Ғылыми жоба Төрт түліктің қаситеті

       Біздің  ұсынып отырған ғылыми  жобамыздың  тақырыбы «Төрт  түлік  малдың  қасиеті  мен  пайдасы». Осы ғылыми  жобаны  алу  себебіміз Міне, осы  жас  ұрпаққа қасиетті  төрт  түлікке  қатысты ұлтымыздың   ұғымдары  мен   бай  тәжірибесін  білу.   Мал  шаруашылығының  қасиеті  мен  пайдасы   туралы  кеңінен  зерттеу  жұмыстарын  жүргізу.  Мал өнімдерін   тұрмыстық   салаға   қолдану   тәсілдері .  Төрт  түлікке   орай  тәрбие,  өнеге   үлгілері  жайлы    танып  білу . Сонымен  қатар  төрт  т...
Раздел Завучу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



ТӨРТ ТҮЛІК МАЛДЫҢ ҚАСИЕТІ МЕН ПАЙДАСЫ

Ғылыми зерттеу жұмысы

Секция: қазақ тілі

Бағыты: қазақ әдебиеті



Тақырыптың авторлары:

Бағыты: қазақ тілі және әдебиет

Жетекшісі:

Кеңесшісі:

Шемонаиха қаласы, 2012 ж.

МАЗМҰНЫ:

1.

Мақсаты. Міндеттер

1-2

2.

Жоспар. Жұмыс барысында қолданылған әдіс-тәсілдер.

2-3

3

Кіріспе.

3-5

4

Теориялық бөлім.

6-8

6

Төрт түлік малдың ерекшеліктері мен пайдасы

9-11

7.

Жылқы малын қастерлеу

11-13

8.

Жылқы малына байланысты наным-сенімдер.

13-15

9.

Қорытынды.

16

10.

Біздің келешектегі жоспарымыз.

17

11.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

18

АННОТАЦИЯ

Тақырыптың өзектілігі

Қазақ этномәдениетін сипаттайтын өзекті арқаудың бірі - мал шаруашылығының ішінде қазақ тілінде жылқы малына байланысты. Жылқының өсу, даму кезеңдерін жіті қадағалап, деректер жинау.

біздің халқымыздың ата кәсібімен байланысты екенің дәлелдеу және жеткізу. Кейінгі жастарымыздың қасиетті төрт түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдары мен бай тәжірибесін білу мақсатында. Рас, олардың бәрі бірдей малды бақпас, бірақ аталарымыз қадір тұтқан мұраларымыздың ерекшіліктерін жадында сақтау үшін зерттеу, танып- білу жұмыстары жүргізу.

Жұмыстың мақсаты:

  1. Мал шаруашылғына байланысты әдеби деректер жинау;

  2. Қазақ халқымыздың қадір-тұтқан көне және мәдени ерекшеліктерімен танысу.

  3. Мал өнімдерін тұрмыстық салада қолдану тәсілдері. Төрт түлікке орай ұлттық тәрбие , өнеге үлгілері жайлы танып білу

БОЛЖАМ:

Қазақстан жерін малсыз елестету мүмкін емес. Мал шаруашылығы еліміз үшін аса маңызды шаруашылық саласын дамыту.



Зерттеудің міндеттері:

  • Әдебиеттерді іріктеу және реттеу .

  • Көне әдебиеттерден,интернеттен мал шаруашылығының шығу тарихы туралы мәліметтерді іздеу.

  • Мал шаруашылығы: төрт түлік малға қатысты еңбектерді оқу.

  • Мұражайдан көрген тарихи жәдігерлермен танысу. .

  • Шемонаиха ауданы және басқа аудандарды тұратын қарт адамдардан мал шаруашылығына байланысты тарихи деректер жинау.

Зерттеудің жаңашылдығы:

Зерттеудің жаңашылдығы орыс және өзге ұлт өкілдеріне, әсіресе мектеп оқушыларына қазақ әдебиетіндегі "төрт түліктің пайдасы" туралы кеңінен мәлімет беру, зерттей жұмыстарын жүргізу арқылы жете меңгеріп алғандарын көрсету. Аталарымыздың қадір тұтқан мұраларымыздың ерекшеліктерін дәлелдеу, және оқушылардың саналарына жеткізу, жадында сақталып қалу мақсатында танып білу.

