Электронды оқыту жүйесінің жобасы

«Е-learning» электрондық оқыту жүйесі –заман талабы.   Е-learning электрондық оқыту жүйесі – Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына  қосылған ауқымды мемлекеттік жоба. Жобаның негізгі мақсаты – үздік білім ресурстары мен технологияларға білім беру процесінің барлық қатысушыларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету. Мақсаттары: §Мазмұнды және оқыту технологиясын жаңарту негізінде орта білім берудің сапасын елеулі арттыру. §Байланы... Электрондық оқыту жүйесінің ұйымдастырудың нормативті-құқықтық базасын құру АҚТ құзырлылығын анықтау нормасы Қашықтықтан оқыту жүйесін енгізудің тетігін құру Сандық білімдік ресурстарды қолданудың нұсқаулық-әдіснамалық базасын құру Педагогтардың біліктілігін арттырудың бағдарламаларын құру Шығармашылық субъектілерінің қызметтеріне қойылатын талаптарын жасау Педагогтардың біліктілігін арттырудың бір тұтас стандартын жасау Электрондық оқытуды енгізудің тиімді мониторинг индикаторын жасау                                     Материалдық-техникалық базасын жаңарту, дамыту   Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңарту, технологиялық инфроқұрлымнын дамуы Мультимедиялық, серверлік, компьютерлік жабдықтарын жаңарту «Е-learning» бағдарламалық платформасын ұсыну Кеңжолақты Интернетпен қамтамасыз ету Желілік құралдармен қамтамасыз ету Білім беру ұйымдарын лицензияланған бағдарламалармен қамтамасыз ету Білім беру ұйымдарының сандық білімдік ресурстармен және контентпен қамтамасыз ету Оқу кабинеттерін бір тұтас желіге біріктіруді қамтамасыз ету                         Электрондық оқыту жүйесін еркін түрді қолданатын педагогтардың біліктілігін арттырудың жүйесін құру Педагогтардың біліктілігін арттыру үшін сандық білімдік ресурстар жасау, онымен қамтамасыз ету Электрондық оқытудың әдіснамасын жасау Педагогтардың біліктілігін кезеңмен ұйымдастыру арқылы электрондық оқулықтарды қолдануды үйрету Қашықтықтан оқыту жұмысына педагогтарды қатыстыру тетіктігін, «Е-learning» технологиясын қолданып өздігінен электрондық оқулықтар жасау Қашықтан оқыту мазмұнын тарату талаптарын, критерийлерін жасау                               «Е-learning» электрондық оқыту жүйесін кадрлармен  қамтамасыз ету     Эдвайзерлер дайындау тетігін жасау Әдіскерлердің кезеңмен біліктілігін арттыруды Педагогтардың АКТ құзырлылық біліктіліктерін ІТ мамандарының қосымша штаттық бірлігін енгізу Консалтингтік қолдау пунктерінің аймақтық                           Рудный қаласы әкімдігінің «№орта мектебі»КММ-2013-2014 оқу жылында облыс көлеміндегі «е-learning»электрондық оқыту жүйесімен жұмыс жасайтын 47 пилоттық мектептердің қатарында өз жұмысын бастады. Мектепке арнайы техникалық құралдар әкелініп компьютерлік сынып, мобильдік сынып жабдықталды.Барлық оқу кабинеттеріне моноблоктар қойылды.  «Басқару» жүйесіне мектептің оқу жоспары Қазақстан  Республикасының жалпы білім берудің мемлекеттік стандартының оқу бағдарламасына сәйкес жылдық оқу жоспары жасалып...
Раздел Завучу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Е-learning» электрондық оқыту жүйесі -заман талабы.

Е-learning электрондық оқыту жүйесі - Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қосылған ауқымды мемлекеттік жоба.

Жобаның негізгі мақсаты - үздік білім ресурстары мен технологияларға білім беру процесінің барлық қатысушыларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Мақсаттары:

  • Мазмұнды және оқыту технологиясын жаңарту негізінде орта білім берудің сапасын елеулі арттыру.

