Әдістемелік жұмыс өлшеуіштері

Этот файл предназначен для завучей по методической работе. Здесь указаны параметры оценивания методической работы учителя за год, по которому можно сделать рейтинг учителей. рейтинговой оценки профессиональной деятельности учителей позволяет учителю:○ реально представить результаты своего труда и их место в коллективе;○ увидеть свои резервы;○ иметь стимул к непрерывному самосовершенствованию, профессиональному росту;Эта технология также позволяет администрации школы:○ осуществлять непрерывную ди...
Раздел Завучу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ЕҢБЕГІН БАҒАЛАУ ӨЛШЕУІШТЕРІ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ

Педагогтардың кәсіби еңбегін рейтингтік бағалау өлшеуіштерінің әзірлемесі

Инновациялық білім мекемесі мұғалімінің әдістемелік жұмысының басты құндылығы ұстаздың өз кәсіби шеберлігін жүзеге асыруға, өзін -өзі өзектілендіруге және өз ісін тиімді ұйымдастыруға әзір жеке тұлға бола алуымен анықталады. Мұғалімнің әдістемелік жұмысының сапасын арттыру тек білімін тереңдетумен ғана шектелмейді, ол ең алдымен, білім сапасын арттыруға бағытталған жаңа технологиялардың астарына терең бойлай алу әрекеті болып табылады. Мұғалім өзінің нақты миссиясын сезінген жағдайда ғана өз ісіне есеп беруі, өзін- өзі таныта алуы, өзін-өзі дамытып, жаңашылдыққа құлшыныс танытуы арта бастайды.

Мақсаты: мұғалімдердің өз кәсіби тұрғыдағы мәселелерін өз тарапынан түйсініп, өзіндік шешім қабылдай алуға белсендіру.

Міндеттері:

1. Мұғалімдер жетістіктерінің өзгеру динамикасының мониторингісі.

2. Нәтижелерін әріптестерінің нәтижелерімен салыстыру.

3. Педагогтардың портфолиосы түріндегі мәліметтер базасын қалыптастыру.

Іс-әрекеттің мазмұны

1. Жыл бойы мұғалім іс-әрекетінің диагностикасын жүргізу.

2. Жылдың соңындағы қорытынды бойынша рейтинг шығару.


Педагогтың ғылыми-әдістемелік жұмысының рейтингісін есептеу әдістемесі.

Rәж алты көрсеткіш өлшеуіштерінен құралады:

  • RI - өзі сабақ беретін пән бойынша сабақтан тыс әрекетінің жағымды нәтижелері;

  • RII - жаңаша білім беру технологияларын пайдалану;

  • RIII - өзінің педагогикалық тәжірибесін жалпылау және тарату;

  • RIV - тәрбие жұмысы бойынша мұғалімнің еңбегін бағалау;

  • RV - кәсіби сайыстарға қатысу;

  • RVI -пән бірлестікке жетекшілік ету.

  • RVIІ - мұғалімнің атқарушылық тәртібін бағалау.

1. Өзі сабақ беретін пән бойынша сабақтан тыс әрекетінің жағымды нәтижелері төмендегідей бағаланады:

  • Н1 - таңдау немесе электив курстарын жүргізу (2б - дайын бағдарламамен жұмыс істесе, 5б - егер бағдарламаны мұғалім өзі құрастырса, 15б - бағдарламаны өзі құрастырып, ОӘК жасаса);

  • Н2 - оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізсе (2б);

  • Н3 - оқушылардың ғылыми-практикалық конференциялардағы жетістіктері: ең үздік жұмысқа диплом, жеңімпаз дипломы (2б - мектепішілік деңгейде, 10б - аудандық деңгей, 15б - облыстық деңгей, 20б -республикалық деңгей, 25б -халықаралық деңгейде. Егер бір мұғалімнің екі немесе бірнеше деңгейде жеңістері болса балдары қосылады);

  • Н4 - әр түрлі деңгейдегі олимпиадаларға (жоғары оқу орындары өткізетін) оқушыларды ұйымдастырса (10б - егер оқушылары 1,2,3 орын алса)

