Проект, которую готовила на курсах

Раздел Завучу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Проект, которую готовила на курсахМазмұны

1.Кіріспе:

1.1.Білім беру менеджменті дегеніміз не.

1.2.Білім беру менеджменттің мақсаты.

1.3. Ұйымдағы менеджмент кешенінің құрамы

2. Негізгі бөлім

2.1. Білім саласындағы менеджменттің дамуы

2.2. К.Д. Ушинскийдің сөзі

2.3. Н.Ә.Назарбаев Жолдауында

2.4. Білім беру үрдісінің менеджері

2.5. Мектеп қызметін басқару

2.6. Мектептің педагогикалық кеңесі

2.7. Заманауи білім беру менеджменті

3.Қорытынды

3.1. «Білім беру» Заңы

3.2.Білім беру технологиялары

3.3. Білім беру менеджерлерінің маңызды функциялары

4. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Бүгінгі күні педагогика ғылымында педагогикалық процесті басқару ғылымы тұрғысынан зерттеу, түсіну бағыты байқалады.

Менеджмент ғылымында басқару - мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекеттерді ұйымдастыру. Мағынасы бойынша "менеджмент" термині "басқару" терминімен ұқсас. Алайда, қазіргі түсінік бойынша "басқару" ұғымынан "менеджмент" ұғымы кеңірек, өйткені ол адамзат қызметінің әр түріне қолданылады.

Менеджмент (мanage ағылшын тілінде - басқару, меңгеру, ұйымдастыру) - ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үдерісін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы. Басқару объектілері - биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелері. Әлеуметтік жүйелердің бірі - білім беру жүйесі.

Әлеуметтік басқарудың жалпы заңдылықтарына бағынғанмен, білім беру жүйесін басқарудың өзіне тән ерекшеліктері бар.

Білім беру менеджментінің негізгі мақсаты - білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы тиімділігін арттыру.Педагогикалық менеджмент оқу-тәрбие, оқу-таным үдерісінің және білім берудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық тәсілдерінің кешені.

Ұйымдағы менеджмент кешенінің құрамы келесі компоненттерден тұрады: стратегиялық менеджмент, кадрлық менеджмент, технологиялық процестер мен операцияларды басқару, қаржылық менеджмент, материалдық-техникалық жабдықты басқару, өнімді өткізуді басқару, жылжымайтын мүлікті басқару, инновациялық менеджмент (дамуды басқару), өнім сапасын немесе қызмет көрсетуді басқару.

· Стратегиялық менеджмент-басты стратегиялық шарттарды құру. Мақсаткерлікті таңдау, оқиғалық анализ, стратегиялық маркетинг, қызметті стратегиялық жоспарлау, ұйымдық құрылымдарды құру және түзету, стратегияларды жүзеге асыруды басқару стратегиялық менеджметке жатады.

-Кадрлық менеджмент - менеджменттің маңызды құрамы. Ұйымның барлық мақсаттары адамдар арқылы жүзеге асады.

-Технологиялық процестерді басқаруда машина, аппаратура, механизмдер, сондай-ақ компьютерлер және басқа арнайы құрылғылардың көмегімен адамдар арқылы жүзеге асады.

-Қаржыны басқаруда кәсіпорынның өндірісті-шаруашылық қызметі қаржыны таратуды тиімді реттейді.

-Материалдық-техникалық жабдықты басқару шикізатты, материалдарды, құрал-саймандарды қажетті өнімдер мен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

-Өткізуді басқару сыртқы ортаның мониторингісін қосатын маркетингтік қызмет арқылы жүзеге асады.

-Жылжымайтын мүлікті басқаруда эксплуатация, сату, сатып алу, айырбас, жал және жылжымайтын мүлік пен байланысты басқа да қозғалыстар сипатталды.

-Инновациялық менеджмент дамуды басқару, өзгермелі жағдайдағы ұйымның тиімділігін жоғарлату мен сақтау үшін қажет. Жаңа өзгерістерді жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау.

