Жалпы білім беретін мектептерде бағдарлы оқытуды ұйымдастыру негіздері

        Бағдарлы оқыту жалпы оқыту процесінің құрылымын, мазмұны мен ұйымдастырылуын өзгерту арқылы оқушылардың қызығушылығын неғұрлым толық ескеруге, олардың қабілетін дамытуға, жоғарғы сынып оқушыларына өздерінің кәсіби қызығушылығы мен оқуын жалғастыруға қатысты ұстанған бағыт-бағдарына сәйкес білім беру үшін жағдай туғызуға мүмкіндік беретін саралау мен даралау құралы болып табылады.          Бағдарлы оқыту дегеніміз жалпы білім беретін мектептің жоғарғы буынында оқытуды даралауға, оқушыны ...
Раздел Завучу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жалпы білім беретін мектептерде бағдарлы оқытуды

ұйымдастыру негіздері

Білім беру жүйесі ел өміріндегі стратегиялық маңызды сала болып табылатындығы белгілі. Жалпы білім беретін мектептің жоғарғы сатысында бағдарлы оқыту ескерілген.

Бағдарлы оқыту жалпы оқыту процесінің құрылымын, мазмұны мен ұйымдастырылуын өзгерту арқылы оқушылардың қызығушылығын неғұрлым толық ескеруге, олардың қабілетін дамытуға, жоғарғы сынып оқушыларына өздерінің кәсіби қызығушылығы мен оқуын жалғастыруға қатысты ұстанған бағыт-бағдарына сәйкес білім беру үшін жағдай туғызуға мүмкіндік беретін саралау мен даралау құралы болып табылады.

Бағдарлы оқыту дегеніміз жалпы білім беретін мектептің жоғарғы буынында оқытуды даралауға, оқушыны әлеуметтендіруге, сонымен бірге, мектептің жоғарғы сатысы мен орта және жоғарғы кәсіби білім берудегі сабақтастықты жүзеге асыруға бағытталған арнайы дайындау жүйесі.

Жалпы білім беретін мектептерде бағдарлы оқытуды ұйымдастыру негіздеріБағдарлы оқытудың мақсаты - жалпы білім беретін мектептің жоғарғы сыныптарында оқушыны еңбек нарығының нақты сұраныстарын ескере отырып, әлеуметтендіруге бағытталған арнайы дайындау жүйесін жасау.





Жалпы білім беретін мектептерде бағдарлы оқытуды ұйымдастыру негіздері

Мақсатқа жету жолдары

  • мектептің жоғарғы сатысында бағдарлы оқытуды жаппай енгізу жағдайындағы оқыту процесінің құрамын, мазмұны мен ұйымдастырылуын, өзгертуді қамтамсыз ететін бағдарлы оқыту қызметінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру;

  • оқу жоспарларының мектептік компонентін қамтамасыз ету үшін білім беру жүйесінде байқаудан өткізілген қолданбалы курстар мен таңдау курстарының мәліметтер қоры ретіндегі тізбесін жасау;

  • бағдарлы оқыту бағдарламасын ресурстық тұрғыдан қамтамасыз ету;

  • бағдарлы оқытудың теориялық және әдістемелік құраушыларын қамтамсыз ететін бағдарлы оқыту бағдарламаларын, жаңа буын оқулықтары мен оқу әдістемелік кешенімен жетілдіру;

  • бағдарлы емес пәндер бойынша біртұтас түсінік қалыптастыруға бағытталған кіріктірілген оқу курстарын дайындауды ұйымдастыру;

  • бағдарлы оқыту бағдарламалары бойынша оқытудың типтеріне сәйкес мамандарды қайта даярлықтан өткізу;

  • білім беру мекемелері мен оқытушылардың бағдарлы оқыту бағдарламаларын жүзеге асыру құқығын сертификаттау;

  • 9 - сынып оқушыларына бағдарлы оқыту бағдарламаларын дұрыс таңдауға мүмкіндік беретін бағдаралды дайындықты жүргізу;

  • бағдарлы оқытуды кең көлемде жүзеге асыруды қолға алу сияқты міндеттерді шешу.

