План развития школы: Мектептің даму жоспары

Раздел Завучу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«БЕКІТЕМІН»

Мектеп-директоры _________________

Н.Н.Нұрғалық

«_____» _______________ 2014 жыл.

«А.В. Луначарский атындағы орта мектеп-гимназия МДШО» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

2014-2015 оқу жылына арналған даму жоспары


Өзекті мәселесі:

Оқыту мен оқу үдерісінде «Педагогикалық шеберлік орталығының» бағдарламасының негізгі идеяларын және әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы

мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіру және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.

Мақсаты:

  • Оқушыларды топпен жұмыс істеуге дағдыландыру;

  • Сынып ахуалын қалыптастырып, ынтымақтастық орнату;

  • Оқытуда оқушылардың жетісітігін бағалаудағы бағалау түрлерін енгізу;

  • Оқушылардың сабақта тілдік қорларын арттыруда, өздігінен білім алуды үйрену мақсатында диалог әңгіменің түрлерін енгізу;

  • Мұғалімдер коучингтерде алынған, талқыланған білімдерін сабақтарында қолдана білу мен рефлексия жазуға дағдыландыру;

  • Тәлімгерлік жұмысын жандандыру;

  • Мұғалімдердіәр сабақты жаңаша жоспарлауға, білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер қолдануға, білім беру үшін бағалауға және оқуды бағалауға ынталандыру;

  • Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында іс-әрекеттегі зертту жұмыстарын қалыптастыру, «Lesson Study» тәсілін қолдану.

Міндеті:

Оқыту мен оқу тәжірибесіне деңгейлік бағдарламадан өткен мұғалімдердің көмегімен мектеп көлемінде жаңа әдіс-тәсілдерді коучинг арқылы енгізе отырып, оқыту мен зерттеуге ынта жігерін салып, белсенді жұмыс істейтін, оқушының ілгері жылжуын дамыту мақсатында мазмұнға сәйкес кері байланыс орната алатын, оқушыларға ата-аналармен бірге қамқорлық көрсете алатын және сабақтың нәтижелі болуы үшін табыс критерийлермен жұмыс істей алатын кәсіби білімді мұғалім қалыптастыру.

Шаралар (мектеп және желілік қоғамдастық шеңберінде)

Мақсаттары

Жауаптылар

Ресурстар

Қатысушылар

Мерзімі

Күтілетін нәтиже

1

Шығармашылық қауымдастығының отырысы. ІІ - жартыжылдықтың жұмыс есебін беру.

Мектептің бағытын және мұғалімдердің көзқарасын анықтау. Деңгейлік курстан өтіп келген мұғалімдерден топ құру.

Хасенова А.Н

Сарикова Г.А.

Дөңгелек үстел «Біздің жетістіктеріміз және кемшіліктеріміз», жұмыс мониторингісі, циклограмма.

І, ІІ, ІІІ-деңгейлік курстардан өткен мұғалімдер.

Тамыз айының екінші аптасында

Мектептің жұмыс жоспарына даму бағыттарының енгізу жолдары қарастырылады

2

Әдістемелік кеңес.

Бағдарламаның негізгі идеяларын тәжірибеге енгізу және оның нәтижелері жайлы есеп беру.

1-деңгей мұғалімдері: Ауесбаева, Мамаева, Баткалова, Әлдибекова, Сарикова

Әңгімелесу, сауалнама жүргізу, мастер-класс «Оқытуды басқару және көшбасшылық»

Педагогикалық ұжым.

Тамыз айының әдістемелік кеңесі.

Жаңашылдыққа бет бұрған ұстаздар тобы құрылады

3

Коучинг «Топтық жұмыс ұйымдастырудың маңыздылығы»

Мұғалімдер бірлесе отырып, оқушыларды топпен жұмыс істеуге дағдыландыру жолдарын қарастыру.

І деңгейлі мұғалім Мамаева Б.А.

