Сабақта оқушылардың өзара және өзіндік бақылауын қалыптастыру. Коучинг жоспары

Коучинг жоспары деңгейлік курстан өткен мұғалімдерге немесе мектеп әкімшілігіне арналған. Коучингтің мақсаты: 1.Коучингке қатысушы мұғалімдерге  оқушы жетістіктерін бағалау түрлеріні үйрету.  2. Критериалдық бағалаудың тиімді жолдарын қолданудың дағдысын жетілдіру. Күтілетін нәтижесі: мұғалімдер  бағалау әдістерін әдістерін үйренеді, бірлесіп жұмыс істейді. Бағалаудың тиімді жолдарын қолдану дағдысын меңгерді. Коучингте мұғалімдердің топта ,жеке жұмыс істеуіне арналған тапсырмалар түрлері берілген. Мұғалімдер бағалаудың түрлерін үйренеді және оқушыларға қалай бағалатуға болатын меңгереді.
Раздел Завучу
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:


Модуль аты

Оқыту және оқу үшін бағалау.

Коучинг тақырыбы

Сабақта оқушылардың өзара және өзіндік бақылауын қалыптастыру

Коучинг мақсаты

1.Коучингке қатысушы мұғалімдерге оқушы жетістіктерін бағалау түрлеріні үйрету.

2. Критериалдық бағалаудың тиімді жолдарын қолданудың дағдысын жетілдіру.

Оқу нәтижелері

Бағалау әдістерін әдістерін үйренеді, бірлесіп жұмыс істейді. Бағалаудың тиімді жолдарын қолдану дағдысын меңгерді.

Түйінді идея:

«Ойды ой туғызады»

Әдіс-тәсіл

Жекелей, топпен жұмыс,ой қозғау, миға шабуыл, сто стратегиялары

Ресурстар мен жабдықтар

Бағалау парағы, постер, презентация, маркерлер, интербелсенді тақта, стикерлер, таратпа тапсырмалар

Оқыту кезеңдері

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу.Бүгінгі коучингтің не күтетіндерін білу.Бірлесе мақсат қою.Барлықтарыңызға бүгінгі сабағымызда сәттілік тілеймін!

Мұғалімдерді жұппен отырғызу.

Өз мақсаттарын айтады.

Өзін бағалау

(презентациялау,

таныстыру)

Нұсқаумен таныстырады: Сіздерге 2 минут уақыт беріледі.Осы уақыт ішінде сіз өзіңіз туралы көлемді ақпарат беруге тырысуыңыз керек.Әріптесіңіз сізден естіген мәліметті дәл,анық,қысқа беруге тырысады.Тақтаға өзіңізді таныстыруда қамтылатын маңызды сұрақтар жазылып қойылады.

Тақтадағы сұрақтарға қарап отырып өздері туралы нақты мәлімет береді.



Өзара бағалау

Әріптесіңіздің таныстыруын бағалаңыз. Ол өзін толық таныстыра алды ма ?

Мұғалімдер әріптесінің таныстыруын бағалайды.

Рефлексия

Әріптесіңіз туралы жаңа мәлімет біле алдыңыз ба?

Ойларын айтады.

Мадақтау

Қол соғып мадақтау.


Жаттығу

«Қосылмайтынды қосып көр»

Таратпа қағаздар беріледі.Қағазда мағынасы жағынан екі түрлі сөз жазылған.Осы сөздерді қосып сөйлем құрау керек. Табыс критериімен таныстырамын.

Табыс критериіне қарап отырып, аз уақыт ішінде сқйлем құрайды.

Рефлексия

  • Мен қандай әдіс қолдандым?

  • Менің рөлім қандай?

  • Берілген табыс критериі сіздерге жұмыс алгоритмін нақты құруға көмектесті ме?

  • Бағалау критериінде сіз қандай рөл атқардыңыз ?

Иә,ешқандай,себебі критерийді мен өзім дайындадым.

Қалай ойлайсыздар, табыс критериін құруға сіздерді қатыстырмағаным дұрыс болды ма ?

Өз ойларын айтады.

Жұппен жұмыс

Қазіргі кездегі бағалаудың тиімді және осал тұстарын анықтау. Оларды шешудің жолдарын табу.

Спикер 1 минутта айтып шығады.

Топтарға бөлу.

«Молекула » әдісі бойынша топтарға бөлінеді.

Музыка ырғағымен билей жүріп,музыка тоқтағанда молекулалар 5-тен атомдарға жиналуы тиіс..


Топтарға таратпа қағаз беріледі. Онда сурет салу керектігі жазылған. 1 топқа бағалау критериі беріледі.2-топқа бағалау критериі берілмейді.

Топта бірлесе сурет салады. Соңынан суреттер сапасы неге екі түрлі болғанын айтуы қажет.

Қорытынды жасау:

Бағалау критериін белгілеу неге маңызды ?

Жоғары деңгейде табысты болу үшін.

Топпен жұмыс

Бағалаудың мақсаттарын анықтаңыздар?

2 минут ішінде топта талдап,ортақ ойларын айтады.

Тапсырма орындау:

Бағалау мұғалімге,оқушыға,ата-анаға не береді?

Постер жасайды.Қорғайды.

Рефлексия

Бүгін сіз өзіңізге жаңа нәрсе ала алдыңыз ба? Оқу үрдісінде сізге көмек бола ала ма? Бұрын критерийлі бағалауды қолдандыңыз ба, болмаса енді қолдана аласыз ба?

Өз ойларын айтады.

Соңында Выготскийдің сөзімен аяқтағым келеді: сіздерге рюкзактың суретін таратамын.Әр қайсыңыз білім жолына бүгінгі коучингтен не алдыңыздар соны айтуларыңызды сұраймын.

Рюкзактың суреті таратылады.

Өз ойларын айтады.

Үйге тапсырма

Сабақта өзін және өзара бағалау критерийлерін қолдануды ойластыру.








© 2010-2022