Коучинг на тему Оқудағы кедергіні анықтау

Раздел Завучу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коучинг тақырыбы: Оқудағы кедергілерді анықтау. Соның ішінде жас ерекшеліктеріндегі кедергілерді жеңу мақсатынд апедагогикалық тәсілдерді таңдау және нақтылау.

Мақсаты: Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгерістер енгізу нәтижесінде оқудағы кедергілерді мүмкіндігінше азайту.

Оқу нәтижесі: Танымдық даму және жас ерекшеліктері,оқытудағы бихевиористикалық,танымдық,гуманистік, әлеуметтік-жағдаяттық тәсілдерді біледі.Зейін, жады,сөйлеу,метасана, туралы түсініктері қалыптасады.Оқудағы кедергілерді және оларды жеңу әдістерін біледі. Мұғалімдердің оқушыларға қалай оқу керектігін үйрету әдістемесін игереді.

Оқыту әдістері: Миға шабуыл, «Доп лақтыру» ойыны, «Кемпірқосақ» әдісі, «Плюс-минус-қызық»

Коучинг барысы: 90 мин

Мерзімі: 20.11.2014

Жауапты: Асирова Мирамкүл Мауленқызы

Орны:ОҚО, Арыс ауданы, С.Адамбеков атындағы жалпы орта мектебі

Уақыты

Коучтің іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

Қажетті ресурстар, қолданылатын құралдар

7 мин

Мұғалімдергебір-біріне өз есімдеріне байланысты тілек айтқызады.

Мұғалімдер бір-біріне тілек айтады.

3мин

Топқа бөлу (суреттер арқылы бойынша)

Қатысушылар коучтің нұсқауы бойынша топтарға бөлінеді

5 мин

Миға шабуыл.

«Қос құмыра» бейнежазбасын көру, ой бөлісу.

Сұрақтар:

  1. Мына бейнежазбадан қандай ой түйіндедіңіздер?

Бейне жазба бойынша өз пікірлерін ортаға салады

Бейнежазба

3 мин

Топ ережесін құру

Топ ережесіне өз ойларын қосады

Постер, фломастер

32 мин

«Кемпірқосақ» әдісі (түстер арқылы қайтадан топқа бөлінеді). «Мұғалімдерді оқудағы кедергілерді жеңуге арналған стратегия» тақырыбында үлестірме тарату. Жұп болып жұмыс істеп отырған мұғалімдерге оқушылардыңжоғары нәтижелерге қол жеткізуіне кедергі болатын фкторларды анықтау жөнінде миға шабуыл жасату.

Түйінді идеяларды жазып алу үшін төрт адамнан тұратын топта жұмыс істеу. Топтарды нәтижелермен таныстыру

Берілген нұсқаулық бойынша жұмыс жүргізеді. Әр топ өздеріне берілген ресурс материалын әр топ оқып шығып, кедергілер тізбесімен салыстырады және оның нәтижесімен таныстырады.

Көңілді әуен

5 мин

Сергіту сәті. "Есте сақта" ойыны

Ойынның ережесімен таныстырады.

Нұсқау:Мұғалімдер суреттегі заттарды 1 минут ішінде бақылап, есте сақтап ,қайтадан айтып береді. Бұл жаттығу жеке жұмыс жасағанда тиімді.

Тапсырманы орындауда не қиын болды?

Тапсырманы орындауда қандай тәсілді қолдандыңыз?

Мұғалімдер нұсқаулық бойынша тапсырманы орындайды

Слайд

20 мин

«Тәжірибені тарату» тақырыбында таныстырылым көрсету.

«АҚШ- тағы зерттеу: оқушылардың табандылығын дамыту» үлестірмесі

бойынша шағын топтарда жұмыс істеудің өзіндік ерекшеліктері қозғалады. Тапсырма жұп, топтық жұмыста орындалады .Жұмыстың барысы қалай бақыланады? - Сіздер команда ретінде қаншалықты ұтымды жұмыс істедіңіздер? - Сіздер бір-бірлеріңізге қаншалықты көмек көрсеттіңіздер?

Мұғалімдер үлестірмемен танысады. Топтық жұмысты бақылау және бағалау бойынша өз жұмыстарына сәйкес бағаланады

Кестесі бар парақтар, интерактивті тақта

5 мин

Рефлексия. "Плюс-минус-қызық"

Плюс-сабақ барысында жағымды нәрсені жазады

Минус -жақсартуды қажет ететін нәрсені жазып көрсетеді

Қызық- ұнаған нәрсені жазады

Стикерлер



© 2010-2022