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, рефлексия, презентациялар, постерлер, коучинг жоспары

Деңгейлік курстардан өтпеген мұғалімдердің шығармашылық тобы.

қыркүйек

Коучинг және тәлімгерлік жұмысы қалыптасады, мұғалімдер оқыту тәжірибесін жақсартуға әдістемелік көмек алады.

4

Мектепішілік ата-аналар жиналыстарын өткізу, өзгерістер жайлы пікір алмасу.

Ата-аналармен кері байланыс орнату, мектептің оқу процесіндегі мәселелері бойынша бірігіп шешім қабылдауға дағдыландыру.

Мектеп әкімшілігі, Хасенова А.Н. психологтар,

1-деңгейлі мұғалімдер

Дөңгелек үстелдер, конференциялар,

сауалнама, эссе, рефлексия.

Ата-аналар

Қыркүйек, желтоқсан, сәуір, мамыр.

Ұстаздар ұжымы және ата-аналарқауымы арасында сенімділік және ортақтастық қарым-қатынас орнатылады.

5

Жас мамандарға арналған коучинг: «ХХІ ғасырда қалай оқытасыз?»

Жаңа мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал ету және бағдарламаның жаңа идеяларының әдіс-тәсілдерімен таныстыру, меңгерту

ІІ деңгейлі мұғалім Айсаева М.А.

Әңгімелесу, пікір алмасу, рефлексия, қысқа мерзімді жоспар, постерлер, коучинг жоспары.

Жас мұғалімдер және олардың тәлімгерлері

қазан

Шығармашылықпен жұмыс істейтін жас мұғалімдер анықталады, топқа тартылады, оларға өзара сенімге негізделген қарым-ұатынас арқылы көмек көрсетіледі.

6

Аудандық семинар өткізу «Мектебіміздегі өзгерістер»

Аудан мұғалімдерімен кәсіби тәжірибемен бөлісу, пікір алмасу, әдістемелік көмек көрсету және қоғамдастықтың жұмысын жандандыру.

Мектеп әкімшілігі, Хасенова А.Н. деңгейлі курстардан өткен мұғалімдер және шығармашылық топ мүшелері.

Коучинг-сессиялар, ашық сабақтар, тәлімгер мен тәлім алушының кәсіби әңгімесі, ата-аналармен конференция

Аудан мұғалімдері, ата-аналар, оқушылар

қазан

Басқа мектептермен тәжірбие алмасу мақсатында кездесулер ұйымдастырылады, шығармашылық қауымдастығымыз облыс, республика көлемінде жалғасын табады.

7

Бастауыш сыныптарда сабақтағы іс-әрекетті зерттеу «Lesson Study тәсілі»

Мұғалімдерді оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін зерттеуге үйрету, оқыту тәжірибесін жақсартуға ынталандыру.

Хасенова А.Н және І деңгейлі мұғалімдер

Видео, фотосуреттер, кері байланыс, орта мерзімді жоспарлар, мұғалімдердің пікірлері, жұміс мониторингісі.

Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер, шығармашылық топтар, бастауыш сынып мұғалімдері.

қараша

Мұғалім оқушының түсіну дәрежесін анық көре біледі, ұстаздардың пікірлерімен санаса алады, бірлесе жоспар құрып, сабақтар сериясы жақсарады.

8

3-деңгейлі мұғалімдердің тізбектелген ашық сабақтары.

Мұғалімдердің білімділігі мен кәсіби шеберлігін жетілдіру, оқушыларға сапалы білім беру.

Деңгейлі курстардан өткен мұғалімдер.

Орта мерзімді сабақ жоспарлары, видео, фотосуреттер

Мектеп ұжымы, ата-аналар, оқушылар

Қараша және сәуір айларында.

Мұғалімдер әр сабақты жаңаша жоспарлайды, білім беру мен білім алудағы бағдарламаның жаңа тәсілдері енгізіледі.

