Педагогикалық инновация – жас маманның озық білімге бастар жолы

Раздел Завучу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Асқанбаев Д.С.

Алакөл ауданы, Үшарал қаласы М.Мыңбайұлы атындағы ОМ

Информатика пәнінің ІІ санатты мұғалімі.

Педагогикалық өтілі: 3 жыл

Кәсіби біліктілігін арттыру курсы: 2015ж.

Педагогикалық инновация - жас маманның озық білімге бастар жолы

Жаңа заман көші ілгерілеген сайын білім беру саласындағы жаңашылдық пен жаһандану даму үстінде. Иә, білім берудің тәсілі, әдісі, түрі өзгеріп отыруы заңды құбылыс. Жалпы педагогикалық оқытудың информатика пәніндегі артықшылығы мен мақсаты - ақпараттық коммуникативті технологияның яғни, компьютер құрылғысын жан-жақты оқытып, программалау тілдерін үйрету мен қатар жаңа ғасырдағы электронды есептеуіш машиналарын толыққанды меңгерген құзыретті тұлға дайындау. Осы орайда, информатика пәні мұғаліміне қойылатын талап өте жоғары. Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың ең негізгі формасы екені белгілі, ал сол сабақты жаңа оқытудың Кембридж әдістері мен тәсілдерін пайдаланылып өтілген жағдайда қызығырақ, сапалы, оқушының пәндік құзыреттілігі артуына ықпал ететіндігі дәлелденген. Сабақтың формасы - сабақты кәсіби деңгейде өтілу деңгейіндегі дәрежені анықтайды. Себебі, жаңа әдіс-тәсіл әртүрлі жанрдағы өзгешеліктер мен шеберлікті арттыру мазмұнын қарастыра отырып, оқушының функционалдық сауаттылығын арттыра отырып, білім алушыны жалықтырмай, оларды өзіндік яғни ізденістік білім алуға жүктейді. Жаңа оқушының келбеті мен мұғалімнің бет-бейнесін өзгереді. Дәстүрлі сабақ пен жаңа сабақтың айырмашылығы педагогтың бағыты мен оқушының ізденімпаздығымен ерекшеленеді. Мұғалім - бағыттаушы, мотиватор, оқушыға білім көздерін ұсынушы болып табылады. Менің жалпы оқытудағы мақсатым - заманауи сабақтың формаларын информатика сабағында пайдаланып, оқушылардың құзыреттілігін арттыруға жағдай жасау. Мен жаңашыл ұстазбын, жас маманмын. Менің жаңа форматты сабақтарым сапалы өтілуіне, ондағы құрылымдардың өзгеруіне, бағалау жүйесінде, сыныптардың топтық формаларында өтілетін сабақтарымдағы өзгеріске толығымен түсуіне ықпал етуім керек. Сонымен қатар мен өзіме келесі міндеттерді жүктеймін:

  • Оқушының тұлғалық қабілеттерін ашу;

  • Ақпараттық коммуникативті технологияларды пайдаланудың практикалық мүмкіндіктерін арттыру;

  • Сабақ құрылымының мақсаттылық алгоритмін құру.

Бүгінгі таңда жаңа форматты мұғалімнің тұлғалық өзгеруімен қатар, қоғамдық, техногендік, әлеуметтік факторларды меңгеретін новатор, кәсіби менеджер, психолог болуы шарт екені белгілі. Әдістер мен тәсілдердің жиынтықтарын саралау, талдау, практикалық кезеңде пайдаланудың жолдарын үйрену кез-келген мұғалімге тән қасиет. Осы орайда педагогикалық базаны молайтып, кәсіптік құзыреттілікті арттыру курстарына қатысып, интеграцияланған сабақтарды топтастыру, жүйелі жұмыс жасау болып табылады.

Бүгінгі күнде еліміз жаңа мектептің моделін құруда, ал сол жаңа мектептің жүрегі, тірегі жаңашыл ұстаз. Академик Н.Н.Моисеев «Адамзат - жаңа тәрбие, жаңа білім, жаңа ментолитет, жаңа құндылық жүйесін - қоғамның орталық бейнесіне айналған, білім мен мәдениет эстофетасын беруші - жаңа мұғалім» - дейді. «Мен» тұжырымдамасын сенімді түрде айта білуі керек:

  • Мен жаңа мұғаліммін, демек, оқуды қызықты, мектепті - үлгілі, жаңа типті, ал білімді - сапалы етуге ұмтыламын.

  • Мен жаңа мұғаліммін, демек, баланы оқи білуге, ойлай білуге, өз өмірінің менеджері болуға үйретіп, бәсекеге қабілетті тұлға ретінде дамытуға ұмтылады.

  • Мен жаңа мұғаліммін, демек балаға үлгі болып, өз әлсіздігін жеңіп, қиындықпен күресе білуге ұмтылдырамын.

  • Мен жаңа мұғаліммін, демек оқушыға шынайы өмірді танып, білуге, бойындағы қабілеттерін қоршаған орта мен әлемнің даму игілігіне жұмсауға үйретуге ұмтыламын. Иә, мен осы мүдделер мен ойларды жүзеге асырушымын.

Кез-келген пәнді оқытудың мазмұны, мақсаты мен міндеттерімен қатар нәтижесіде болады. Менің бағдаралды жұмысымның нәтижесі деп аудандық пән олимпиадасында 9-сынып оқушысы А.Аугамбаева І орын иеленіп ІІ облыстық кезеңінде жүлделі ІІ орынды иеленді. Республикалық дистанциялық информатика пәні мұғалімдері арасында өткен олимпиадада «Ең үздік аудан,қала жүлдегері» сертификаты мен кубогын иелендім. Жас маман ретінде аудандық «Үздік жас маман -2014» байқауында жүлделі ІІ орынды иелендім. Айдандық ғылыми жоба байқауына қатысып оқушым Аликенова Мадина ынталандыру сыйлығын иеленді. Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған аудандық «Брейнг-ринг» интеллектуалдық олимпиадасында оқушыларымнан құралған «Сұңқар» тобы І орынды иеленді. Алматы облыстық "Өрлеу" біліктілікті арттыру институтының «Кәсіби біліктілігін арттыруда тесттік бағалаудан жоғары нәтиже көрсеткені үшін» құрмет грамотасын иелендім. Өзімнің шығармашылық еңбектерім мен іс-тәжірибемді үнемі дамытумен қатар ғаламтор мен газет-журналдарға жариялап отырамын. Мұғалім мамандығы тұнып тұрған өнер десек, сол өнердің тұшпағында сазды әуен мен сырлы поэзиядан сыр шертіп отырамын.

Сенеканың «Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз» - деген сөзінде мән-мағына толып тұрғандай. Біз оқушыларды үйрете жүріп, жаңашылдыққа, жаңалыққа жолығамыз, оқыту барысындағы қиыншылықтарды еңсеріп, серпінді білімге жол ашамыз. Бүгінгі күннің басты талабы мен заңдылықтарыда осыған саяды.



© 2010-2022