ЖОСПАР:

  1. Ғылыми жұмыстың мақсатын анықтау.

  2. Ғылыми жұмыстың жоспарын құру.

  3. Шемонаиха қаласындағы мұражайдан XIX-XX ғасырлардағы мал шаруашылығының шығу тарихымен танысу.

  4. Төрт түлік малдың айырықша қасиетін, ерекшелігін танып білу.

  5. Төрт түлік малдың өнімдерін тіршілік құралы етіп, оңтайлы пайдалану шеберлігімен танысы, игеру. Шемонаиха ауданы және басқа аудандардағы қарт адамдардан мәлімет жинау.

Мазмұны:

Дерексіздік, анотация.

Жұмыстың мақсаты .

Болжам.

Зерттеудің міндеттері.

Зерттеудің жаңашылдығы.

Жоспар.

Алғы сөз.

Төр түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдары мен ғасырлар бойы келе жатқан бай тәжірибесі .

Практикалық бөлім:

1.Өскемен қаласы, Шемонаиха қалаларының мұражайынан деректер жинау.

2.Өскемен қаласындағы А .С. Пушкин кітапханасынан мәлімет жинау.

3. Жылқы- қазақтың кәделі, бағалы қазынасы.

4. Шеманиха ауданы және басқа аудандағы мал шаруашылығының қыр-сырын жетік білген қарт адамдардан мәлімет жинау.

Біздің келешектегі жоспарымыз .

Қолданылған әдебиеттер.

Қосым

Жұмыс барысында қолданылған әдіс -тәсілдер:

  1. Бақылау әдісі:

  2. Тарихи әдіс

  3. Аналитикалық әдіс

  4. Салыстыру әдісі.

  5. Іздену әдісі.

  6. Зерттеу әдісі.

Кіріспе.

Біздің ұсынып отырған ғылыми жобамыздың тақырыбы «Төрт түлік малдың қасиеті мен пайдасы». Осы ғылыми жобаны алу себебіміз Міне, осы жас ұрпаққа қасиетті төрт түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдары мен бай тәжірибесін білу. Мал шаруашылығының қасиеті мен пайдасы туралы кеңінен зерттеу жұмыстарын жүргізу. Мал өнімдерін тұрмыстық салаға қолдану тәсілдері . Төрт түлікке орай тәрбие, өнеге үлгілері жайлы танып білу . Сонымен қатар төрт түлік малдың ішінде жылқы малының өсу, даму кезеңдерін жіті қадағалап, деректер жинау. Өскелен ұрпақты оқытып үйрету олардың ой -өрісінің өсуіне де, малға деген ынта-ықыласына да жақсы әсер ететіні сөзсіз. Ана тіліміздің ғасырлар бойы толассыз толығып, ұрпағына асыл мұра боп ауысып келе жатқан байлығының бір ұшығы біздің халқымыздың ата кәсібімен байланысты. Екенің дәлелдеу және жеткізу. Жастардың барлығы мал бақпас,, бірақ аталарымыз қадір тұтқан мұраларымыздың ерекшеліктерін жадында сақтау мақсатында зерттеу жұмысы алынды..

Төр түлікке қатысты этнографиялық қызықты атаулар өте көп. Мысалы түйе өсу жолымен бота, тайлақ, буыршын, буырлыш, науша, бұзбаша, іңген, атан, бура деп аталады. Түйенің азғын түрлерін көрт, көйін дейді.

Түйенің қасиетіне қарай біртуған, бекпатша, мая, желмая, құлпатша, нар, аруана, жампоз, қоспақ, балқоспақ, мырзақоспақ, үлек деп бөледі. Шалкиіз жырау: «Айырдан туған жампоз бар, нарға жүгін салғысыз»,- деп жырлаған. Қазақтың «Түйе жаманы- көрт, шөп жаманы- керт» деген мақалы да бар.

