Оқытудың дуалды жүйесі - кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолы

Раздел Завучу
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқытудың дуалды жүйесі - кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолы


Білім - әлеуметтік қажеттілік. Білім - қоғамдық құндылықтардың аса маңыздысы. Білім бар жерде алынбайтын қамал жоқ. Білім мен тәрбие өте тығыз байланысты. Еліміздегі заманға сай білім беру жүйесі - халыққа сапалы білім беріп, білікті маман даярлаудың бірден бірі жолы - елімізде дуалды оқыту жүйесін енгізу.

Елбасы Н.Назарбаев өзінің дәстүрлі Жолдауында білім саласына айрықша басымдық берді. Оның ішінде техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамытуда дуальды оқыту технологияларын енгізуді, осыған орай Үкіметке тиісті қабылдауды тапсырды. Дуальдық жүйе - маман даярлауда өндіріс, білім алушының және мемлекеттің мүдделерін біріктіруге бағытталған кәсіптік білім берудің түрі.

Бүгінгі таңда еңбек нарығында жоғары білікті мамандар тапшылығы ерекше орын алуда. Қалыптасқан жағдайдың негізгі себепшісі білім беру үрдісін ұйымдастыру және жүйедегі мәселелер, яғни жас маманның бойынан табылуға тиісті тәжірибелік дағды, білім мен тәжірибені талап ететін нақты өндірістік жағдайлардан теориялық білім берудің алшақтап кетуі болып табылады.

Қалыптасқан жағдайда теория мен тәжірибенің арасындағы алшақтықты жою мәселесімен жұмыс берушіге көрсетуге тура келеді, себебі білікті мамандармен қамтамасыз ету - бұл жетістікке қол жеткізудің кепілі. Мұндай жағдайда жас мамандардың оқу үрдісінде алған білімдерін жүзеге асыру жоспарланатын кәсіпорын қызметінің ерекшелігін ескере отырып, қосымша оқу, жұмыс өтілінен өту, қайта даярлау қажеттілігі туындайды.

Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, тәжірибелік сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесім мен біріктірілетін білікті мамандарды даярлау қазіргі кезде білім берудің дуалды жүйесі деген атпен белгілі.

Теориялық біліммен қатар тәжірибелік дайындыққа ие болатын білікті мамандар даярлау мәселесін шешуге бағдарланған және бизнес - құрылымдармен, сондай-ақ білім беру мекемелерімен сұранысқа ие болатын дуалды білім беру жүйесін енгізу мәселенің негізін қалаушы принциптерін жан жақты талқылау мен қоғам алдына қойылған мәселенің тәртіппен шешілуін қажет етеді.

Әлемдік тәжірибеге қарағанда, білім берудің дуалды жүйесі мамандардың кәсіби дайындығын жоғарылатуға ықпал етеді. Еңбек өнімділігі артады, халықтың көшіп-қонуы азаяды, әлеуметтік шиеленіске жол берілмейді.

Дуалды білім беру туралы түсінік сәл басқаша және оның оқу үрдісінде жүзеге асырылуы колледждерде қалыптасты. Экономиканың өндірістік секторлары үшін біліктілігі жоғары деңгейдегі жұмыс мамандары аса қажеттілік тудыратын болғандықтан да колледждер базасында дуалды білім беру жүйесін енгізу қарастырылады. Алайда, атап кеткен келелі мәселелерді шешусіз дуалды білім беру жүйесін іске асыру теріс нәтижеге душар ететіндігі айқын.

Қазіргі кезде әлемдік тәжірибеде оқытудың дуалды жүйесі - кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірінe айналып отырған жүйе болып табылады.

Дуалды оқыту үшін жақсы мысал ретінде Германия мемлекетін аламыз. Бұл жүйе негізгі бастауын осы елден алған болатын. Германияның кәсіптік білім беру жүйесі жұмыс күші сапасының мониторингі халықаралық институты (Швейцария) бағасымен кадрлар біліктілігінің деңгейі бойынша алдыңғы қатарлы ел. Ал ондағы дуальді оқыту жүйесі Еуропалық Одақ үшін үлгі болып табылады.

