Сәби шақтағы балалардың дене тәрбиесі

Сәби шақтағы балалардың дене тәрбиесі (баяндама)   1.        Сәби шақтың даму ерекшелігі 2.        Сәби шақтағы дене жаттығуларының маңызы 3.        Перинаталдық онтогенез туралы ғылым.  Перинаталдық кезеңдегі дамудың маңызы   Баланың жас ерекшеліктері туралы айтатын болсақ,баланың даму кезеңдерін ең алғаш рет бөліп берген Аристотель болатын. Ол жеті жасқа дейін, жетіден 14 жасқа дейін, 14-тен 21-жасқа дейін кезеңдерге бөлді. Жеті жасқа дейін бала үйде тәрбие алады. Мектепке дейінгі тәрбиені ұйы...
Раздел Завучу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Орал гуманитарлық-техникалық колледж


Сәби шақтағы балалардың дене тәрбиесі


Тақырыбы: Сәби шақтағы балалардың дене тәрбиесі



Дайындаған: Педагогика,психология кафедрасының оқытушысы Ж.С.Жубатова




Орал, 2015 жыл

Сәби шақтағы балалардың дене тәрбиесі (баяндама)


  1. Сәби шақтың даму ерекшелігі

  2. Сәби шақтағы дене жаттығуларының маңызы

  3. Перинаталдық онтогенез туралы ғылым. Перинаталдық кезеңдегі дамудың маңызы


Баланың жас ерекшеліктері туралы айтатын болсақ, баланың даму кезеңдерін ең алғаш рет бөліп берген Аристотель болатын. Ол жеті жасқа дейін, жетіден 14 жасқа дейін, 14-тен 21-жасқа дейін кезеңдерге бөлді. Жеті жасқа дейін бала үйде тәрбие алады. Мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыру жөнінде, жас ерекшеліктеріне сай тамақтандыру, дене қозғалысының қажеттілігі, денені шынықтыру, баланың тәрбие ортасын ескеру көрсетілді.

Я.A.Kоменский адамның өсіп-жетілуіндегі жас ерекшеліктерін негізге ала отырып, бір-бірімен байланысты құрылған оқудың төрт сатылы кезеңін ұсынды. Туғаннан 6 жасқа дейінгі балалар үшін әр қауымда «Aна мектебі», 6-12 жастағылар үшін «Aна тілі» мектебі, 12-18 жастағылар үшін латын мектебі; гимназия; 18-24 жастағы жастар үшін әрбір мемлекетте академия болу керек деді.

Баланың өсу кезеңдері және әр кезеңдегі тәрбие ерекшеліктерін Жан Жак Руссо төрт кезеңге бөлді: бірінші кезең - баланың туған күнінен 2-жасқа дейінгі, екінші кезең - 2-ден 12 жасқа дейінгі, үшінші кезең - 12-ден 15 жасқа дейінгі, төртінші кезең - 15 жастан ер жетуіне дейінгі өсу дәуірлері. Жас ерекшеліктеріне қарай тәрбиенің салаларын ұсынды. Екі жасқа дейінгілерге негізінен дене тәрбиесі, денесінің өсуіне мүмкіндік беруді талап етті. 2-12 жаста баланың сезім мүшелерін жетілдіру, 12-15 жаста ақыл-ой мен еңбек тәрбиесі негізгі болады. Жас өспірімнің төртінші дәуірінде адамгершілік тәрбиесі басталатынын айтты.

Оқыту мен тәрбиелеу процесінде балалардың жас ерекшелігін және дара қабілеттерін ескеруді орыс педагогтары мен психологтары K.Д.Ушинский, Н.П.Пирогов, H.Ф.Бунаков, В.П.Вахтеров, В.И.Водовозов, И.Н.Ульянов, А.С.Макаренко, П.Л.Блонский, B.A.Cухомлинский талап етті.

Соңғы кезге дейін Кеңестік дәуір педагогтары мен физиологтары балалардың даму кезеңдерін төрт кезеңге бөліп келді:

1 кезең-Мектепке дейінгі кезең (сәбилік - 1 жасқа, бөбектік 1-3 жас, мектепке дейінгілер 3-7 жас арасындағылар)

2 кезең - Кіші мектеп жасындағылар (7-10 жастағылар)

3 кезең -Жас өспірімдер (11-16 жас)

4 кезең -Жас өрендер (аға мектеп жасындағылар 16-18 жастағылар)

K.Д.Ушинский - егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда ол оны барлық жағынан білуге де тиіс деп атап көрсеткен 6олатын. Балалардың жас ерекшеліктерін анықтау және олардың өсу кезеңдерін белгілеу үшін анатомиялық көрсеткіштері ескеріледі. Сонымен бірге, физиологиялық процестердің жүру ерекшеліктері: бойының өсуі, психикалық эмоциялық - еркі дамуы, рухани -адамгершілік жағынан жетілу деңгейі, іс-әрекет практикалық сапаларының қалыптасуы, бәрі есепке алынады. Балалардың дамуының ішкі заңдары, белгілі жүйесі, ерекше құбылыстары бар. Дегенмен, акселерацияның балалар дамуында рөлі бар, ол өсуді тездетеді, тістері ерте шығады, кеуде кеңейіңкірейді, өкпенің тыныс алуының мүмкіндігі артады. Акселерация педагогиканың, физиологияның, гигиенаның алдына күрделі мәселелерді қойды. Қазіргі кезде балалардың өсуінің кезеңдеріне үлкен өзгерістер әкелді, яғни дене жағынан өсуді тездетті, дене, эмоциялық-психикалық және ақыл-ой жүгі ауырлады, оған төзу қабілеті артты, әлеуметтік қатынастардың көпжақтылықтарын қабылдауға рухани дайындықты қажет етті.