Қазақ үшін ең құнды, қасиетті мал- жылқы. Оны жасына, түріне қарай құлын, жабағы, тай, құнан, байтал,, сойтал, дөнен, қулық, бесті, бие, ат, сәурік, айғыр деп ажыратады. Бұрыннан ел қорғаған батырлар жылқы ішіндегі таңдаулардын жорға, сужорға, жүйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, наз бедеу, дүлділ, арғымақ деп сипаттап, ерекше дәріптеп бағалаған. Айт,ас тойларда аттың бас бәйгесіне мол дүние, жиһаз тігілетін болған.Тігіпті бас бәйгеге елу бие,

Тігіпті бас бәйгеге елу бие,

Өлі отау, бір бас тоғыз, тоғыз түйе,

Жабулы қара нарға қалы кілем,

Аты озған зор олжаға болады ие.

(Н. Ахметбеков)

Жалпы, халық жылқыны жоғары бағалап, оны көп өсірген. Тіпті оның жүрісіне дейін жіктеп, аян, жорға, жортақ, бүлкек, бөкен желіс, сар желіс, текірек, шоқыту, шабыс деген түрлерге бөлген. Басқа малға қарағанда жылқы түсі де көп: торы, күрең, жирен, шабдар, ақбоз, боз, көк, қызыл, қара, шұбар, теңбіл, көк, баран, бурыл,, қылан, ала, сұр, кер, құла, құлагер, қарагер.

Жылқының жаманың мәстек, тулақ дейді.

Жылқы- қазақтың кәделі, бағалы қазнасы. Халық ер- азаттарға ат мінгізіп, шапан жапқан. Демек, құрмет белгісі ретінде жылқы үлкен сый орнына жүреді.

Сиыр жасына қарай бұзау, баспақ, торпақ, тана, тайынша, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа деп аталады.

Қой түріне және жасына қарай қозы, марқа, тоқты, бағылан, тұсақ азбан, ісек, ақаусыз қой қошқар саулық деп бөлінеді.

Ешкі лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп жіктеледі.

Малдың қадірін біліп, қасиетін бағалаған бабаларымыз адам есіміне де мал атауларын қойған. Мысалы: Ботагөз, Нартай, Бурабай, Жылқайдар, Қозы, Бұзау, Серке, Құнанбай.

Қазақ халқы балаларын ботам, құлыным қошақаным деп еркелетіп әлпештеуінде де терең мән бар. Тіпті халық ауыз әдебиеті үлгілерінде де мал қасиетті түлік есебінде батыр, сұлулармен қоса дәріптеліп айтылған.

Мал сүтінен жасалатын тағам түрлері өте көп. Шұбат, қымыз- денсаулыққа аса пайдалы шипалы сусындар. Сиыр мен қой сүтінен айран, қатық, қаймақ, май, сүзбе, ірімшік, құрт, ежігей тағы басқа көптеген ұлттық тағамдар жасалады.

Халық ұғымдарында әр малдың иесі, пірі бар. Мысалы, түйенің пірі- Ойсылқара, жылқының пірі- Қамбарата, сиырдың пірі- Зеңгібаба, қойдың пірі- Шопаната, ешкінің пірі- Шекшеката.

Әр малды өзінше шақырады. Түйені көс-көс, жылқыны құрау-құрау, сиырды әукім-әукім, қойды пұшайт-пұшайт, ешкіні шөре-шөре деп шақырды.

Өріске шығарғанда түйені арай-арай деп, жылқыны құай-құрай деп, сиырды шуу-шуу, өк деп, қойды шәй-шәй деп, ешкіні шек-шек деп қайырады, жылқыны құр-құр деп тоқтатады, түйені шөк-шөк деп шөгереді, шуу деп тұрғызады, өргізеді айдайды.

Сондай ақ әр малдың үні де бар. Түйе боздайды, жылқы кісінейді, сыиыр мөңірейді, қой, ешкі маңырайды.

Малдың негізгі ауруларының аттары: түйеде- ақшелек, қатпа; жылқыда- жамандату, шеміршек, маңқа; сиырда-аусыл, қарасан; қой, ешкіде-топалаң, кебенек т.б.

Қазақ малды топтап бағады. Жылқы үйір, түйе, сиыр, табын-табын қой- ешкі табын отар деп атайды.

Мал балаларын төл деп атайды. Түйе төлін 12 ай, жылқы 10 ай, сиыр 9 ай, қой, ешкі 5 ай көтереді. Түйе екі жылда бір рет көтереді.