9

Пән бірлестік жетекшілерімен дөңгелек үстел «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер»

Әдістемелік бірлестіктердің қарқынды жұмыс істеуіне ықпал ету, жаңашылдыққа бет бұратын ұстаздардың санын арттыру.

1-деңгейлі мұғалім Сарикова Г.А.

Суалнама, пікір алмасу, кері байланыс, рефлексия

Әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары және пән бірлестік жетекшілері

желтоқсан

Әр пән бірлестігінде шығармашылық өзгеріс жұмыстары жанданады.

10

Коучинг «Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау»

Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау жайлы мәлімет беру, оқушылардың жетістігін бағалаудағы бағалау түрлерімен

және критерийлерімен таныстыру.

1-деңгейлі мұғалім Әлдибекова Г.

Коучинг жоспары, пікір алмасу, кері байланыс, постерлер, рефлексия, эссе

Шығармашылық топ мүшелері, ұстаздар қауымдастығы

желтоқсан

Мұғалімдер коучингте алынған, талқыланған білімдерін сабақтарында қолдана біледі және рефлексия жазуға дағдыланады.

11

Шығармашылық қауымдастығының отырысы. І - жартыжылдықтың жұмыс есебі.

1-жартыжылдықта жүргізілген іс-шараларға есеп беру, көздеген мақсатары мен нәтижелері жайлы пікір алмасу.

Хасенова А.Н

Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер.

Дөңгелек үстел «Іс-шараның мақсатын айқындау - нәтижеге жету кепілі», жұмыс мониторингісі, циклограмма

Мектеп әкімшілігі, шығармашылық топ мүшелері.

Қаңтар айының бірінші онкүндігі (каникул кездерінде)

Барлық өткізілген іс-шаралар өзінің белгіленген мерзімінде, жоспарға сай және өз дәрежесінде өтіледі.

12

Ортаңғы сыныптарда сабақтағы іс-әрекетті зерттеу «Lesson Study тәсілі»

Мұғалімдерді оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін зерттеуге үйрету, оқыту тәжірибесін жақсартуға ынталандыру.

І деңгейлі мұғалімдер

Видео, фотосуреттер, кері байланыс, орта мерзімді жоспарлар, мұғалімдердің пікірлері, жұмыс мониторингісі.

Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер, шығармашылық топтар, бастауыш сынып мұғалімдері.

Қаңтар-ақпан

Мұғалім оқушының түсіну дәрежесін анық көре біледі, ұстаздардың пікірлерімен санаса алады, бірлесе жоспар құрып, сабақтар сериясы жақсарады.

13

Шығармашылық топтағы деңгейлік курстан өтпеген мұғалімдердің тізбектелген ашық сабақтары.

Мұғалімдердің білімділігі мен кәсіби шеберлігін жетілдіру, оқушыларға сапалы білім беру.

І-ІІ деңгейлі мұғалімдер.

Орта мерзімді сабақ жоспарлары, видео, фотосуреттер

Мектеп ұжымы, ата-аналар, оқушылар

ақпан

Әр мұғалім өзінің шеберлігін дәлелдеуге тырысады, қызығушылықтары артады, білім беру мен білім алудағы бағдарламаның жаңа тәсілдері енгізіледі.

14

Коучинг «Сабақ барысындағы диалогтық әңгіменің маңызы»

Оқушылардың сабақта тілдік қорларын арттыруда, өздігінен білім алуды үйрену мақсатында диалог әңгіменің түрлерімен таныстыру, енгізу.

1-деңгейлі мұғалім Әуесбаева М.

Коучинг жоспары, пікір алмасу, кері байланыс, постерлер, рефлексия, эссе

Шығармашылық топ мүшелері, ұстаздар қауымдастығы

ақпан

Мұғалімдер коучингте алынған, талқыланған білімдерін сабақтарында қолдана біледі және рефлексия жазуға дағдыланады.