Бала өзінің қалыптасуында екі кезеңнен: ана құрсағындағы тоғыз айлық даму барысында биологиялық кезеңінен, 17-18 жыл шамасы аралығында әлеуметтік тәрбиенің әр түрлі формаларынан, яғни, әлеуметтік даму кезеңінен өтеді.

Әлеуметтік даму сатысы кезеңдерінің төмендегідей құрылымдары қалыптасты:

1. Туғаннан 1 жасқа дейін - сәбилік кезең. Мағжан Жұмабаев: «Жаңа туған бала бір кесек ет қана деуге болады. Оның жан тұрмысы әлі білінбейді. Сондықтан, ата-ана жас баланы тәрбие қылғанда күшінің көбін баланың тәрбиесіне жұмсауға міндетті. Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Дене - жанның қабы. Қап берік болса, ішіндегі зат та берік болмақ. Дене - жанның құралы. Құрал мықты болса, иесі де мықты» - деп жазды. Баланың анадан туғандағы халі осындай екенін сипаттап отыр. Одан әрі даму үшін баланың денсаулығын да, жан саулығын да тәрбиелеу процесі басталады.

2. 1-3 жасқа дейін бөбектік кезең. Бала әлеуметтік тәжірибені жинақтап, дене қызметі, психикалық сапалары мен процестері қалыптаса бастайды.

3. 3-6 жасқа дейін ерте балалық шақ басталады.

Бұл үш кезеңді мектепке дейінгі кезең деп атайды. Біздің балаларымыз-ұрпақтарымыз, мемлекетіміздің болашағы. Олар қай жағынан болса да жоғары сапада дамыған, дені сау, еңбек сүйгіш, қоғамдық өмірге белсене араласатындай болуы тиіс. Міне, осы мақсатта тәрбиені сәбилік шақтан жүзеге асыру кезектегі міндеттердің бірі. Жас ұрпақтьң дене құрылысы мықты, рухани даму қабілеті күшті, жан-жақты дамыған болуға тиіс. Рухани даму - қоғамдық дамудың құрамдас бөлігі. Бала дүниеге келген алғашқы күннен қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаның, басқаша айтқанда, сыртқы дүниенің әсеріне түседі. Баланың дүниетанымдық көзқарастары мен адамгершілік қасиеттері: ақыл-ойы, сана сезімі, көңіл күйі, талаптары мен мүдделері, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері қалыптаса бастайды. Бұл мақсатты жүзеге асыруда мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің тәрбиенің міндетін барынша дұрыс түсіне білуі маңызды.

Бала организмінің қалыптасуы мен аса шапшаң даму кезеңі-сәбилік шақ. Дамудың бұл кезеңінде баланың бойы шапшаң өседі, салмағы да тез қосылады, тұтас организмнің бүкіл қызметінің дамуы барынша тездейді. Сәбилік кезеңдегі бала дамуында бұдан басқа да ерекшеліктер көп: бала аса сезімтал және тез ренжігіш, сондықтан жас сәби организмін дер кезінде шынықтырып, дене түзілісі сымбатты да сәнді болуын ерте қамтамасыз ету көзделеді. Бұл - ең алдыңғы кезектегі міндеттердің бірі.

Организмнің қалыптағыдай дұрыс дамуы мен мықты денсаулығы үшін қажетті жағдайлар: тамақ, ұйқы, сергіту кезеңдерін дер кезінде, дұрыс ұйымдастыру, сондай-ақ таза ауа, су, күн сәулесін орынды пайдалану. Kөрсетілген жағдайлар жас нәрестенің нәзік организміне тиімді әсер ету үшін әлі де жеткіліксіз. Бұл баланың бүкіл өмірін дұрыс ұйымдастырып, тәлім-тәрбие жұмысын ойдағыдай жүргізгенде ғана нәтиже береді. Алғашқы екі жыл дамудың аса тез, қарқынды кезеңі. Бұдан былайғы кезеңдердің бірде-біреуінде бала алғашқы екі жылдағыдай аса көп өзгеріске ұшырамайды. Мектепке дейінгі ғылыми әдебиеттерде бала өмірінің дамуындағы сәбилік кезең деп аталатын алғашқы екі жылын арнайы қарастырады. Жеке бастың қалыптасуында осы шақтың ерекше мәні бар. Жеке бастың дамуы дегеніміз - адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық және дене т.б. тәрбиелердің тұтастығы. Сәбилік шақты зерттеген ғалымдарымыздың бірі - Н.М.Аксаринаның «Cәбилік шақтағы балалар тәр­биесі» деп аталатын еңбегінде баланы туған күнінен бастап тәрбиелеудің аса қажеттігі ғылыми негізделген. Сондай-ақ, дене құрылысының даму ерекшеліктері де беріледі. Баланың бүкіл организмі өсіп нығаяды, жүйке жүйесі анағұрлым төзімдірек келеді. Сонымен сәбилік шақтағы баланың даму ерекшеліктері мыналар:
а)ересек адамдардың көмегінсіз әр түрлі қимыл әрекеттерді орындауға бағытталуы, дербестіктің ең қарапайым түрлерінің жетілуі;
ә)көрнекі ойдың дамуы. Баланың айналасындағылар жайлы өз ойын, пікірлерін білдірудің аса қарапайым түрі.

