Қазақ тілінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жоспары

Раздел Завучу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БЕКІТЕМІН:-----------------------------

«Зырян қаласының №9 орта мектебі»КММ

директоры: Тогузова А.З.



Қазақ тілінен оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту жоспары.

2015-2018 ж.ж.(үш жылдық).

Негізге алынды: ҚР Үкіметінің №832 қаулысымен бекітілген (25.06.2012) Ұлттық жоспар.

Қазақ тілі мен әдебиеттен оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру жұмыстарының мақсаты:

Оқу сауаттылығы - оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуі және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өзіндік пайымдау жасауға пайдалана білуге баулу.

Міндеттер:

  • Мәтіндерге өз тұжырымын жасай отырып, белсенділік таныту, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алуға даярлау;

  • тілдік жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсе алу даярлығын білдіретін құзыреттілікті қалыптастыру жолдарын қарастыру;

  • ана тілін жетік білетін, ұлттық мәдени құндылықтарды бағалай алатын тұлға даярлау.

  • Жұмыс жоспары:

Жұмыс мазмұны

Күтілетін нәтиже

I.

Сабақтарда мәтіндер бойынша оқу сауаттылығын арттыратын сұрақтар мен тапсырмалар жүйесін беру.

Оқу сауаттылығы арттырылады.

1.

«Эзоптың әңгімесі» бойынша сұрақтар жүйесін талдау.

оқушылардың жазбаша мәтіндерді ұғуына оқу қабілеттілігі дамытылады.

2.

«Мақаланың басты ойы неде?Мақалада не жазылғаны туралы айтуға болады (оның мазмұны туралы). Мақала қалай жазылғаны туралы айтуға болады (оның стилі туралы). Мақаланың авторы келешекте алмасуға қатыса алатын оқушылардың назарын аудару үшін, оны осындай мәнерде жазуға тырысты. Қалай ойлайсыңдар, бұл оның қолынан келді ме? Жауаптарыңызды растайтын мысалдар келтіріңіз.» сұрақтарына жауаптар мәтіні. МЕН «АЛМАСУ ОҚУШЫСЫ» БОЛА АЛАМЫН БА? мәтіні.

оқушылар рефлексия жасай отырып, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолданып, бiлiмдері мен дағдыларын қоғамның белсендi өмiріне араласуына бағыттайды.

3.

«Мәтінге немесе мақалаға сәйкес, қандай талап ең маңызды болып табылады?

болып табылады?» сұрақтарына жауап жұмыстары.

Пайымдауға дағдыланады.

4.

Хат бойынша телефон нөмірін табу мәтіні. «Телефон» мәтінін талқылау.

Мәтін мен сұрақты қолдана отырып, логикалық байланыс жасауға дағдыланады.

5.

Мәтін арқылы «не мақсатпен көрсетілген? Қалай қолданасың?» сұрақтарына жауаптар іздеу. «Ауалы шар» мәтіні арқылы

Байқағыштыққа, мәтіннің әр сөзін дұрыс қолдана білуге, тұжырымдауға үйренеді.

6.

Мақала мәтінін қолданып сұрақтарға жауап беру.

«СІЗДЕР ТІСТЕРІҢІЗДІ ҚАЛАЙ ТАЗАЛАЙСЫЗДАР?» мәтіні

7.

«Кітапшадағы мәліметке сүйеніп, сендер сыйлық ретінде жібере алатын үш зат атаңдар. Сендер сыйлық ретінде шағын айна жібергілерің келеді делік. Конвертті пайдалана аласыңдар ма? «Иә» немесе «Жоқ» сөздерінің бірін айналдыра сызыңдар және өз жауаптарыңды негіздеу үшін кітапшаны пайдаланыңдар.» тапсырмасын жасау. «ПОШТАМЕН ПОСЫЛКАЛАР» мәтінін қолдану.

оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға үйренеді.

8.

«Неліктен тілдердің нақты санын анықтау қиын? Бір тілде қанша адам сөйлейтінін анықтау неге қиын? Қай өңірде тілдер бəрінен аз? Бұл сөз нені білдіреді? «Мақаланың бұл екі бөлігі бір-біріне қарама қайшы».