Сапаны басқару нарықтық бәсеке жағдайындағы ұйымның бәсекеге тұрақтылығын қолдау үшін міндетті болып табылады.

Бүгінгі білім беру мекемесі ашық педагогикалық жүйе және қоғамның ерекше әлеуметтік-экономикалық ұйымы. Білім беру мекемелерінің жаңаруы, дамуы инновациялық технологияларсыз мүмкін емес.

Педагогикалық менеджмент басшылар мен оқытушыларға мақсатқа жету жолында көптеген мүмкіндік береді:

- біріншіден, вертикальді бұйрықтық басқару әдісінен корпоративті басқару стилі негізіндегі горизонтальді кәсіптік ынтымақтастыққа жол ашады;

- екіншіден, әр тұлғаға даму мүмкідігін береді, басшылар мен оқытушылардың мотивациялары арқылы ұйымның ішкі ортасы, яғни ұйым дамиды;

- үшіншіден, білім беру процесіне қатысушыларға жағымды психологиялық-педагогикалық жағдай туғызады.

Педагогикалық менеджменттің өзіне тән ерекшеліктері бар, өйткені ол адамдардың шығармашылық әрекеттерімен байланысты.

Білім беру процесін басқаруда педагогикалық менеджментті білім беруді тиімді басқарудың теориясы, әдістемесі, технологиясы деп түсінуге болады. Жалпы менеджмент адамдарды, әлеуметтік процестерді басқару өнері мен ғылым жиынтығы ретінде қарастырылады, адамдардың интеллектісін, еңбегін, мотивацияларын пайдалану арқылы басшының алдына қойған мақсаттарына жете алуын айтады. Осы анықтамаға сүйенсек, әр оқытушы өзінің қарамағындағы білім алушының оқу-таным үдерісінің менеджері болып табылады, ал ұйым басшысы-оқу орнының тұтас оқу-тәрбие үдерісінің менеджері.

Педагогикалық менеджменттің өзіне ғана тән заңдылықтарының бірі-менеджер еңбегінің пәні, өнімі, құрамы және нәтижесінің ерекшелігі.

Білім беру үдерісінде менеджердің еңбегінің пәні - басқарылатын нысанның (субъекттің) іс-әрекеті, еңбек өнімі-ақпарат, еңбек құралы - тіл, сөз, сөйлеу, еңбек нәтижесі - білім алушылардың білім, тәрбие, даму деңгейлері. Оқу орнының педагогикалық жүйесі бірнеше жүйенің жиынтығы, олардың әрқайсысы күрделі құрылым: оқу, тәрбие, материалдық-техникалық, ақпараттық қамтамасыз ету, өзін-өзі басқару, әкімшілік басқару. Оқу орны жүйесінің тиімділігі жүйенің құрамды бөліктерінің бір бағытта жұмыс істеуіне, бір бағыттағы іс-әрекеттеріне байланысты. Осыған орай менеджментте ұйымның ішкі ортасы деген түсінік бар. Ұйымның ішкі ортасы - мақсаттарға тиімді жету үшін құрылған бөлімдер. Білім беру ұйымының ішкі ортасын әкімшілік, оқытушылар, білім алушылар, қаржылық бөлім, техникалық қызметкерлер, кітапхана, т.б. құрайды.

Педагогикалық менеджменттің бір ерекшелігі: басқаруға ішкі ортаның әр құрылымы, яғни, басқару субъекттері қатысады: топ жетекшісі, бөлім меңгерушісі, тәрбиеші, өз сабағының иесі, ұйымдастырушысы -оқытушы. Бұл ерекшелік жалпы білім беру мекемесін басқару мазмұнына, нәтижесіне маңызды ықпал етеді.