Атақты физиологтардың еңбектерінде (И. М. Сеченов, В. М. Бехтерев, И. П. Павлов) даму тұқым қуалаушылық жолмен емес, организмнің қоршап тұрған ортамен өзара әрекетінің нәтижесінде болатындығы көрсетілген. Бұл еңбектер тұқым қуалаушылықты мүлдем жоққа шығармай, белгілі бір жағдайға байланысты тұқым қуалау жолымен болатын қасиеттерді өзгерту мүмкін екенін анықтады. Сонымен қатар организмнің қалыпты дамуы үшін тәрбиенің жетекші ролі көрсетіледі. Белгілі бір анализатордың жұмысын шапшаңдату жаттығуға байланысты. Мысалы, мезгілінен 6 апта бұрын туған нәрестеде туған соң 5 аптадан кейін шартты түрде есту рефлексін қалыптастыруға болатын көрінеді. Табиғи пісіп жетілу процесі де сыртқы ортаның әсер етуіне бай­ланысты, сондай-ақ ми сыңарлары қабығының қызметі тұқым қуалау жолымен емес, ішкі-сыртқы тітіркендіргіштердің әсерімен өмір процесінде дамиды. Ол туралы сәбилік кезең педагогикасының негізін қалаушы проф. Н. М. Щелованов былай дейді: «Eгер сыртқы әсер болмаса немесе жеткіліксіз болса, онда ми қабығының жасалуы дұ­рыс болмайды немесе кешеуілдейді». Бұл өзара әсер ету Н.М.Щелованов, И.И.Красногорский, Н.И.Касаткин, Н.М.Аксаринаның анықтауынша баланың алғашқы күнінен басталады. Олай болса, тәрбие процесі де (дене тәрбиесі т.б.) нәресте дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Бала туғаннан бір жасқа дейін дұрыс тамақ, күтім, тәрбие болған жағдайда өте тез өседі. Жылдың алғашқы жартысында ай сайын 600-700 грамм салмақ қосса, екінші жартысында 400-300 грамм қосады. Бойы ай сайын 2-3 см өседі. Орта есеппен 1 жастағы баланың салмағы 10-10,5 кг, бойы 74-75 см болады. 7-8 айда баланың сүт тісі шыға бастайды, ал бір жасқа келгенде 8 тісі болады. 7 апталығында миы екі есе өсіп, орталық жүйке жүйесінің жұмысқа қабілеттілігі артады, баланың ұйықтамай көңілденіп, сергек жүру мезгілі көбейеді. Әуелі 20-30 минут болса, 1 жасқа келгенде 3,5 сағатқа дейін созылады. Бір жасқа дейінгі баланы тәрбиелеудегі негізгі міндет-денсаулығын сақтау және нығайту, баланың денесінің, психикасының дамуына қажетті жағдай жасау, жалпы қимылын, өзіне жақын адамдармен қарым-қатынасын калыптастыру. Бала көру, ұстау арқылы қабылдауын дамытады. Ойыншықты ұстау, кеудесіне апару, көру, бір қолынан екінші қолына ауыстыру арқылы сол заттың қасиетімен танысады. Баланың түсіп кеткен ойыншыққа талпынуы, жылжуға дайындығы басталады. 5 айлығында бала екі алақанына сүйеніп, ұзақ уақыт етпетінен жата алады. 6 айлығында бала көбіне етпетінен жатып аударылып, аяғымен жылжиды. Бұл әрекеттердің бәрі де баланың бұлшық еттерінің, аяқ-қолының, карын еттерінің, кеуде сүйегінің дамуына әсер етіп, енбектеуіне қажетті алғы шарттар дайындайды. Ойыншықтармен ойнату арқылы баланың іс-әрекеті ұйымдастырылады. Ойыншықты ұстайды, көреді, айналасындағы заттарға тоқталады. 6-7 айда еңбектеп, көп кешікпей отырады. 9 айда жар жағалап, жайлап жүреді. 9-10 айдан 1 жасқа дейінгі кезеңде тәрбиенің бір негізгі міндеті - баланың қимылын дамыту. Балалардың ойыншықтармен ұзақ ойнау әрекетін ұйымдастырудың ерекше орны бар. Мысалы, қорапты ашып, жабу, ойыншықтарды тізілтіп, қаз-қатар қою, шарды қорапқа салу т. б. 11-12 айда бала еркін жүруге үйренеді. Бұл кезеңде тыныштық, тамақ, ұйқы, сергектік, дене жаттығуларының, әр балаға көңіл бөлудің мәні зор.

Екіншіден, ұйқысын дұрыс ұйымдастыру керек. Таза ауада 5-6 сағат ұйықтау қамтамасыз етіледі, оның ішінде бірден тез ұйықтауға үйретудің маңызы зор. Кішкентайлар мен әлсіздер, ерте тұрғандар алдымен жатқызылады. Бұл әрекеттердің бәрі тыныш, асықпай, баппен істеледі.