Төрт түлікке, оның өмірдегі орнына байланысты айтылатынн сөздер өте көп. Мысалы: төл ауызданады. Отығады, жылқы жусайды, басқа мал күйіс қайтарады.

Қазақ ырымы бойынша өздері белгілеген малдың басын ешкімге бермейді. Әр рудың, үйдің малдың құлағына, мүйізіне салатын өзіндік ентаңбалары болады. Бұл сенім белгісі

Малды ауыл жаз жайлауда, күз күзекке, қыс қыстауға көшеді, ол мал өсіру ыңғайына қарай бейімделіп жасалады. Қыста мұзды ойып, ойықта мал суарады, жазда мал су ішетін жерді суат деп атайды. Үйренген мал өз жайлауын, суатын іздейді. Ірі мал басқа жаққа сатылғанда немесе жіберілгенде одан қашып шығып, жүздеген, мыңдаған шақырым жерден өзі туып өскен жерін іздеп табады. Мал өз иесін, қорасын, төлін таниды.

Мал шауруашылығының қыр-сырын жете меңгерген еңбекшіл халқымыз мал өнімдерін де тұрмыстық салаға қолдана білді. Оның сүйегін де, мүйізін де, жүнін де, терісін де үлгіртіп қолдана білді. Жылқы сүйегін, қобди сандықтар бетін өрнектеді. Күзеп алған жал, құйрығынан мықты арқан есті. Сиыр мүйізінен тарақ жасады.Қой жүнінен киіз, текемет басып, кілем, сырт киім тоқыды. Түйе жүнінен тоқылған шекпен кәделі, қымбат киім деп бағаланды. Оның шудасының емдік қасиетін де тапты.

Ешкінің қылынан, түбітінен де бағалы бұйым тоқыды. Сәнді күртеше, қолғап, шұлық ешкі түбітінен тоқыды.

Қазақ халқы мал терісін шаруашылықтың әр саласында қолдана білді. Жылқы терісінен аса бағалы жақы тонын тікті. Сиыр терісін илеп, сәнді ер-тоқымды, ат әбзелдерін оюлап, өрнектеп, өріп жасады. Қамшы өріп, кісе белбеу жасап, сәнді етік, кебіс тікті. Қой терісінен тон тігіп, «Тоғыз қабатт торқадан тоқышағымның терісі артық»,-деп мақтанды. Одан жарғақ шалбар тікті. Теріні тулақ етіп

Міне, қасиетті төр түлікке орай тәрбие, өнеге үлгілерінің өзі бір төбе.

ЖЫЛҚЫ МАЛЫН ҚАСТЕРЛЕУ

Қазақ халқының Күнделікті өмірінен әрбір кезеңін жылқы малымен тығыз байланысты. Жылқының өсі, даму кезеңдерін жіті қадағалап, тани білген. Сондықтан да қазақ тілінің сөздік қорында жылқы малының жасына, жынысына, мінезіне, түр -түсіне, қызметьіне байланысты тілек бірліктерді көптеп қолданады.

Тұлпар аттар қазақ тарихының -ұлы тарауы. ОЛ тарауларымыз даланы, туған жеріңді тану, сүю мүмкін емес. Белгілі шығыс зерттеушісі, түріктанушы ғалым В.В Радлотв: «Қазақтар үшін жылқының асыл тастай көркі, барлық сұлулық атауларының жиынтығы»,-деп жазады.

Ерте заманда Қытай тарихшылары ғұндардың бәйге бермес жүйрік тұлпарлар болғанын жазады. Қазақтар жүйрік аттарды тұлпар, сәйгүлік, арғымақ деген. Қандай тұлпар аттар болғаны жайлы қазақ ауыз әдебиетіндегі көптеген аңыз, эпос жырларында керемет суреттеледі. Мысалы: Қобыланды батырдың Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, XIX ғасырдағы тұлпар аттың ардақтысы Санырақтың Құлабестігі, Ақан серінің Құлагері.

Төрт түлік малдың түр- түсіне байланысты ұғымдар.

