Тәрбие сағаты Ана-өмірімнің гүлі

Раздел Завучу
Класс 3 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы. Ана-өмірімнің гүлі.

Сабақтың мақсаты:Балаларды мейірімділікке,аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге,ананы сүюге,сол арқылы еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан,ананың мейіріміне тарайтынын ұғындыру.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:Қымбатты ұстаздар,қонақтар,аналар!Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша,шуақты мейрамдардың бірі-8 наурызды,Халықаралық әйелдер күнін тойлап, атап өтуге жиналып отырмыз.Мерекелеріңіз құтты болсын,сүйікті аналар!

Армысың,ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән мен күй,өлең мен би,

Сендер үшін мереке шашулары.

Әлемнің жарығын,

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін,

Жинадың сен маған.

Көктемді қанатына қондырып,жан жылуын көкірегіне толтырып,әйел-аналардың дәстүрлі мерекесі-8 наурыз да ару қаламызға келіп жетті.Өздеріңізді анадай шуақты,құлпырған қызғалдақтай әсем мерекемен құттықтаймыз!

«Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар.Ынтымағы келіскен,түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ-мемлекетіміздің құт берекесі.Әйел-ана-отбасы жылуын сақтаушы,қоғамның ертеңі,болашақ балаларды тәрбиелеуші.

Бүкіл әлем аналардың үмітінен таралған.

Әлемде сен болмасаң осылайша,

Туар ма еді жүрегімде биік мақсат,игі арман?

Ардақты ана,аяулы ана қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп,талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың-аясындай гүл бақтың.

Мен өзіңмен қайда болсаң біргемін

Махаббатың жүрегімде жүр менің

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің

Қандай жақсы ортамызда жүргенің.

Сияқты бір жаздың сұлу нарт гүлі

Құлпырады бүгін міне март гүлі.

Осы күні тасып сенің көңілің .

Жас жүректен шықты шалқып шат үні.

Қуанып көз алдыңда жүргеніме,

Құмарсың менің келер күндеріме.

О,ана,жетсе екен бар өмірің.

Қартайған шағымды да бір көруге.

Күнде той бола бермес дәл осындай

Тыншымас көңіл бақыт жол ашылмай.

Өмірде саған жақын адам болмас

Төрт бөлген түн ұйқысын анашымдай.

Адамдықтың ашқан соң қақпасын кеп.

Туған елің сүйсіне мақтасын деп.

Пәк сезіммен тілеймін адамдардың

Анасының ақ сүтін ақтасын деп.

Мінеки,жер көгеріп көктем келді,

Шығарып сан боранды,өкпек желді.

Жаңа көктем әкелсін мол жақсылық,

Өткен өтті,салауат өткенге енді.

Тыныштық баршамыздың ұранымыз,

Арманның асқарына қанат қаққан,

Бақытты бейбіт елдің ұланымыз.

Ана сүтінен барлық адам нәр алған,

Ол азығың өзіңмен бір жаралған.

Туа салып тұңғыш татқан дәмің ол

Күш-қуат боп өн бойыңа таралған.

Сендерден өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен .

Баршаңызды аналар!

Ана-адамзат мекен еткен жер шарының әр түкпірінде,әр үйде мейірім мен мерейдің,достық пен туыстықтың туын тіккен адам.

11.Өмірде ана-бақыт,ана-пана,

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай көсем,талай шешен,

Талай ер,талай ақын,талай дана.

12.Ана!Ол біздің елде ардақты адам.

Кіші де үлкені де ардақтаған.

Өзінің аяулысы Отанын да,

«Ана» деп біздің халық текке айтпаған.

13.Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай.

14.Әйел-ананың есімі көне заманнан бері құрмет пен беделге ие болып келеді.Ана адамға өмір сыйлап,жер бетіне тен қана жақсылық дәнін себеді.

Теңіздей тербетіліп көл бетінде

Бишілер билеп кетті тербітіле

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде

16.Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған.

Адалдықты ар-намысты сақтаған,

Мен анамның сонысына мақтанам!

17.Туғаннан құлыным де,аймалаған,

Өзіңдей қымбат адам қайда маған

Дүние аналармен көрікті ғой,

Онсыз бақта бұлбұл да сайрамаған.

18.Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар.Ана қарызы алтынға бөлеуді,ақ орда салуды қаламайды.Ана баласының ер жетіп,адам болуын қалайды.Анаңа осыдан артық тарту-таралғының,бақыттың керегі жоқ.

19.Ана-деген адамзаттың данасы,

Ана-деген сәбилердің панасы.

Ана-деген жарық жұлдыз шырағың,

Ана-деген қайнар ыстық бұлағың.

Ана-деген өмірдегі қамқорың,

Ана-деген сүйенерің,жан құрбым.

20.Құттықтаймын мейрамыңмен аналар,

Әр күлгенің бізге бақыт саналар.

Еңбегіңді еш етпейтін өмірде,

Елің,жұртың,ұл мен қызың бағалар.

Ол-ана,адамзатқа қанық үні,

Әр жүрек ,әр көңілдің жарық күні.

Ол деген алыбы ғой алыптардың,

Ананың тілі емес пе халық тілі.

Мұрат,мүдде, мақсатың

Жақсы күн мен жақсы түн.

Нағыз бақыт ананың,

Ақтау дер ем ақ сүтін.

Ақтау дер ем,ақтау дер ем,

Аналардың ақ сүтін!

Аналармен жұмыс:

Анасы мен қызына арналған викториналық сұрақтар:

Шарты:Әр дұрыс жауап үшін қызы 10 ұпай алады,қыз жауап бермеген жағдайда анасы көмекке келеді,ол үшін 5 ұпай алады.

1.Терезені жуудың тәсілін айтып бер.

2.Әшекей бұйымдарға нелер жатады?

3.Жұмыртқадан қандай тағамдар жасауға болады?

4.Ыдысты қою тәсілін көрсет.

5.Матаныңстүрін атап бер.

6.Бір асты дайындау тәсілін айтып бер.

7.Ине мен жіпті сабақтау,ұсыну тәсілі.

Баланың дұрыс жауабына -10 ұпай.

1.Анаң қандай түсті киімдерді ұнатады?

2.Жақсы көретін тағамдары?

3.Ұнататын гүлі қандай?

4.Анаң қандай иіс суды ұнатады?

5.Бос кезде немен шұғылданғанды ұнатады?

6.Ұнатпайтын ісі қандай?

7.Ұнататын әншісі кім?

8.Сырғасы қандай,неден жасалған?

9.Анаңның көзінің түсі қандай?

Мерекелік концерт,сыйлық тапсыру,әкелердің тілегі,қорытынды.

















© 2010-2022