Оқу үрдiсiнде оқушылардың оқу қызметiн белсендiрудiң теориялық негiздерi мен тәжiрибелiк тәсiлдерi

Раздел Завучу
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқу үрдiсiнде оқушылардың оқу қызметiн белсендiрудiң теориялық негiздерi мен тәжiрибелiк тәсiлдерi

Егемендi елiмiздiң бүгiнгi таңдағы басты мақсаты-бiлiм деңгейiн әлемдiк бiлiм кеңiстiгiне енгiзу,орын алу.Сондықтан бiлiм беру жүйесiндегi оқытуды технологияландыру,бiлiм сапасын арттыру,оқытудың жаңа инновациялық технологиясын iздену,жан-жақты дамыған шығармашыл тұлға қалыптастыру мен оларды тәрбиелеу-кезек күттiрмейтiн мақсаттар мен мiндеттердiң бiрi.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiн бiлiм берудi дамыту тұжырымдамасында жеке тұлғаның өзiн-өзi тануына ,өзiн-өзi дамытуына, өзiндiк шешiмдi тұжырымдар жасай бiлуiне жол ашылған. «... жылдам өзгерiп отыратын дүние жағдайында алынған терең бiлiмнiң ,кәсiби дағдылардың негiзiнде еркiн бағдарлай бiлуге,өзiн-өзi iске асыруға ,өзiн-өзi дамытуға және өз бетiнше дұрыс, адамгершiлiк тұрғысынан жауапты шешiмдер қабылдауға қабiлеттi жеке тұлғаны қалыптастыру »,-деген жолдар оқушының дарыны мен қабiлетiн ,шығармашылық қабiлетiнiң көзiн ашып,дамытуға арналған.

«Бұлақ көрсең, көзiн аш» деген халық даналығына сүйенсек, бұлақтай болған баланың дарынын ашуға жол сiлтеу, оның өзiн-өзi тани алмай,

тұншығып қалуына жол бермеу-тәрбие ордаларының мiндетi.

Оқу қызметiн белсендiруде мұғалiм мен оқушы арасындағы бiрлескен қарым-қатынастың маңызы ерекше.Оқушының ой-пiкiрi мен бастамасы, ұсынысы мен тапсырманы орындау шеберлiгi , сөйлеу мәдениетi мен ой тұжырымы, пайымдаулары, талпыныстары мен iзденiстерi , iскерлiгi, қызығулары жүзеге асады, мұнда бағыт-бағдар беру,iстiң дұрыс-бұрыстығын анықтау педагог тарапынан болуы шарт.

Оқушының танымдық iс-әрекет құрылымы

Оқу үрдiсiнде оқушылардың оқу қызметiн белсендiрудiң теориялық негiздерi мен тәжiрибелiк тәсiлдерiОқу үрдiсiнде оқушылардың оқу қызметiн белсендiрудiң теориялық негiздерi мен тәжiрибелiк тәсiлдерiОқу үрдiсiнде оқушылардың оқу қызметiн белсендiрудiң теориялық негiздерi мен тәжiрибелiк тәсiлдерiОқу үрдiсiнде оқушылардың оқу қызметiн белсендiрудiң теориялық негiздерi мен тәжiрибелiк тәсiлдерi

Танымдық танымдық танымдық шығармашылық

қызығу белсендiлiк iзденiмпаздық әрекет

Оқу танымдық әрекет -оқушылардың негiзгi iс-әрекетi болып табылатын күрделi құбылыс.

Ал,Блум оқушыларды мынандай категорияға бөледi:

1. Қабiлетсiз,5 % /бiлiмдi ұзақ мерзiмдi оқытуда да меңгермейтiндер/

2. Дарынды, 5 % /өте жоғары қарқынмен оқитындар/

3. Кәдiмгi, 90 % /оқуға жiберген уақытына қарай бiлiмдi меңгеретiндер/

Оқушының бойынан шығармашылық қасиет iздеп , ойлау қабiлетiн жетiлдiру бүгiнгi күнi мұғалiмдерден ерекше шеберлiктi қажет етедi.