Менеджмент ғылымында басқарушылық еңбек функцияларының бірнеше классификациялары бар. Белгілі бір мақсатқа жету үшін қолданылатын негізгі функциялары: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау. Бұл функциялар коммуникация және шешім қабылдау үдерістерімен біріктіріледі. Аталған менеджмент функциялары барлық салаларда қолданылады. Әр функцияларға тоқталсақ:

· жоспарлау саясат пен мақсаттарды анықтау, оларға жету жолдарын сипаттайды;

· ұйымдастыру - еңбекті біріктіру және бөлу, міндеттерді, жауапкершілікті бөлу, құрылымды таңдау;

· мотивация (ынталандыру) - жұмысшыларды мақсаттарға жетуге қозғау;

· бақылау-нәтижелерді тексеру, сандық көрсеткіштерді, сапаны тексеру, ауытқуларды жою бойынша шешімдер қабылдау.

Менеджментте стратегиялық және ағымдағы жоспарлау түрлерін анықтайды. Стратегиялық жоспарлау білім беру ұйымының түріне, негізгі миссиясына, оның ішкі және сыртқы ортасына байланысты. Ағымдағы жоспарлау стратегиялық жоспар негізінде құрылады.

Оқу орнының стратегиялық құжаттары - білім беру жоспарлары, бағдарламалары, әр құрылымның жылдық жұмыс жоспарлары. Оқу орны жұмысының тиімділігі жоспарлауға байланысты.

Негізгі бөлім

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк - экономикалық дамуында жетекшi рөл атқарады, сондай - ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы - ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.

Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Жолдауында: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

Қазақстанның әлемдік экономикалық қауымдастыққа енуі, нарықтық қатынастардың дамуы біздің еліміздің барлық сфераларында түбегейлі өзгерістерге әкелді. Қызметтің жаңа салалары пайда болады, жаңа жағдайларда тиімді жұмыс істеуге қабілетті басқару қызметкерлерін дайындау қажеттілігі туып отыр. Мұнда кәсіби басқарушы ретінде негізгі тұтқа менеджер және менеджмент болып табылады.

Қазақстанның инновациялық экономикасының қалыптасуы жағдайында мемлекеттік басқару және нарықтық құрылымдар жүйесіндегі сияқты білім беру мекемелерінде де ұйымдастырушылық, басқарушылық және әлеуметтік-экономикалық қатынастардың мазмұны толығымен өзгереді. Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 1 ақпанындағы №922 «2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспар жөніндегі» Нұсқауы және Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурызындағы №957 «Мемлекеттік бағдарламалардың тізімін бекіту жөніндегі» Нұсқауы негізінде 2011-2020 жылдарға Қазақстан Республикасының білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды және 2010 жылы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президентінің №1118 Нұсқауымен бекітілді. Мұнда білім беру жағдайына талдау жасай отырып, білім берудегі менеджменттің әлсіз жақтары көрсетілген. Сонымен бірге мемлекеттік бағдарламада негізгі бағыттар көрсетілген, бағдарламаның қойылған мақсаттарына жетудің жолдары және сәйкес шараларының бірі жұмыстың негізгі құрамдас бөліктерінің бірі білім беру менеджменті болып табылады.

Әсіресе, «білім берудің мемлекеттік - қоғамдық жүйесін қалыптастыру», «корпоративті басқару принциптерін игеру» қаралды. Білім беруді басқарудың әр түрлі деңгейлеріне қоғамдастықтың қатысу попечителдік кеңестердің құрылуы негізінде іске асады. Бұдан басқа, жұмыс берушілердің мамандарды дайындау бойынша салалық және аймақтық кеңестері құрылады. Әр түрлі елдерде негізінен менеджерлерді дайындау, оқытуды ұйымдастыру әдістері бойынша соңғы онжылдықта ұқсастықтар көп. Менеджмент мамандық ретінде, білімнің саласы ретінде интернационалды деуге болады.

Білім беру үрдісінің менеджері - бұл адамға біліммен қатынас жасау мүмкіндігін туғызады. Білім - бұл үлкен әлем, әсер етуші күш. Бұл менеджер үшін тағы бір жағынан бизнес: жеке меншік мектептер және коммерциялық жоғары оқу орындары, министрлік қызмет және халықаралық әріптестермен ықпалдастық, біліктілікті көтеру.