Үшіншіден, тұрғызу мен тамақтандыру. Дұрыс күн тәртібімен ұйықтаған бала жыламай, жайбарақат тұрады. Тамақты қолдан бөтелкемен, қасықпен ішкізуде баланың өзі ұстауын, өзі алуын үйрету керек. Ойынмен шұғылдану баланың жан-жақты дамуына әсер етеді. Ойын жерде, столда, манежде өткізілуі мүмкін. 2,5-12 айлық балалардың көру, есту мүшелерін барынша дамыта отырып, ойыншықтарды көрсету, атын айту, қол қимылын, еңбектенуге қажетті қимылдарын дамытудың маңызы зор. Сәбилердiң екiншi тобы (1 жастан 2 жасқа дейін). Арнаулы ғылыми еңбектерде бұл топта тәрбиеленушілер екі кезеңге бөлінеді:
1 жастан 1,5-1,6 айға дейін, 1 жас 5-6 айдан 2-ге дейін. Мұның әрқайсысында да баланың дер кезінде тамақтануы, ұйқы және басқа қызметтердің дұрыс ауысып отыруы оның денсаулығы мен дене құрылысы жағынан дамуына, көңіл күйі мен мінез-құлқына үлкен әсер етеді, яғни күн тәртібінің тәрбиелік үлкен мәні бар. Балалар белгілі бір тәртіпке үйренеді. Белгілі бір уақытта тыныш ұйықтайды, сондай-ақ тамаққа да тәбеті белгілі бір уақытта шабатын болады. Екі жасқа қараған баланың жүйке жүйесінің қызу дамуына байланысты сергіту кезеңі ұзарып, күндіз аз ұйықтайды. 1 жастан 1,6 айға дейінгі бала күндіз екі мезгіл ұйықтайды (2,5-1,5 сағат) да, үздіксіз 3,5-4 сағат сергиді. Ал 1 жас 6 айдан кейін күндіз бір-ақ мезгіл (3,5-4 сағат) ұйықтайды, 4,5-5 сағаттан соң сергиді. Бұл топтағы балалардын күн тәртібіндегі өзгеріс сол-екі күн тәртібі жасалады. Әр баланың күн тәртібін белгілеу үшін оның жас ерекшелігі ғана емес, сонымен бірге жалпы дамуы мен денсаулығы еске алынады. Нәзік, денсаулығы нашар, жүйке жүйесінің жұмысы тұрақсыз балаларға ерекше назар аударып, бірінші топта ұстай тұруға болады. Осы кемшіліктері әбден жойылған соң барып, тәрбиеші немесе күтуші дәрігерге айтып, содан кейін ғана күн тәртібі ауыстырылады. Бұл - күн тәртібіне байланысты сәттер. Екі жасқа қараған баланы сергіту едәуір ұлғаяды. 1 жас 2-3 айдағы бала үздіксіз 3-4 сағат, ал 1 жас 6 айдағы бала 4-5 сағат үздіксіз серги алады, сондықтан баланың қызмет әрекетін түрлендіріп, анағұрлым мазмұнды өткізуге болады. Бұл жаста бала, аяғымен жүріп, көбірек қозғалуға тырысады. Ол үшін жағдай жасалып, бөлме ішінен арнаулы орын бөлінеді, түрлі ойыншықтар беріледі, ойынның түрлері көбейеді. Қимылдық ойындарға, дене жаттығуларына, организмді шынықтыруға көп көңіл бөлінеді. Балалардың организмін шынықтыруда киімнің маңызы зор. Киім ыңғайлы, жеңіл және баланың денесіне қонымды, баланың қозғалысына дем алуына кесел келтірмейтіндей болуы керек. Тәрбие жұмысын жоспарлау белгілі бір мақсатқа бағытталады. Балалардың жас ерекшелігі, дене құрылымының дамуы мен жүйкелік-психикалық қызметі еске алына отырып, мына төмендегі міндеттер қойылады: денсаулығын сақтау, денені шынықтыру, негізгі қозғалыс қимылдарын дамыту (жүру, өрмелеу, жүгіру, қол қимылдары), баланың қуанышты көңіл күйін тудыратын жағдай жасау, қарапайым дағдыларды қалыптастыру, үй бұйымдарын, ойыншықтарды ұстауға үйрету, сондай-ақ тілін дамыту, сөйлеуге үйрету, көру, есту, түйсіну арқылы қабылдауын жетілдіру, заттар мен құбылыстар туралы түсініктерін, басқа балалармен қарым-қатынасын дамыту, қарапайым ойлау процестерін, эстетикалық тұрғыда алғашқы көркемдік ұғымдарын қалыптастыру, зейінін тәрбиелеу. Сонымен қатар мынадай нақты міндеттер іске асырылады: 1) балаларды күту және олардың өмірін дұрыс ұйымдастыру, күн тәртібін сақтау; 2) шынықтыру; 3) мәдени-гигиеналық дағдысын тәрбиелеу және оны үнемі жетілдіріп отыру.

М.Ю.Кистяковскаяның зерттеулері арқылы қимыл-қозғалыстың және басқа анализаторлар арасында байланыс құрылуының белгілі бір ізділігі анықталды. Өмірдің екінші айында кинестетикалық және сезім мүшелері анализаторлары арасын­да байланыс орнайды, бұл баланың әр түрлі жағдайларда: етпетінен, шалқасынан жатқанда, тік тұрғанда басын көтеру жә­не ұстау қозғалыстарынан көрінеді. Жас шамасының осы ке­зінде қолдың кинестетикалық анализаторы мен еріннің, ауыз қуысының сілекей қабығында және қолдың терісінде рецепторлары бар дене түйсігі анализаторлары аралығында байланыс пайда болуы мүмкін. Бұл қолдың ауызға бағытталуынан, саусақ сорудан сырттай көрініс береді. Кейінірек қолдың кинесте­тикалық анализаторы мен көру анализаторы арасында байла­ныс орнайды, сол кезде бала қолын бетінен жоғарырақ көтереді және оған көз тоқтатып қарайды. Төртінші айдың соңы мен бесінші айдың бас кезінде әлдеқайда күрделірек көру-кинестетикалық байланыстары пайда болады, соның арқасында бала көзге түскен затқа қол созады және оны ұстайды. Пайда болып жатқан рецептораралық байланыстар күрделі функционалдық жүйелер құрайды, мұның көріністерінің бірі - алуан түрлі қозғалыс болып табылады. Мұның өзінде тиісті сенсорлық нәтижемен аяқталатын қозғалыстар бұрын тұрақтанады. Балалардың күнделікті тіршілігінде қажетті жабдықтар мен құралдардың болуы, жүйелі айналысу қозғалыс дағдыларын жетілдіруге көмектеседі. Мектеп жасына дейінгі балаларда қимыл-қозғалыс анализаторының тез дамитындығы байқалады (H. И. Красногор­ский). Бұл жас шамасында шартты рефлекстер тез қалыптасады, бірақ бірден тұрақтанбайды да баланың дағдылары алғашында тұрақсыз болады. Қозу және тежеу процестері ми қабыршағында оңай тарқап кетеді, сондықтан балалардың назар сала қарауы тұрақсыздау, жауап реакциялары эмоциялық сипатта болып келеді және шаршайды. Мұның үстіне мектеп жасына дейінгі балалардың қозу процестері тежеу процесінен басымдау болады. Сөйтіп, белгілі бір қимыл-қозғалыстық дағдылардың құрылуы және олардың шартты рефлекстер ретінде тұрақтауы, яғни қимыл-қозғалыстық стереотиптің құрылуы үшін қоздырғыштарды қолданудың белгілі бір шамада қайталанғыштығы, бір ізділігі талап етіледі. Белгілі жоспар бойынша өткізілетін дене жаттығулары осындай қоздырғыштар болып табылады. Арнаулы сабақтарды өткізген кезде балалардың еркін қимыл-қозғалыстық әрекетіне жағдай жасау орталық жүйке жүйесінің неғұрлым дұрыс және уақытылы дамуына, демек, бала­ның психикалық және қимылдық жағынан дамуына көмектеседі.