Дуалды оқыту - қaзiргi қалыптасқан жағдайда мамандар даярлаудың ең тиімді тәсілі. Тиімділігі алынған теориялық білім оқу шеберханаларында өтетін тәжірибелік жұмыстармен және де өндірістік оқыту кезінде бекітілетіндігінен көрінеді. Бүгінгі оқу аудиториясында айтылған сөз ертеңгі күні кәсіпорында қолданылады. Білім берудің дуалды жүйесі дегенде белгілі бір кәсіп бойынша жастарға білім беру оқу орны мен кәсіпорын арқылы балашақ маман құзіреттілігін қалыптастыру жүйесі болып түсіндіріледі, яғни екі мекеме білім беруге қатысады.

Бұл үшін студенттің оқу орны мен мамандығына сай кәсіпорын арасында байланыс орнатылуы ләзім.

Ең алдымен, лицейлер мен колледждердің материалдық-техникалық базасы жаңартылуы қажет.

Ал екінші бағыты - әлеуметтік әріптестікті дамытуды көздейді.

Үшінші өзекті мәселе, бәсекеге қабілетті маман дайындау үшін оқыту жүйесіне инновациялық технологиялар енгізіледі.

Бір жақтан бұл кәсіптік мектеп, ал басқа жақтан - оқытатын кәсіпорын. Екі мекеме де бір-біріне қатысты тәуелсіз әріптестер болып табылады.

Қазақстанға дуалды оқытуды енгізу қажеттігі - дәлелденген дүние.

1. Ендігі кезеңде білім беру жүйесінің Қазақстандық моделін құрып бекіту қажет.

Себебі әр елдің жылдар бойы қалыптасқан өз білім беру тәжірибесі бар. Әр елдің оқыту базасы, менталитеті әр түрлі болып келеді.

Сондықтан басқа мемлекет тәжірибесін түбегейлі көшіріп алуға болмайды.

2. Жалпы бұл жүйеге көшу туралы пікір-ұсыныс айтылғанмен 4-5 жылдың көлемінде дуалды оқыту жүйесін оқу орындарына енгізуге арналған ғылыми-әдістемелік негізін құру қажеттігі өткір тұр.

3. Оқу орны мен кәсіпорын ұжымдары осы оқыту жүйесінің шеңберіндегі өздерінің міндеттері мен құкықтарын анықтайтын келісім-шарттар жасалуда, кәсіпорын жұмыс ауқымын ұққанмен оқыту процесін ұйымдастыру негіздерін толық біле бермейді, арнайы үйрететін кәсіби білікті мамандар жеткіліксіз, кәіпорынның жоспарын орындау үшін маманды үйретіп отыру уақыт талап етеді.

Бұл жүйені енгізбес бұрын ең алдымен осы мәселені біржақты қылу қажет.

Бүгінде кәсіптік-техникалық білім ошақтарында тәлім алған жастардың басым бөлігі алған мамандықтары бойынша жұмысқа тұра алмай жатады.

Сондықтан кәсіптік-техникалық білім беру ошақтарын заман талабына сай жетілдіріп, заманауи басқару жүйесін енгізудің маңызы зор. Бұдан басқа оқу бітірген жастарды жұмысқа тұрғызу мәселесін де кезек күттірмей шешуді талап етуде.

Кәсіптік-техникалық білім беру саласын жаңғырту аясында студенттер теориядан басқа, жұмыс беруші болып табылатын кәсіпорындарға барып, өз кәсіптерін жетік меңгеруге машықтануда.

Дуалдық жүйе шеңберінде кәсіби білім негізінен оқу мекемесінде емес, кәсіпорындарда жүргізіледі. Оқу уақытының 70-80 пайызы өндірісте өтеді. Оқыту мерзімі 2-ден 3,5 жылды құрап, оқу бойынша негізгі шығынды кәсіпорын көтереді.


Еліміздегі кәсіби-техникалық және жоғары білім беру жүйесі ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек.

Өйткені, экономиканың қарқынды дамуымен кәсіби-техникалық маман иелеріне сұраныс та күн санап артуда. Соған орай, теориядан гөрі тәжірибеге басымдық берілетін дуальдық жүйені енгізу халықты жұмыспен қамту проблемасын шешудің бірден-бір тиімді жолы екендігі анық.

