Кез-келген табысты ұйымдастырудың маңызды элементі-тиімді жоспарлау үдерісі болып табылады

Раздел Завучу
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Абишева Бактыгайша Турсыновна

Мектеп директорынының ҒӘЖО

№ 38 мектеп-лицей

Семей қаласы, ШҚО

Халыққа білім беру саласында істеліп жатқанның бәрі сайып келгенде бала үшін емес, мемлекеттің мүддесі үшін екенін әрбір мұғалім ұмытпауға тиісті.

М.Аринори.

Кез келген табысты ұйымдастырудың маңызды элементі - тиімді
жоспарлау үдерісі болып табылады.

Мен, ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші деңгей бағдарламасын меңгергеннен кейін,көшбасшылық та оқу сияқты, адамның басты және аса күрделі әлеуеттерінің бірі екендігін аңғардым.Көшбасшы деген ұғым осы уақытқа дейін менің санамда мектеп басшылары, белгілі бір ұжымның жетекшілері болса, қазіргі түсінігімде шынайы мән-мәтінмен үйлескен, басқаға «қызмет көрсететін» және ықпал ететін, белгілі бір инновациялар мен шешім қабылдауына бастама жасайтын, өзгеріп тұратын оқуды қамтамасыз ететін қызмет болып қалыптасты.

Жаңадан қалыптасқандағдыларым, біліктілігім жұмыс барысында өзінің ықпалын тигізді. Бірақ өзімде ілгерлеу байқалғанмен,ұжымда табысқа жету үшін мектептің даму жоспарының тиімділігін арттыру өзекті мәселелердің бірі депсанадым.Сонымен қоса мектепте зерттеу жұмысын жүргізе отырып, мұғалімдердің білім алуына көңіл бөлу керек деп ұйғардым.

Басшылық жұмысының бес бағытының оқушылар үлгеріміне ықпалы (Robinson, 2009) атты жаңазеландиялық синтезді басшылыққа ала отырып, мектептің жұмысын жаңаша басқаруға өз үлесімді қосудамын.

Тәлімгер ретінде деңгейлік курс бітірген мұғалімдерге өздерінің оқыту тәжірибесін жақсартуға, оларды табысқа жетелеуге ынталандырып, үнемі қолдау көрсетемін. Олардың өткізген коучингтері мен сындарлы оқытуға негізделген сабақтары мектеп-лицейдің жұмысын барынша жақсартып, тиімді оқыту элементтерін «реттеп» отыруға көмектесуде.

Мектеп басшысы өзінің ықпалын ұлғайту үшін,мектептебөлінген көшбасылық тетігін жолға қойды.Нәтижесінде барлығымыз жұмыла іске кірісіп, мұғалімдердің жетістігін бағалап, коучинг пен тәлімгерлікті басқарып, мұғалімдердің кәсіби дамуын жоспарлап, командалық жұмысты және бірлескен оқуды күшейттік.Ең бірінші мектеп-лицейдің даму жоспарын қайта қарап,оның құндылықтары мен мақсатын анықтадық. Нәтижесінде «Мектепті стратегиялық жоспарлаудың маңызы» тақырыбында қала мектептерінің ғылыми әдіс жөніндегі директордың орынбасарларына коучинг өткізіп, «таңдау» курстары бойынша блум таксономиясының жаңарған үлгісімен ашық сабақтар беріп тәжірибе алмастық.

Мектептің ұстанымы орта мерзімді жоспар жасауға ықпал етіп, оның тиімдіқұрылуы «Ғұмыр бойы білім алуға арналған» білім негізіне сәйкес нәтижеге бағытталған сапалы, бәсекеге қабілетті білімді игеру және білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.

© 2010-2022