Ізденіс арқылы табысқа жете біл

Раздел Завучу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ізденіс арқылы табысқа жете біл!


Қазақстанның болашағы -білімді ұрпақ, осы ұрпақты білім нәрімен сусындатып, болашақ үлкен өмірге бағыт-бағдар беретін, жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкірт жандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық - ұстаздық мамандық. Осы бағытта жұмыс жасап жүрген, білім мен тәрбиені қатар үндестіріп келе жатқан, тағылымға толы білім ошағы Талғар қаласындағы №7 жалпы білім беретін шағын орталығы бар лицей орта мектебі.

Мектептің білім беру саласын заман талабына сай дамытып, ұжымын жаңа бағытқа жетелейтін, білім беру саласындағы өзгерістерді тиімді қолданып, оқушыларын терең білім мен ғылымға құштар етіп бағыт беріп келе жатқан Ы.Алтынсарин медалінің иегері, Білім беру ісінің үздігі, мектеп басшысы Агильская Такура Айдарбекқызының еңбегі зор.

Мұғалімнің кәсіби білігін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту, озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеп-тарату, оны жетілдіріп отыру мектептің әдістемелік жұмысының дұрыс ұйымдастырылуына тікелей байланысты. Мектебімізде әдістемелік жұмыстарды үйлестіретін әдістемелік кеңес жұмыс істейді. Әдістемелік кеңестің функциясы: мұғалімдердің педагогикалық біліктілігі мен теориялық деңгейлерінің артуына ықпал етіп, нақты әдістемелік көмек көрсету.

Мектептің әдістемелік кеңесі мына бағыттар бойынша жұмыс істейді:

1. Пән бірлестіктерінің жұмысы;

2. Шығармашылық топтың жұмысы;

3. Мұғалімдердің біліктілігін көтеру;

4. Пән апталықтарын өткізу;

5. Мұғалімдерді аттестаттау;

6. Озық педагогикалық тәжірибені қалыптастыру, қолдану және тарату. Осы бағыттарда жұмыс істейтін мектеп ұжымының шығармашылық нәтижесі пән бірлестіктерінің жұмыстарын дұрыс ұйымдастырып, бағыт-бағдар беру арқылы өз нәтижесін беріп отырады. Соның айғағы ретінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Бағысованың ұйымдастыруымен 20.02.2015ж.күні мектебіміздегі пән бірлестіктерінің кәсіби білімі жоғары, шығармашылықпен жұмыс істейтін, ізденімпаз, ұйымшыл, үздік пән бірлестіктерін анықтау мақсатында «Ең үздік бірлестік-2015» байқауы өтті.

Байқау 5 кезеңді қамтыды:

  1. Таныстыру (топтың 1 жылдық жұмыс көрсеткіштерін презентация, бейнефильм арқылы көрсету);

  2. «Үлгілі ашық сабақ»

  3. Педагогикалық ринг (сұрақ-жауап)

  4. «Мектеп өмірінен үзінді» (топтық жұмыс 5-7 мин)

  5. Пән бірлестіктерінің шығармашылық лабораториялары

«Сабақ беру - үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жетілдіруді қажет ететін, үнемі жаңаны табатын өнер»,- деп Ж.Аймауытов айтқандай жаңаша ізденіспен қатысушыларға әр түрлі сабақ типтері жеребе арқылы анықталып, ақпан айының 18-19 күндері аралығында әр пән бірлестіктері таңдап алынған сабақ түрлерін негізге ала отырып «Үлгілі ашық сабақ» кезеңі бойынша сабақтарын өткізді. «Ең үздік сабақ» номинациясын анықтау мақсатында және сабаққа қатысу, талдау үшін арнайы комиссия мүшелері құрылып, өз нәтижелерін шығарды. «Эстетикалық пәндер бірлестігінің» мұғалімдері өткізген «Жайлауда» тақырыбындағы кіріктірілген сабағы үздік деп танылып, «Ең үздік ашық сабақ» номинациясын иеленді. Пән мұғалімдері музыка пәнінің мұғалімі Г.Асқарбекова, технология пәнінің мұғалімі А.Орымбаева, бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі К.Кенжебаева, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Болатбаев сабақ барысында оқушыларды шығармашылыққа баули отырып, әсемдікке, елін-жерін сүюге тәрбиелейтін, салауатты өмір салтын ұстана білетін тұлғаны қалыптастыру мақсатында жұмыс жүргізіп, өздері іздену арқылы оқушыны да іздендіре түсті.

