БІЛІМ БЕРУДЕГІ ӨЗГЕРІС - ЗАМАН ТАЛАБЫ

Раздел Завучу
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ӨЗГЕРІС - ЗАМАН ТАЛАБЫ


Ел мен елді, халық пен халықты теңестіретін - білім

Мұхтар Әуезов

Маңғыстаудың жері кең байтақ, киелі болса, тарихы да соншалықты ауқымды. Ал білім ошақтары туралы сөз болса, сол мол тарихтың қатпар - қатпар бір тіні тарқатыла жөнелер еді...

ХІХ ғасырдың орта шенінен бастау алған сол мектептің шежірелі парақтары бізге өткен тарихымыздың талай-талай тылсым сырларын ақтарары сөзсіз. Бұл мектептің қабырғасынан есімдерін алты алаш құрметтеген қабырғалы қайраткерлер шықты, ғылым мен өнердің көрнекті өкілдері түлеп ұшты. Бұл мектепте халқымыздың талантына туған сондай перзенттерінің қанаттарын біліммен қатайтып, буындарын тәрбиемен бекіткен тамаша ұстаздар еңбек етті.

Түбектегі 140 жылдан астам тарихы бар ең алғашқы мектеп - А.М. Горький атындағы мектеп-лицейі. Кеше ғана «Тарих көшіндегі сара жол ...» атты 140 жылдық айтулы мерейтойын үлкен қуанышпен атап өтті. Ұлы көштен қалыс қалмай, 140 жылдық мектептің бастау алар тарихы тереңде жатыр....

Мектептің ең алғашқы іргетасы Николаевск станицасында қаланған.

Форт-Шевченко қаласының мұражай-кешенінде мынандай құжат сақталыпты: «1872-1873 жылдары станица қоныстанушылары өз мектебі болмағандықтан 16 баланы астаналық мектептерге оқуға жіберді. Бірақ, қаражат тапшылығынан балалар мектепте өз білімдерін жалғастыра алмаған. Мектеп құрылысына рұқсат алған соң қоныстанушылар құрылысты бастап кетті.Жыл аяғында мектеп дайын болды. 3 қыркүйек - мереке болып жарияланды. Ашылу салтанатына пристав Ломакин қатысты. Николаевск кентінде, Армян слобадасында тұрақты жұмысшылар: жүк тасушылар, ұста қазақтар, өз балаларын орыс мектебіне оқуға берген».

Мектеп станица қаржысы есебінен жұмыс жасаған. Оған жергілікті кәсіпкер Захар Дубский көп үлес қосқан. Ең алғашқы және мұғалім - Жданов болған. 1874 жылы мектепте 23 оқушы оқыпты. Ал 1889 жылы оқушы саны - 100-ге жеткен, көбісі - қазақ және түркімен балалары екен. Соловьев пен Островский есімді азаматтар ұстаздық қызмет атқарған. 1920 жылы Баутинде алғашқы кеңес мектебі болып ашылды.

1932 жылы мектепке А.М. Горький атағы берілген.

Николаевск станицасының діни мектебінің, кейін Гори қаласының Закавказье мұғалімдер семинариясының түлегі Дмитрий Сергеевич Рюмков 1939 жылы осы мектептің директоры болып тағайындалады, осы жылы халық ағарту ісіндегі табыстары үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. Алғашқы қазақ тілі сабақтарын жүргізудің бастамашысы болған.

Тарих беттеріне көз жүгірте отырып, қазіргі таңдағы мектеп тарихына шолу жасасақ ....

Бір ғасырды артқа тастап, мектебіміз 1989 жылы жаңа ғимараттан орын тепті.

2008-2009 оқу жылдары А.М.Горький атындағы орта мектебіне «лицей» статусы берілді. Осы жылдардан бастап мектеп тек орыс тілінде ғана білім беріп қана қоймай, лицей сыныбы қатарына 5-ші сыныптан бастап қазақ тілінде оқытылатын сыныптар ашылды. Ең алғашқы лицей сыныбын бітіруші түлектеріміз - 2014-2015 оқу жылының еншісінде. Лицей жаратылыстану-математика бағытында білім береді.

Ұлағатты ұстаздан тәрбие алып, қоғамдық қайраткер, ұлы тұлға болып өскен өмірін дұрыс бағытқа бейімдеген, көркейткен, киелі қара шаңырақтан білім алып, өмірге қанат қаққан шәкірттер - аяулы мектебінің мақтаныштары. Ал мектептің бетке ұстар шәкірттерінің саны жыл сайын артып келеді.

