Доклад на казахском языке по теме Бала тәрбиесіндегі ата

Раздел Завучу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бала тәрбиесіндегі ата-ана мен мектептің ықпалы

Бүгінгі жаһандау ғасыры өскелең ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу, болашағына жөн сілтеу-бүгінгі күн тәрбиесіндегі бірден - бір қажетті, кезек күттірмес мәселе. Ұлтымыздың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты.

Жас ұрпақтың өнегелі тәрбие, білім алуына ата - ана мен мектептің ықпалы өте зор. Тәрбие жұмыстары жан-жақты ұйымдастырыла отырып оқушыларды тәрбиелеу болашақ қоғам мүдесі үшін еңбектене білетін рухани ойлау дәрежесі биік, Отанын сүйгіш, еңбекқор, іскер, қабілетті адам даярлау мақсаттарына бағытталады. Осы міндеттерді шешудің жауапкершілігі, оқушылардың тәрбие ісін бағыттау және ұйымдастыру сынып жетекшіге жүктеледі. Бүгінгі сынып жетекші - оқушы үшін:

1.Жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеруде оқушы пен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы;

2.Сыныпта өзара ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптастырушы;

3.Оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын барлық тәрбиелік күштердің басын қосушы.

Сынып жетекшінің өз назарынан тыс қалдырмайтын бірінші міндеті - тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру

оқушылар арасында маңызды мәселе өзара ынтымақтастық қарым - қатынас орнату.Ол үшін біріншіден -оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін зерттеу;екіншіден- отбасындағы тәрбие жағдайын зерттеу; үшіншіден -оқушы пен сыныптың тәрбиелік деңгейін талдап, бағалау; төртіншіден -сыныптың қалыптасуы мен дамуын зерттеп, талдау.

Зерттеу жұмыстарын тұрақты жүргізу барысында әр оқушы туралы толық мәлімет жинау.Әр оқушының мінезін,темпераментін, жауапкершілігін, алдарына қойған мақсаттарын ,шешім қабылдай білуін, қоғамдық жұмыс пен еңбектегі белсенділігін, оқуға ынтасын, мәдени өресін, рухани байлығын, қызығушылығын білгеннен кейін жұмыс жасау оңай болды.Оқушылардың отбасы туралы мәліметті алғаннан кейін ата-аналар жиналысында «Сіз қандай ата-анасыз?», «Сіз балаңызды білесіз бе?», «Отбасында балаға не қажет?»деген сауалнамалар арқылы ата-аналардың бала тәрбиесінде жіберіп отырған кейбір қателіктерді байқалады.Ата-аналар жиналысында сауалнамалар жүргізумен қатар «Бақытыңды балаңнан ізде»тақырыбында пікірлесу, өзара тәжірибе алмасу, ата-аналарға арналған кеңестерді ортаға салып отыру және «Бала тәрбиесіндегі ата -ана жауапкершілігі»тақырыбында баяндама оқу

Қазіргі кезде ата-ананың мақсаты қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып отыр.Сол себепті отбасындағы тәрбие мәселесінде келеңсіз жағдайлар орын алуда.

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар -тәннің құмары, бұлар болмаса , тән жанға қонақ үй бола алмайды.Және өзі өспейді, қуат таппайды. Сондықтан өмірге келген баланың білсем,көрсем, үйренсем деген талпынысына шек қоймай үйретуіміз керек. Енді оған тек қана ата-ана ғана емес қоршаған орта қоғам ықпалы өте қажет.Сондықтан қоршаған орта, оқу орны, ата-ана болып баланың тәрбиесіне ат салысуымыз керек.

Сондықтан өмірге келген баланың білсем,көрсем, үйренсем деген талпынысына шек қоймай үйретуіміз керек. Енді оған тек қана ата-ана ғана емес қоршаған орта қоғам ықпалы өте қажет.Сондықтан қоршаған орта, оқу орны, ата-ана болып баланың тәрбиесіне ат салысуымыз керек.

Біреуі - білсем екен дейді.Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығын, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай - керней болса,дауысына ұмтылып, онан ер жетіңкірегенде ит үрсе де мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «Ол немене?», «Бұл немене?» деп, «Ол неге үйтеді?», «Бұл неге бүйтеді?» деп,көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді.Мұның бәрі - жан құмары,білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген қара сөзінде ұлы Абай.

Ұлттық салт-дәстүрімізді, рухани қазынамызды жоғалтпай заман ағымынан қалмау-уақыт талабы. Өсіп-өркендеп келе жатқан мемлекетіміздің тірегі жастар! Ал біздің жастарымыздың баянды болашағына сеніміміз мол!



© 2010-2022