Екі жасқа қараған бала жүру сияқты күрделі қимыл-қозғалыс актіні меңгереді, ал осы жылдың аяғына таман бала жүгіре бастайды. Екі жаста және үш жаста тәрбиелеу және үйрету әсерімен өрмелеу, лақтыру күрделіленеді және сапасы жетіле түседі.

Сәби және мектепке дейінгі жаста дененің жетілуі негізгі көрсеткіштердің - бойдың, салмақтың, бас, кеуде ауқымының дамылсыз өзгеріп отыруымен сипатталады.

Баланың б о й ы өмірінің алғашқы жылында шамамен 25 сантиметрге дейін өседі - бұл мектепке дейінгі кезең ішіндегі ең мол қосу. 5 жасқа таянғанда баланың бойы туғандағы бойымен салыстырғанда екі есе өседі.

Баланың с а л м а ғ ы өмірінің алғашқы жылында үш есе артады (туғандағы салмағымен салыстырғанда), ал бір жастан кейін салмақтың бір қалыпты - жылына 2-2,5 кг қосылып отыратындығы, 6-7 жас шамасында баланың бір жастағы салмағы екі еселенетіндігі байқалады.

К е у д е а у қ ы м ы да біркелкі өзгеріп отырмайды, ол әсіресе алғашқы жылы тез өзгереді, бұл кезде кеуденің ауқымы 12-15 сантиметрге дейін артады. Мектепке дейінгі кезеңнің бүкіл қалған мерзімі ішінде ол осы бір жастағы шамада артады. Кеуде ауқымының көлемі баланың толықтығына, оның денесінің дамуына және дене әзірлігіне (бұлшық етінің, тыныс қызметінің дамуына, жүрек-қан тамырлары жүйесінің дамуына) байланысты болады.

Сәби шақта бас ауқымының өзгеруі негізінен алғанда ми салмағының артумен анықталады, бірақ бас сүйегінде рахит салдарынан өзгеріс болуы мүмкін екенін естен шығаруға болмайды.

Дене жаттықтырудың игі әсері балалар денесінің даму деңгейінен ғана емес (денесінің даму деңгейі төмен балалар санының азаюы, орташа және жоғары денгейде дамудың артуы), дене құрылысының жақсаруынан да (денесі жарасымды дамыған балалар санының артуы) көрінеді.

Балалар сүйек жүйесі үлкендердікіне қарағанда шеміршек тканьге бай. Сондықтан да баланың сүйектері жұмсақ, солқылдақ, жеткілікті түрде қатпаған, оңай майысады және қолайсыз сыртқы факторлардың (балалардың тіршілік қызметі мен жас шамасы мүмкіндіктеріне сай келмейтін дене жаттығулары, баланың бойына сай емес киім, аяқ киім, жиһаз және т. б.) әсерінен дұрыс емес формаға енеді. Екі-үш жастан бастап солқылдық құрамды қалыптасқан сүйек ткані құрыла бастайды. Қаңқаның сүйекке айналу процесі бүкіл балалық шақ бойына бірте-бірте жүреді. Омыртқаның, мойын, арқа және бел бөліктерінде физиологиялық иілістердің қалыптасуы алғашқы жылдан басталады да мектепке дейінгі кезеңнің бүкіл бойына созылады (бала басын ұстай бастағанда, шалқасынан жататын, отыратын, жүретін кездерінде). Балалардың омыртқасы қозғалғыштығымен ерекшеленеді, оның физиологиялық иілістері тұрақты болмайды және бала жатқан кезде тегістеліп кетеді. Қаңқаның жұмсақ массасы оның формасын өзгертетін әсерлерге оңай бейімделгіш келеді: отырған, тұрған, жатқан кезде дененің дұрыс жағдайда болмауы, жұмсақ және дұрыс төселмеген төсеніш, баланың бойы мен дене пропорциясына үйлеспейтін жиһаз. Мұндай кезде дене қалпын дұрыс ұстамау әдетке айналады, тұлға түрі бұзылады, мұның өзі қан айналу, тыныс алу қызметіне теріс әсерін тигізеді, сүйек дұрыс қалыпта өспейді.

