Мектептің оқу тәрбие жүйесіндегі, рухани жүйесіндегі рухани тәрбиесінің маңызы

Атырау қаласы,Дамбы селосы Амангелді атындағы орта мектеп Мектеп директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары. Тулегенова Марина Сабетовна Баяндама:Мектептің оқу тәрбие жүйесіндегі, рухани жүйесіндегі рухани тәрбиесінің маңызы. Тәрбие –халықтық ғасырлар бойы жинақтаған ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру,баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын,өмірге деген көзқарасын қалыптастыру. Ал тәрбиенің негізгі мақсаты-дені сау,ұлттық сана-сезімі.рухани ойлау дәрежесі биік,мәдениетті ар-ожданы м...
Раздел Завучу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Атырау қаласы,Дамбы селосы

Амангелді атындағы орта мектеп

Мектеп директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары.

Тулегенова Марина Сабетовна

Баяндама:Мектептің оқу тәрбие жүйесіндегі, рухани жүйесіндегі рухани тәрбиесінің маңызы.

Тәрбие -халықтық ғасырлар бойы жинақтаған ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру,баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын,өмірге деген көзқарасын қалыптастыру. Ал тәрбиенің негізгі мақсаты-дені сау,ұлттық сана-сезімі.рухани ойлау дәрежесі биік,мәдениетті ар-ожданы мол,іскербойында игі қасиеттер қалыптасқан адам тәрбиелеу. Жалпы оқушылардың өмірдемектептегі тәрбиенің ролі зор.Мектептегі басты тұлға ұстаздың міндеті тек білім беру ғана емес,сонымен қатар әрбір оқушының жүрегіне жол тауып,оларды тәлім-тәрбиемен сусындату болып табылады .Бұл тұрғыда тәрбинеің мынадай құралдарын қолданғанымыз жөн: сөз,өнер,ойын,әлеуметтік орта,еңбек құралдары,спорт.Әсіресе сөзбен әлеуметтік ортаның маңызы айрықша.Себебі сөз әрдайым көңіл құлпын ашатын кілт болып есептеледі,яғни оқушыға кейде сын көзбен қарап,қоғамдық пікір айта білсек,талап қойып,болашаққа ұмтылуға сендірсек,келешекте абзал азамат шығары сөзсіз.

Сондай-ақ оқушының қоршаған ортасы,дос-жарандар,құрбы-құрдастар иманды,адамгершілігі мол,ізгілікті,елжанды болуы керек,өйткені әрбір баланың бойында еліктеушіліккездеседі,сондықтан әрдайым балаларымыздың жанында жүрген жеткіншектерге назар аударып жүруіміз қажет.

Мектеп-халықтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттерін жас жеткіншек бойына сіңіретін орта.

«Халықты халықпен,адамды адаммен теңестіретін-білім»,-деп М.Әуезов атап көрсеткендей,рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім ғана-ең мықты білім,рухани ұлттық тәрбие нұрымен сусындаған ұрпақ қана болашақты гүлдендіріп,тәуелсіз елді нығайтушы ұрпақ.Ата-бабадан қалған өшпес мұра,мол қазынаны қабілеті жоғары ұрпақ бойына дарыту-мектептің міндеті.

Осы міндетті орындау барысында «Білім туралы» заңға сүйенеміз.Білім туралы» заң-білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

«Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді,осыны айқындап алатын уақыт жетті» -деп көрсетілген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға арналған стратегиялық бағдарламасында.Ендеше еліміздегі ұлттық қоғамды кемелдендіру үшін ел болашағы-жас ұрпақты ұлттық тағылым қағидалар негізінде рухтық тәлім және білім негіздерімен қаруландырып,қалыптастыру шартты.

«Тәртіпсіз ел болмайды ,тәрбиеге бас иген құл болмайды»деген Бауыржан Момышұлының сөзінен тәрбилеу ұлы іс екені аңғарылады.

«Білімдендіру ошағы-мектеп.Тәрбиенің ауданы кең,түбі терең.Тәрбинің әсері жігіттік, кекселік кездері де қалмайды.Тәрбие сәулесі түспейтін адамның ешбір қалтасы жоқ. Тәрбие болмаған жерде шын ақылды,мәдениетті өмірде болмақ емес.»-деген Ж.Аймауытовтың пікірінде адам өмір бойы тәрбиеленеді,өмірден үйренеді,кемшіліктерден қорытынды шығарып,жақсылықтарды жарқырата түскісі келеді деген қағида бар.Осы қағида негізінде адам ұрпақ өсіреді,оқытады,тәрбиелейді.Тәрбиенің бірінші сатысы- отбасы. Ол жанұяда ең алғаш ата-анасын танып,оларды жақсы көреді.Кейін айналаны сезініп,терең түсінуге құлшынады.Сондықтан ата-ана бала тәрбиесі бесіктен басталады деген халқымыздың ойын үнемі еске ұстағаны жөн.Бала мектепке дейін дұрыс тәрбие,этика нормаларын меңгеруі үшін ата-ана сауатты болуы шарт.Осы мақсатты көздеген мектебіміз ата-аналар оқуын,әкелер алқасы,ақсақалдар алқасы арқылы жүргізіліп келеді.Осы орайда өз мектебімізде төмендегіше өткізілген ата-аналар оқуы:

1.Білік бесіктен басталады;

2.Бала-баршаның ісі;

3.Аға буын арамызда, салт-дәстүріміз санамызда;

4.Адамгершілік-анадан;

5.Халық-қапысыз педагог,т.с.с.тақырыптарда педагогикалық проблемаларды қамтыдық.

Жалпы рухани бай,мәдениетті тұлғаны қалыптастыруда мына бағыттарды ұстану қажет:

  • Патриоттық және азаматтық;

  • Рухани адамгершілік мәдниеті;

  • Салауатты өмір салты;

  • Экономика мәдениеті;

  • Экология мәдениеті;

  • Жанұялық өмір мәдениеті;

  • Құқықтық мәдениет;

  • Саяси мәдениет;

  • Кәсіби таңдауға дайындық мәдениеті;

Оқушының бойында осындай игі қасиеттерді тұтандыруда сынып жетекшісінің ролі зор.

Бүгінгі кезде сынып жетекші-кәсіпкер педагог, ол оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы,түрлі іс-шаралар барысында оқушылар арасында ынтымақтастық қарым-қатынасын қалыптастырушы, олардың жеке тұлға ретінде дамуын бақылаушы,тәрбие жүйесінің жан-жақты ұйымдастырушы,оқушының күнделікті өмірінде кеңес берер көмекші,сыныпта қолайлы ахуал тудратын

© 2010-2022