  • Н5 - оқушыларды әр түрлі деңгейдегі пән сайыстарына тартса: «Абай оқулары», "Русский медвежонок - языкознание для всех", "Золотое руно", "Кенгуру", «Ақбота» т.б. (1б бір оқушы үшін, егер оқушы жүлделі орын алса - 5б) Егер бір мұғалімнің екі немесе бірнеше деңгейде жеңістері болса балдары қосылады;

  • Н6 -оқушылардың мемлекеттік пән олимпиадаларынан жетістіктері (5б - мектепішілік деңгей (1, 2, 3 орын), 15б - аудандық деңгей (1, 2, 3 орын), , 20 б - облыстық деңгей, 30б - республикалық деңгей, 50б - халықаралық деңгей. Егер бір мұғалімнің екі немесе бірнеше деңгейде жеңістері болса балдары қосылады.

Бірінші өлшеуіш бойынша мұғалімнің рейтингісін есептеу әдісі:

RI = Н1 + Н2 + Н3 + Н4 + Н5 + Н6 + Н7

2. Жаңаша білім беру технологияларын пайдалану келесі өлшеуіштер бойынша анықталады:

  • Т1 - педагогикалық зерттеулер (0 б -егер педагог өзінің жеке педагогикалық зерттеуін жүргізбесе, 1б -зерттеу тақырыбы, бағдарламасы (бекітілген) болса, 5б - аралық немесе соңғы нәтижесі болса).

  • Т2 -оқу жетістіктерін бағалау және жүйелеу әдістерін, жаңа сандық білім беру ресурстарын пайдалану (оқу-әдістемелік кешендер, жұмыс дәптерлері, жобалар, зерттеулер, тестілеу нәтижелері)(10б. дейін).

  • Т3 - Жаңа білім беру технологияларын пайдалану нәтижелігі (баспа өнімдерінің болуы, тәжірибе жалпылау және тарату(10б).

  • Т4 -Өткізген ашық сабақтарының саны (пән апталығы шеңберінде - 3б., аудандық деңгейде - 5б., облыстық деңгейде - 10б., республикалық деңгейде - 15б.).

Екінші өлшеуіш бойынша мұғалімнің рейтингісін есептеу әдісі:

RII = Т1 + Т2 + Т3 + Т4

3. Педагогтың өзіндік педагогикалық тәжірибесін жалпылау және тарату;


  • Ж1 - аудандық деңгейде іс-тәжірибе жалпылау және тарату ( 2 б - мектептің педагогикалық кеңесінде немесе семинарларда, бірлестік отырысында тәжірибе бөлісуі; 5б -пән мұғалімдерінің аудандық деңгейде әдістемелік бірлестік отырыстарында тәжірибесімен бөлісу баяндамалары, оқу жылы бойы шебер-класс жүргізу, аудандық семинарларда, дөңгелек үстелдерде және т.б. проблемалық отырыстарда тәжірибе бөлісу баяндамалары, жинақтар, ғылыми-әдістемелік басылымдарының жариялануы, ОҒҚ немесе бірлестікке жетекшілік жасауы. Егер педагог оқу тоқсанында не жыл бойында бірнеше рет тәжірибесімен бөліссе немесе ОҒҚ , бірлестік жетекшілік жасаса, балдары қосылады.);

  • Ж2 - облыстық деңгейде іс-тәжірибе жалпылау және (10б - облыстық семинарларда баяндамаларымен қатысса, ғылыми-әдістемелік мақалалары еңбектер жинағында, облыстық басылымдарда, педагогикалық ақпараттар қорында жарияланса);

  • Ж3 - республикалық және халықаралық деңгейде іс-тәжірибе жалпылау және тарату (20б - республикалық және халықаралық деңгейдегі семинарларда баяндамаларымен қатысса, ғылыми-әдістемелік мақалалары еңбектер жинағында, облыстық басылымдарда, педагогикалық ақпараттар қорында жарияланса, 5б - егер баяндама енді ғана жіберіліп, ол туралы куәландыратын құжат болса). Мұғалім бірнеше педагогикалық сайыстарға бір кезеңде қатысып, бірнеше баспаға іс-тәжірибесін жалпылау үшін жіберген болса, балдары қосылады.

