• Преподавателю
  • Директору, завучу
  • Мұғалімдер арасында өткен қалалық спортакиадасының салтанатты жабылуына арналған «Шынықсаң шымыр боласың» атты іс-шараның сценарийі

Мұғалімдер арасында өткен қалалық спортакиадасының салтанатты жабылуына арналған «Шынықсаң шымыр боласың» атты іс-шараның сценарийі

Музыкалық фон - күй.Экранда мектептің спорт жетістіктері туралы слайдтар айналып тұрады. «Көк тудың желбірегені ...» орындалуымен акт залына Мемлекеттік Ту кіреді. Жанында жас спортшылар-кеуделерінде медальдар,қолдарында жалаушалар.Акт залы ішінен шерумен өтіп залдың оң қапталында орналасады. Сахнаның артынан дауыс:    Шартарапқа шаттығындай қазақтың    Ғасыр сүйіп тұрған дайын ғажап күн    Көк байрағы, Елтаңбасы бірлігі    Шалқи берсін Гимніміз қазақтың                                          ...
Раздел Завучу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда қаласы

Қалалық білім бөлімі

Кеңес Одағының Батыры Жәлел Қизатов атындағы № 23 мектеп-лицей









Мұғалімдер арасында өткен қалалық спортакиадасының салтанатты жабылуына арналған «Шынықсаң шымыр боласың» атты іс-шараның сценарийі




Дайындаған:

Кеңес Одағының Батыры Жәлел Қизатов атындағы № 23 мектеп-лицейінің дене шынықтыру мұғалімі Белгибаев Василий Чапаевич.

Өту орны: мектептің акт залы

Датасы: 29.12.2014ж.Басталуы - 10.00-де

Шақырылды: қалалық білім бөлімі; қала мектептерінің ДШ мұғалімдері




Қызылорда - 2014

Музыкалық фон - күй.Экранда мектептің спорт жетістіктері туралы слайдтар айналып тұрады.

«Көк тудың желбірегені ...» орындалуымен акт залына Мемлекеттік Ту кіреді. Жанында жас спортшылар-кеуделерінде медальдар,қолдарында жалаушалар.Акт залы ішінен шерумен өтіп залдың оң қапталында орналасады.

Сахнаның артынан дауыс:

Шартарапқа шаттығындай қазақтың

Ғасыр сүйіп тұрған дайын ғажап күн

Көк байрағы, Елтаңбасы бірлігі

Шалқи берсін Гимніміз қазақтың

Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.

Жүргізушілердің шығуы. Фон - фанфар1

1.Жүргізуші:Желтоқсанның тамаша күні бүгін,

Аямай күн де жерге төкті нұрын.

Сөзімдердің пернесін селт еткізер,

Бүгінгі күн ерекше, ерекше тым!

Армысыздар,бармысыздар халайық!

Жырдан,әннен сөз маржанын шашайық!

Жаңа жылда жаңа думан, жаңа жыр

Әкеледі әрбір үйге ағайын! - деп отырып, кележатқан Жаңа жылымыз құтты болсын ағайын! Жаңа жыл жаңа табыс, жаңы бақыт әкелсін,бақыттарымыз баянды болсын баршамызға құрметті бүгінгі мерекелік салтанатқа жиналған қауым!

2.Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді қонақтар, ұлағатты ұстаздар, және де барлық спорт сүйер қауымы! Кеңес Одағының Батыры Жәлел Қизатов атындағы № 23 мектеп-лицейіндегі қалалық спортакиадасының жабылу салтанатына қош келдіңіздер! Бүгінгі салтанатымыздың ән шашуын 3 сынып оқушысы Мақсатұлы Ернардың «Қазақстан» әнімен бастамақпыз.

Мақсатұлы Ернардың орындауында ән.

Қонақтардың қол шапалақтауы

2.Жүргізуші: Біз бүгінгі салтанатымызды «Еліміздің бүгіні, ертеңі - болашақ салауатты жас ұрпақтың қолында, - ал жас ұрпақтың тағдыры - сауатты ұстаздардың қолында» деген Ел Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен ашқымыз келеді.

