіден: дарындыбаламен жұмыс барысында мектеппен ғана шектелмей, жоғары оқу орындарымен байланыс жасалынады; төртіншіден өз беттерімен дарындылық орталығын құруға мүмкіндік жасалынады;

Дарынды балалармен жасалынатын жұмыс түрлері нәтижесінде төмендегідей жетістіктерге қол жеткізуге болады:

  1. Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік көзқарас тұрғысынан дамиды.

  2. Жан-жақты ақпаратты қабылдауы, сол ақпараттар негізінде өз ойын жеткізіп, өмір ағымына сай көзқарасы пайда болады.

  3. Дарынды оқушының шығармашылық деңгейі дамып, кез-келген ортады өзін еркін ұстау мүмкіншілігі арта түседі.

  4. Дарынды оқушының қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалау деңгейі яғни өз білімін көрсете білуі дұрыс жолға қойылады.

  5. Бүгінгі таңда білім беру орындарында баланы шығармашылық тұрғыда дамытуға арналған жұмыс түрлері жеткілікті.

Дарынды балалардың қабылетін дамытудың келесі жолдарын іріктеп алуға болады:
1. Сабақтар, ОҒҚ-ның жұмысы;

2. Пәндік үйірмелер;

3. Тіл мерекесі;

4. Абай, оқулары;

5. Олимпиадалар;

6. Интеллектуалдық ойындар, дебат (пікір сайыс) клубы;

7. Ғылыми-практикалық конференция (ізденімпаздық жұмыс, зерттеу жұмысы, рефераттар қорғау, жоба қорғау);

8. Оқушылардың білім деңгейлерін арттыру (мұражайға бару, белгілі адамдармен кездесу);

9. Шеберлер байқауы (ақындар айтысы, шешендер сайысы, би үйірмесі, шебер қолдар үйірмесі);

10. Оқушылардың аудандық, облыстық, республикалық шығармалар, жобалар байқауларына қатысу.

Осы тұрғыда оқушылардың ғылыми қоғамының алатын ролі ерекше. Аталмыш ғылыми қоғам өзінің арнайы бағдарламасын нақтылап алғаны жөн. Ол бағдарламада жасалынатын жұмыстың мазмұны мен түрлері төмендегідей сипатты қамтығаны орынды.

1. Өзін-өзі басқару ұйымдарының өкілеттілігі: мектепішілік өзін-өзі басқару лидерлері оқушылардың ғылыми қоғамының міндетті мүшесі.

2. Білімнің түрлі жағынан оқушылардың шығармашылық жұмыстарға қызығушылығын зерттеу.
3. Түрлі деңгейдегі мектепішілік, қалалық, облыстық, республикалық олимпиадаларға және байқауларға қатысу.

4. Жоғарғы сынып оқушыларының әртүрлі деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларында ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу.

5.Халықаралық көрме, жәрменкелерге қатысу

6. Сынып сағаттарында, сабақтарда ғылым, техника, технология жаңалықтары туралы оқушыларды хабардар ету, ғылыми білімдерге қызығушлығын арттыру.
7. Әр тоқсанда бір рет ОҒҚ жаңалықтары туралы газет шығару.

Әрине, кейбір ғылыми қоғам өзіндік ерекшелігін алып қосуына болады.

«Оқушы дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көп жағдайда мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен шеберлігіне, оның тұлғалық қасиеттеріне тікелей байланысты» - дегендей мұғалімге қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптарды төмендегідей іріктеуге болады.

«Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптар

  • Дарынды оқушымен жұмысқа тұрақты қызығуы, нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай ізденуі;

  • Дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы;

  • Дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге ұмтылуы;


Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар

- өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі;


© 2010-2022