Кәсіби қауымдастық бойынша аукцион жоспары

11сәуір 2015 жыл Кәсіби қауымдастық бойынша аукцион жоспары Тақырыбы: «Кел үйренейік» Жалпы мақсат: 1.Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауын жетілдіру және шығармашылық қабілеттерін дамытуда 7 модульді тиімді пайдалану жолдары бойынша тәжірибе алмасу , қиындықтарды шешу жолдарын үйрену Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері: Сабақтағы кездесетін кедергілерді жою жолын үйренеді. Негізгі идеялар: 1. Тәжірибесі терең, дидактикалық материал...
Раздел Завучу
Класс 11 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

11сәуір

2015 жыл

Кәсіби қауымдастық бойынша аукцион жоспары

Тақырыбы:

«Кел үйренейік»

Жалпы мақсат:

1.Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауын жетілдіру және шығармашылық қабілеттерін дамытуда 7 модульді тиімді пайдалану жолдары бойынша тәжірибе алмасу , қиындықтарды шешу жолдарын үйрену

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері:

Сабақтағы кездесетін кедергілерді жою жолын үйренеді.

Негізгі идеялар:

1. Тәжірибесі терең, дидактикалық материалға қоржыны толы әр мұғалімнің еңбегін бағалау, ісін дәріптеу

Сабақта қолданыла-тын материалдар

1. Флипчарт

2.Стикер

3. АКТ

4. Смайлик

5. Маркер

6. Ноутбук

Оқыту әдістері:

Жаңа әдістер

АКТ

СТО

1. Диалог

2. Жеке жұмыс

3. Топтық жұмыс

Дерек көздері:

Стандарт, оқулық, әдістемелік нұсқау хат, ҚМЖ,ҰМЖ

Тапсырма-лары:

Топқа бөліну , топтық жұмыс , шығармашылық есеп















І. Тапсырмалар

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

І. Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу

(3 мин)

  • Мұғалімдерге психологиялық ахуал мақсатында "Шаттық шеңберін " жасау

Ізгі тілектер айту

ІІ. Топқа бөлу

/ 5 минут/



  • Мұғалімдер ән жанрлары бойынша топқа бөлінді

«Армандастар » әнінің бір

шумағы берілген. Соны әр

жанрда айту

  • І топ - Халық әні

  • ІІ топ- Лирикалық әндер

  • ІІІ топ - Реп жанры

Топқа бөлінеді

ІІІ. Ой қозғау

«Кел табайық»

(20 мин.)

Топтық жұмыс


  • Мұғалімдерге әр топ бойынша ой қозғау мақсатында жәрмеңке ұйымдастырылды . Жәрмеңкеде аукционға әр түрлі заттар қойылды.

/Қолдан жасалған көрнекіліктер , оқу құралдары , стикер, смайлик, маркер , бор т.б/

Әр топ жасырынған затты сатып алу керек . Бастапқы бағасы 1000 тенге

VІ.Сергіту сәті

Белсенді орындау

V. «Сен маған , мен саған »

/20 минут/

  • Топтағы әр мұғалім өздерінің ҚМЖ,ҰМЖ, коучинг сессия жоспарларын, таныстырылымдарын, жасаған көрнекіліктерін аукционға салып сатты.

Мақсаты : тәжірибе алмасу

Бастапқы бағасы 1000 тенге

VІІ. Зерттеушілік немесе ізденушілік кезең

«Менің жұмыс нәтижем»

Жеке жұмыс

  • Мектептер өздерінің жасап жатқан жұмыстарының жетістіктері мен нәтижелерін айтып шығармашылық есеп берді.

Шығармашылық есеп

VІІІ. Қорытынды кезеңде мұғалімдер бүгінгі өткен аукционға өз пікірлерін айтты

Эдвард де Боно "Ойлаудың алты қалпағы "

Ақ қалпақ - адалдық шындық белгісі.

Қызыл қалпақ - Эмоция, интуиция, сезіну

Сары қалпақ -оптимизм, сәулелі өмірге талпыныс , жетістіктер мен пайдалы нәрсе туралы

Жасыл қалпақ- жаңа идея, альтернативті ойлар

Көк қалпақ- байсалды да байсалды сабырлылық, Идеяларды қорыту, күтілетін нәтижелерді ойластыру, болашаққа бағдар.

Қара қалпақ- ақиқатты көру, сақтану, келесі де алдын алуға ұмтылу

Өз ойларын нақты жеткізу

Бағалау

Аукцион қорытындысы бойынша

ІІ топ - лирикалық әндер тобы ең үздік көрсеткіш көрсетті

Рефлексия

(5 мин.)

Кері байланыс

  • Коуч мұғалімге кері байланыс жасайды

Тақтаға стикерді смайликтің жанына жабыстыру.



© 2010-2022