«Шығармашылық» сөзiне орыс ғалымы М.Поташник былай анықтама бередi:

-жаңа өнiм жасау,немесе бұрынғы өнiмдi жаңалап жетiлдiру. Тұлғаның қабiлетiн ,дарынын дамытуда шығармашылық iс-әрекеттер басты болып табылады. Шығармашылық жұмыстарда оқушының өзiндiк iзденiстерi алдыда тұрады. Оқушылардың қызығушылығын тудыру, тапсырмаларды өз қалауы бойынша алу, бiрнеше тапсырма жүйесiн ұсыну нақты нәтижеге жеткiзедi. Оқушы бiлiмiн оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге жеткiзу үшiн мұғалiм шығармашылық тапсырмаларды тиiмдi ұйымдастыра бiлуi керек.

Педагогика және психология ғылымдарына сүйенетiн болсақ, оқу үрдiсiнде негiзгi орынды танымдық әрекет алады. Мұндағы басты нәрсе оқушының оқи бiлуi ғана емес , оқығысы келуiне байланысты, яғни танымдық әрекеттiң басымдық алуына байланысты. Қазiргi мектептiң құрылымы мен бiлiм беру мазмұнындағы өзгерiстер педагогикалық үрдiстi ұйымдастыруға жаңаша талап қойып, әсiресе бастауыш сатыларда оқушылардың өзiндiк жұмыстар негiзiнде танымдық белсендiлiктiң артуы нәтижесiнде оқу әрекетiнiң iргетасы қаланатыны белгiлi. Бастауыш сатыдағы кезең -оқушыда оқу әрекетi қалыптасуының өте қолайлы кезеңi.Оқушының танымдық белсендiлiгiн дамыту нәтижесiнде оқуға деген талап , ынта, құлшыныс туып, оқу бiлiктерi қалыптасады. Философтар таным дегенiмiз -адамның жаңа бiлiммен молығу үрдiсi деген тұжырым жасайды. Олай болса,бiлiм адам қызметiндегi таны үрдiсiнiң нәтижесi.

Оқушының оқу-таным әрекетiн арттырудың тиiмдi құралдарының бiрi-оқушының өздiк жұмысы мен өздiгiнен бiлiм алу әрекетi. Оқушылардың өз бетiнше iстейтiн жұмыстарын репродуктивтiк және шығармашылық деп екi топқа бөлуге болады.Оқушының өзiндiк әрекетiнiң нәтижесiнде оның бойында мынандай қасиеттер қалыптасады.

  1. Өз бетiнше ойлану бiлiктерi мен iзденiмпаздығы ;

  2. Оқуға деген қабiлеттiң артуы;

  3. Берiлген бiлiмдi игеру ғана емес , оны жаңалап және тиiмдi игеру жолдарын түсiне бiлу ниетi;

  4. Басқа оқушылардың түсiндiрмелерiне сын көзбен қарау;

  5. Өз ойының дербестiгi.

Репродуктивтiк жұмыстарға оқушылардың дайын үлгiге қарап жасайтын жұмыстары, көшiрiп жазу, жаттығу,мұғалiмнiң сұрақтарына жауап беру, оқулықтағы мәтiнмен жұмыс iстеу, сабақ үстiнде орындалған тапсырмаға ұқсас тапсырманы үйде орындау жатады.

Оқушы белсендiлiгi негiзгi екi түрге бөлiнедi: сыртқы және iшкi белсендiлiк. Сыртқы белсендiлiгi көбiнесе ойын арқылы ,қимыл- қозғалысы, өмiрлiк әрекетiне байланысты болып келедi. Оқушының iшкi белсендiлiгiне оның ойлау әрекетiндегi белсендiлiгi жатады. Оқушының iшкi, сыртқы белсендiлiгiн бөле-жара , бiр-бiрiнен ажырата қарауға болмайтындығы байқалады. Баланың ойы,қабылдауы, дағдысы сырттан болатын әсердiң негiзiнде iшкi әсерлердi туғызып, қабылдау белсендiлiгiн арттырады.

