Мақала Жаңаша оқыту-заман талабы

Раздел Завучу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақала Жаңаша оқыту-заман талабы

Байназарова Жанар Асылбекқызы

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,

№3 жалпы білім беру орта мектебінің директоры

[email protected]

Жаңаша оқыту-заман талабы.

Қазақ мектебінің болашағы туралы Мағжан Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі - мектебіне байланысты...» деп айтып кеткеніндей, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи-әлеуметтік, мәдени-рухани болмысын дамытуға, қоғамдық өмір мен мектепті қалыптастыруда ұстаздарға артылған жүк жеңіл емес.Еліміздің елдігін сақтап, мәртебесін көтерудегі педагог білім беру парадигмасы «барлығы баланың өзі үшін», «баланың рухани байлығы үшін» деген ізгілік ұстанымдарына негізделіп, баланың, адамның ойлау бейнесін өзгертуге бағытталған. Жаңа білім парадигмасының әдіснамалық негіздері бізден «қалай оқыту керектігіне», «неге оқыту керектігіне» тоқталуды талап етеді. Сондықтан мұғалім беделін көтеруді, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсіл енгізуді, ұстаздарды еңбекке жігерлендіре ынталандыруды да көздеген педагогтардың біліктілігін деңгейлік бағдарламалар аясында көтеру - ұстаздарға керекті бастама болғаны рас.

Осы бағдарлама бойынша өзім оқи бастағанда, көзімнің жеткені- адамның, ең бірінші, рухани жақтан өзгеретіндігі. Қоршаған ортамен жылы қарым-қатынас, айналаңдағы адамдарға мейіріммен қарай білу, ең бастысы, өзіңе деген сенімділіктің нығаюы, алдыңа мақсат қоя білу адам бойына ең керек қасиеттер болып табылатындығы. Бұл қасиеттер, әрине, адам бойында бала кезден қалыптаса бастайтыны сөзсіз. Болашақ ұрпақ бойында осындай асыл қасиеттерді қалыптастыру үшін біз де осы бағытқа өзгеруіміз керек. Екіншіден, сапалы білім бере алу -бағдарламаның басты мақсаты болып табылады. Оқушыларды алған білімдерін өмірде қолданып, игере алатындай дәрежеге жеткізу. Осыны түсініп,өзімнің де қаншалықты өзгергенімді ұқтым.

Менің ендігі алға қойған мақсатым - бар күш-жігерімді сала отырып, өзім басқарып отырған мектеп ұжымын бір кісідей жұмылдырып, заманға сай жаңа бағытқа өзгерту, жетілдіру. Әрине, бұл аз уақытта жүзеге асатын іс емес, жылдар бойы қалыптасуы, жүргізілуі мүмкін. Өйткені, қалыптасып қалған сана-сезімді, берік ұстанымды бір күнде жою мүмкін емес. Сондықтан өзімнің іс-тәжірибем барысында сөзіммен болсын, ісіммен болсын әрқашан оларға үлгі бола алуым керек деп ойлаймын. Мектебіміздегі бұрын оқып келген ұстаздармен біріге отырып, жоспар жасақтап, жүзеге асыру, барлық мамандарды бұл ісімізге тарту қажет. Біздің мектебіміз үлкен болғандықтан, жас мамандар өте көп. Жастардың жаңалыққа жаны құмар болып, заманға сай барлық өзгерістерге қызығушылықпен қарауы табиғи жағдай. Сондықтан, бұл өзгерістерді жүзеге асыруда мектеп ұжымының мені қолдап-қуаттайтынына көзім жетеді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демей ме халқымыз. Осы орайда мектебімде деңгейлік оқу бағдарламасын бітірген мұғалімдермен «Ұлағат» шығармашы-лық тобы құрылып,даму жоспарын жасадық. Мектептің даму жоспарында критериалды бағалауға және жаңа әдіс-тәсілдерді тәрбие жұмысын жетілдіруде қолдануға басты назар аударылды. І және ІІ деңгей бағдарламасын меңгерген 5 мұғалім пән циклдері бойынша шығармашылық топтармен жұмыс бастады. Жаңа форматтағы семинарлар,коучингтер өткіздік, яғни әрбір пән бірлестігіөткен оқу жылына SWOT талдау жасады, бұл бастама әр тоқсан сайын жалғасын табады деп жоспарлап отырмыз.

Мектептегі атқарылған жұмыстарға тоқталсақ, жалпы мұғалімдерге SMART мақсат туралы өткізген коучингтен,бірлестікте және фокустік топта «БЛУМ таксономиясы-оқытудың тиімді жолы» тақырыбындағы шеберлік сыныптан, "Критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы оқушылардың белсенділік, қабілетін ашу» тақырыбындағы өткізілген коучингтерден өздеріне берілген тапсырмаларды орындау барысында өздеріне қажетті түйін алды деп ойлаймын.

«Мұғалімнің кәсіби деңгейі қандай?»деген сұрақ төңірегінде ойланар болсақ,жаңа форматтағы мектепті құру,оқу процесінде өзгеріс жасау ең алдымен оқу мен оқытудан бұрын үдерісті іске асыратын адамдарға, олардың қарым-қатынасының қаншалықты дамығандығына тікелей байланысты . Мектепте ұйымдастырылып жатырған түрлі семинарлар, ашық сабақтар,дөңгелек үстелдер т.б. шаралардың мұғалімдердің кәсіби дамуын қалыптастыруға өз үлесін қосары сөзсіз.

Қорыта келгенде, қазіргі қарыштап дамыған әлемдік деңгейдегі өркениетті елдермен тереземізді теңестіретін күш- білім екендігі баршаға мәлім. Сондықтан болашақтың тізгіні білімді ұрпақтың қолында. Әр баланың алдындағы жауапкершілікті терең сезінетін, кәсіби білігі мен теориялық білімі жетілген ұстаздардың үздіксіз білім алуына,үнемі ізденісте болуына жағдай туғызу мектеп басшысының алдындағы маңызды міндет деп білемін







.



© 2010-2022