15

«Оқытуды басқару және көшбасшылық» тренинг-семинары

Мұғалімдердің біліктілігін арттыру, коуч және ментор мұғалімдерін даярлау, тәлімгерлік жұмысты дұрыс ұйымдастыруға дағдыландыру.

Хасенова А.Н. және І деңгейлі мұғалім Байтасов А.Ы.

Тренинг-семинар жоспары, презентация, постерлер, кері байланыс, рефлексия.

Мектеп әкімшілігі, шығармашылық топ қауымы, деңгейлік курстан өткен мұғалімдер.

наурыз

Оқу нәтижелерін жақсартудағы көшбасшылықтың рөлі маңызды екенін түсінеді, мектеп әкімішілігімен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді.

16

Жоғарғы сыныптарда сабақтағы іс-әрекетті зерттеу «Lesson Study тәсілі».

Мұғалімдерді оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін зерттеуге үйрету, оқыту тәжірибесін жақсартуға ынталандыру.

І деңгейлі мұғалімдер

Видео, фотосуреттер, кері байланыс, орта мерзімді жоспарлар, мұғалімдердің пікірлері, жұміс мониторингісі.

Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер, шығармашылық топтар, бастауыш сынып мұғалімдері.

наурыз

Мұғалім оқушының түсіну дәрежесін анық көре біледі, ұстаздардың пікірлерімен санаса алады, бірлесе жоспар құрып, сабақтар сериясы жақсарады.

17

Коучинг «Сыни тұрғыдан ойлау құралдары».

Сабақта сыни тұрғыдан ойлау әдіс-тәсілдерін қолдануды меңгерту, оның маңыздылығын түсіну.

1-деңгейлі мұғалім Баткалова Л.

Коучинг жоспары, пікір алмасу, кері байланыс, постерлер, рефлексия, эссе

Шығармашылық топ мүшелері, ұстаздар қауымдастығы

сәуір

Мұғалімдер коучингте алынған, талқыланған білімдерін сабақтарында қолдана біледі және рефлексия жазуға дағдыланады.

18

Қоғамдастық құру.

Өзара сенімге негізделген қарым-қатынас арқылы жаңа идеялармен алмасу, әдістемелік көмек көрсету.

Шығармашылық топ мүшелері, деңгейлі курстан өткен мұғалімдер

Ғаламтор, кездесулер, семинарлар, конференциялар.

Ұстаздар қауымдастығы

Жыл бойы

Басқа мектептермен тәжірибе алмасады, кездесулер ұйымдастырылады, қоғамдастық құрылады.

19

Әдістемелік кеңес.

Жүргізілген жұмыстар жайлы және мұғалімдердің әсері мен өзгерістері жайлы ой бөлісу, жылдық есеп беру.

Хасенова А.Н., деңгейлік курстан өткен мұғалімдер

Бейнероликтер, фотосуреттер, презентация, эссе, интервью, ата-аналар пікірі.

Мектеп әкімшілігі, ұстаздар ұжымы, ата-аналар комитеті.

мамыр

Жаңашылдыққа бет бұрған ұстаздар тобы анықталады, белсенді мұғалімдердің саны артады, мектептің даму жұмысы жанданады.

20

Шығармашылық қауымдастығының отырысы. Жылдық жұмыс есебі.

Көздеген мақсаттары мен нәтижелері жайлы пікір алмасу, шығармашылық топтардың белсенді мұғалімдерін ынталандыру, марапаттау.

1-деңгейлі мұғалім Сарикова Г.А.

Дөңгелек үстел «Мектептегі өзгерістер», жұмыс мониторингісі, циклограмма

Мектеп әкімшілігі, шығармашылық топ мүшелері.

мамыр

Барлық өткізілген іс-шаралар өзінің белгіленген мерзімінде, жоспарға сай және өз дәрежесінде өтіледі, белсенді мұғалімдердің саны артады, мектептің даму жұмысы жанданады.


.



© 2010-2022