Қазақ халқының көшпелі тұрмыс-тіршілігінде төрт түлік малдың орны ерекше болғандықтан олардың түр-түсін де дәл анықтап, өзіне сәйкес ат қойып, оны қолдана білуге ерекше мән беріп келген. Сондықтан да болар халықтың дүниетанымынан, салт-санасы мен әдет-ғұрпынан , наным сенімдерімен төрт түлік малдың түсіне байланысты, әсіресе жылқы малына түр-түсіне байланысты атаулар айырықша орын алады.

Төрт түлік малын түстеп танымаған, тіпті қора-қора қойын түр-түсіне қарап ажыратпаған малшы қазақ ертеректе сирек кездескен. Жылқы малына түр-итүсіне қарап саралап, әр түсті атауына сай тап басып танып, оны таратуға келгенде қазақтар алдына жан салмаған. Осылайша өмір талабынан туып, ғасырлар бойы қалыптасып, дәстүрге айналған төрт түлік мал түр түсінің сан алуан атаулары бүгінде тіл байлығынан ерекше орын алады.

Тарихи мәліметтерге қарасақ, қыпшақ қоғамында әрбір ру-тайпаның жылқылары өзінің ерекше түр -түсімен ерекшелінеді. Кейде белгілі бір тайпаның атауы жылқысының түсі бойынша анықталған.

Түркістан қаласындағы Қ.А. Ясауи кесенесінде тай қазанды жағалай «он сан Алаштың» ұшына он түрлі жылқы қылынан шашақтар тағылған он туы ілінгені халықтың назарын аудартады. Туладың түстері: қаракөк, шұбар, торы, күрең, құла, кері, боз, бурыл, жирен, шабдар.

Зерттеулер бойынша 250 дей жылқы түсіне қатысты атаулар бар екен: Қамбар батырдың Қарақасқасы, Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, Тарғынның Бозтарланы, Ақансерінің Құлагері, Балуан Шолақтың Ақбозаты, Жәңгір ханның Ақмоншағы, Абылайдың Алшаңбозы, Райымбек батырдың Көкойнағы, Төлегеннің Бозжорғасы, Толыбайдың Шымқарасы және т.б.

Жылқы малының түр-түсіне байланысты наным -сенімдер.

«Түркілерде Шығыс көк (көгілдір және жасыл), Оңтүстік қызыл, Батыс ақ Солтүстік қара түспен белгіленген. Күлтегіннің

мінген аттарының түстерінің Шығысқа жасаған сапарларында торы мен құла, оңтүстікте жасаған сапарларында қызыл, Батысқа жасаған сапарында ақ. Солтүстікте жасаған сапарларында қаракөк түсінде болуы бізге бұл жылқы түстерінің оның дұшпанына қарсы сарарының бағытын да білдіреді.

Қазіргі қазақ әдебиетінде, халқымыздың ең жақсы көретін түсі ақбоз деп айтылып жүр. Қазақтың жылқы түлігіндегі жақсы көрген түсі «қаракөк» болған.

Бұрын хандар, бекзадалар, ауқатты, бай адамдар, бақсылар, сал-серілер, астындағы атының түсімен бірдей киім тіккізіп киген. Абылай хан Алшанбозына мінгенде, ақ киім киіп шыққан.

Ә. Марғұлан «Жиреншенің» аты жирен түсті ат мініп, жирен түсті киім кигеніне байланысты шыққан.

Жылқы малының табиғи ерекшеліктері.

Қазақ жылқыларының ішінде сан алуан жорға түрлері шыққан. Жорғасы бар жылқыны дене бітімнен -ақ таныған.

Жорғаның түрлері: жол жорға, су жорға, шайқалған жорға, тайпалған жорға , тұсау жорға, шалыс жорға т.б. Осы аталған жорғалар бәрі бірдей бағалана бермейді Нағыз жоға жарыстарына қосатын -су жорға жатады.

Жылқының тегі мен табиғи ерекшеліктеріне байланысты атаулар: сәйгүлік, пырақ, дүлдүл, қазанат, арғымақ, мәстек жүйрік, асау шабан т.б.