Ойын әрекетi- өзiндiк әрекет.Баланың ойын үстiнде өзiн-өзi жаттықтыруы,өмiрдi бiлуге құштарлығы ,шынығуы,шыңдалуы,оның ақыл-ойы ,дене еңбегiндегi белсендiлiгiн арттырып, алға қойған мақсатына жетуге деген ерiк қайратын шыңдайды. Осының нәтижесiнде өз бетiмен дербес белсендiлiгi пайда болады. Соның нәтижесiнде оқушының өз бетiмен iзденуi, бiлiмдi қажетсiнуi өсiп, нақтылы қажеттiлiкке ұласады. Атап айтқанда, бiлiм алудағы оқушы белсендiлiгi мен бiлiмдi игеруге деген саналылық ұстанымы оқушы дербестiгiн туғызып,өздiгiнен оқу, бiлiм алу дағдысын қалыптастырады.

Оқушылардың оқу қызметiн белсендiрудiң тәжiрибелiк тәсiлдерiне компьютерлiк технологияны оқу үрдiсiне кеңiнен пайдалану жатады. Интернет, мультимедиялар, электрондық сөздiктер, электрондық оқулықтар тәрiздi интерактивтi оқыту әдiстерiнiң оқу үрдiсiне қосқан жаңалықтары есебiнен оқытушылар «тақтаның алдына тұрып түсiндiру» сияқты мiндеттерден құтылады.Оқушыларды оқытуда мультимедиа құралдарын пайдалану, ресурстармен жұмыс iстеу дағдыларын қалыптастыру мұғалiмдердiң оқытудың мультимедиа құралдарының дидактикалық сипаттамаларын бiлу мен оларды пайдалана бiлуiн қажет етедi.

Жаңа технологияларды күнделiктi сабақ үрдiсiне пайдалану үшiн мұғалiм оқушылардың жас ерекшелiктерiн ескере отырып,педагогтiк мақсат-мүддесiне сай өзiнiң шеберлiгiне орай таңдап алады.Мұғалiмдерге шығармашылық еркiндiк берiледi. Оқушы қабiлетiн арттыру -iзденiмпаз,шығармашылығы шыңдалған ұстаздың қолында.

Жаңа технологияны пайдалану төмендегi нәтижелерге қол жеткiзедi:

  1. Оқыту үрдiсiне барлық оқушылар толық, белсендi араластырылады.

  2. Жаңа ақпараттармен қамтамасыз етiледi.

  3. Пiкiр алмасу жүзеге асады.

  4. Оқу мотивациясы жоғарлайды.

  5. Ой ұшқырлығы , шешiмдер таба бiлу әрекеттерi дамиды.

Жаңа қоғамға сай адамды қалыптастыру-қазiргi заманғы бiлiм беру жүйесiнiң алдында тұрған басты мiндет. Мұғалiм еңбегiнiң бүгiнгi нәтижесi қандай болса,елдiң, қоғамның ертеңi сондай болмақ. Олай болса, мұғалiмге жүктелетiн мiндет өте ауыр, тек өз iсiне берiлген ,жаңалықты жатсынбай қабылдайтын мұғалiм ғана шәкiрттiң жанына нұр құяды демекпiн.




Жаңа ақпараттық және педагогикалық технологиялар,инновациялық әдiстемелер:

а/ Қазiргi кездегi сабаққа қойылатын негiзгi талаптар.

ә/Сабақ талдау, жұмыс тәжiрибесiмен алмасу.

Елiмiздегi бiлiм берудi дамытудың қазiргi заманғы кезеңi-оқытудың дәстүрлi түрiнен жаңа педагогикалық технологияларға ауысатын өтпелi кезең.Қиыншылықтарды жеңе алатын жеке тұлғаны, адамзат қоғамын дайындау мiндетiн орындау Қазақстандық мектеп жүйесiне үлкен өзгерiстер алып келдi. Осындай өзгерiстер бiлiм жүйесiн реформалауды , оның дамуына жаңа амалдар енгiзудi,оның әдiснамалық және тұжырымдық негiздерi мен педагогикалық ғылымның парадигмасын қайта қарастыруды талап етедi.