Нарықтық экономика жағдайындағы кез-келген білім беру мекемесінің қызметінің тиімділігі көбінесе менеджменттің қазіргі әдіс-тәсілдері және принциптері пайдаланумен байланысты.

Басқару қызметі өзінің мазмұны және сипаты бойынша қоғам өмірінде интеллектуалды реттеуші рөл атқарады.

Адамзаттың ғылыми-техникалық, экономикалық және әлеуметтік жетістіктердің мүмкіндігінше меңгеруі басқару қызметінің мәнінің және күрделілігінің үздіксіз өсуімен байланысты. Басқарудың мәні алға қойған мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретін обьективті және субьективті жағдайларды қамтамасыз ету. Сондықтан жақсы басқарушы адамдардың үстінен бұйырмайды, керісінше олардың еңбек қызметі үшін қолайлы, тиімді жағдай жасайды.

Басқару - бұл кез-келген мекеменің тиімді қызмет етуіне байланысты дұрыс бөлінген билік. Қызметтік өкілеттіліктерге қарамастан (билікті бөлу) басқару тәртібінің жалпы принциптері бар: құзырлылық; адамгершілік; инновациялық; прагматизм және басқару стилі де енеді, ол автократиялық, бюрократиялық, демократиялық болуы мүмкін.

* Менеджердің адами құзіреттілігі - оның басқару қызметіндегі антропологиялық білімді пайдалануға теориялық - қолданбалылық дайындығымен анықталады.

* Қазіргі білім беру доктриналарының, стратегиялардың, жүйелердің және технологиялардың әр түрлілігіне қарамастан, білім беру менеджерлерді дайындайтын әмбебап идеяларды кездестіру қиын.

Білім берудің басты құндылығы өмір бойы әрбір адамның білім алуға, өзін дамытуға бағытталған, шығармашылық қуаттылығын іске асыру қабілетін сыртқа шығару мүмкіндігін және қажеттілігін адамда дамыту болып табылады.

Білім беру менеджері біздің түсінігімізде - бұл жеке тұлға ретінде өзін -өзі үздіксіз дамытушы, кәсіби басқарушылық-педагогикалық қызметті шығармашылық жағынан іске асыруға қабілетті маман.

Қазір білім беру қызметін ұйымдастыруға қабілетті, «өнімді дайындайтын» және «өнімді» нарыққа шығара алатын қабілетті адамдар қажет. Мұндай адамдар менеджерлер екені белгілі. Нарықтық қатынастарда оның қызметіне іс жүзінде бәрі қатысты.

Менеджер таңдау мәселесі үлкен маңызға ие. Білім беру саласында менеджерлерді кәсіби дайындау үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі басқарудың жағдайына менеджмент теориясы көзқарасынан талдау жасау.

Білім жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі үшін менеджменттің қажеттілігін негіздеу.

Білім саласындағы өз ісінің маманы ретінде менеджердің моделін құру.

Менеджерді кәсіби дайындау үрдісінің мазмұнын ұсыну.

Менеджерді кәсіби дайындау үрдісінің технологиясын сипаттап жазу.

Егер білім саласындағы менеджердің кәсіби дайындығы білім беру жүйесінің мамандарды кәсіби даярлаудың жалпы жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады десек, білім беру жүйесінің болашақ кәсіби басқару деңгейі неғұрлым көтеріледі және сонымен қатар қосымша кәсіби білім жүзеге асады. Осыған байланысты біздің қазіргі қоғамда ұлттық іскер мәдени ерекшеліктерін есепке ала отырып, менеджер-өз ісінің маманы моделін және менеджерлерді кәсіби дайындау жүйесінің принципиалды негіздерін жасау қажет. Бұл әр түрлі деңгейдегі менеджерлерді және басқа да қызметтегі -әлеуметтік салада, денсаулық сақтау, өндірістік қызметтегі менеджерлерді дайындау үшін тәжірибелік құндылыққа ие болады.