1.Жүргізуші: Спорт!... Сен өміріміздің сенімді серігісің. Біздің жанымыз бен тәнімізге өлшеусіз қуаныш сыйлайсың.О, спорт! Сен: армандау, қол жеткізу, биікке қол соз деп айтасың! Сен адамдарды бір - бірімен күш сынасуға, өзін - өзі жеңе білуге шақырасың!
Мәңгілік қозғалыс - ол спорт! - деп спортқа арнау айтқан атақты спорт қайраткері Пьер де Кубертеннің сөздері осы күндері де өз маңызын жойған жоқ.

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата-бабаларымыз "тәні саудың - жаны сау" - деп бекер айтпаған.

Назарларыңызға,қаланың жас спортшылары, болашақ ел чемпиондары деген сеніммен ортаға каратистер тобын шақырамыз!

Арнайы музыкалық фон


Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов: «Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабары зор, оқыта білетін мұғалім», - деген.

2.Жүргізуші: Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық

нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі - Ұстаз.

1.Жүргізуші: Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан - теңіз. Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Олай болса бүгінгі мерекеге арналған «Шынықсаң шымыр боласың» салтанатымызды ресми түрде ашу мақсатында сөз қалалық білім бөлімінің басшысы Аралбаев Марат Жайылханұлына беріледі.

Фон: Лондон лимпиадасынан «Чемпиондар әні»

2.Жүргізуші: « 6 » сынып оқушысы Зейналиева Алинаның орындауында «Мерекем»әні. Қабыл алыңыздар құрметті қонақтар!

Зейналиева Алинаның орындауында ән

Спортакияда есебін беру үшін ортаға әділқазылар төрағасы Досымов Асылхан ағайды шақырамыз.

1.Жүргізуші: Ардагерлер қашан да мақтанышым

Елге арналған еңбегің, барлық ісің,

Сіздерге құрметпен жол берейік

Ұстаздың ұстазы ел танитын

Қалалық спортакиадасының жеңімпаздарына марапат тапсыру рәсімін атқару мақсатында ортаға қошеметпен қалалық білім кәсіподақ комитетінің төрайымы Алимбетова Орынша апай мен спорт ардагері Шаймерден ағайды шақырамыз

Фон:Лондон олимпиадасының жалғасы кетеді

Марапаттау рәсімі (волейбол,футбол,баскетбол,ұлттық ойындар,үстелдегі теннис,2400-1200 м-ге жүгіру,шахмат,дойбы)

2.Жүргізуші:

Биігіне шыққан кезде тұғырдың,
Жас ап көзге, алтыныңды тістедің!
Әнұранмен шалқып бірге тұрғанда,
Ұландардың барлығына күш бердің! дей отырып келесі музыкалық шашуымызды өздеріңізге арнаймыз. «Елімнің ертеңі» әні. Орындайтын « 1 » сынып оқушысы Жақсылық Әлібеков. Қошеметпен қарсы алайық құрметті қонақтар!

Жақсылық Әлібековтің орындалуында ән

2.Жүргізуші: «Денсаулық - зор байлық» деп атамыз қазақ бекер айтпаған болар. Деніміз сау болмаса, ауру меңдеп, қалжыратса, шалқыған байлықтан, ақшадан не пайда?! Осыдан біз ненің бірінші байлық екенін аңғарамыз.

1.Жүргізуші: «Қазақстан 2030» Стратегиясында Ел Басшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Біздің стратегиямыз азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеуден басталады» деп айтқан.

«Сау дене, азат ақыл, адам көңіл. Осы үшеуімен бақытты болады өмір», - дегендей, өмірге адам болып келген соң, адам болып өту, өмірімізді мәнді де, сәнді өткізу, келешекке оң көзқараспен қарау - міндетіміз. Бұл өмірді дұрыс өткіземін десеңіздер, салауатты өмір салтын ұстаныңыздар!

2.Жүргізуші:

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,

Өмірде бақыттысың денің сауда

"Денсаулық - терең бақыт" деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да

Денің сауда күштісің бұл әлемде,

Денің сауда сұлусың жер бетінде.

Сол мықты денсаулықтың арқасында

Жетерсің әлі талай бақыттарға.

1.Жүргізуші:

Осымен бүгінгі салтанатымыз жабық деп жариялаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Дендеріміз сау болсын әрқашанда! Көріскенше күн нұрлы болсын құрметті ағайын! Жаңа жыл баршамызға тек қуаныш, зор денсаулық, мол табыс әкелсін!

Чемпиондар әні








© 2010-2022