2014-2015 оқу жылында 1-11 сыныптар аралығында - 635 оқушы білім нәрімен сусындаса, МАД тобында - 113 бүлдіршін тәрбиеленуде. 1-4 сынып аралығында - 303, 5-11 сынып аралығында - 332, ал лицей сыныбы қатарында - 230 оқушы білім алуда.

«Ұстаз» - құрметті сөз. Ол - адамдардың өмірге көзқарасын, бір-біріне деген сый, құрмет сезімін қалыптастыратын, білім мен тәрбиенің ұрығын шашатын, адамгершіліктің нұрын төгетін адам. Ұжымда өмірін шәкірт тәрбиесіне арнаған ұстаздардың қатары көп ...

Биылғы оқу жылында - 55 педагог ұстаздық қызмет атқаруда, соның ішінде жоғарғы білімдісі - 44, аяқталмаған жоғары - 1, арнаулы орта - 11.

Жыл сайын ұжым өз білімдерін көтеруде аянбай тер төгіп келеді. Әр күндері ізденіске толы. Тоқталып өтсек, мұғалімнің сапалық құрамы төмендегідей: жоғарғы санатта - 12, І санатта - 16, ІІ санатта - 15 мұғалім.

«Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес...» деп, Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, қазіргі таңда дәстүрлі сабақтар арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мүмкін еместігі белгілі, сондықтан озық технологияларды сабақтарда пайдалану - мұғалімнің шеберлігі ғана емес, заман талабы. XXI ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ, қазіргі заманда егеменді еліміз, тәуелсіз жеріміздің болашағы өсіп келе жатқан ұрпақ қолында. Сол ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздар сан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануда. Мұғалімдер алдында білім жүйесін заман талабына сай үйлестіре жүргізу және жаңа талаптар қойылуда. Яғни, бұл дегеніміз - мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын құру болып табылады.

Жаңаны жатсынбай, кәсіби деңгейін дамытуда мектептің 17 мұғалімі педагогикалық шеберлік деңгейін көтерді, педагогикалық шеберлік орталығында өз білімдерін дәлелдеп, ІІ және ІІІ деңгейдің сертификаттарына ие болды.

Жалпы педагогикалық шеберлік орталығы қызметінің басты мақсаты - Қазақстан Республикасының педагогика саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, сонымен қатар Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріне Назарбаев Зияткерлік мектептері мен шетелдік озық педагогикалық тәжірибелерді тарату болып табылады.

Педагогикалық шеберлік орталығы қазақстандық және халықаралық серіктестерімен бірге Қазақстан Республикасының педагогика саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының деңгейлік бағдарламаларын құрастырды (бірінші (жетілген), екінші (негізгі), үшінші (базалық)).

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген сөз де орынды айтылған. Баланың бойындағы шынайы білім, біліктілік дағдылары, мінез-қалпы, шарапаттылығы жақсы ұстаздан қалған әдет болса керек. «Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға», -деген Абай сөзін өмірлік қағидасы еткен ұстаз әрдайым құрметті.

Осы орайда ұстазынан нәр алып мектебіміздің жарық жұлдыздарына айналған, мектеп мәртебесін әрдайым биікке көтеріп, әр түрлі білім додаларында, шығармашылық жарыстарда оқ бойы озған, облыс, республика көлемінде жүлделі орындар иеленген оқушыларымызбен мақтана аламыз.

Мақтанышпен атап өтсек: химия саласынан ғылыми жобаны қорғап оқушыларымыз - әр түрлі тақырыпта халықаралық, республикалық, облыстық деңгейлерді бағындырды. Қисаева Ақгүлдің - "Практикалық жұмыстарда химиялық қалдықтарды қайтадан өңдеп іске асыру жолдары" атты жұмысы - халықаралық деңгейде Венгрия қаласында қола жүлдені иеленді. Тұрғанбаева Гүлдананың - "Памперстің құрамы, бала ағзасына тигізетін зияны" атты ғылыми жұмысы облыс көлемінде - ІІІ орын, республика көлемінде - ІІ орын иеленді. Ал Жапаров Шойынбай, Шораев Еділбай сынды түлектеріміздің "Ақкетік жер асты суы: оның құрамы, адам ағзасына тигізетін әсері." атты ғылыми жобасы республика көлемінен - ІІ орын алды және осы жоба ауданымызды таза ауыз сумен қамтамасыз ететін құбырды орнатуға түрткі болды. Сонымен қатар, Қарабасова Алия сынды түлегіміз - сүйікті мамандығын химия пәнімен ұштастырып, Германия еліне магистратураға түсіп, оны үздік аяқтап өз мамандығының білікті маманы атанды. Ал 2006-2014 жылдарында химия пәнінен пәндік олимпиадаға қатысқан оқушыларымыз - облыс кезеңінің ІІ, ІІІ орын иегерлері. Осындай су түбіндегі асыл тастарын сүзіп жарыққа шығарған ардақты ұстаз, - Таңбаева Есенбибі Темірханқызының еңбегі ұшан-теңіз.