Үшінші өлшеуіш бойынша мұғалімнің рейтингісін есептеу әдісі:

RIII = Ж1 + Ж2 + Ж3

4. Тәрбие жұмысы бойынша мұғалімнің еңбегін бағалау:


  • С1 -сынып ұжымының бірлескен іс-әрекетін басқару деңгейі (3б - құқық бұзушылыққа жол берілмесе, 5б - тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырып, жоғары дәрежеде өткізсе)

  • С2 - мұғалім мен отбасының бірлесіп жұмыс істеу дәрежесі (2б - оқушының отбасы жайлы /үйінде болып/ толық мәліметі болса, 3б - жүйелі диагностика жүргізсе, 5б - ата-ана сынып өміріне тікелей араласса)

  • С3 -тәрбие жүйесінде инновацияның болуы (3б - сынып жетекшісі қазіргі тәрбие технологияларын меңгеріп, іс-шараларда пайдаланса, 10б - егер мұғалім тәрбиеге байланысты бағдарлама құрастырса және сараптама кеңесімен бекітілсе)

Төртінші өлшеуіш бойынша мұғалімнің рейтингісін есептеу әдісі:

RIV = С1 + С2 + С3.

5. Кәсіби сайыстарға қатысу деңгейін бағалау:


  • К1- аудандық деңгейдегі кәсіби сайыстарға қатысуы(20 б-ға дейін: 5б - таңдау турына өтініш беру және қатысу, 10б -финалға шығу, 15 - финалға қатысу, бірақ үштікке енбеу, 20б - сайыстың жеңімпазы немесе сыйлық иесі болуы);

  • К2 - облыстық деңгейдегі кәсіби сайыстарға қатысуы(50 б-ға дейін: 15б - таңдау турына өтініш беру және қатысу, 25б - финалға шығу, 35 - финалға қатысу, бірақ үштікке енбеу, 50б - сайыстың жеңімпазы немесе сыйлық иесі болуы);

  • К3 - республикалық және халықаралық деңгейдегі кәсіби сайыстарға қатысуы(100б-ға дейін: 50б - таңдау турына өтініш беру және қатысу, 85б - республикалық, халықаралық деңгейдегі таңдау турының жеңіспазы, 100б - сайыс жеңімпазы).

RV = К1 + К2 + К3.

6. Пән бірлестікке жетекшілік жасау.

Әдістемелік бірлестік - мұғалімдердің дамуының жоғарғы деңгейі, ал пән бірлестікке жетекшілік ету - ол, ең алдымен, типтік оқу бағдарламаларына авторлық бағдарлама құрастыру бойынша мұғалімдермен жекелеген жұмыстарды ұйымдастыру және бағыттау, бірлестік мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бойынша туындаған мәселелерді шешудегі мақсатты әрекеті, бірлестік бойынша инновацияның дамуына талдау жасау. Сондықтан да бұл өлшеуіш ерекше көрсетілген және оған 10 балл беріледі.

7. Мұғалімнің атқарушылық тәртібін бағалау

  • Ә1 - ұсыныстарға сәйкес құжаттардың рәсімделуін бағалау ( 3 балға дейін);

  • Ә2 - еңбек тәртібінің сақталуын бағалау ( "-1" балдан "+1" балға дейін);

  • Ә3 - кабинеттің санитарлық жағдайын бағалау ( "-1" балдан "+1" балға дейін);

  • Ә4 -ата-аналар мен оқушылардың тарапынан негізделген шағымдардың болмауын бағалау ( "-1" балдан "+1" балға дейін);

  • Ә5- тапсырмалардың уақытылы орындалуын бағалау ( "-1" балдан "+1" балға дейін);

  • Ә6 - мектепішілік іс-шараларға қатысуын бағалау (педагогикалық кеңес, жиын, семинар, мерекелік іс-шаралар) - 100%-дық қатысу болғанда 5 балға дейін.

Нәтижесінде мұғалімдердің рейтингісін бағалау төмендегі формуламен есептелінеді:

Rәж = RI (Н1 + Н2 + Н3 + Н4 + Н5 + Н6 + Н7) + RII (Т1 + Т2 + Т3 + Т4) + RIII (Ж1 + Ж2 + Ж3) + RIV (С1 + С2 + С3.) + RV (К1 + К2 + К3) + RVI (10 балл)+ RVII(Ә1 + Ә2 +Ә3 +Ә4 +Ә5 +Ә6 ).