Оқу үдерісі келесідей түрде ұйымдастырылады:

ЖОО-дағы, колледждегі немесе басқа да кәсіби білім беру орындарындағы әдеттегі сабақтармен (жалпы білімге дайындық) қатар, іс-тәжірибені меңгеру (кәсіби дайындық) үшін, білім алушылар нақтылы кәсіпорынға немесе фирмаға жұмысқа барады.

Техникалық және кәсіби профильдегі қызметкерлерді даярлаудың және қайта даярлаудың осындай түрі тікелей жұмыс орындарында теориялық курс пен кәсіби дайындықтан өтуді икемді бірлестіруге және білім алушыларға жоғары біліктіліктер (санат) беруді, қызметтік міндеттерін кеңейтуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Дуалды жүйе білім алушылардың кәсіби білім алуына кәсіпорындардың тікелей қатысуын қарастырады. Кәсіпорын іс-тәжірибелік білім беруге жағдай жасап, сонымен байланысты білім алушыларға ай сайынғы мүмкін төлемдер қоса есептелген барлық шығындарды мойнына алады. Оқу орны соның базасын егізінде өндірістік немесе іс-тәжірибелік оқыту іске асырылатын кәсіпорынмен тең құқылы негізде кызмет етеді.

Егер студент дуалды оқыту жүйесі бойынша мамандар даярлайтын мамандық түрін таңдаған болса ең алдымен үшжақты келісімге қол қойылады. Бұл келісім-шарт жақтары студенттің колледжде дуальді оқыту жүйесі бойынша кәсіптік теориялық және өндірістік оқуын жүзеге асыру үшін келісім - шартқа отырады.

Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты - техникалық кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, осы нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа замануаи технологияларды меңгертіп, жұмысшы мамандарды даярлау.

Бұл өндіріс орны үшін экономикалық жағынан тиімді. Маманды қайта даярлауға, жұмыс орнына бейімдеуге уақыт кетпейді. Білім алушы жастар үшін - өмірдегі өз орнын ерте табуға мүмкіндік туады, жұмысқа ерте араласып, бейімделеді. Қазіргі кезеңде әлемде оқытудың дуальды жүйесі - кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі. Оның ерекшелігі сол - кәсіптік оқыту үдерісінің басым бөлігі оқу орында емес, кәсіпорындарда технологиялық, диплом алдындағы тәжірибелерден өтеді. Бүгінгі күні колледжіміз 60 қалалық және облыстық мекемелермен, өндіріс орындарымен, шаруа қожалықтармен әлеуметтік әріптестік туралы келісім-шарттар жасады. «ҚазТрансГаз Аймақ» Қызылорда өндірістік филиалы, «Локомотив» Қызылорда пайдалану депосы, «қызылорда сигнализация және байланыс дистанциясы», «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы, «Қызылорда жол дистанциясы» АҚ, «Қазақтелеком» Қызылорда облыстық телекоммуникациялар дирекциясы, «Қызылорда жылу орталығы» мекемелерімен жаңа оқыту жүйесіне көшу туралы әлеуметтік-әріптестік келісім шарттарға қол қойылды. Шаруашылықтың қай саласын да өздері таңдаған мамандықтарын кәсіби тұрғыдан жан-жақты игеріп, озық технология мен заманауи техника тілін меңгергендер ғана дыматы алады. Сондықтан еліміздегі өндіріске қажетті мамандар әзірлеу деңгейін көтеру міндетін әлеуметтік серіктестік, теория мен тәжірибенің үйлесімділігі атқарады. Бұл үйлесімділік дуальды білім беру жүйесінде жан-жақты өрістей алады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінінің бұйрығына сәйкес И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық колледжінің «Агрономия» мамандығы дуальды оқытудың пилоттық жобасы бойынша «сынақ алаңы» ретінде белгіленді. Осы мамандық бойынша Ы.Жақаев атындағы «Қазақ күріш шаруашылығы» ғылыми-зерттеу институтымен келісім-шарт жасалды. Оқу орны алдағы уақытта «Колледж-студент-кәсіпорын» арасындағы үшжақты шарт жасауды жоспарлап отыр. Нәтижесінде, маман дайындаудың дуалды жүйесі дәстүрлі оқыту әдістеріндегі кемшіліктерді, теория мен тәжірибе арасындағы алшақтықты жояды, студент өзінің ертеңгі жұмыс орнымен танысады, оған ие болу мүмкіндігін сезінеді, сондай-ақ, ол бәсекеге қабілетті болса ғана кәсіби маман ретінде бағаланып лайықты табысқа қол жеткізе алатындығын түсінеді. Осы ретте 2013 жылы облысымыздағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында дуальды оқыту технологияларын енгізудің алғышарттары туралы Германиядан арнайы келген халықаралық сарапшы семинарлар өткізіп, тыңдаушыларға арнайы сертификаттар берді.