Болашағынан мол үміт күттіретін жас маман Шопанова Айболған Ізбасқанқызының аз уақытттың ішіндегі шәкірт тәрбиесіндегі еңбегі бір төбе. Ұстаздың Бақытова Әсел деген шәкірті - облыстық Кіші Ғылым Академиясының ғылыми-теориялық конференциясында "Қазақша ай атауларының халық танымындағы маңыздылығы" атты жобасы - ІІ жүлделі орынды иеленді және дарынды оқушы мұнымен шектеліп қана қоймай, Астана қаласында өткен "Тілші болғым келеді" атты республикалық медиа -форумның сертификатына ие болды. Сонымен қатар, Ибрагим Айнагүл, Нәубетова Раушан сынды шәкірттері патриоттық тақырыпқа арналған республикалық шығармалар байқауына қатынасып арнайы сертификатпен марапатталды, тағы да ұстаз еңбегін еселей түсті.

Жас та болса, өз мамандығының шебер майталманы, теориялық білімі терең, шәкірт тәрбиесіне шынайы жаны ашитын физика пәні мұғалімі - Еркмалиев Дамир Қанатұлы - ғылымның алып шыңын өзіне бағындыруда... Шәкірті - Бақытжанв Әділет "Зерде" ғылыми-зерттеу және шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңінен- І орын, республикалық кезеңінен - ІІ орын иеленді.

Мектебімізде өзге ұлт арасында қазақ тілге деген құрмет жоғары. Оған дәлел: оқушымыз - Абдрахманова Эльмира - қазақ тілі пәнінен облыстық олимпиаданың ІІ орынын иеленіп, республикалық олимпиададан "Ең үздік ауыл оқушысы" номинациясымен марапатталды және облыстық "Жарқын болашақ" олимпиадасының І орын иегері атанды. Ал Харисов Роберт сынды оқушымыз - республикалық қазақ тілінен онлайн олимпиаданың - І орын жүлдегері. Сонымен қатар, облыстық "Жарқын болашақ" олимпиадасының ІІІ орын жеңіпазы. Халықаралық деңгей бойынша - Қ.Бітібаева атындағы олимпиадаға қатысушы. Дарынды оқушылардың бағбан ұстазы - талабы жоғары, өз ісінің хас шебері қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - Кидирова Гүлшат Сәрсенқызы.

Ән-би байқаулары да біздің мәртебемізді асқақтатты. Шәкіртіміз - Сұлтанова Ләззат - республикалық "Айгөлек" балалар мен жасөспірімдер байқауынан І орынды иеленді және "Аялаған Астана" атты республикалық байқауға қатысып лауреат атанды. Жасөспірімдер аралығы бойынша Маңғыстау облысының "Үздік әншісі" номинациясымен марапатталды.

Кеше ғана өткен республикалық "Жас Дарын" ән-би байқауында - оқушыларымыз - Қайырбаева Сандуғаш, Тұрсынбек Анель "Алхыс хат" иегерлері атанды. Аталған екі оқушымыздың бапкері - музыка пәнінің білікті жас маманы Абылхайырова Гүлнара Ибатоллақызы.

Міне, шәкірт құрмет тұтар, білім мен білігін, үлгі-өнегесін аямаған ұстазды шынайы ұстаз деп қабылдағанымыз жөн болар... Киелі білім ордасы, ардагер ұстаздар - Таңбаева Есенбибі Темірханқызы, Куборева Антонина Павловна, Чигерева Самия Есенғарақызы, Петрова Галина Петровна, Карюхина Татьяна Владимировна, білімнің алғашқы баспалдағын қалаушылар - Карпушова Людмила Павловна, Меңдіханова Алтынай Озғанбайқызы, Некрасова Наталья Павловна, жас та болса шәкірт жүрегінен орын тапқан - Еркмалиев Дамир Қанатұлы, Жұмақұлов Өркен Қамбарұлы, Дәулетов Қадырбек Сансызбайұлы, Елеуов Алмаз Ғибратұлы, патриоттық тәрбие беруде өзіндік қолтаңбасы бар шебер ұстаз - Таспаев Жоламан Тұржанұлы сынды ұстаздарымен мақтанады.