  • Байланыстың және цифрлық технологиялардың заманауи құралдары мүмкіншіліктерін пайдалану мен оқу процесіне қатысушылар үшін сапалы білім беру қызметтерін дамыту.

  • Оқытудың жаңа құралдарын енгізу есебінен білім беру ресурстарына қолжетімділіктің тең жағдайларын қамтамасыз ету.

е-learning электрондық оқыту жүйесі, электрондық оқыту, қашықтықтан оқыту, компьютердің көмегімен оқыту, желілік оқыту,вертуальді оқыту, ақпараттық,электрондық техноогиялардың көмегімен оқыту формаларының бірі.

е-learning-бұл оқу мен оқыту форматы,білім беру контенттерінің электрондық формасына электрондық құралдарды,компьютерді,ұялы телефонды, коммуникаторларды қолданып, білімді басқару жүйесі және интерактивтік оқыту платформасына енгізілген сабақ берудің түрі.

Электрондық оқыту «ашық білім беру», «қашықтықтан білім беру» сияқты ұғымдардың қосындысы,яғни

ЭО=компьютерлік оқыту+желілік оқыту+он-лайн оқыту+Интернет оқыту+қашықтықтан оқыту.

Электрондық оқыту жүйесін енгізудің тетіктері:

  • Электрондық оқыту жүйесін ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық базасын құру.;

  • Материалдық -техникалық базасын жаңарту, технологиялық инфрақұрылымды дамыту;

  • Электрондық оқыту жүйесін кәсіби қызметтеріне еркін түрде қолдана алатын педагогтардың біліктілігін арттырудың көп векторлық жүйесін құру.

  • е-Learning электрондық оқыту жүйесін кадрмен қамтамасыз ету.

Электрондық оқыту жүйесінің ұйымдастырудың нормативті-құқықтық базасын құру

АҚТ құзырлылығын анықтау нормасы

Қашықтықтан оқыту жүйесін енгізудің тетігін құру

Сандық білімдік ресурстарды қолданудың нұсқаулық-әдіснамалық базасын құру

Педагогтардың біліктілігін арттырудың бағдарламаларын құру

Шығармашылық субъектілерінің қызметтеріне қойылатын талаптарын жасау

Педагогтардың біліктілігін арттырудың бір тұтас стандартын жасау

Электрондық оқытуды енгізудің тиімді мониторинг индикаторын жасау









Материалдық-техникалық базасын жаңарту, дамыту

Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңарту, технологиялық инфроқұрлымнын дамуы

Мультимедиялық, серверлік, компьютерлік жабдықтарын жаңарту

«Е-learning» бағдарламалық платформасын ұсыну

Кеңжолақты Интернетпен қамтамасыз ету

Желілік құралдармен қамтамасыз ету

Білім беру ұйымдарын лицензияланған бағдарламалармен қамтамасыз ету

Білім беру ұйымдарының сандық білімдік ресурстармен және контентпен қамтамасыз ету

Оқу кабинеттерін бір тұтас желіге біріктіруді қамтамасыз ету










Электрондық оқыту жүйесін еркін түрді қолданатын педагогтардың біліктілігін арттырудың жүйесін құру

Педагогтардың біліктілігін арттыру үшін сандық білімдік ресурстар жасау, онымен қамтамасыз ету

Электрондық оқытудың әдіснамасын жасау

Педагогтардың біліктілігін кезеңмен ұйымдастыру арқылы электрондық оқулықтарды қолдануды үйрету

Қашықтықтан оқыту жұмысына педагогтарды қатыстыру тетіктігін, «Е-learning» технологиясын қолданып өздігінен электрондық оқулықтар жасау