Оған қажетті құралдар:

- ХХІ ғасырдың ғаламдық әлеуметтік және білім беру мәселелерін шешу қажеттілігін есепке ала отырып, білім беру менеджерінің моделін дайындау;

- білім беру менеджерін кәсіби дайындауда қолданылатын білім беру технологиясын және оның дайындығының мазмұны;

- білім беру менеджерлерін дайындау үшін ғылыми -әдістемелік құрал.

Менеджер жоғары шеберлік деңгейіндегі адамдарды ұйымдастырушы- бұл мамандық, базалық кәсіби білімді, ерекше дайындықты қажет етеді. Бүгін, педагогика, психология, әр түрлі әдістер саласында білім беру саласындағы менеджер толығымен басқару қызметін меңгере алу керек, нақты айтқанда басқару қызметіне кәсіби дайын болуы керек.

Білім берудің инновациялық дамуы жағдайында,басқарушылық - педагогикалық дайындық дайындық мәселесі білім беру тәжірибесіне басқару механизмдерін енгізу қажеттілігі ерекше өзекті болып отыр. Бүгін әлемдегі кез-келген елде МВА (Master of Business Administration) дәрежесін алу мүмкіндігі бар.

Мектеп қызметін басқару мектеп басшының мәдениетіне, оның технологиялары мен құндылықтарды құру, меңгеру және алға жылжыту қабілеттеріне тікелей қатысты.

Басқару мәдениетінің компоненттері - технологиялық және тұлғалық - шығармашылық.

Мектеп директорының басқару мәдениетінің технологиялық компоненті педагогикалық үдерісті басқару әдістері мен тәсілдерін біріктіреді. Мектепшілік басқару технологисы басшы - менеджердің шеберлігіне байланысты.

Мектеп директорының басқару мәдениетінің деңгейі аталған міндеттерді шешу әдістері мен тәсілдерін меңгеруіне байланысты және олар мынадай үдерістер барысында байқалады:

- Оқу үдерісінің, оқу жылының жүйелі бөлігі ретінде тәрбиелеу шараларының;

- Оның тиімділігін анықтайтын жинақталған факторларды табу;

- Оқу жылында жоспарланған негізгі бағыттардың мазмұны мен түрлерін нақтылау, әдебиеттердің мақсаттылығы және негізділігі;

- Оқу жылының ішінде жүргізілген жұмыстардың, сабақтардың, тәрбиелік іс - шаралардың нәтижелерін талдау;

- Ұйымдастыру барысындағы кемшіліктер мен жетістіктердің негізгі себептерін нақтылау;

- Жаңа оқу жылында атқарылған кешенді жұмыстарды жетілдіру және қорытындылау.

Мектептің педагогикалық кеңесі, мектеп директорының, директордың орынбасары жанындағы жиналыс, әдістемелік семинар, клубтар, оқушылар комитетінің мәжілісі мектеп қызметін ұйымдастырудың басты формалары болып табылады.

Педагогикалық кеңес - бір педагогикалық ұжымда жұмыс істейтін кәсіпқойлар кеңесі, оқу - тәрбие үдерісін ұйымдастыруға қатысты мәселелерді шешеді, оны жетілдіру жолдарын анықтайды.

Міндеттері:

ü Мемлекеттік стандарттың талаптарына сай келетін оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу құралдарын талқылау, бағалау және іріктеу және формалары мен әдістерін енгізу, оларды жүзеге асыру тәсілдерін анықтау;

ü Болашақ жылдық, ағымдық жоспарларды, білім сапасын жүзеге асыру жұмыстары;

ü Мұғалімдердің, тәрбиешілердің біліктілігін арттыру, шығармашылық белсенділігін қалыптастыру, озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

ü Педагог қызметкерлерді аттестаттау, аттестаттау технологиясын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, санат тағайындау, атақ, разряд беру бойынша білім басқармасы органдарына өтініш жіберу;

ü Тағлымдамаға, біліктілік арттыру курстарына жіберілетін мұғалімдердің кандидатурасын қарастыру және бекіту;

ü Мектептің ғылыми - зерттеу, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен және оқу орындарымен, шығармашылық бірлестіктермен әрекеттестігінің негізгі бағыттарын анықтау, тәжірибелі - сараптамалық жұмысты ұйымдастыру, мектеп құрлымында әдістемелік қызметтер, орталықтар құру.

