Ата-анаң-алтын тұғырың сабақ жоспары

Раздел Завучу
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Бекітілді: ________ оқу ісінің меңгерушісі

Мектеп Қаракөл орта мектебі

Күні: 23.01.2016ж

Тақырыбы: Ата-анаң - алтын тұғырың

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Мейірімділік, қамқорлық

Мұғалім: Суатова Тогжан Болатовна

Сыныбы: 11а ә Оқушы саны 10; 20

Мақсаты:

«Ата-ана» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Ата-анаға деген сүйіспеншілік сезіміне, ата-ананы құрмет тұтуға үйрету;
- Ата-ананы қадірлеу, ардақтау, ата-ананың үмітін ақтауға баулу;
- Махаббатқа, мейірімділікке, қамқорлыққа, тәрбиелеу.

Ресурстар

(құралдар, мәліметтер)

«Өзін-өзі тану» оқулығы, дәптер, күн суреті, жүрекше, ақ қағаз, маркер

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. 5-Т Тыныштық сәті. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Нұр сіздің жүрегіңізге қайта оралды. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Мен нұрлы адамға айналдым.

Үй тапсырмасын тексеру

Ғ.Мүсірепов

Ақлима

-бала анасына деген махаббатын қалай жеткізеді?

- өзгенің баласын өзінікіндей сүю кез келген ананың қолынан келе ме? Неліктен?

Дәйексөз

Әке-асқар тау
Ана-ағып жатқан бұлақ
Бала-жағадағы құрақ

Халық нақылы

Мұғалім сыйы

Бала тәрбиесiнде отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзi баланы өмiрге келтiру ғана емес, оған мәдени - әлеуметтiк ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжiрибесiн бойына сiңiру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етiп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжiрибесi, өмiрдегi беделi, ақыл-кеңестерi, ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы, бiр-бiрiн құрметтеуi - үлкен тәрбие мектебi. Бала дүниеге келген күннен бастап ата-ананың ықпалында болып, өмiрге бағыт берушi тәрбие мектебiнен нәр алады.
"Қатты тәртiп көрсе бала күнiнде,
Өнерiмен қуантады түбiнде.
Бала ненi бiлсе жастан, ұядан-
Өле-өлгенше соны таныр қиядан.
Өнер - бiлiм берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан,
Ата - анадан өсiп ұрпақ тараған,
Жақсы-жаман болса, бала - соларда",1 деп, ХI ғасырда Жүсiп Баласағұн айтқандай, ата-аналар балаларының жеке ерекшелiктерiн жас күннен танып, соған қарай бағыт - бағдар, тәрбие берудiң маңызы ерекше. Ата-ана балаларына жақсы тәрбие беруде қоғам алдында жауапты. Сыйластық, түсiнiстiк, үлкен жауапкершiлiк сезiмдерi бар отбасы - бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың балаларының өзара қатынасы мазмұнды, берiлген тәрбие сiңiмдi және негiздi.

Шығармашылық жұмыс

  • «Ата-анам - берік қорғаным» тақырыбына эссе жазыңдар.

Топпен ән айту.

«Ана туралы жыр»

сөзі Ғ. Қайырбековтікі,

әні: Ш. Қалдаяковтікі
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың,
Қанатын самғаған.
Балалық құштарым,
Өзіңе арнаған.
Қайырмасы:
Әлдилеп аялап,
Өсірген жемісің,
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сабимін.
Көңіліңді көктемдей,
Көзіңнен тангимын.
Өтеуге борышым,
Анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін,
Әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын,
Сыйлар ем, кеш мені.
Сыйлар ем ай, күнін,
Қолыма түспеді.