Дуалды жүйемен оқытудың жетістігі көп.

Біріншіден, бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары болады, себебі оқу барысында өндіріспен тығыз байланыста болған оқушы жұмыс берушінің барлық талаптарын игеріп, меңгерген жұмысшы маман болады.

Екіншіден, жақсы, білімді, болашақ жұмысшымаман психологиялық жағынан жаңа ортаға бейімделген дайын маман болып шығады. Өндірісте өздігінен шешім қабылдай алады. Теория мен тәжірибені меңгеріп, бекітілген жұмысқа деген жауапкершілік сезімі жоғарылайды. Өндірісте болғандықтан ұжыммен жұмыс жүргізеді және өндірістегі жұмыстарға бейімделеді. Үшіншіден, «тәжірибеден теорияға» принципімен жұмыс жүреді, оқушы теориялық, яғни текстпен айтудан гөрі, өндірістегі жағдаяттарға сәйкес жұмыс жүргізеді. Теориядағы қиындық келетін терминдер мен есептерді тәжірибе жүзінде шешеді.

Төртіншіден, жұмыс берушінің оқушыға берген бағасы дайындалған маманнның біліктілігімен байқалады. Алғашқы күннен бастап ұзақ өндірісте жұмысшы болған оқушы, өзінің білім мен ынтасын көрсетеді.

Бесіншіден, оқытушы тек қана теорияны ғана меңгермей, өндірістегі соңғы жаңалықтарды біліп, заманауи талаптарды меңгереді.

Алтыншы, бюджеттік шығын азаяды, себебі оқуға кеткен шығынның біраз бөлігі өндірісте болғандықтан оқушы күнделікті көріп, игереді.

Оқытудың тиімді жобасы дуальды оқыту жүйесі кәсіптік техникалық колледждерде жұмысшы кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдары. Теориялық біліммен қатар өндірістік практика кезінде білікті мамандар дайындау мәселесін шешуше бағдарланған құрылымдармен, сондай-ақ кәсіптік техникалық колледждерде сұранысқа ие болатын білім беру жүйесін енгіз жан-жақты талқылануы қажет. Мұндағы оқу процесінің ерекшелігі, 40% теория мен 60% өндірістік практика болса, онда білімгерлер өндірісте көп уақытын тиімді пайдаланып, мамандықты жан-жақты меңгеруге жағдайы болады. Осының нәтижесінде білімгерлердің жұмысқа жауапкершілікпен қарап, қызығушылығы мен өзіне деген ссенімділігі артады. Қазіргі кезеңде кәсіптік техникалық колледждер заманымызға сай жаңару үстінде. Мұның барлығы кәсіптік білім беруде оқытудың заманауи бағдарламалары мен оқыту әдістемелерін жаңғырту игеру және пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі. Дуалды оқытудың артықшылығы ең алдымен жас мамандардың жұмысқа орналасуының жоғарғы пайызын көрсетеді. Өйткені олар жұмыс берушінің талаптарына толығымен жауап береді. Дуалды білім беру процесі, ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып, білімгердің шығармашылық іскерлік сапаларын, коммуникативтілігін, жұмысқа бейімділігін, рухани-адамгершілік мәдениетін және болашақ мамандардың сауаттылығын қалыптастырады. Дуалды білім беру жүйесі оқу үрдісінде кәсіптік техникалық колледждер базасында қалыптасып, жұмысшы мамандарды өндіріске бейімдеу қажет.