Тарихтың қай кезеңінде болса да қазақ даласындағы көліктің негізгі түрі жылқы болғандықтан, оның тұқымын сол жердің табиғатына , заман мүддесі мен мүмкіндігіне бейімдеу жақсарту мақсатымен сырттан келген басқыншылар да, Ресей отаршылары да, жергілікті хандар мен билер, батырлар мен байлар да, жүйрік-жорға мінген ел еркесі серілер мен салдар да өз әлінше әрекет жасаған.

Жылқы шаруашылығында жиі қолданылатын сөзің бірі-үйір. Үйір-бір айғырдың қарамағындағы құлын-тай аралас 15-20 шақты биелер тобы. Үйір сөзіне қатысты үйірге қосылды ( өз ортасына қайта келді, қатарға қосылды), үйірге салды (түсті), үйірден айырылды (өзімен қатар өскен жора-жолдастардан ажырады), үйіріп алды (басын айналдырды, сөзге еліктеді), деген сөздер өте көп.

Жылқы малына қатысты наным- сенімдер

Жылқыны отқа, яғни жайлауға қоярда, ең алдымен шылбырын шешіп алып, сонан кейін жүгенін алады. Шылбырды аттамайды.

Қазақ ғұрпында жылқышының құрығында, желіден аттамайды, бие сауатын көнекті теппейді, жылқыны басқа ұрмайды, ат сатса немесе сыйласа жүгенін бермейді. Ертеде батыр жауға аттанғанда ауылдадылар оның атының сілекейін алып қалып отырған.

Ат әбзелдері

Қазақ халқы ерге ерекше көңіл бөлген. Ерден басқа да әбзелдерге де ерекше мән берген. Ертоқым жабдықтарын қыздар тағатын сәнді әшекей бұйымдарға ұқсата жасайды. Ер мен басқа да жабдықтар әркімнің жағдайына қарай сәнделеді. Ердің сәнді болуымен қатар оның адамға жайлы болуына да көңіл бөлінген. Ер тек қана адамның отруына , ыңғайлы құрал емес, атқа да зиян келтірмейтін құрал болуы тиіс.

Ер- атқа салт міну үшін ағаштан, темірден, киізден жасалатын арнаулы жабдық. Әрбір қазақ шаңырағынан табылар заттың бірі-қамшы. Қамшы батырдың қаруы, әрі атты басқару құралы болып табылады.

Ат сыншылары.

Жылқы көшіп-қонуға да ыңғайлы әрі төзімді, қысы-жазы аяғынан жайылады, олардың азығы да (жемі, шөбі) өзге малға қарағанда өзгеше. Ол кез-келген шөпті жемейді, иіскеп таңдап жейді. Басқа мал түлігі жайылған жерге де жайыла бермейді, лай су ішпейді. Сол себепті де оның еті де , сүті де денсаулыққа шипалы. Жылқының дені сау, терісі жылы, жұмсақ, көрінісі сұлу болуын бағалаған қазақ халқы олардың түрлі қасиетіне аса көңіл бөлген.

XIX ғасырда белгілі Күреңбай, Шоқай, Киікбай деген ат сыншылары болған. Сондай-ақ, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың да ақындықпен қоса сыншылық қасиетін қазақ қауымы «Аттың сыны! Өлеңінен танып білді. Осылардың ішінде Күреңбай сыншының жүйрік аттың әрбір мүшесін айтқан мына сыны айырықша: «тәует бас, қамыс құлақ, қой жұтқыншақ және т.б.

«Атты қамшымен айдама, жеммен айда», «Ат шаппайды, бап шабады» деген мақалдардың туындауына халқымыздың жылқы малының бабын жақсы біліп, бағып- күтуге мән беруі себеп болған деп ойлаймыз.

БАПКЕТРЛІК (атты баптау тәсілдері)

Бапкер деп аттың күтімін білетін адамды айтады. Қазақта жүйрік аттың өзіндік ерекше күтімі болады. Мұны баптау деп атайды. Бапкерлікпен айналысу кез -келген адамның қолынан келе беретін іс емес. Ол үшін жылқы малының бүкіл қыр-сырын жете білу қажет. Нағыз бапкер көктемдегі көк шөпті бәйге атына жегізбеген. Себебі мұннан кейін жылқының бауыры ісіп, шаппайды. Қу шөппен жемдегенде, жүйрік ішінде май қалмайды.

