Классный час на тему «Атаның сөзі – тәрбие көзі!»

Раздел Завучу
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Атаның сөзі - тәрбие көзі!»

Мақсаты: 1. Оқушыларға шешендік сөздің мәнін ұғынуға,атақты үш жүздің билерін Әйтеке, Төле, Қазбек билердің өнегелі сөздерін оқушылардың санасына жеткізу.

2. Оқушылардың бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерін ұғындыру,өнеге ету.

3. Оқушыларды өз бабасын ұмытпай есте сақтауға, салт-дәстүрден нәр алып өсуіне,инабаттылыққа, үлкенді сыйлап, тыңдай білуге, халқының қадыр қасиетін сіңіріп, мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: аталы сөздер, үш бидің суреті, қанатты сөздер, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:

Мұғалім: - Сәлеметсіңдерме балалар?

- Көңіл- күйлерің қалай?

- Жақсы!

- Балалар әр ұлттың өзіндік ерекшелігі, салт-дәстүрі,діні, тілі болатыны белгілі.Біздің тәрбиемізде ананың ақ сүтінен ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Үлкен кісілерді тыңдап олардың сөздерін есте сақтап құрметтеуіміз керек.

- Ата-бабамыздан қалған аталы сөздер өте көп.Сендер осындай ата- бабамыздан қалған аталы сөздерді білесіңдерма?( оқушылардан сұрау).Осындай қанатты сөздерді бізге қалдырған ұлы ғұлама шешендеріміз бенбилеріміз.

- Балалар сендер салт-дәстүрге байланысты қандай тақпақтар, өлеңдер білесіңдер?

Оқушылар: Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп. Ата-бабам ардақты, Жамандыққа бармапты, Ардай тұтып үлкенді, Ата жолын жалғапты.

2. Сырттан келген мейманға Сәлем беріп қол салса, Бірінші еткен құрметің. «Үйге кіріңіз»- деп төр беріп, Жылы қабақ танытса Екінші еткен құрметің Есік ашып енгізіп, Төрге отырғызып, қол салса.

Мұғалім: Балалар енді сендердің қаншалықты білімді екендеріңді тексеріп көрелік!

  • Үш жұртты ата!

  • Ағайын, қайын, нағашы жұрт.

  • Үш байлық?

  • Бірінші байлық - денсаулық, Екінші байлық - он саулық, Үшінші байлық - қорадағы он саулық.

  • Үш көзді ата!

  • Су анасы - бұлақ, Жол анасы - тұяқ, Сөз анасы - құлақ.

  • Төрт қонақты ата!

  • Арнайы,қыдырма,құдайы,қылқима

  • Достық нешеу?

  • Екеу:адал дос пен амал дос.

  • Үш биді ата!

  • Төле би, Әйтеке би, Қазбек би

  • Үш жүзді ата!

  • Ұлы жүз, кіші жүз, орта жүз.

  • Жақсы, Ұлы жүзін Төле би,орта жүзін Қазбек би, кіші жүзін Әйтеке би дейді екенбіз.

  • Жеті атаның атауларын атап беріңдерші!

  • Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.

  • Балалар, қайсы елсіңдер?

  • ............

  • Кім маған жеті атасын атап береді?

  • ........

  • Жақсы, жарайсыңдар!

  • Балалар, біз жаңа үш биді айтып өттік қой, сол үш би туралы маған кім айтып береді? Олар туралы не білесіңдер?(оқушылардан сұрау,өзім толықтырып айтып кетем)

  • Балалар,тақтаға қарайықшы бізге үш би туралы буклет берілген,олардың өмір баяны,шығармалары.



  • Балалар, қазақта атадан қалан, жаман әдеттерден сақтандырып, әдептіліктікке тәрбиелейтін тиым сөздер бар.

- Сендер қандай тиым сөздер білесіңдер?( оқушылардың әр қайсысынан сұрап өтем, мағынасын түсіндірем).

- Жақсы балалар,жарайсыңдар!

- Енді бәріміз сөзжұмбақ шешіп көрейікші!

1. Ер қанаты- ......

2. ....... - оттанда ыстық.

3. ........туса - ел ырысы.

Жаңбар жауса - жер ырысы.

4. Отансыз - адам,

Ормансыз - .......

5. Ырыс алды - ......

6. .... - адам,тұзсыз тағам.

7. ...... алды - қызыл тіл.

8. ....... - қорқақ, қол батыр.

Жауаптары:(ат, отан, батыр, бұлбұл, ынтымақ, доссыз, өнер, көз).

Мұғалім: - Жарайсыңдар!

  • Балалар тақтадан не көріп тұрмыз?

  • Ия, жасырынды сөз берілген.Осы жасырынды сөзді табу үшін сендер менің қойған сұрақтарыма дұрыс, әрі тез жауап берулерің керек. Сұрақтар бүгінгі сабаққа байланысты болады.

  • Бәрі түсінікті болса, бастайық!

  1. Қалмақ басшысы қай биді Қаздауысты деп атаған?

  2. Үш биді ата!

  3. Жеті атаның атауларын ата!

  4. Жақсылық жайлаған жерде - бал төгілер,

Жамандық жайлаған жерден - қан төгілілер. Осы мақалдың мағынасын түсіндір!

  1. Үш жүзді ата!

  2. Әз Тәукенің сенімді көмекшісі кім болған?



  • Жарайсыңдар! Барлық сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы жасырынды сөзді таптыңдар. Қанеки балалар, бірге оқиықшы « Рахмет».

  • Балалар, сендер сабаққа өте белсенді қатысқандарың үшін сендерге көп - көп рахмет, және бәріміз бірге біздің тәрбие сағатымызды көруге келген ұстаздарға осы сыйқырлы «Рамет» сөзән айтайық (хормен рахмет айтады).

  • Жақсы! Балалар осы аталарымыз айтқан сөздерді жадымызда сақтайық!( оқуш. бағалаймын)

  • Бүгінгі тәрбие сағатымызды зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!

  • Сау болыңыздар!

© 2010-2022