Қазақ тілінен 8-сыныпқа арналған емтихан билеттері

Қазақ тілінен 8- сыныпқа арналған емтихан билеттерінің үлгісі  ұсыныламын. Билеттер 8- сынып бағдарламасы бойынша жасалған. Қазақ тілінен "Синтаксис" бөлімі толық қамтылған. Барлығы 30 билет. Әр билетте 2 сұрақтан берілген. Емтихан ауызша түрде қабылданады. Бірінші сұрақта ереже сұралады, ал екінші тапсырма синтаксистік талдау түрінде орындалады. Емтихан өткізу барысында оқушының жыл бойы алған білімі тексеріледі. Осындай  емтихан билеттерін әр сыныпта жүйелі қолдану жыл соңында қолдану менің іс...
Раздел Завучу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілінен 8- сыныпқа арналған емтихан билеттері

1 - билет

1.Әдеби тілдің грамматикалық нормалары

2.Мәтінде берілген нақыл сөзді кім айтқанын анықта да,оны автор сөзінен тыныс белгілері арқылы бөліп жаз.

Тіл жөнінде Ғ. Мұстафин Тіл қаруы-сөз, сөз қаруы-ой.Ақылды ой, алғыр сөз - адамның ең жоғары қасиеті дейді.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------2 - билет

1. Сөйлем. Сөйлем түрлері.

2.Мәтінді оқып шығып, сөйлемдерді түріне ажыратыңдар.

Қойлар жүрісті азайтты. Бірақ боран да, жел де, аяз да бәсеңдемеді. Көкек айы қаңтарға айналып кетті. Күн сайын бір көрпе төселгендей жер беті қалыңдай берді.Қойлар қораға қарай төстерімен жүзе жылжиды. Отамалық әрең жүріп келеді.Бір жағынан ажалдай ұйқы қысады.Ендігі ұйқы ажал екенін далада тұрғандардың бәрі біледі. Айнала жарық болған кезде ғана ол өзіне-өзі келгендей. Жарық бұған аздап жан беріп, тірілткендей, жарық та үлкен сүйеу екен ғой.Енді жел қанша үріп шәуілдегенмен, тобыр тұралап қалыпты. (Т.Жар.)

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

3 - билет

1. Сөйлем мүшелері.

2.Баяндауыштарын тиянақты етіп, сөйлемді салаластыра байланыстыр.

Бірде ұрыса отырып, бірде ақыл айтып, екеуін де кінәлі қылды (М.М.)

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

4 - билет

1. Тұрлаулы мүшелер. Бастауыш пен баяндауыш.

2.Себеп-салдар салаласты себеп бағыныңқылы сабақтасқа айналдырып жаз.

Білім алу жолындағы табандылықтан артық іс жоқ, себебі ілім кісіні ізет пен абыройға жеткізетін құрал болып табылады. (Ә. Нұрш.)

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

5 - билет

1. Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша.

2. Құрмаластың түрін тап та, тыныс белгісін дұрыс қой.

Ақбозға сол күні өмірімде бітпеген шабыс пайда болған сияқтанды төрт тұяғымен жердің топырағын уыстай аспанға атып зымырағанда көлденеңнен көзі түскен жұрт оны ұшып барады екен деп ойлайды. (С.М.)

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

6 - билет

1. Тұрлаусыз мүшелер.

2. Құрмаластың түрін тап та, тыныс белгісін дұрыс қой.

Абай мен Ербол жастары үлкен болса да бұл өңірде қыс жүріп көрмегендіктен жол бастауды Шәкеге тапсырады. (М.Ә.)

7 - билет

1. Сөйлемнің айқындауыш мүшелері.

2. Сөйлемді құрылымына қарай талда.

Адамгершілік адамның жүріс-тұрысы мен отырысынан да көрініп тұрады.

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

8 - билет

1. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.

2. Сөйлемді құрылымына қарай талда.

Бүгін төңіректе ешбір өзгеріс жоқ..

9 - билет

1. Жай сөйлем. Жай сөйлемнің түрлері.

2.Сөйлемдегі бірыңғай мүшелерді тауып, қандай сұрақтарға жауап беретінін, қай сөз таптарынан екенін және қандай тұлғада тұрғанын талда.

Құрғақ жер жазықты, ойпатты, қыратты, таулы болатыны мәлім.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


10 - билет

1. Оқшау сөздер

2.Сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда.

Сол сәтте жолаушылар үлкен жолмен зымырап сырғытып келеді.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

11- билет

1. Құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлем түрлері.

2. Айқындауыш түрін тап және қандай сөйлем мүшелерін айқындап тұрғанын анықта.

Тобықтың ішіне ең алғаш келген арбаны осы Зеренің, Құнанбайдың кәрі шешесінің, көк арбасы десе де болады.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

12 - билет

1. Салалас құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем түрлері.

2. Бастауыштан кейін сызықшаның қойылу жағдайын түсіндір.

Біздің елдің киесі, пірі-қызыл шұбар жолбарыс.

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

13 - билет

1. Ыңғайлас салалас.

2. Сөйлемді құрылымына қарай талда.

Қуанышымда шек болмады.

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

14 - билет

1. Себеп - салдар салалас.

2. Құрмалас сөйлемді түрлеріне қарай ажырат.

Күн түс ауа жылынып, сызды дала бусанып, ауыл сыртында әдемі бір көрініс туып еді.

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

15 - билет

1. Қарсылықты салалас.

2. Сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда.