Қазiргi кезде келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен бiлiм беруде инновациялық iс-әрекеттiң ғылыми педагогикалық негiздерiн меңгеруi-маңызды мәселелердiң бiрi. Ал, ғылым мен техниканың жедел дамыған ,мәлiметтер ағыны күшейген ХХI ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру мектептiң басты мiндетi болып саналады.

Дәстүрлi оқыту әдiстемесiнiң бiлiмдi мемлекеттiк стандарт деңгейiнде толық меңгеруге кепiлдiк бермейтiнiн мектеп тәжiрибесi көрсетiп отыр. Сондықтан жаңарған әдiстемелiк жүйенiң оқыту үрдiсiнде iске асуы үшiн оны технологияландыру қажеттiгi туындайды.

Технология ұғымы жаңа ұғым емес. Оқыту үрдiсiн технологияландыру туралы пiкiрдi осыдан 400 жыл бұрын Я.А.Коменский айтқан, оның пiкiрiнше «Оқыту технологиялық» болуы қажет.Оның мағнасы -ненi үйретсе де,ненi оқытса да табыссыз болмауы керек. Технология сөзi латынның техне-өнер,шеберлiк, логос-ғылым деген сөзiнен шыққан. Түсiндiрме сөздiкте «Технология -бұл белгiлi бiр iсте ,шеберлiкте,өнерде қолданылатын әдiстер жинағы» деп түсiнiк берiледi. Педагогикалық технология -бұл ұстаздар мен оқушылар үшiн оқу процессiнде толық жағдаймен қамтамасыз етiлген, әрбiр бөлшегiне дейiн ойластырылған модель.Бiлiм беру iсiнде жаңа үрдiстiң мақсаты,бағыты,сипаты,ұлттық бiлiм беру iсiнiң әлемдiк бiлiм жүйесiне кiруiне тығыз байланысты.Қазiргi кезде оқытудың тиiмдi жолдары мен әдiс тәсiлдерiн iздестiру жұмыстары жүрiп жатыр десек, оның iшiнде академик В.И.Монаховтың технологиясы,В.К.Дьяченконың ұжымдық оқыту әдiсi,профессор Ж.А.Қараевтың бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру технологиясы,сын тұрғысынан ойлау технологиясы, Н.Оразақынованың Сатылай комплекстi талдау,Шаталовтың сызба үлгiлерi негiзiнде қарқынды оқыту технологиясы,М.Жанпейiсованың модульдiк оқыту технологиясы теориялық тұрғыдан дәлелденiп,тәжiрибеде жақсы нәтиже берiп отыр.

Жаңа оқыту технологиясы iс-әрекеттiң қарқындылығы мен белсендiлiгiн арттырып, басты идеяны және нәтиже тиiмдiлiгiнiң негiзiн құрап ,жеке тұлғаның жетiлуiне,дамуына бағытталған.Мұғалiмнiң айтқанын тыңдап қана отыратын оқушы ендi жаңа технология негiзiнде бiлiмiн өз iзденiсi арқылы меңгерiп, өз көзқарасын ,пiкiрiн дәлелдеп шешен сөйлей бiлетiн жеке тұлға ретiнде көрiнедi.

Модульдiк оқыту технологиясы әсiресе жоғарғы сыныптарға тиiмдi. Бiлiм беру саласындағы оқытудың озық технологияларын пән ерекшелiктерiне сай қолдана бiлу-оқыту мақсатына жетудiң тиiмдi жолы. Содан соң мақсаттың жүзеге асуы негiзiнде мұғалiм мен оқушы мiндеттерi айқындалады.

Мұғалiм мiндеттерi:

  1. Бiлiм алуға жетелейтiн тиiмдi технологияны қолдану.

  2. Шығармашылық жұмыстар ұсыну.

  3. Оқушы еңбегiн ұйымдастыру.

  4. Оқушыменпiкiрлесу,этикалық мәдениетке үйрету.

  5. Қадағалау, тексеру.

Оқушы мiндеттерi:

  1. Өз бетiмен бiлiм алуға ұмтылу, iздену.