Педагогтың ғылыми-әдістемелік жұмысының рейтингісін есептеу қорытындысы бойынша жаңа идеялар мен мақсаттар туындап, жаңа сапа мен инновацияға түрткі дәрежесіне көшу кезінде педагогикалық ұжым мүшелері төмендегідей топтарға бөлінеді:

0 - 90 балл жинаған ұстаздар - «Талпыныс» тобы: мұғалімдерге әдістемелік көмек бере отырып, шығармашылыққа баулитын топ.

91 - 150 балл жинаған ұстаздар - «Ізденіс» тобы: жаңашыл көзқарастағы мамандарды іріктейтін, үнемі шығармашылық ізденістегі топ.

151 - 300 балл жинаған ұстаздар - «Іскерлік» тобы: педагогикалық шеберлігі шыңдалған, жаңашыл білімді топ.

1 группа - учителя в совершенстве владеют обучающими и воспитательными умениями, работают на самоконтроле

2 группа учителя владеют достаточно хорошо обучающими и воспитательными умениями, но иногда требуют оказание методической помощи, с целью совершенствования творческой деятельности.

3 группа учителя испытывают трудности, требуют постоянной методической помощи и контроля.

Педагогтың ғылыми-әдістемелік жұмысының рейтингісі әр тоқсан сайын есептелініп отырады. Мектептің әр педагогіне арнайы есеп тапсыру формасы әзірленген. Қорытынды рейтинг әр тоқсан сайынғы жиналған балдардың жиынтығы негізінде оқу жылының соңында анықталады. Мәліметтер жиынтық кестеге енгізіліп, диаграмма құрылады және №20 Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп мұғалімдерінің кәсіптік біліктілігін әрі қарай дамыту үшін нәтижелер талданады. Әзірленген мұғалімнің ғылыми-әдістемелік жұмысын рейтингтік бағалау әдісі мұғалімнің кәсіби өсуіне жан-жақты мүмкіндік береді.

Заманауи мұғалімнің ерекше белгілері: әділ, ізгі ниетті, моралдық-этикалық принциптерді қатаң сақтайды, өз ісінің нәтижелілігіне өзі жауапты, ұжымда үлгілі жұмыс істей алады және өзінің айрықша кәсіби тәжірибесімен бөлісе алады. Сондықтан да әдістемелік жұмысын рейтингтік бағалау әдісі педагогтерді осындау заманауи мұғалім болуға ынталандырады.




















МҰҒАЛІМНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫН

РЕЙТИНГТІК БАҒАЛАУ ӨЛШЕУІШТЕРІ

___________________________________________________________әдістемелік бірлестік

Аты-жөні ____________________________________________________________________

(___________________________санаты)

Жұмыс тақырыбы _____________________________________________________________ _____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

Р/с

Өлшеуіштер

І тоқсан

ІІ тоқсан

ІІІ тоқсан

IV тоқсан

Қорытынды

1. Сабақ беретін пән бойынша сабақтан тыс әрекетінің жағымды нәтижелері төмендегідей бағаланады:

1

Н1 - таңдау курстарын және электив курстарын жүргізу (бағдарлама мен жоспарлаудың болуы)


2

Н2 - оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу (бағдарлама)


3

Н3 - оқушылардың ғылыми-практикалық конференциялардағы жетістіктері (бірінші және жүлделі орындар):


- мектепішілік деңгей


- аудандық деңгей


- облыстық деңгей


- республикалық деңгей


- халықаралық деңгей


4

Н4 - әр түрлі деңгейдегі олимпиадаларға оқушыларды ұйымдастыру (оқушы саны, сынып)


5

Н5 - оқушыларды пәндік сайыстарға тарту (оқушы саны, сынып)


6

Н6- оқушылардың пән олимпиадаларындағы жетістіктері (бірінші және жүлделі орындар):


- мектепішілік деңгей


- аудандық деңгей


- облыстық деңгей


- республикалық деңгей


- халықаралық деңгей


2. Жаңаша білім беру технологияларын пайдалану келесі өлшеуіштер бойынша анықталады:

7

Т1- педагогикалық зерттеулер (тақырыбы, нәтиже)



8

Т2 - оқу жетістіктерін бағалау және жүйелеу әдістерін, жаңа сандық білім беру ресурстарын пайдалану (оқу-әдістемелік кешендер, жұмыс дәптерлері, жобалар, зерттеулер, тестілеу нәтижелері)