Ізденіс арқылы табысқа жете білІзденіс арқылы табысқа жете біл



Жарыстың келесі бөлімдері бойынша өз өнерлерін көрсеткен бірлестік ұжымдары ұстаз болуды әркім өз деңгейінде атқара біліп, жанының кең, жүрегінің жұмсақ болуы, мамандығын сүйетін, шынайы еңбек иелері екендігін айқындай түсті. Әр топ мүшелері өз білімдерін үздіксіз жетілдіріп отырып, үнемі ізденіс үстінде жүретіндігін «Педагогикалық ринг» бөлімінде дәлелдей түсті. Осы бөлім бойынша әр қойылған сұраққа ғылыми тұрғыда дұрыс жауап бере білген ұстаз политехникалық пәндер бірлестігінің мүшесі Рашаева Мейрамкуль Жайқожақызы «Білімді ұстаз» номинациясын иеленіп, биіктен көріне білді.

Ізденіс арқылы табысқа жете біл

Ізденіс арқылы табысқа жете біл


Ұстаз бойында барлық қасиеттер дарыған. «Орыс тілі мен шет тілдер» және «Бастауыш сыныптар» бірлестік ұжымы осы қасиеттерді өнер мен білімде қатар, өз өмірінде, өмір театрында шебер қолдана біліп «Мазмұнды қойылым», «Өнерлі топ» номинациясын жеңіп алды. Бірлестік жетешілері Сартова Валентина Кеңесқызы, Жұматаева Меруерт Нұршатқызы.

Өз іс-тәжірибелерінде ақпараттық технологиялардың барлық мүмкіндігін пайдалана білген, бір жылдық жұмыс нәтижелерін мазмұнды жоспарлап «Политехникалық пәндер бірлестігі - білім көкжиегінде» тақырыбындағы деректі фильмі сайыстың «Үздік бейнефильм» номинациясына ие болды. Бірлестік жетекшісі жоғары санатты физика пәнінің мұғалімі, «Шапағат» медалінің иегері Тоқанбаева Тамара Әбдіғұлқызы.

Ұстаздық қызметті атқара жүріп, өздерінің аса жоғары ұйымдастырушылық қабілеттерін, әдістемелік жұмыстарды тиімді жүргізе алатын, шығармашылық ізденіс пен даму биігінен көрінетін бірлестік ұжымдарының үш күн көлемінде өткізілген «Ең үздік бірлестік-2015» байқауының қорытындысы бойынша мектебіміздің «Бастауыш сыныптар» бірлестігі «Бас жүлдені», политехникалық пәндер бірлестігі І орынды, қазақ тілі мен тарих пәндер бірлестігі ІІ орынды иеленді. Жеңіске жеткен топтарға мектеп директоры Такура Айдарбекқызы: «Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан жан-жақты, үнемі ізденіс үстінде шығармашылықпен еңбек етуді басты мақсат ретінде қойып, елін, жерін сүйетін, білімді ұрпақты тәрбиелеуде талмай еңбек етулеріңізге тілектеспін»,-деп қорытындылап, жеңімпаздарға марапаттау қағаздары мен арнайы сый-сыяпаттарын табыс етті.

Сөзімнің соңын Махатма Гандидің мына сөзімен аяқтағым келіп тұр: «Егер сен болашақтағы өзгерісті көргің келсе - осы өзгерісті өз уақытыңда жаса» деген екен. Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі болып жатқан үлкен өзгерістер еліміздің болашағына, оны жүзеге асыруда талмай еңбек етіп жүрген Біз бен Сіздерге толағай табыстар әкелетініне сенімдімін.Халқымыздың мәртебесін көтеріп, мерейін үстем қылатын білікті ұстаздар. Болашақ ұрпақты тәрбиелеу жолында білімі мен тәжірибесін ұштастырып, еліміздің болашағы үшін еңбек етіп жүрген мектебіміздің ұстаздар қауымына шығармашылық табыс тілеймін!

Ізденіс арқылы табысқа жете біл

Ізденіс арқылы табысқа жете біл





Ізденіс арқылы табысқа жете біл







© 2010-2022