Атты баптау наурыз айнының алғашқы күнінен басталып екі жарым айға сазылады. Бапкер наурыздың бірінші күнінен бастап, күн сайын кешке қара аяңмен 3-4 шақырым жер жүріп қайтады.

Жылқыға қатысты халықтық өлшемдер (фразеолагизімдер)

Ғасырлар бойы жылқыға байланысты қолданылып келген атаулардың, фразеолагизмдердің, мақал мәтелдерің көбі қазақ тілінен негізгі сөздік қорына айналды. Қазақтың негізгі байлығы көбінесе жылқы санымен есептелген. «Атамызға мың біткен» деген тіркестегі мың - жылқы саның білдіріп тұр.

Жылқының артқы аяғының табанынан ең төменгі (бірінші) буынына дейінгі аралық (шамамен 10-15 см.) «толарсақ» деп аталады. Осыған орай әтоларсақтан келген батпақ немесе қар» деп айтыла береді. Махамбет Өтемісұлының «толарсақтан саз кешіп» дейтін өлеңі де бар емес пе? Биіктікті -тұсау бойы, найза бойы, оқ бой, арқан бойы, құрық бойы, бақан бойы деп өлшеген

Бұлар дұрынғы мөлшерлік ұғымдарды санға айналдырып, нақтылап олардың жігін айқындай түсті. Ал тереңдікті - кісі бойымен мөлшерлеген. Мәлелен, судың терендігін бақайдан, қызыл асықтан (тобықтан), тізеден, белуардан, кіндіктен, иықтан, төбеден, кісі бойы, кісі бойынан асады деп бейнелеген. Су терендігін ат бойымен де өлшеген.

Бүгінгі дәлме -дәл өлшемге ұластырды.

Аспани ат (Қазақ ауыз әдебиетіндегі дастандар мен

эпостардағы ат бейнесі)

Қазақ халқының ұғымында ғарыш қиял-ғажайып дүниесіне толы болған. Қазақ дастандарында ғы есімдерді аңызға айналған батырларға ертегі-аттар сенімді серік болған. Қобыланды батыр-Тайбұрыл, Алпамыс батыр- Байшұбар деген тұлпарды мінген.

Аспандағы атқа деген сенім көшпенділердің ғарыш жөніндегі ұғымдарынан да көрінс тапқан. Мысалға, көктегі ең жарық жұлдызды қазақтар Темірқазық деп атайды.Оның басқа жұлдыздарға қарағанда жылжымай, қаққан темір қазықтай тапжылмайтындығын оған осындай есім берген. Сол темірқазыққа екі тұлпар- Ақбозат пен Көкбозат байлаулы тұр деп санаған. Ал жеті Қарақшы- ожау секілденген жеті жұлдыз. Олар түні бойы тұлпарды андиды, ұрлап әкетуісі келеді. Алайда Темірқазықтың қырағы көзің оларға ерік бермейді. Ал тан атқанда ұрлап жасырынып қалады, деген наным -сенімдер ауыз әдебиетіндегі эпостарда айтылады.

Малдың қадірін біліп, қасиетін бағалаған бабаларымыз адам есіміне де мал атауларын қосуды әдетке айналдырған. Мысалы:

Ботагөз, Нартай, Атанбай, Бурабай, Жылқайдар, Түйебай, Қошқарбай, Қозы, Серке, Қойшыбай, Құнанбай. Қазақ халқы балаларын ботам, құлыным, қошақаным деп еркелетіп, әлпештеуде де терең мән бар. Тіпті халық ауыз әдебиеті үлгілерінде де мал қасиетті түлік есебінде батыр, сұлуларымен қоса дәріптеліп, айтылған.

Жылқы малына қатысты мақал-мәтелдер

  1. Ағайын тату болса -ат көп,

Абысын тату болса -ас көп.



  1. Адам құлақтан азады,

Ат тұяқтан азады.



  1. Ақ пейілді аты арып, тоны тозбайды.



  1. Ақыл-жас ұланнан,

Жүйрік-тай құлыннан.



  1. Ақылсыз атқа мінсе,

Атасын басып кете жаздайды.



  1. Алтын ерің атқа тисе,

Алтынын ал да отқа жақ.