9

Т3 - заманауи оқыту технологияларын пайдаланудың нәтижелілігі

(баспа өнімдерінің болуы)


10

Т4 - өткізген ашық сабақтарының саны (пән апталығы шеңберінде, аудандық, облыстық, республикалық деңгейде)


3. Педагогтың өзіндік педагогикалық тәжірибесін жалпылау және тарату;

11

Ж1 - пән мұғалімдердің аудандық деңгейде әдістемелік бірлестік отырыстарында тәжірибесімен бөлісу баяндамалары, оқу жылы бойы шебер-класс жүргізу, аудандық семинарларда, дөңгелек үстелдерде және т.б. проблемалық отырыстарда тәжірибе бөлісу баяндамалары, жинақтар, ғылыми-әдістемелік басылымдарының жариялануы, ОҒҚ немесе бірлестік жетекшілік жасауы)


12

Ж2- облыстық деңгейде іс-тәжірибе жалпылау және тарату (облыстық семинарларда баяндамаларымен қатысса, ғылыми-әдістемелік мақалалары еңбектер жинағында, облыстық басылымдарда, педагогикалық ақпараттар қорында жариялануы)


13

Ж3 - республикалық және халықаралық деңгейде іс-тәжірибе жалпылау және тарату (республикалық семинарларда баяндамаларымен қатысса, ғылыми-әдістемелік мақалалары еңбектер жинағында, республикалық басылымдарда, педагогикалық ақпараттар қорында жариялануы)


4. Тәрбие жұмысы бойынша мұғалімнің еңбегін бағалау:

14

С1 - сынып ұжымының бірлескен іс-әрекетін басқару деңгейі

(3б - құқық бұзушылыққа жол берілмесе, 5б - тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырып, жоғары дәрежеде өткізсе)


15

С2 - тәрбие жүйесінде инновацияның болуы (3б - сынып жетекшісі қазіргі тәрбие технологияларын меңгеріп, іс-шараларда пайдаланса, 10б - егер мұғалім тәрбиеге байланысты бағдарлама құрастырса және сараптама кеңесімен бекітілсе)


16

С3 - мұғалім мен отбасының бірлесіп жұмыс істеу дәрежесі (2б - оқушының отбасы жайлы /үйінде болып/ толық мәліметі болса, 3б - жүйелі диагностика жүргізсе, 5б - ата-ана сынып өміріне тікелей араласса)


5. Кәсіби сайыстарға қатысу деңгейін бағалау:

17

К1 - аудандық деңгейдегі кәсіби сайыстарға қатысу


18

К2 - облыстық деңгейдегі кәсіби сайыстарға қатысу


19

К3 - республикалық және халықаралық деңгейдегі кәсіби сайыстарға қатысу


6. Пән бірлестікке жетекшілік ету


7. Мұғалімнің атқарушылық тәртібін бағалау

20

Ә1 - ұсыныстарға сәйкес құжаттардың рәсімделуін бағалау ( 3 балға дейін);


21

Ә2 - еңбек тәртібінің сақталуын бағалау ( "-1" балдан "+1" балға дейін);


22

Ә3 - кабинеттің санитарлық жағдайын бағалау ( "-1" балдан "+1" балға дейін);


23

Ә4 -ата-аналар мен оқушылардың тарапынан негізделген шағымдардың болмауын бағалау ( "-1" балдан "+1" балға дейін);


24

Ә5- тапсырмалардың уақытылы орындалуын бағалау ( "-1" балдан "+1" балға дейін);


25

Ә6 - мектепішілік іс-шараларға қатысуын бағалау (педагогикалық кеңес, жиын, семинар, мерекелік іс-шаралар) - 100%-дық қатысу болғанда 5 балға дейін.


Rәж = RI (Н1 + Н2 + Н3 + Н4 + Н5 + Н6 + Н7) + RII (Т1 + Т2 + Т3 + Т4) +

RIII (Ж1 + Ж2 + Ж3) + RIV (С1 + С2 + С3) + RV (К1 + К2 + К3) +

RVI (Нкж 10 балл) + RVII (Ә1 + Ә2 +Ә3 +Ә4 +Ә5 +Ә6 ).

Барлығы(рейтингтік бал)



© 2010-2022