  2. Бiрлесiп жұмыс жасай бiлу.

  3. Бiр-бiрiнiң пiкiрiмен санасу.

  4. Өзiне сын көзбен қарап,бағалай бiлу.

  5. Бiлiм алу дағдысын қолдана бiлу.

Мектебiмiзде әр мұғалiм өзiнiң инновациялық картасын толтырады. Онда қай технологияны меңгередi, толықтай меңгередi, танысу үстiнде деген сұрақтарға жауап алынады.Осы мәлiметтер бойынша әр пән бiрлестiктерiндегi мұғалiмдердiң пайдаланып жүрген технологиялары жөнiнде деректер жинақталды./слайд көрсетiледi/.

Жаңа технологияны меңгеру дәрежесi пән бiрлестiгiнiң рейтингiсiн есептеуде де есепке алынады. Онда өте жақсы меңгередi,iшiнара қолданады, өзiнiң авторлық технологиясы бар деген сұрақтарға пән бiрлестiгiнiң жетекшiсiмен келiсе ,талдай отырып бағаланады. Педагогикалық технологияларды өте жақсы меңгеретiн бiрлестiк -МИФ пән бiрлестiгiнiң мұғалiмдерi. Технология түрлерi өте көп. Алдағы уақыттарда технологияны меңгерудi жетiлдiру мақсатында технология түрлерiн шығармашылық топтағы мұғалiмдерге бөлiп берiп, барлық мұғалiмдерге түсiндiру, таныстыру жұмыстарын қолға алуымыз қажет.

ХХI ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Ел өмiрiнiң барлық саласы компьютерлене бастады. Ендiгi кезекте елiмiздiң ертеңi болар жас ұрпақ компьютердiң қыр сырын терең меңгеруi тиiс. Қазiргi кезде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту бiлiм беру саясатының ажырамас бөлiгi.

Соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында ауқымды iлгерлеу байқалып отыр. Барлық пәндер бойынша электронды оқулықтар жасалып, кеңiнен таратылуда. Осы электронды оқулықтармен жұмыс жасау үшiн барлық мұғалiмдер компьютерлiк сауатты болулары керек. Оқушылар үшiн электронды оқулық - өздiгiнен бiлiмiн толықтырып отыруға, мақсатты түрде бiтiру емтихандарына дайындалуына мүмкiндiк беретiн ақпарат көзi. Мұғалiм үшiн -ол өзiнiң педагогикалық тәжiрибесi арқылы толықтырылып және дамытып отыруға болатын ашық әдiстемелiк жүйе.

Жаңашыл сабақты қалай дайындау керек?

Сабақ- оқыту процессiнiң ең негiзгi құрамдас бөлiгi. Мұғалiм мен оқушылардың оқуға деген ынтасы барлық жағдайда сабаққа бағытталады. Сондықтан да қандай да бiр оқу пәнi бойынша оқушылардың оқу сапасы көбiнесе сабақты өткiзу деңгейiмен ,оның мазмұны мен әдiстемелiк толық сипатымен ,оның болмысымен айқындалады. Бұл деңгей барынша биiк болу үшiн мұғалiм сабаққа даярлану барысында оны шығармашылықпен байытып,кез келген өнер туындысы секiлдi ойы, түйiнi, шешiмi бар өзiндiк педагогикалық шығармаға айналдыруға ұмтылуы керек. Мұндай сабақты қалай құру керек? Мәнiне еш күдiк келмейтiндей бiлiм мен iскерлiкке оқушыларды қаруландырып қана қоймайтын, сонымен бiрге сабақта орын алатын әрекеттердiң бәрi оқушылардың шынайы қызығушылығын, соған берiлгендiгiн, олардың шығармашылық танымын қалыптастыратын сабаққа қалай қол жеткiзуге болады? Сонымен:

I Сабаққа дайындықты неден бастау керек:

  • Өзiң үшiн тақырыпты жiктеп,нақты анықтап алу

  • Оқыту курсында тақырыптың орнын анықтау

  • Берiлген сабақтың ұсынатын ең негiзгi ұғымын анықтау.