Иә, ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Халықтың сенімін артқан, шәкірт сеніміне бөленген Түбектің тұңғыш мектебі - А.М. Горький атындағы мектеп-лицейінің беделі де, мерейі асқақтай түсері ақиқат.

Ал дәстүрлі елбасы Н.Назарбаевтың биылғы ха­лыққа Жолдауы - ел тарихындағы аса ма­ңызды тағы бір қарышты қадам, білім саласының сапалығын арттыруға ден қойған алғышарттар деуге бо­лады. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауы тек бағдар­ламалық сипатта ғана емес, оның ел өмірін­дегі тарихи-саяси маңызды құжат болып табылады.

«Нұрлы жол - болашаққа бағыт» атты Жолдауында жаңа экономикалық саясаттың негізгі бағыт­та­рын хабарлады.

Сондай-ақ жыл сайынғы Жолдау­лар­ ­­да білім саласы арнайы қарастырылып өтуі де ертеңін білім-ғылыммен мықты ету, адам капиталын білім-ғылымның озық үл­гі­лерімен жарақтандыру мәселесі арқылы білім беру жүйесіне зор жауапкершілік жүктеп отыр.

Президент Жолдауда: «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс», деп атап көрсетті.

Осыған орай үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура келеді. Ең алдымен барлық пән бойынша білім сапасын арттыру керек. Қазіргідей кезеңде мектеп түлектерінің үш тілді білгені орынды. Бұл олардың әлемдік дәрежеде білім алуына жол ашады.

Дәстүрлі Жолдауда апатты мектептер мен 3 ауысымда оқытуды толығымен шешу үшін Үкіметке қосымша 70 млрд теңге бө­луді тапсырды.

Бұдан бөлек, Елбасы балабақшалардың жетіспеушілігіне де тоқталып, осы бағытта мектепке дейінгі мекемелердегі орын же­тіс­пеу­шіліктер проблемасын алдағы үш жыл­да шешуді міндеттеді. Бұл үшін де қосымша 20 млрд теңге бөлінетінін жет­кізді.

Бүгінгі таңда қалыптасқан еңбек на­рығы білімді, шығармашылық деңгейі жо­ғары, өз білімі мен біліктілігін қолдана алу­ға қабілетті мамандардың кәсіби даяр­лығының деңгейіне және сапасына қойы­латын талаптарға өз әсерін тигізуде. Осы орайда, 10 ЖОО-на білікті, өз ісінің шебері, бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан-жақты дамыған, кәсіби құзыретті маман дайындау және барлық қызметтерін оқу орындары осы бағытта құру керек екендігі нақтыланды.

Мәңгілік ел болу идеясы арқылы, жал­пы ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отырып, елді біріктіретін күш ретінде бірлік пен берекенің, қажырлы еңбектің тұғырна­масы екендігін бүгін тағы да баса айтты.

Мәңгілік ел болу деген - тарихта мемлекет пен қоғам көшбас­шылары халықтың интеллектуалдық күш-қуаты мен ұлттық ресурсын біріктіріп, ортақ мақсатқа бастайтын жалпыұлттық идеяның үндесуі.

Президент өз сөзінде: «Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы байқуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел»

Қазіргі уақытта Мәңгілік Ел болу үшін азаматтарымыз (әсіресе жастар) білім, ғылыммен мықты қаруланған болуы қажет. Себебі, кез келген мемлекеттің басты байлығы ол халқы, адам капиталы. Сондықтан Мәңгілік Ел болу үшін әр азаматымыз осы бағытта жұмыс жасауы керек. Бұл әрине оңай шаруа емес.

Жастар біздің болашағымыздың тірегі және қоғамның қозғаушы күші бола оты­рып, Қазақстанның осы күнге дейінгі ба­ғындырған белестерін тереңнен пайымдай білуге, тұрақтылық пен татулықты, ел ын­ты­мағын сақтай білуге, өткенді қадірлеп, жауапкершіліктің жүгін көтере білуі керек.

Тәуелсіздіктің үшінші онжылдығында еркін қадам аттаған егемен еліміздің білім беру саласындағы міндеттері және оны жүзеге асыру жолдары айқын. Болашаққа бағдарланған «Нұрлы жол» атты жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыру, тап­сырмалардың орындалуына барынша үлес қосу - баршамыздың басты міндетіміз.

А.М.Горький атындағы мектеп-лицейі директоры: Казиева А.Б.










© 2010-2022