  1. Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай жүгірер.



  1. Алып анадан туады

Ат биеден туады.



  1. Алысты жақындатар -ат,

Жақынды алыстатар-жат.



  1. Ат көрмеген ат көрсе, шаба-шаба өлтірер.

Тон кимеген тон кисе, қаға-қаға бітірер.



  1. Аттан тай озады,

Атадан бала озады.



  1. Аты барға тай мінсе де жарасады,

Асы барға сұрап ішсе де жарасады.



  1. Атына қарай тұрманы, еңбегіне қарай қырманы...



  1. Жылқы-жаным, қымыз -қаным.

ҚОРЫТЫНДЫ:

Қазақ халқының этномәдениетін сипаттайтын өзекті арқаудың бірі- төрт түлік малдың пайдасы мен қасиеті жайлы теренірек мағлұмат бердік . Төрт түлік малдың өнімдерін қарапайым жағдайда қалай пайдалану туралы және табиғи тағамдардың қасиеті мен пайдасы туралы толық мағлұмат бердік. Осы төрт түлік малдың ішінде қазақ халқы жылқы малының орны бөлек. Қазақ халқының күнделікті өмірінің әрбір кезеңін жылқы малымен тығыз байланыстырған. Жылқының өсу, даму кезеңдерін жіті қадағалап, тани білген. Біз өз жұмысымызда жылқы малының ерекшеліктеріне тоқталдық және жылқы малының ауыз әдебиетіндегі аңыз әңгімелер, дастандар, жырауларда, эпос жырларында қандай тұлпар аттар болғаны жайлы керемет суреттелгені жайлы танып білдік.

Қазақ халқының көшпелі тұрмыс-тіршілігінде төрт түлік малдың орны ерекше болған. Сондықтан да болар халықтың дүиетанымы, салт-санасы мен әдет-ғұрпы төрт түлік малмен тығыз байланысты екенің нақты мысал келтіріп айттық. Мал өнімдерін тіршілік құралы етіп, оңтайлы пайдаланып шебер игергені жайлы толық мағлұмат бердік. Малдың еті, сүті, жүні, түбіті, қылы, шудасы, терісі, тіпті мүйізіне , сүйегіне дейі қажеттілікке жаратқаны туралы деректер жинадық. Ана тіліміздің ғасырлар бойы толығып жатқан сөз байлығымыздың бір ұшығы біздің халқымыздың ата кәсібімен тығыз байланысты екенің дәлелдедік. Жылқы малына байланысты ғұрыптар, мақал-мәтелдер, адам есімдері берілгені жайлы айтып өттік.





Қолданылған әдебиеттер тізімі:



  1. «Қазақтың дарқан дастарқаны» Кенжеахметұлы Сейіт. «Алматы кітап» Жамбыл көшесі-111.

  2. «Салтынды сақта, дәсүрінді дәріпте» Қайыржан Макин. Алматы қаласы, Абай даңғылығы, 143.

  3. «Қазақстан елімен сиқырлы саяхат» Ольга Гумирова . Шымкент қаласы. Ташкенова,44.

  4. «Балдырған журналы» 2003. №8. 2004 №4. 2005. №2. 2006 №10 жылдардағы басылымдар.

  5. Қазақ әдебиеті жураналы» № 3 2008 жыл

  6. Шығыс қазақстан облыстық тарихи очерктері №9965-727-56-2

«Тарихи болжамдар» Өскемен қаласы. «Рудный Алтай» газеті баспаханада басылды. Ғарышкер көшесі 6/3

  1. Кейбір мағлұматтар орталық мұражайдан алынды.

  2. Қазақ әдебиеті 5, 6, 7, 8, 9-сыныптар.

  3. Бірнеше мағлұматтар үлкен адамдардың әңгімесі тарихи деректермен салыстырылып алынды.

БІЗДІҢ КЕЛЕШЕКТЕГІ ЖОСПАРЫМЫЗ:

1. Қазақ халқының мал шаруашылығының пайдасы мен қасиеті туралы деректер, мол мағлұмат жинау.

2. Орыс тілінде білім алатын мектеп оқушылары арасында қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру.



19


© 2010-2022