II Өзiң үшiн және жекелеген оқушы үшiн сабақтың мақсатын қойып анықтау және жiктеу не үшiн керек? Мұнымен қоса сабақтың бiлiмдiлiк, дамытушылық,тәрбиелiк қызметiн белгiлеу керек.

III Сабақтың оқу материалдарын жоспарлау

Бұл не үшiн қажет:

Тақырыпқа сай әдебиеттердi таңдап алу. Егер сөз жаңа бiлiм беретiн материал төңiрегiнде болса: онда әдебиеттер тiзiмiне жоғарғы мектеп оқулықтары,энциклопедиялық басылым,монографиялық ғылыми-танымал басылымдарды енгiзген жөн. Алынған әдебиеттер iшiнен тек алдыға қойған мақсатты қарапайым әдiспен меңгеруге болатынын ғана таңдап алу керек.

IУ Сабақтың негiзгi түйiнiн ойластыру.Әрбiр сабақ қандай да бiр қызығушылық тудыратындай болуы керек.Бiр сөзбен айтқанда -оқушы таңданатындай ,кейiн барлығын ұмытып қалса да оны есiнен шығара алмайтындай болуы керек.

У Таңдап алынған оқу материалдарын топтау. Бұл үшiн материалдарды топтастырубарысында ең басты нәрсе-оқушылардың белсендiлiгiн арттырып ,жаңаны жай ғана қабылдаудан құтқаратын сабақты ұйымдастыру түрiн таба бiлу.

УI Оқушылардың сабақтағы әрекетiне бақылауды жоспарлау, ол үшiн мыналарды ойластыру керек:

  • Ненi бақылауды

  • Қалай бақылауды

  • Бақылау нәтижелерiн қалай пайдалануды.

УII Құрылғыларды сабаққа дайындау.Қажеттi оқу көрнекi құралдарын,оқытудың техникалық құралдарының тiзiмiн жасау,бәрiнiң жұмыс iстейтiнiн тексеру.

УIII Үйге берiлетiн тапсырманы ойластыру:оның мазмұндық бөлiгiне, оны орындауда берiлетiн нұсқауларын .

IХ Осындай үлгiде дайындалған сабақ жоспары жазылуы керек.

Сабақ жоспарын дайындағанда ненi есте сақтау керек? Жоспар мазмұны үш негiзгi бөлiктен тұрады.

  • Шартты

  • Мазмұнды

  • Сараптамалық

Шартты түрдегi бөлiгi мынадай:

Сабақ№ Күнi:

Тақырыбы:

Мақсаты:

Оқыту мiндеттерi: 1. бiлiмдiлiк

2. дамытушылық

3. тәрбиелiк

Сабақтың әрбiр жекелеген кезеңдерiмен жалғастырылады.

Ұйымдастыру-1 минут;

Үй тапсырмасы-10 минут;

Жаңа бiлiм беру-20 минут;

Көрсетпе қойылым-5 минут;

Бекiту-7 минут;

Үйге тапсырма-2 минут.

Мазмұндқ бөлiгi -екi бөлiктен тұрады: 1. Барлық тапсырманың толық мәтiнi, жаңа оқу материалы,шешушi тапсырмалар, үй тапсырмасын орындауға берiлетiн нұсқаулар. Мұғалiм ерекше мына жағдайларға назар аудару керек:

а/ жоспарда әр қойылатын сұрақ ерекше бояу түсiмен сызылуы керек;

ә/ Әр сабақта берiлетiн тапсырмалар оқушы қызығушылығын арттыратындай мағынада болғаны жөн.

2. Оқушы мен мұғалiм сабақтың әр кезеңiнде не атқаратынын төмендегiдей етiп көрсетуге болады:

Не iстейдi?

Сабақ кезеңдерi

Оқушылар

Мұғалiм



Сараптамалық бөлiгi- сабақтан кейiн жазылады.

Ж.Аймауытов ХХI ғасырдың басында-ақ :

«Сабақ беру- жай ғана үйреншiктi шеберлiк емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен.


© 2010-2022