Үй тапсырмасы

Б.Соқпақбаев

Менің атым-Қожа

Соңғы тыныштық сәті

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Бекітілді: ________ оқу ісінің меңгерушісі

Мектеп Қаракөл орта мектебі

Күні: 30.01.2016ж

Тақырыбы: Ата-анаң - алтын тұғырың

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Мейірімділік, қамқорлық

Мұғалім: Суатова Тогжан Болатовна

Сыныбы: 11а ә Оқушы саны 10; 20

Мақсаты:

«Ата-ана» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-Ата-анаға деген сүйіспеншілік сезіміне, ата-ананы құрмет тұтуға үйрету;
-Ата-ананы қадірлеу, ардақтау, ата-ананың үмітін ақтауға баулу;
- Махаббатқа, мейірімділікке, қамқорлыққа, тәрбиелеу.

Ресурстар

(құралдар, мәліметтер)

«Өзін-өзі тану» оқулығы, дәптер, күн суреті, жүрекше, ақ қағаз, маркер

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. 5-Т Тыныштық сәті. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Нұр сіздің жүрегіңізге қайта оралды. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Мен нұрлы адамға айналдым.

Үй тапсырмасын тексеру

Б.Соқпақбаев

Менің атым-Қожа

  • Әкенің адам өмірінде алатын орны қандай?

  • «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деген мақалдың мағынасын қалай түсінесің?

Дәйексөз

Атасы тұрып, ұлы сөйлегеннен без,

Анасы тұрып, қызы сөйлегеннен без. Мақал сөз

Мұғалім сыйы

Ата-ана бала тәрбиесiне ерекше мән беруi қажет. Ана- бала тәрбиесiндегi ерекше тұлға. Тәрбиенiң негiзi "ананың әлдиiнен" басталады емес пе?!
Абай қазақ әйелiнiң, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, " адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтiнен жаралған" деген ғұламалық ойды тарата келе, ол қасиеттердiң мiндеттi түрде тәрбиеленуi қажеттiгi туралы айтады. Абай жетiншi қара сөзiнде былай дейдi: "Жас бала анадан туғанда екi түрлi мiнезбен туады. Бiреуi iшсем, жесем, ұйықтасам деп туса, бiреуi-бiлсем екен демектiк. Не көрсе соған талпынып, жалтұр-жұлтыр еткен болса, соған қызығып, аузына салып, дәмiн татып, тамағына, бетiне басып қарап, сырнай, керней болса дауысына ұмтылып, онан ер жетiңкiрегенде ит үрсе, мал шуласа да, бiреу күлсе де, бiреу жыласа да тұра жүгiрiп, "ол немене", "ол неге үйтедi", " бұл неге бүйтедi" деп, көзi көрген, құлағы естiгеннiң бәрiн сұрап, тыныштық көрмейдi. Мұның бәрi өмiрге жаңа келген нәрестенiң жан құрамы, "бiлсем екен, көрсем екен, үйренсем екен" дегенi».

Шығармашылық жұмыс

Ата-анаңның үмітін қай кезде ақталады?

Топпен ән айту.

«Әке туралы жыр»

с. М.Шаханов

ә. Н.Тілендиев

Жас едім өмірге еркін бойламаған

Күні ертең не боларын ойламаған

Шарықтап кетсем

Дағы қанат қағып

Өзіңдей қамқор әке қайда маған

Шарықтап кетсем

Дағы қанат қағып

Өзіңдей қамқор әке қайда маған

Жан әке, шертіп сезіп

Домбырасын

Кеудемді қуанышқа толтырасың

Арманның асқарына құлаш ұрсам

Алдымда асқар тау боп

Сен тұрасың

Арманның асқарына құлаш ұрсам

Алдымда асқар тау боп

Сен тұрасың

Бұл күнде мен де

Өзеннің арнасымын

Кім мөлдір болса

соның жолдасымын

Қуан сен, қуана бер, әкетайым

Мен сенің өміріңнің жалғасымын

Қуан сен, қуана бер, әкетайым

Мен сенің өміріңнің жалғасымын

Үй тапсырмасы

А.Әбдіразақов

Ағайын

© 2010-2022