Біздің еліміздің дәл қазіргі жағдайында әрбір отбасы, әрбір мектеп бігіруші жұмысшы немесе кәсіптік маман иесі болу бүгінгі күні дұрыс шешім болатындығын түсінуі қажет. Бұл орайда кәсіптік бағдар беру мен дуалды жүйеде оқыту өз мәнінде жұмыс істеуі керек.




Дуальды жүйемен оқытудың жетістігі көп.


Біріншіден, бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары болады, себебі оқу барысында өндіріспен тығыз байланыста болған оқушы жұмыс берушінің барлық талаптарын игеріп, меңгерген жұмысшы маман болады.

Екіншіден, жақсы білімді, болашақ жұмысшы маман психологиялық жағынан жаңа ортаға бейімделген дайын маман болып шығады. Өндірісте өздігінен шешім қабылдай алады. Теория мен тәжірибені меңгеріп, бекітілген жұмысқа деген жауапкершілік сезімі жоғарылайды. Өндірісте болғандықтан ұжыммен жұмыс жүргізеді және өндірістегі жұмыстарға бейімделеді.

Үшіншіден, «тәжірибеден теорияға» принципімен жұмыс жүреді, оқушы теориялық, яғни текстпен айтудан гөрі, өндірістегі жағдаяттарға сәйкес жұмыс жүргізеді. Теориядағы қиындық келетін терминдер мен есептерді тәжірибе жүзінде шешеді.

Төртіншіден, жұмыс берушінің оқушыға берген бағасы дайындалған маманның біліктілігімен байқалады. Алғашқы күннен бастап ұзақ уақыт өндірісте жұмысшы болған оқушы, өзінің білім мен ынтасын көрсетеді.

Бесінші, оқытушы тек қана теорияны ғана меңгермей, өндірістегі соңғы жаңалықтарды біліп, заманауи талаптарды меңгереді.

Алтыншы, бюджеттік шығын азаяды, себебі оқуға кеткен шығынның біраз бөлігі өндірісте болғандықтан оқушы оны күнделікті көріп, игереді.

Жоғарыда аталған мәселелердің барлығы дуальды оқыту технологиясы енгізіліп, жүзеге асқан кезде қол жеткізетін нәтижелер.




















Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


1. ҚР «Білім туралы» Заңы // Астана, 2011.

2. Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2010-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

3. Государственная программа развития образования Республики Казахстан на 2011-2020 годы. Утверждена Указом Президента Республики Казахстан от 4 декабря 2010 года № 1118.

4. Агранович М.Л. Экономические и социальные эффекты образования. Опыт статистического анализа. - М.: Просвещение, 2001. -256 с.

5. Кәсіптік білімнің дамуы - мемлекет қамқорлығының нәтижесі //Қазақ тарихы. - 2007. - № 4. - 123-125- бб.

6. Омарбекова Ж. Білім берудің жаңа жүйесі // Орталық Қазақстан. - 2012. - №6. -7 6.

7. Маханбетова А. Дуалды жүйе - кәсіптік маман тапшылығын жояды // Егемен Қазақстан. - 2013. - 8 қараша.

8. Чешев В.В., Особенности развития технических наук. -М.: Просвещение, 1981 - с. 90.

9. Сборник материалов по проекту «Внедрение дуальной системы обучения», (Часть 1), Астана-2013.

10. Стратегический план Министерства образования и науки Республики Казахстан на 2011-2015 годы // zakon.kz/141156-zakon-respubliki-kazakhstan-ot-27.html.

11. Магазов Е.Д., Эффективность внедрения дуальной системы обучения в ТиПО, Қазақстан кәсіпкері. - №6. - 2013.

12. Витвицкая О.Г.Внедрение дуальной системы обучения в колледже. Қазақстан кәсіпкері. - №6. - 2013.

13. Думченко Н.И. Подготовка квалифицированных рабочих широкого профиля. М.: Высшая школа, 1984. - 63с.



© 2010-2022