Табан күмбезінің қалыптасуы бір жастағы кезден басталады, әсіресе жүре бастағанда қарқынды өтеді де, мектеп­ке дейінгі шақта одан әрі жалғаса береді. Сондықтан мектепке дейінгі шақта сай келетін аяқ киім таңдап алуға (өкшелі), та­бан күмбезінің нығаюы және дұрыс қалыптасуы үшін жаттығулар пайдалануға ерекше назар аудару қажет. Қаңқаның жедел жетілуі бұлшық еттердің, сіңірлердің жә­не буын-сіңірлері аппаратының жетілуімен тығыз байланысты. Кішкентай балалардың буындарының үлкендермен салыстырғанда айтарлықтай қозғалғыш болатындығы олардың бұлшық еттерінің, сіңірлерінің, бунақтарының әлдеқайда солқылдақ екеніне байланысты. Шамадан тыс қозғалғыштық - буындардың былқ-сылқ етіп тұруы - рахит белгілерінің бірі болып табылады. Кішкентай баланың бұлшық ет жүйесі ересек адаммен салыстырғанда әлі жеткілікті дамымаған болады және бұлшық еттік масса бүкіл дене салмағының 25%-ін құрайды, ал ересектерде ол орта есеппен 40-43%-ке тең. Бала қозғалыстарының дамуына қарай бұлшық ет тканінің массасы және жиырылғыштық қабілеті артады. Бұлшық еттер күшінің артуы дене жаттығулары кезінде ширығуды, бірте-бірте өсіре түсумен анықталады. Мектеп жасына дейінгі балалардың жазылдырғыш бұлшық еттері жеткіліксіз және едәуір нашар дамыған, сондықтан баланың тұру қалпы көбіне дұрыс болмайды - бастың салбыраңқылығы, жауырынның қушықтығы, арқаның бүкіреюі, кеуденің солыңқылығы.

Өмірінің алғашқы жылында баланың ж ү р е к-қ а н тамыр жүйесі айтарлықтай морфологиялық және функцио­налдық өзгерістерге ұшырайды. Балалардың жүрегінің салмағы 3-4 жас кезіндегі 70,8 грамнан 6-7 жаста 92,3 грамға дейін артады, соның арқасында жүректің жұмыс қабілеті артады.

Артериялық қысым жас өскен сайын артады: өмірдің алғашқы жылында ол 80-85/55-60 мм сынап бағанасы деңге­йінде болады, 3-7 жаста ең көбі 80-нен 110 мм с. б. дейін, ең азы -50-70 мм с. б. болып өзгеріп отырады. Осымен бірге жүректің жұмыс қабілеті артады, денеге түсетін жүкке үйрену қабілеті жоғарылайды: бұлшық етке түскен стандарттық күшке жауап ретінде жүрек-қан тамырлары жүйесінің көрсеткіштері көлемі төмендейді (жүректің соғуы, артериялық қысым, қан айналымының соғуы мен минуттық көлемі), қайта қалыпқа келу кезеңі қысқарады. Тыныс алу жиі­лігі өскен сайын кеми түседі: бір жастың соңына таман ол минутына 30-35-ке, үш жастың соңына қарай-25-30-ға, ал 4-7 жаста 26-22-ге тең болады. Өсумен бірге тыныс алу тереңдігі және өкпе желдеткіштік 2-2,5 есе, оттегін жұту-2 есе дерліктей артады. Осы мәліметтер балалардың функционалдық мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдейді. Жаттығу процесінде тыныс алу жүйесінің жауап реакциялары жетіледі. Бұлшық етке жүк түскен кезде өкпе желдеткішінің артуы ты­ныс алудың жиілеуінен емес, оның тереңдеу есебінен болып жатады. Өкпе желдеткіші аз болып тұрған кезде де оттегі жұту осы көлемде қамтамасыз етіледі. Мұнымен бірге негізгі қуат бергіш жүйелердің - жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жүйелерінің әлдеқайда үнемді әрекет етуі байқалады, бұл жас ерекшеліктерімен ғана емес, сондай-ақ дене жаттықтырумен айналысқан кезде функционалдық мүмкіндіктердің артуымен де анықталады. Балалар денесінің жұмыс­қа қабілеттілігі дене тәрбиесі ерекшеліктеріне де тәуелді. Өз қарқыны жөнінен әр түрлі қимыл-қозғалыстық режимдер балалар денесі жұмыс қабілеттілігінің әр түрлі деңгейі мен өсуін қамтамасыз етеді. Дене жаттығуларын қолдану болса, ол ағзадан барлық негізгі жүйелер әрекеттерін едәуір үдетуді және үйлестіруді талап етеді, сондықтан әрбір жас кезеңінде даму ерекшеліктерін осыған сәйкес ұйымдастырып, денеге түсірілетін жүкті қатаң түрде мөлшерлеп отыру қажет (мысалы, дене жаттығуларының ұзаққа созылуы, жаттығуларды қайталау саны, олардың қиындығы т.б.). Балалардың әрбір жас кезеңіндегі морфологиялық-функционалдық дамуының ерекшеліктерін білу бала ағзасын жетілдіру үшін дене тәрбиесі құралдарын әлдеқайда тиімді пайдалануға, оның ақыл-ой және дене жұмыс қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.

Перинаталдық онтогенез туралы ғылым. Перинаталдық кезеңдегі дамудың маңызы. Нәресте денсаулығының негізі оның дүниеге келген сәтінен бұрын қалыптасады және көптеген себептермен анықталады. Олардың ішіндегі ең әсерлілері ата-аналарының денсаулығы, ортасы, жүктілік ыңғайының ерекшеліктері болып табылады. Шарананың іштегі даму кезеңі ерекше маңызды. Қозғалу-жыбырлау санымен белгіленетін қаңқа-ет жүйесінің даму дәрежесі ағзаның өзге барлық жүйелерінің даму деңгейімен тығыз байланысты екендігін атап өткен жөн. Осыған байланысты болашақ ананың өмір стилі, оның қозғалыс белсенділігінің деңгейі ұрықтың дамуына едәуір әсер етеді.