Ол не туралы айтты?» сұрақтарына жауаптар жазу.

«Әлем тілдері» мәтінін қолдану.

оқу материалдарының форматы аспектісін түсінеді.

9.

«Мақала кімге арналған? Алғашқы соққы кімнен болды? Ең жақсы таңдау қайсы?» сұрақтарына жауаптар жазу. «Жейделер» тақырыбына орай.

тапсырманың түрi аспектісін қолдануды біледі.

10.

«Көліктің қандай түрі қодланады? Мәтіндерде ол жайлы мәлімет не мақсатпен берілген?» сұрақтарына жауаптар жазуды үйрену

11.

«Мәтін адамдардың қандай тобына арналған? Неге ойыңды дәлелде» тапсырмаларына жауаптар жазу. «Жол» мәтінін қолдану.

мәтiннiң қолдану жағдайы немесе мақсаттары аспектісін үйренеді.

12.

«Мәтінді қолданып қанша сапрофиттер болатынын біл, мәтіндегі 1,3 сөйлеммен келісесіңдер ме? «Иә немесе жоқ» жауабын бер, ол жауапты неге таңдадың?» тапсырмаларын орындау. «Сапрофиттер» мәтінін қолдану.

мәтiнді толық түсiнгенін дәлелдейтін машықтары дамытылады.

13.

«Кітаптың авторы кім? Не мақсатпен жазды? Басты ой неде? Мұқабасына неге осындай пікір жазылған? Тағы қандай тарау қосуға болады? «Сөз» деген не?» тапсырмаларына жауаптар жазу «Жұмыста қалай аман қалуға болады?» мәтінмен жұмыс.

мәлiметтi табу, мәтiнді түсіндіріп беруге баулынады.

14

«Жүргірушілер» мәтіні. «Бұл мәтінде автор не жайында айтқысы келді? Мәтінде қандай белгілер туралы айтылған?» тапсырмаларын қарастыру.

мәтiннiң мазмұнына немесе оның формасына рефлексия және олардың бағасын шығаруды үйренеді.

15

«Мәтінде қандай жағдайда қан тапсыруға болады? Мәтіндегі пікірге көзқарасың қандай?» сұрақтарына жауаптар жазу.

Меңгерген дағдыны қолдана алуға үренеді.

16

«Мәтіндегі ұсыныстар мен мүмкіндіктер бөлімін толтыр, мәліметтерге көңіл бөлуге бола ма? Ең маңыздысы не?» тапсырмаларын талқылау «Жұмысқа қабылдау» мәтінін қолдану.

дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктері дамытылады.

17

Даяр мәтіндер бойынша тапсырмалар мен сұрақтар әзірлеу.

Мәтіндерге оқу сауаттылығы бойынша тапсырма әзірлеуді меңгереді.

18

Мәтіндер даярлау және мәтіндерге оқу сауаттылығы бойынша сұрақтар топтамасын әзірлеу жұмыстары.

Өздері мәтін құрай отырып, тапсырмалар әзірлеп үйренеді.

19.

«Ең ұтымды жауаптар және дәлелдемелер» сабақтарын ұйымдастыру. Мәтіндерге берілген жауаптарға тадқылау жасау.

Тұжырым жасауға, сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады.

II.

Сыныптан тыс сабақтар мен пәндік үйірмелерде оқу сауаттылығын арттыру тапсырмаларын ұйымдастыру.

Оқу сауаттылығы бойынша дағдылары дамытылады.

III.

Интеллектуалды сайыстар мен олимпиадаларға қатысу.

1.

КИО интернет олимпиадасы.

Танымдық ой белсенділіктері арттырылады.

2.

Интеллектуалды «Айналайын» сайысы.

3.

Пәндік мектепішілік, аудандық, облыстық олимпиадалары.

4.

Облыстық, аудандық танымдық шаралар мен сайыстарға қатысу.


© 2010-2022