Мектепте бейінді оқыту бойынша талдау үлгісі

Раздел Завучу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

VIII. Мектепте бейінді оқыту.

Мектепте бейінде оқытудың мақсаты ретінде мектеп әкімшілігі оқуды дараландыру арқылы жеке білім беру бағдарламаларын құру, оқушыларды сәтті әлеуметтендіру, жеке пәндерді тереңдетіп оқыту мақсаттарын шешті. Сондай-ақ, оқушылардың қызығушылық бағытын, қабілетін, келешекте ие болуға тиісті мамандыққа бейімделуін қанағаттандыру, жеке тұлғаға бағыттау, яғни оқытуды дифференциациялау және индивидуализациялау міндеттері белгіленген. 2014-2015 оқу жылында 1-11 сыныптарда жалпы орта білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары басшылыққа алынды. 10-11 сыныптарда оқыту бір бағыт жаратылыстану-математикалық (математикалық бағдар) бойынша оқытылады. Мектеп бірнеше жылдан бері жаратылыстану - математикалық бағытын таңдау себебі:

  • а) Мектептің әдістемелік отырысында арнайы бағдарламалар қаралып, бекітіліп, әдістемелік материалдар жинақталған

  • 10-сыныптардың оқушыларын және атааналарының сұранысы есепке алынды

  • Педагог кадрлардың сапалық деңгейі ескерілді

10-11-сыныптарда бағдарлы пәндер бойынша оқушылардың білімін тереңдетуге, кеңітуге және олардың қандай-да қолданылуы жайлы оқушыларда білім қалыптастыруға арналған қолданбалы курстар мен оқушылардың талап-тілегін, қызығушылығын қанағаттандыруға арналған таңдау курстары ұйымдастырылды.

10-сынып оқушыларына жаратылыстану-математика бағыты бойынша келесідегідей қолданбалы курстары енгізілді: «Энергия түрлері», «Органикалық заттардың құрылысы мен қасиеттері», «Дифференциалды және интегралдауға есептер», «Генетика және селекция негіздері», «Тәуелсіз мемлекет достық елдерінің шаруашылығы» және оқушы компонентінен «Химиялық реакциялар әлемінде» таңдау курсы енгізілді. 11-сыныпқа арналған «Электрлік тербелістер құпиясы», «Дәстүрлі емес есептерді математикалық жолмен шешу», «Дүние жүзі елдерінің шаруашылығы», «Биология және салауаттық негіздері» атты қолданбалы курстар мен «Химиялық реакциялар әлемінде», «Физика ғажаптары», шахматтан оқушылар компоненті енгізілді. Қолданбалы курстардың талапқа сай өткізілуі әкімішілктің назарында болып, қазан айында «Бейінді және бейіналды оқыту сыныптарындағы математика, физика сабақтарында оқушылардың арнайы оқу дағдыларын дамыту» тақырыбында әдістемелік кеңес, желтоқсан айында «Бейінді сыныптардағы жаратылыстану пәндерінің жарты жылдық қорытындысы.» тақырыбында директорлық мәжіліс жоспарлы түрде өткізіліп, сабақтарға қатысылып, талқылаулар жасалынды. Оқушылардың тұлғалық мүмкіндіктеріне қарай оқыту мазмұнын саралау, оқыту процесін әр оқушының икемдігі мен қажеттілігіне қарай ұйымдастыру ретінде пән мұғалімдері деңгейлі оқыту бағдарласы модульдерін (қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, биология, химия, алгебра, геометрия, география), даралап-саралап оқуту технологиясын (физика), ақпараттық-компьютелік технология (информатика), модульдік оқыту технологиясы (орыс тілі) басшылыққа алынды. Мектепте оқушының жеке білім беру тракториясын құра отырып, жүйелі жұмыс жасауда келесідегідей нәтижелерді көруге болады.

Соңғы жылдардағы бейінді оқытуда ҰБТ нәтижелері:

2012-2013 о.ж. ортақ ұпай 78,8, білім сапасы 46,6%;

2013-2014 о.ж. ортақ ұпай 112; білім сапасы 100%;

2014-2015 о.ж. ортақ ұпай 98%, білім сапасы 93% құрады. Пән мұғалімдері оқушылардың әлеуметтенуіне мүмкіндік жасап, мектеп түлектерінің жоғарғы кәсіптік оқу орындарының бағдарламасын игерулері үшін олардың өз бетімен білім алуына және олардың тұлға ретінде демалуларына жағдай туғыза білді. Мектеп әкімшілігі қосымша білім беруді сатылы түрде меңгерту бағдарламасын қамтамасыз ету, жеке дара бейініне және қажеттілігіне қарай білім берудің әртүрлі деңгейде жүйесін қалыптастыру және кәсіптік бейінділіктерін анықтау жұмыстарына орай жыл көлемінде монитронгтік зерттеулер жасады. Мектепте бейіналды дайындық бұл бастауыш және орта буындағы оқушылардың жоғарғы буында өз еркімен, саналы түрде бағдарлы сыныпты таңдауына мүмкіндік беретін арнайы дайындық жүргізілді. Осыны ескере отырып 7, 8, 9 сыныптарда оқушылардың болашақ таңдаған мамандықтарын ескере отырып таңдаулы пән анықталды. Мектеп психологы Тандыбаева Г.Т. 7, 8, 9, 10, 11 сынып оқушыларының кәсіптік бейінділіктерін анықтау бойынша жұмыс жасады. Зерттеуін Дж.Голланд және Климов әдістемесі бойынша жүргізді. Оқушының типологиясына қарай сынып жетекшісімен бірлесе отырып зерттелген оқушыға болашақта қандай мамандықтың иесі болуы мүмкін екені айтылды. Яғни, икемділігне қарай оқушының мамандық таңдауға бағыт берудің бастапқы міндетін шешті. Бағдарлы сыныптар оқушылардың негізгі назарын болашақ кәсіби білімінің таңдалып алынған бағдарының негізін құрайтын пәндерді оқуға мүмкіндік беретіні ескерілді. Пән мұғалімдері мектеп оқулығындағы материалды үнемі, жан-жақты түсіндіріп ұғындырумен қатар, оқушылардың кейбір мәселелерді өз бетімен оқып, жазып, шешіп, жаңаша бір іздеулерін жаттықтырулары қажет етуді ескере жұмыс жасады. Нәтижесінде бейінді және бейіналды сыныптарда оқушылар география, физика, химия пәндерінен аудандық олипиадаларда жетістіктерге жетті. Дегенмен, бұл көрсеткіш 10-11-сыныптарда төмен деңгейде қалып отыр, демек жаратылыстану-матемтаика пәндерін оқытуда жаңа білім беру мақсатында оқушылардың өз бетімен жасайтын жұмыстарына үнемі көңіл бөліп, ұйымдастырып отыруы қажет. Оқушылардың білімдік және біліктілік құзіреттіліктерін жетілдіру жолдарын іздестіру қажет.



© 2010-2022