«Біздің көше батыры» мақала

Раздел Завучу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Біздің көше батыры»

Айналаңа қарашы бала батыр,

Қариялар азайып бара жатыр.

Бірі мініп келместің кемесіне,

Бірі күтіп әнекей жағада тұр.

Мұқағали Мақатаев

Алатаудың етегінде жатқан ынтымағы,берекесі жарасқан Дихан ауылында Ұлы Отан соғысы ардагері,көпті көрген қадірменді қариямыз Иманбетов Мұсақұл атамыз тұрып жатыр.Ол кісі қазір 92 жаста.

Жеңістің 70 жылдығына орай соғыс және еңбек ардагері Мұсақұл атамен жолығып әңгімеге тартқан едік.

« Мен 1923 жылы 20 науырызда « Төменгі Дихан» ауылында дүниеге келдім.Мектепте оқыдым, білім алдым, балалық шағымды ләңгі теуіп атқа мініп, көп балалы от басында өткіздім . Әкем үш әйел алып үш отау тігіп ,18 қыз 9 ұл өсіріп тәрбиеледі.Бұл соғыс елге қаншама зардабын тигізді. Иманбетов Мұсақұл ата ауылымыздағы ең жасы үлкен ақсақал және соғыс ардагері.Мұсақұл ата Шетбұлақ ауылындағы қазақ мектебін бітіріп, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ленгір шахтасында ,одан кейін Састөбедегі әк-цемент зауытында,1941 жылы ауылға келіп, колхозда жұмыс істеген . « Батыр»- деп кімді айтамыз. Батыр -деп жан дүниесі бай , жігерлі, табанды , қайсарлы адамды айтамыз. Сол жанның бірі Иманбетов Мұсақұл ата бізге соғыста басынан кешкендерін баяндап берді.

« Мен 1942 жылы әскер қатарына алындым. Өзбекстанның Ферғана қаласында болдым, ол жерден шығып, Сталинградтың түбінде Корпувка деген станциядан түсіп, соғысқа араласып кеттім. Содан Сталинградтан ары Араловский, Смаленский, Бренский облыстарын да соғысқа қатыстым. Одан ары қарай Днепрдің оңтүстік соғысына қатыстым Днепрден ары өтіп, толықтыруға мені қайтадан беріп Днепрдің бергі жағына шығып

Омбы деген жерде үшінші рет ауыр жарақат алдым. Одан госпитальде жатып, қайтадан соғысқа барып Харків де ары қарай Одессаға барып, Одессадан пороходқа мініп Қара теңізбен жүріп, Румынияның Константинополь қаласына келіп , одан ары қарай Румыния, Балгария, Венгрияда болдым. Венгрияда сұрапыл соғыстың ортасында жүрдім. Дунайдан өтіп ,ары қарай Славянка деген облыстан өтіп, Шехословакиядан Уфа деген үлкен қаласында соғысып отырып , 400м сол төбелерді басып алып 9-мамыр 1945 жылы Жеңіс күнін Шехословакияның орталығы Прагада қарсы алдым. Сол жерде 10 күн тұрып, Шехославакияның ешелонына мініп, Польшның орталығына келіп түстім. Соведтің ешелонына мініп, солтүстік жолмен жүріп отырып Монғолияға келдік. Ұлан батырда 10 күн болып, 5 тамыз 1945 жылы орталық армияның қарауынан өттім. Сөйтіп, ары қарай Монғолияның толық аралап өтіп, Күнген тауынан өтіп, Манчжуриядан өтіп Қытайдың Талин деген қаласына келдік. Жапонның 2 ұшағы аспан айналып, жерге құлады. Жапондар беріліп, біз жеңіске жеттік. Сөйтіп, Сары теңіз жағалауынан Талин деген қалаға барып, 222 армиядан ауысытық . Демян автотранспортына ауысып , 1945 жылдың қыркүйегінен бастап, 4-5 ай сол жерде тұрып, 1947 жылы мамырда дембелизация болды. Әскерді босатып , Улан батордан пороходқа мініп, Сары теңіз, Қара теңіз, Тынық мұхитын кесіп өттік. Порходқа мініп, Владивостокқа келіп, пойызға мініп, 2 мамыр 1947 жылы осы Дихан ауылына аман-есен оралдым.Ауылға келген соң есепшінің оқуын оқып, «Қайрат,Қызыларық» колхозында есепші болдым.1958 -1973 жылдары Диханда товарлы сүт фермасында меңгеруші болып ,қызмет атқардым.

Қазіргі таңда осы пейнетімнің зейнетін көріп отырмын. Жайлау мен Нұржамал есімді ұлым мен келінімнің қамқорлығындамын.Балаларым мен немерелерімнің арқасында күліп-ойнап отырмын.Алланың берген ұл қызынан 36 немере 12 шөбере сүйіп отырмын.Осы күнге жеткізген аллаға шүкіршілік етемін .Алладан тілейтінім, жастарға менің жасымды берсін,жастарға көрген қиыншылығымды көрсетпесін»-деп өз сөзін қорытындылады.

Міне, соғыстың ауыр тауқыметін айта берсек таусылмас бір томдык кітап шығары анық. Біз Иманбетов Мұсақұл атамыздың ерлігімен мақтана алатын ұрпақпыз. Мұсақұл атаның жүріп өткен жолы ,болашақ ұрпаққа үлгі болады.

№27 Дихан орта мектебі

«Біздің көше батыры»

«Біздің көше батыры» мақала

Орындаған : 8-сынып оқушысы Жолдасқан Аяулым



Дихан ауылы

© 2010-2022