Адамның қабілеті негізінен жатырдағы 7 айлық кезеңде қалыптасады. Осы дәлелдерге сүйене отырып, дүниеге келер сәтте біздің тегіне тартушылыққа, мінез-құлық пен ортаның әсерімен қалыптасқан шындыққа (болмысқа) ие боламыз деп қорытынды жасауымызға болады. Ана жатырының өзінде бала өзінің еттерін жаттықтыра бастайды, әйтпесе жарық дүниеге әлсіз, физиологиялық тұрғыдан жетілмеген тіршілік иесі келеді.

Дүниеге келген нәрестеге жәрдемақы сапасын көтеру - халық денсаулығын қалыпқа келтірудің нақты жолы екендігі даусыз. Алайда мезгілсіз өлімді төмендетудің жолы тек осы ғана емес. Болашақ ананың денсаулығын нығайту жүкті әйелдер қаралатын әйелдерге кеңес беру орталығының ғана айналысатын шаруасы болмауы тиіс. Әйел денсаулығын қалыптастыру анағұрлым ерте басталуы тиіс. Болашақ аналар денсаулығының төменгі деңгейі - көптеген акушер-гинекологтерді сары уайымға әкелетіні шындық. Жүктілік пен босану - бұл физиологиялық процесс болғанымен, ол әйел ағзасының барлық функционалдық мүмкіндігін жұмылдыруды талап етеді. Егер олар шектеле қалса, ауытқу әрекеттері туындайды, нәтижесінде ұрықтың қалыпты дамуы бұзылады да, дүниеге келетін нәрестенің өз мәнінде өсуі төмендейді. Осы құбылыстар гормондардың күрделі шоғырларының және ана ағзасында жаңа тіршілікті қалыптастыратын өзге де биологиялық белсенді заттардың өзгерістерінде туындауы мүмкін. Қазіргі кезеңнің ерекшеліктерінің жаңа өмірдің қалыптасуына қалай әсер ететіндігі туралы түсінік әзірше жалпылама ғана (Г.П.Aфанасенко).

Әйелдерге кеңес беретін және мектепке дейінгі мекемелердің ынтымақтастық тәжірибесі денсаулықты қалыпқа келтіру барысына әсер ету мүмкіндігінің бар екендігін дәлелдейді. Олай болса, бала дамуының құрсақтағы кезеңі болып саналатын перинаталдық кезеңге тоқталайық. Ол үшін онтогенез ұғымының мәнін ашу маңызды.

Онтогенез - бұл организмнің пайда болғаннан өмірден өткенге дейінгі жеке даму процессі.

Пре-перинаталдық онтогенез- бұл ұрықтанғаннан туғанға дейінгі, туудан өмірінің бірінші күніне дейінгі өмір (даму). Перинатология-жүктіліктің 28-аптасынан (ұрықтың салмағы 1000 г) бастап туғаннан кейінгі алғашқы 7 күнді қосқандағы аралықты оқып білуге арналған медицинаның бір саласы Перинатология атауы үш сөзден шыққан: peri (греч)-айнала, жанында; natus (лат)- туу; logos (лат)-ілім, ғылым.

Адам өмірін анте, интра, постнаталдық кезеңдерге бөлу белгілі неміс акушері Э.Залинг есімімен байланысты. Ол перинаталдық аурулар мен өлімді төмендету үшін адам өмірінің перинаталдық кезеңін әр түрлі мамандарды тарту арқылы мұқият зерттеуді ұсынды. Бұл 1950-1970 жылдардағы Еуропадағы туудың төмендеуі мен перинаталдық және балалық кезеңдегі өлімнің жоғары көрсеткішіне орай көтерілді. Залингтің идеясын көптеген оқымысты ғалымдар қолдап, 1976 жылы Перинатологтардың Еуропалық ғылыми қоғамы құрылды. Осылайша перинатология әлемге кең қанатын жайды. Ресейде перинатологияның негізін салушылар Н.Л. Гармашева (Санкт-Петербург), Л.С.Персианинов (Москва) және олардың шәкірттері мен ізбасарлары Н.Н.Константинова, Г.М.Савельева, И.В.Ильин, В.М.Сидельникова, А.Н.Стрижаков, А.П.Клрющенков, М.В.Федорова т.б. болды. Перинаталдық кезеңмен бірге перинаталдық психология термині жиі қолданылады. Пре- және перинаталдық психологияны құрудың инициаторы доктор Густав Ханс Грабер (Dr. phil. Gustav Hans Graber), 1971 жылы Венада Перинаталдық психология бойынша халықаралық зерттеу тобын құрды. 1986 жылы Бадгайстенде (Австрия) бірінші перинаталдық психологияның ықпалы девизімен бірінші Халықаралық конгресс болды. Келесі конгрестер әрбір үш жылда өтіп тұрды. 1989 жылдан перинаталдық және пренаталдық психология және медицина туралы халықаралық журнал жылына төрт рет ағылшын, неміс тілдерінде шығарылады. Ресейде бірінші перинаталдық психология және медицина Ассоциациясы 1994 жылы Иванова қаласында тіркелді. 2004 жылдан «Перинатальная психология и психология родительства» журналы шығарылады. Перинаталдық психология бойыншы Ресейдің психологиялық қоғамының арнайы сайты бар.

Перинаталдық кезең - жүктіліктің 22 (154 күн) аптасынан (ұрық салмағы 500г. болған кез) -туғаннан кейінгі 7 күн (168 сағат) аралығы. ВОЗ жіктеуі бойынша кейбір елдерде перинаталдық кезеңді жүктіліктің 22 аптасынан бастайды (ұрықтың салмағы 500 г). Антенаталдық - туу әрекеті басталғанға дейін, интранаталдық - толғақ басталғаннан туғанға дейін, постнаталдық (ерте неонаталдық) - туғаннан оның өмірінің 168 сағатына дейін, кеш неонаталдық - 8 -28 күн деп есептелінеді.