Қашықтан оқыту мазмұнын тарату талаптарын, критерийлерін жасау
















«Е-learning» электрондық оқыту жүйесін кадрлармен қамтамасыз ету


Эдвайзерлер дайындау тетігін жасау

Әдіскерлердің кезеңмен біліктілігін арттыруды

Педагогтардың АКТ құзырлылық біліктіліктерін

ІТ мамандарының қосымша штаттық бірлігін енгізу

Консалтингтік қолдау пунктерінің аймақтық













Электронды оқыту жүйесінің жобасы

Рудный қаласы әкімдігінің «№орта мектебі»КММ-2013-2014 оқу жылында облыс көлеміндегі «е-learning»электрондық оқыту жүйесімен жұмыс жасайтын 47 пилоттық мектептердің қатарында өз жұмысын бастады. Мектепке арнайы техникалық құралдар әкелініп компьютерлік сынып, мобильдік сынып жабдықталды.Барлық оқу кабинеттеріне моноблоктар қойылды.

«Басқару» жүйесіне мектептің оқу жоспары Қазақстан Республикасының жалпы білім берудің мемлекеттік стандартының оқу бағдарламасына сәйкес жылдық оқу жоспары жасалып енгізілді. Базистік оқу жоспары мен сағаттар қоры,мұғалімдердің негізгі және қосымша жүктемелерін үлестіру,оқытылатын пәндердің құрамы анықталып толтырылды.

«Күнтізбелік-тақырыптық жоспар» бөліміне әр мұғалім өздерінің жүктемелеріне сай сағаттарды өзі жүргізетін пәндер мен сыныптарда КТЖ- ды редакциялау үшін тоқсан бойынша жаңа тақырыпты қосу, күнделікті сабақты бастауға рұқсат алу, баға қою, тоқсандық бағаны қорыту жұмыстарын орындап отыр.

«Сабақ кестесі» бөлімінде сабақтардың кестесі,қоңыраудың кетесі ауысым бойынша сыныптардың орныласуы, сыныптардың топтарға бөлінуі, сыныптар кестесінің «терезесіз»құрылуы, қарап шығу үшін пән,бөлме, мұғалм,сынып бойынша дайындалды.

«Электрондық журнал» бөлімінде оқушының үлгірімі мен қатысуы есепке алынады,оқушы білімінің сапасын бағалау жүйесінің мөлдірлігін және ата-аналардың үнемі өзара әрекеттессу,оқыту нәтижелері туралы хабарландыру мүмкіндігі қамтылған. Электрондық сынып журналының интерфейсі, оны толтыруережесі барынша дәстүрлі сынып журналына сәйкес.

«Оқушының электрондық күнделігі» оқушының қағаз күнделігінің аналогы болып саналады, сабақ кестесін,алынған бағаларды,үй тапсырмасын бейнелейді.Алғашқы мәліметтер оқушының электрондық күнделігіне электрондық сынып журналынан автоматты түрде енгізіледі. Қосымша бағалар мен мақалаларды сынып жетекшісі редакциялайды. Оқушының,директордың, оқу-ісі меңгерушісінің, ата-ананыңқарап шығуы үшін қолжетімді. Күнделікте ата-аналар үшін бағаға мұғалім жазған түсініктемелер бейнеленеді.

«Статистика»бөлімінде мәліметтер базасын енгізу және пайдаланушының сұранысын бойынша статистикалық есеп-қисапты қалыптастыру құралы.

«Оқушылар» бөлімінде сынып жетекшісіне оқушылардың жеке істерін жүргізуге, ата-аналар туралы мәліметтерді, байланыс ақпаратымен,электрондық поштасмен енгізеді.Толтырылған мәліметтер базасы сыныптар қимасында оқушылар контингенті,оқыту сатылары,оқыту тілі,ауысым бойынша оқушылар саны туралы мәліметтер, жалпыға бірдей оқуға оқушыларды тарту туралы мәліметтер,мектепті үздік бітірген оқушылар туралы мәліметтер, олимпиада,жарыстар жүлдегерлері, республикалық,халықаралық жарыстарға қатысушылар мен жеңімпаздар туралы мәліметтер және есеп-қисапты қалыптастырады.