Ауада бұлт арасында қанаттарын керіп тастап, бір лашын ұшып жүр.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

16 - билет

1. Түсіндірмелі салалас.

2. Құрмалас сөйлемді түрлеріне қарай ажырат

Тимур үйге келісімен, оны нағашысы жанына шақырып алды.

-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

17 - билет

1. Талғаулы салалас.

2. Құрмалас сөйлемді түрлеріне қарай ажырат.

Ел ішіндегі ауыл арасындағы жай осы болса да, облыстық қаланың ояз бен болыс кеңестерінде біреуді біреу қаралап көрсеткен арыздар айлар бойы тола берген-ді.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

18- билет

1. Кезектес салалас.

2. Құрмалас сөйлемге синтаксистік талдау жаса.

Аққу суда дыбыс шығармай жеңіл жүзеді, ал астындағы су жарқырап, маржанның түсіне енеді.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

19 - билет

1. Сабақтас құрмалас сөйлем. Сабақтас құрмалас сөйлем түрлері.

2. Құрмалас сөйлемге синтаксистік талдау жаса.

Дала сыртынан тыныш көрінгенімен, жайбарақат жатқан дүние жоқ..

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

20 - билет

1. Шартты бағыныңқылы сабақтас.

2. Тыныс белгісін дұрыс қой.

Жүсіп сөйлемекші еді оны жұрттың ду көтеріле шапалақтаған қолы бөліп бірсыпыра уақытқа шейін сөйлетпеді.

21 - билет

1. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас.

2.Құрмалас сөйлемді түрлеріне қарай ажырат.

Абай бүгін әдейі бір үй іші кеңесті оңаша сөйлесейін деп, Мағаш, Әбіштерді осында шақыртқан.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

22 - билет

1. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас.

2.Құрмалас сөйлемді түрлеріне қарай ажырат.

Ескі қыстаудан әрі ұзамай қалың ағаш сиреп, дала көріне бастады

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

23 - билет

1. Себеп бағыныңқылы сабақтас.

2. Құрмалас сөйлемнің түрін анықта, баяндауыштарының жасалу жолын түсіндір. Сөйлем

мүшелеріне талда.

Сөз жүйесін тапса, мал иесін табар

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

24 - билет

1. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас.

2. Құрмалас сөйлемнің түрін анықта, баяндауыштарының жасалу жолын түсіндір. Сөйлем

мүшелеріне талда.

Торғай қаласына келісімен, ол мектеп салдырды.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

25 - билет

1. Мақсат бағыныңқылы сабақтас.

2. Құрмалас сөйлемнің түрін анықта, баяндауыштарының жасалу жолын түсіндір. Сөйлем

мүшелеріне талда.

Бұл мәжіліс еңбек айынан басталғандықтан, Абай кейін өзінше түйін түйді.

26 - билет

1. Аралас құрмалас сөйлем.

2. Одағай түрлерін тап та, тыныс белгілерін дұрыс қой.

Өлеңім шарла ауылды.

Тыңда дала Жамбылды. ( Ж..Ж..)

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

27 - билет

1. Төл сөз бен төлеу сөз.

2. Құрмаластың түрін тап, тиісті тыныс белгісін қой.

Үй - ішінің қарбалас жүрісі саябырлады да барлық үлкен- кіші қонақтардың айналасына жиылды.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

28 - билет

1. Төл сөз бен автор сөзі.

2. Сөйлемнің түрін тап та, сызбасын сыз.

Кеген ауданына келгенінше, мен де аңшы емес едім, мұнда келген соң, еріксіз үйрендім.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

29 - билет

1. Төл сөздің тыныс белгілері.

2. Құрмалас сөйлемге синтаксистік талдау жаса.

Бұрын күй тыңдағанда аздап теңселіп отырушы еді, қазір қимылсыз қалыпты.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

30 - билет

1. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары

2. Құрмалас сөйлемге синтаксистік талдау жаса.

Көшедегі ағаштар тегіс жапырақ жамыла қоймағанымен, қою ағаш арасы алуан үнге толы.


Емтихан билеттерінің сұрақтары 8-сынып

  1. Әдеби тілдің грамматикалық нормалары

  2. Сөйлем. Сөйлем түрлері.

  3. Сөйлем мүшелері.

  4. Тұрлаулы мүшелер. Бастауыш пен баяндауыш.

  5. Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша.

  6. Тұрлаусыз мүшелелер

  7. Сөйлемнің айқындауыш мүшелері.

  8. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.

  9. Оқшау сөздер

10. Жай сөйлем. Жай сөйлемнің түрлері.

11. Құрмалас сөйлем.Құрмалас сөйлем түрлері.

12. Салалас құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем түрлері.

13. Ыңғайлас салалас.

14. Себеп - салдар салалас.

15. Қарсылықты салалас.

16. Түсіндірмелі салалас.

17. Талғаулы салалас.

18. Кезектес салалас.

19. Сабақтас құрмалас сөйлем. Сабақтас құрмалас сөйлем түрлері.

20. Шартты бағыныңқылы сабақтас.

21.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас.

22. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас.

23. Себеп бағыныңқылы сабақтас.

24. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас.

25. Мақсат бағыныңқылы сабақтас.

26. Аралас құрмалас сөйлем.

27. Төл сөз бен төлеу сөз.

28.Төл сөз бен автор сөзі.

29.Төл сөздің тыныс белгілері.

30.Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары.



© 2010-2022