Барлық ересек адам өмірдің бала жарық дүниеге келгенен бастап емес, одан көп бұрын басталатынын біледі.

Ежелгі Қытайда мынадай дәстүр болған: Әйелдің аяғы ауырлаған алғашқы күнінде баланың әкесі болашақ баласымен танысуға салтанатты дайындалған. Ол өзі, өмірі, жоспарлары, баласы, мамандығы, өмірге деген көзқарасы туралы іштегі баласымен әңгімелескен. Егер осы әңгімеден кейін бала ана құрсағында дамып, жалғасып жатса, онда баланың әкесін қабылдағаны деп түсінілген. Егер жүктілік үзілетін болса, баланың ата-анасын қабылдамағаны деп саналған. Бұдан құрсақтағы алғашқы ұрықтану кезеңінің өзінде бала дамуына зор көңіл бөлу қажеттігі байқалады. Адамның дамуы, өмірге келуі, өмір сүруі барысында болып жатқан көптеген жайсыз жағдайлар (бала өлімінің көптігі, бедеулік, жарымжан балалардың өмірге келуі, туудың азаюы, әйелдер денсаулығының төмендеуі, ажырасу, тастанды балалар т.б.), елдегі демографиялық ахуал аталған кемшіліктердің алдын алу жолын іздеуге міндеттеді. Осыған орай Қазақстанда да перинаталдық орталықтар жұмыс жасап жатырдағы ұрықтың қалыпты дамуы, жүктіліктің сәтті өтуі, өмірге дені сау ұрпақ әкелу жолында еңбек етуде. Оның дәлелі Астана, Алматы және облыс орталықтарында ашылған перинаталдық орталықтар. Жоғарыда мысалға келтірілген Қытай аңызы көңілге сенімсіздік әкелсе де, оның артында шындық жатқанын көруге болады. Тіпті өсімдіктің өзі баптап күткенді, аялы алақанды сезіп, жайқалып өседі. Олай болса әйел организмінде ұрықтың негізі қаланғаннан бастап бала кәмелеттік жасқа жеткенге дейінгі күтім, ақыл-кеңес, тәрбие мен білім бала дамуының ең басты шарттарының бірі болатындығы даусыз.

Қазақстанда бұл салада атқарылып жатқан жұмыстар баршылық. Аталған кезеңдегі даму үшін арнайы мамандар, перинаталдық орталықтар, кеңес беру орталықтары, тренингтік орталықтар т.б. жұмыс жасауда. Оларда төмендегідей жұмыс түрлері ұсынылған:

  • Отбасымен әңгіме

  • Рөлдік ойын

  • Кеңес беру

  • Психотренингтер

  • Дәрігерлік, психологиялық диагностика

  • Дене жаттығулары т.б.

Жүктілік-әйелдің қосымша физикалық және психикалық күшін талап ететін ерекше жағдай. Босануға дайындалуда болашақ аналар мен сәби үшін пайдалы іс істеу парыз. 9 ай ішінде әйел адам өзінің күшін, ерік-жігерін көтеріп, үнемі формада болу керек. Осы мақсатта босануға жан-жақты дайындалу үшін жүкті әйелдерге арналған бағдарламалар құрылған. Олардың мазмұны төмендегідей жұмыстарды қамтиды:
-Жүктілер үшін АКВААЭРОБИКА

-Болашақ аналарға арналған АКВА-ЙОГА

-Жүктілер үшін сауықтыру кешендері

-Жүктілер үшін ФИТБОЛ

-Жүктілер үшін ПИЛАТЕС

-Жүктілер үшін ЙОГА

-Жүктілікке арналған гимнастика

-Жүкті әйелдер үшін арнайы массаж

Төмендегідей тақырыпта жүкті, ана болуға дайындалып жүрген әйелдерге арнайы курстар ұйымдастыруға болады:

«Саналы ата-аналыққа дайындық», «Сіз қандай ата-анасыз?», «Ата-ана, бұл сіздер үшін», «Салауатты өмір салты», «Қалай жүктілікті көтеруге болады?», «Бала тәрбиелей білесіз бе?», «Бала көтеруге дайындық», «Жүктілік кезіндегі дене дәрбиесі немесе дене шынықтыру» т.б.
Сонымен бірге, ұрықтың даму кезеңінде төмендегідей міндеттер шешілуі қажет:

  1. Баланың тіршілік ету қызметі мен жүктілік кезеңде оның денсаулығын қалыптастыру мәселелері бойынша болашақ ата-аналардың білім-түсінігін кеңейту.

  2. Ана денсаулығын сақтау, қалыпта ұстау және бала қабілеттерін дамытуға (дене жаттығуларымен, өнертапқыштық қызметпен, музыкамен, баламен калай қарым-қатынас жасауды үйрену мәселесі бойынша психологпен жиі пікірлесу) бағытталған оқулар ұйымдастыру.

  3. Баланың даму дәрежесіне бақылау ұйымдастыру.

  4. Анаға қажетті психологиялық көмек көрсету.

  5. Дүниеге келген нәресте мен емшек баласына дене жаттығулары мен сылап-сипауды жасау әдістерін ата-аналарға үйрету.

Перенаталдық кезеңдегі дамудың адам өмірінде алатын орны ерекше. Өйткені, жан-жақты дамыған, саналы да білімді, тәрбиелі ұрпақ жарқын болашақтың кепілі.



© 2010-2022