«Қызметкерлер»бөлімі педагог кадрлардың сандық,сапалық құрамының мәліметтер базасын енгізуге;мамандықтары, беретін пәні, жастары,өтілдері,санаттары,біліктіліктерін арттыруы, жас мамандармен жұмыс істеуі бойынша мұғалімдерді топтастырады.

  • Осы мәліметтер негізінде автоматты түрде барлық мұғалімдерде әрбір пән бойынша барлық оқу бірліктерінің журналдық беттері дайындалады.

  • Мектеп әкімшілігінің мектептің кез келген қызметкері бойынша жедел түрде ақпарат негізуге, динамикалық режимде кез келген формалар мен мазмұнның есеп-қисабын,оның ішінде стандарттық статистикалық есеп-қисапты,оқушылардың үлгірімі мен қатысуын есепке алудың жиынтық ведомысын,мекеменің аттестаттық процедурасын өткізуге қажетті құжаттарды,білімдік мониторинг ауқымында тоқсандық,жылдық есеп-қисап материалдарын дайындайды.

  • Модуль мектеп әкімшілігінің қарап шығуы ұшін ғана қолжетімді.

Электрондық оқытудың желілік технологияларының тиімділігі.

1.1. Электрондық оқытудың технологияларын іске асыру келесі жүйелер арқылы мектептегі білімдік міндеттер мен білімдік процестерді басқарудың кешенді шешімдерін қамтамасыз етеді:

- Мектепті басқару жүйесі (SMS);

- Сыныпты басқару жүйесі (CRMS);

- Оқу үрдісін басқару жүйесі (LMS);

- Тестілеу жүйесі (TMS);

- Өзара әрекеттестіктің менеджменті (CRM);

- Жоспарлау жүйесі (PMS);

- Пәндер бойынша электрондық әдістік жүйелер (MMS);

- Электрондық психологиялық-сараптамалық жүйе (MPsMS);

- Ақпараттық анықтамалық жүйе (IMS).

1.2. Мектепті басқару жүйесі (SMS - School Management System) қатысушылық пен үлгерімді тіркеу жүйесін қамтиды. SMS білім алушылардың қатысушылығын қадағалауға, негізінде әкімшілік саясатты жақсартуды жүргізе алатын,болатын есеп-қисаптарды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мектепті басқару жүйесі мектептегі ағымдағы процестерді есепке алып, ағымдағы іс қағаздарын жүргізуді автоматтандыруы тиіс.

1.3. Сыныптарды басқару жүйесі (CRMS - Classroom Management System) - сабақты аса тартымды және тиімді ете отырып, оқушылардың дербес компьютерлерін мұғалімнің толығымен бақылау мен басқаруына мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалық жасақтама. Одан басқа, CRMS лездік дыбыстық хабарлар мен сұқбатты жеткізу, сондай-ақ бейне- және аудиофильмдерді таратып беру мен оларды шынайы уақыт режімінде көрсетуге мүмкіндігі бар толық бағалы лингофондық сыныптың қызметіне ие болады.

1.4. Оқу үрдісін басқару жүйесі (LMS - Learning Management System) оқу процесінің барлық қатысушыларына (мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге, оқушыларға, ата-аналарға) интерактивтіктің режімінде, on-line режімінде оқытуды басқаруға, дербес блогтар және портфолио арқылы кәсіптік тәжірибелерді бөлісуге, оқушылардың динамикалық үлгерімін қадағалауға, сондай-ақ оқушылардың, педагогтар мен мектеп әкімшілігінің рейтингілерін жүргізуге және көптеген басқаларды қадағалауға мүмкіндік береді. Жүйенің порталдық ққолданбалы кызметін ұсыну үшін веб-қызметтерге және ашық стандарттарға негізделген кіріккен схемаларды пайдалануға мүмкіндік береді.