Мектепішілік бағдарлау үлгісі деп бағдарлы оқытуды білім беретін бір ғана мекеменің күшімен ұйымдастыруды айтады.Бұл жағдайда жалпы білім беретін мекеме бірбағдарлы немесе көпбағдарлы болуы мүмкін.

Бірбағдарлы білім беретін мекеме таңдалып алынған бір ғана бағдарды, мысалы, жаратылыстану-математикалық немесе қоғамдық-гуманитарлық бағдарды жүзеге асырады.

Көпбағдарлы білім беретін мекеме оқытудың бірнеше бағдарын, мысалы, жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағдарды жүзеге асырады.

Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың осы үлгісін енгізу кезінде жалпы білім беретін мектептер нақты бағдарға бағытталады және сонымен қатар оқушыларға белгілі бір бағдарлы пәндердің, қолданбалы нмнесе таңдау курстарының санын елеулі арттыру есебімен өздерінің жеке бағдарлы білім беру бағдарламаларын толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оқушыларға белгілі бір бағдарлы пәндердің, қолданбалы немесе таңдау курстарының санын елеулі арттыру есебімен өздерінің жеке бағдарлы білім беру бағдарламаларын толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Жалпы білім беретін мектептерде бағдарлы оқытуды ұйымдастыру негіздері

Осы мақсатқа жету барысында төмендегі сызба негізінде жұмыс жүргізуге болады:

Жалпы білім беретін мектептерде бағдарлы оқытуды ұйымдастыру негіздері

Жалпы білім беретін мектептерде бағдарлы оқытуды ұйымдастыру негіздері





Жалпы білім беретін мектептерде бағдарлы оқытуды ұйымдастыру негіздері





Жалпы білім беретін мектептерде бағдарлы оқытуды ұйымдастыру негіздері







Жалпы білім беретін мектептерде бағдарлы оқытуды ұйымдастыру негіздері















Нәтиже

ҰБТ - бала, мұғалім, ата -ана мен жалпы мектеп үшін үлкен сынақ.

2013 - 2014 оқу жылының қорытындысы бойынша 10 оқушы орта мектепті аяқтады. Оның 9 - ы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысса, бір оқушы өз өтініші бойынша мектепте мемлекеттік емтихан тапсырды.

Орта мектепті бітіруші 9 оқушы 2014 жылдың 4 маусымы күні №270 мектеп базасында Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Ең жоғары балл -100%. Жеке пәндер бойынша бітірушілердің көрсеткішіне тоқталсақ:


Қазақ тілі

Орыс тілі

Тарих

Математика

Биоло гия

Физика


Қазақ әдебиеті


Ортақ көрсеткіші


19,7

15

18,7

12

14

11,2


20


78,6



Таңдау пәні бойынша


Физика

Биолгия

Қазақ әдебиеті

4

4

1


Жоғарғы оқу орнына мемлекеттік грант - 6, Жоғарғы оқу орнына ақылы негізде - 3

Бұл - жыл көлеміндегі білім сапасының көрсеткіші.

Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, қоғам үшін де жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі -адам бойындағы адамгершілік қасиетті арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту.

Қазіргі білім беру тұжырымдамасында жеке тұлғаның өзіндік санасының қалыптасып қалануына баса көңіл аударылған. Мұндай көзқарас білім беруді ізгілендіруге, жеке тұлғаның білім алу құқын орнықтыруға жеткізеді. Мұнда өзіндік зерделеу қабілетін меңгерген адам жеке тұлға ретінде өзін-өзі мәдениет субъектісі қызметінде қалыптастырады. Бұндай білім беру тұжырымдамасы білім берудің жаңа түрлерін, сондай-ақ мәдени гуманитарлық идеалдарға бағытталған бірқатар педагогикалық реформалар жолдарын іздеуге негіз бола алады.

© 2010-2022