Педагогикалық кеңестің жүктемесін қандай да бір деңгейде азайту үшін мектептерде директор жанындағы жиналыс секілді ұйымдастырушылық форма қолданылады, ол оқытушылар, басшылық үшін міндетті болып табылады, бірақ оған басқада педагог қызметкерлер шақыртылуы мүмкін.

Талқыланатын мәселелер ерекшелігі тікелей ұйымдастыруға байланысты. Бұл оқу үлгеріміне, жүріс - тұрыс қағидаларын сақтау, сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру мәселелері. Директор жанындағы жиналыста және мұғалімдердің жұмыстары, олардың білім беру стандарттарын орындауы, оқыушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту жөніндегі мұғалімдердің жұмыс жүйесі және т.б. қарастырылады. Осындай жиналыстар өткізу мерзімділігін мектеп директоры белгілейді.

Мектеп директоры жанындағы жиналыста олардың басшылық құзыреттілігіне қатысты ағымдағы мәселелер қарастырылады. Осындай жиналыстар өткізу уақыты мектеп жұмысының тоқсандық немесе айлық жоспарында белгіленеді.

Балалардың мектепті басқару жұмысына қатысуының тиімді формасы олардың сайлау органының - оқушылар комитетінің құрамында жұмыс істеу болып табылады, ол мектеп өмірінің демократиялық бастамаларын дамытудың алғы шарттардың, балалардың бастамашылдығы мен жауапкершілігін қалыптастырады, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру жылдамдылығын арттыру.

Басқару қызметін ұйымдастыру формалары өзара қызығушылық тудыру барысында өз мақсатына жетті, бұл ретте атқарылатын жұмыстың қажеттілігі мен педагогикалық үдерістің барлық қатысушылары үшін оның мәні түсіндірілді.

Заманауи білім беру менеджменті - Қазақстан Республикасының 2011-2012 жж. арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының басымдығы білім беру саласын дамытуды басқару, мониторинг жүргізуді жетілдіру болып табылады.

Білім берудегі сапа менеджменті жүйесінің принципі - мониторинг нәтижелерін ескере отырып, білім беру үдерісін үнемі жетілдіру.

Білім беру ұйымдарында нәтижеге бағытталған жоспарлар жүйесі енгізілді, ол басшылар мен педагогтерден басқару мен біліктілікті арттырудың жаңа машықтарын талап етеді.

Нәтижеге бағытталған жаңа үлгіге көшу стратегиясын әзірлеу мен жүзеге асыру жөніндегі шешімдерді дұрыс таңдау үшін әрбір басшы стратегиялық менеджмент құралын қолдануы тиіс: талдау, баламаларын талдау, персоналды басқару.

Қорытынды

Демек, мектепке басшылық ету тәсілдері де өзгерген. Оқу орнын жаңа талаптарға сай басқаруы керек. Бүгінгі білім беру жүйесінің басқаша екені ҚР-ның «Білім беру» Заңында:

«Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп көрсетілген.

Қазіргі нарық заманында өркениетті елдердің озық тәжірибесі кеңінен пайдаланылуда. Басқарудың әлемдік менеджменті көп табыстарға негіз болады. Бұдан біздің елдің де үйренері мол. Менеджменттің мағынасын неміс ғалымдары В.Зигерт пен Л.Ланг жақсы айтып берді. «Менеджмент белгілі міндеттерді орындау үшін адамгершілік, тиімділік және үнемділік жолдары арқылы адамдарды басқару» дейді олар. Бұл пікір адамгершілік алдыңғы кезекке қойылып отырғанын дәлелдейді. Бұл тектен-текке емес. Басқару ісінде адам арасындағы түсіністік, сыйластық, қиын сәтте қол ұшын созу ерекше рөл атқарады. Адамның бойында адамгершілік, азаматтық қасиеттер орын алған жағдайда ұжымдағы ахуал да орнықты болады.

