Әң көңілдің ажары

Раздел Завучу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әң көңілдің ажары

«Ән - көңілдің ажары»

Мақсаты: Оқушылардың музыка сабағынан алған білімдерін дамыту, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру, қазақ халқының ән - би, күйлерін бойларына сіңіру, қазіргі таңдағы өнерге деген көзқарастарын қалыптастыру. Шапшаңдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.
Түрі: топтық сайыс

( Музыка)
Сәлеметсіздер ме қымбатты оқушылар, ұстаздар!
«Ән - көңілдің ажары» атты шарамыз әннен шашу шашуға дайын!
Көз аудармай қарап, ән қалдырмай шырқауға дайын болсаңыздар бастайық!
Бүгінгі ойын әдемі болады деген ойдамын, өйткені біздің қонақтарымыз ай десе аузы бар, күн десе көзі бар көрікті оқушыларымызды ортаға шақырайық!
Бірінші топ Балдәурен» тобы
Екінші топ «Айгөлек» тобы

Үшінші топ «Жастар» тобы
Алдымен әділқазылар алқасын сайлап алайық
1. Мектеп директоры: Хасенова М.К.
2. Бастауыш сынып мұғалімі: Балағарин Ы.Қ.
3. Аға тәлімгер: Айгүл Дулатовна

І айналым (музыка)
І айналымның ережесімен таныс болыңыздар
5 тақырып берілген, әрқайсысында І әннен жасырылған. Әнді осы мектептің оқушылары наушникпен ыңылдап айтып бізге тек музыкасыз нұсқасы, яғни тек сол оқушының даусын есту арқылы табуымыз керек. Сайыс шапшаңдықты қажет етеді. Жауап дайын болса Алдарыңыздағы аспаптардан дыбыс шығарып кім бірінші жауап берілетіні анықталады. Жауап дұрыс болса І ұпай, қате болса келесі топтың жауабын тыңдаймыз, олардікі дұрыс болса ұпай соларға есептеледі. Содан соң бәріміз сол әнді музыка сүйемелдеуімен орындаймыз.
«СЫРЛАСАЙЫҚ», «Жан досым»
«ОТАН АНА», «Қазақ елі»
«КҮЗ ШАШУЫ», «Қызыл өрік»
«ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ», «Аяла»
«БАЛДЫРҒАН ШАҚ», «Ертегілер»
Сонымен І айналым аяқталды

ІІ айналым (музыка)
Бұл айналымның шарты: алдарыңызда З тақырып берілген. Тақырыпқа байланысты түсті таңдайсыздар, ішінен әннің музыкасы жүреді. Бұл сайысқа шапшаңдық қажет емес, себебі тақырыпты таңдаған топ І жауап береді. Таба алмаса ІІ топтың жауабын тыңдаймыз. Тақырыпты кезекпен таңдаймыз.
БАЛАЛЫҚ ШАҚ Бала тілегі, Қошақаным
БОЛАШАҒЫМ БАЙЛЫҒЫМ ЖасаҚазақстан, АлғаҚазақстан
КҮЙЛЕР Ерке сылқым, Көңіл толқыны
ІІ бөлім аяқталды

Кезекті ІІІ айналымға береміз (музыка)
Бұл айналымда берілген мақалдардың жалғасын табу керек.
1. Отан - оттан да ыстық
2. Отан - отбасынан басталады.
3. Ер есімі - ел есінде
4. Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі
5. Ұстаздан шәкірт озар
6. Оқу - білім бұлағы, білім - өмір шырағы
7. Мақал - сөздің анасы
8. Піскен асқа тік қасық
9. Халық айтпайды, айтса қалт айтпайды.
10. Жеті атасын білмеген жетесіз
11. Күш атасын танымас
12. Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді

Сонымен соңғы бөліміміз аяқталды. Әділ қазылар алқасына сөз кезегін береміз
ӘН АМАН БОЛСА ӘЛЕМ ӘДЕМІ БОЛАДЫ! ӘНДІ СҮЙГЕН ЖҮРЕКТЕРІҢІЗ ТОҚТАМАСЫН!
ӘДЕМІ БОЛАЙЫҚ, БАР БОЛАЙЫҚ, АМАН БОЛАЙЫҚ!

Ана тілің алпыс тілге татиды.

2. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.

3. Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.

4. Тіл - достықтың алтын көпірі.

5. Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйнатын тәңірі.

6. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.

7. Тілі өлген ел - тірі өлген ел.

8. Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ.

9. Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік үшін.

10. Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді.

11. Тіл қоса алар жер мен көктің арасын, тіл айырар анасының баласын.

12. Тіл ақылдың - өлшемі.

13. Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түрімде.

14. Жақсы тауып айтар, жаман қауып айтар.

15. Ашынған тілді болар, ашыққан ұры болар.

16. Көнектей басыңа шүмектей тілің жау.

17. Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.

18. Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.

19. Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді.

20. Ми ойлағанды тіл тындырады.

21.Құлаққа кірген суық сөз, көңіліңе барып мұз болар.

Қазақ тілі
Күш кеміді, айбынды ту құлады,
Кеше батыр - бүгін қорқак, бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Қыран құстың кос қанаты кьірқылды,
Күндей күшті күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай - алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар - асқан жандар ұмытылды!
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,
Нүрлы жұлдыз - бабам тілі, сен қалдың!
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім,
Таралған түрік балаларын бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсын сен, тілім!

© 2010-2022