1.5. Тестілеу жүйесі (TMS - Test Management System) тестілерді дайындауды (редакциялауды, өзгертуді әзірлеуді) ұйымдастыруға, тестілерді жариялауға және нәтижелерді қарап шығуға мүмкіндік туғызады.Тестілерді орындау кезінде білім алушы сұрақтардың арасында орын ауыстыру, қиындық тудырған сұрақтарды кейінге қалдыру мүмкіндігіне ие болады.

1.6. Пәндер бойынша электрондық әдістемелік жүйелер (MMS -Method Management System) білімдердің психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және пәндік бағдарланған салаларының кірігуін қамтамасыз етуге бағытталған. Электрондық әдістемелік жүйе - бұл пән аралық ақпараттың ұйымдастырылған және құрылымдалған ұшқыр, ашық, дамитын технологиялық базасы.

1.7. Электрондық психологиялық-сараптамалық жүйе (MPsMS - Monitor Psychology Management System) - бұл топ, оқытушы туралы кері байланыс алуға арналған жүйенің пайдаланушылардың сауалнама жүргізуіне мүмкіндік беруі тиіс болатын құрал. Сауалнама аты-жөні көрсетілмеген режімде өтеді.

1.8. Ақпараттық анықтамалық жүйе (IMS - Information Management System) білім беру ұйымдарының іс-әрекеттері туралы қысқаша ақпарат алуға мүмкіндік береді. Пайдаланушының рөліне байланысты e-learning жүйесінде есеп-қисаптарды қалыптастыру мүмкіндігі болуы тиіс. Сараптама және есеп-қисап бойынша талаптар жүйені енгізу кезіндегі кызмет ету кезеңінде анықталады.

Мектепте технологиялық инфрақұрылымыны келесі компоненттер енгізілген:

  • Оқу кабинеттері жаңа типті компьютерлермен, сервермен, мультимедиялық және перифериялық жабдықтармен жабдықталды.

  • Мектепте жергілікті желіні құру (Wi-Fi желісі) және мекеме ішіндегі оқу және жұмыс кабинеттеріндегі жұмыс орындарын біріктіруге негізделген серверлік жабдықтар орнатылды;

  • Мектепте Интернет желісіне еркін ену мен оқытушылар арасында өзара электрондық ақпараттық алмасуды ұйымдастыру үшін корпоративтік желі;

  • Кең жолақты Интернет желісіне ену (секундына жылдамдығы 4-тен 10 Мегабитке дейін);

  • Электрондық оқыту жүйесінің білім беру салаларының Интернет-порталы бар;

  • Мектептің ақпараттық ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз ететін Интернет-сайттар бар;

  • Серверлік бөлме талаптарына сәйкес серверлік жабдық орнатылған.

Артықшылықтары

Электронды оқыту жүйесінің жобасы Электронды оқыту жүйесінің жобасы

Электронды оқыту жүйесінің жобасы

Электронды оқыту жүйесінің жобасы

Электронды оқыту жүйесінің жобасы

Электронды оқыту жүйесінің жобасы

Электронды оқыту жүйесінің жобасы

Электронды оқыту жүйесінің жобасы



Электронды оқыту жүйесінің жобасы



Электронды оқыту жүйесінің жобасы



Электронды оқыту жүйесінің жобасы













Электронды оқыту жүйесінің жобасы



Электронды оқыту жүйесінің жобасы



Электронды оқыту жүйесінің жобасы



Электронды оқыту жүйесінің жобасы



Электронды оқыту жүйесінің жобасы





Электронды оқыту жүйесінің жобасы



Электронды оқыту жүйесінің жобасы



Электронды оқыту жүйесінің жобасы



Электронды оқыту жүйесінің жобасы







Электронды оқыту жүйесінің жобасы



Электронды оқыту жүйесінің жобасы



Электронды оқыту жүйесінің жобасы

Электронды оқыту жүйесінің жобасы



Электронды оқыту жүйесінің жобасы



Электронды оқыту жүйесінің жобасы



Электронды оқыту жүйесінің жобасы

© 2010-2022