Сонымен, білім берудегі менеджмент деген не? Ол ең алдымен, білім беру жүйесіндегі басқару мен тиімділік, үнемділік. Тиімділік, үнемділік дегендер - өмірдің өзі қойып отырған талаптар. Ысырапшылдық, ұқыпсыздық неге апарып соғатыны әмбеге аян. Үнемділік, әсіресе, дағдарыс жағдайында қажет. Не нәрсені де тиімді пайдалану арқылы кездескен қиындықтардан қиналмай шығып кетуге болады.

Білім беру технологиялары оқушы үшін жұмыс істеуі тиіс. Басқарудағы барлық мүмкіндік, күш-жігер шәкірттің ойдағыдай өсіп-жетілуіне жұмсалуы тиіс. Бүгінгі оқушының елдің ертеңгі азаматы екені басты ұстаным болуы шарт.

Бүгінгі қоғамның талаптарына сәйкес алдыңғы қатарлы мектептерде инновациялық үрдіс жақсы дамып келеді Бұл дегеніңіз - мектептегі оқу үрдісіне білім берудегі әлемдік озық істердің енгізілуі. Осы жаңалықтың ену нәтижесінде көптеген мектеп білім саласын едәуір жақсартты.

Оқушыларды мектеп бітіргеннен кейін сан тарау өмір жолдары күтіп тұрады. Өкінішке орай, бірқатар түлек оқу ордасын тәмамдаған соң қандай кәсіпті таңдарын білмей алаңдайтыны бар. Осы жағдай орын алмауы үшін мектепте бағдарлы білім берудің алар орны ерекше. Мұндай біліммен қаруланған оқушы мектеп бітірген соң кәсібін қиналмай таңдайды. Және қалаған оқу орнына түсуіне мүмкіндік туады. Сондықтан да, білім беру саласындағы менеджменттің маңызы зор.

Қорыта келе, білім беру менеджерлерінің маңызды функцияларын атап айтқан болсақ, олар:

· жобалау - жоспарлау функциясы;

· ақпараттық - сараптамалық;

· мақсатты - мотивациялық;

· ұйымдастыру - орындаушылық;

· бақылау және бағалау;

· коррекциялау функциясы.

Білім беру менеджментінің аталған функциялары орындалған жағдайда оқу орнының білім беру еңбегінің тиімділігі артып, нәтижесі көрінеді.









Пайдаланған әдебиеттер:

1. Никитина Н.Н., Железнякова О.М., Петухов М.А. Основы профессионально-педагогической деятельности. М.:Мастерство,2002

2. Симонов В.П. Педагогический менеджмент. М.,2004

3. Жакенова Б.Қ., Тәмпішева Қ.Б., Мақсатова Л.М. Менеджмент негіздері. Астана-2007

4.А.С. Макаренко. Педагогические сочинения. М., «Педагогика»,1988.

5.А.С. Макаренко. Психология труда учителя.М., «Просвещение», 1993.

6.В.И. Андреева. Педагогика творческого саморазвития. Казань. 1996.

7.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010.6-б

8.Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Астана. 2004. 3-4б.

9.Советский энциклопедический словарь// М., Издательство «Советская энциклопедия», 1984. 613-б

10.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Астана . 2004. 28-б

11.С.Е. Шишов. Понятие компетенции в контексте проблемы качества образования // «Государство и образование», 2002. 88-б

12.В.А. Хуторской. Ключевые компетенции как компонент личностноориентированной парадигмы образования. // «Народные образования», №2, 2003. 58-94-б

13.Б.А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005, 174-бет

14.К.Құдайбергенова. Құзырлылық - тұлға дамуының сапалық критерий // «білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі » атты халықаралық ғылыми - практикалық конференцияның материалдары. 2008. 30- 32-б





«Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

Приречный орта мектебі» ММ






















Дайындаған: Өтегенова Жібек Қазбекқызы










2015 жылы


© 2010-2022