Әдептен озбайық сабақ жоспары

Раздел Завучу
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Бекітемін: __________ оқу ісінің меңгерушісі

Мектеп: Қаракөл орта мектебі

Күні: 06.02.2016ж (9ә) 11.02.2016ж (9а)

Тақырыбы: Әдептен озбайық

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Жауапкершілік, әдептілік, мәдениеттілік

Мұғалім: Суатова Тогжан Болатовна

Сыныбы: 9 а ә Оқушылар саны: 18,17

Мақсаты: Оқушылардың әдеп негіздері туралы түсінік беру.

Міндеттері:

- Қоғамдық орындардағы, адами қарым-қатынатағы әдеп нормаларын түсіндіру;

- Әдеп нормаларын ұстану іскерліктерін дамыту;

- Әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Ресурстар

(материалдар, деректер)

Оқулық, дәптер шығармашылық портфолио, өлеңнің аудиодискісі

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. 5-Т

Тыныштық сәті: нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.

Үй тапсырмасын тексеру.

Ж.Бейсенбаев

Студент қыздың әңгімесі

-жігіттердің іс-әрекеті сізге қандай ой қалдырды?

-қоғамдық орындарда әдеп сақтау туралы не білесіз?

Дәйексөз

«Біз бойымызда әдепті дамытуға тиіспіз, өйтпесек адамдардың ілтипатынан оп-оңай айырылып қалуымыз мүмкін»

И.Гете

Мұғалім сыйы . Құдіретті адам

«Әдеп» (әдәб) - тәрбиелілік, көрегенділік, әдептілік деген мағыналарды білдіретін арабтың сөзі. «Әдеп» - діндегі асыл қағидалардың негізінде адам бойында пайда болатын ізгі қасиет, кеңірек түсіндіргенде, рухтың дінмен астаса отырып, берік болуы. Діндердің барлығы бірдей кісіге әдептілікті сіңіре қояды деу қиын, ал Ислам діні адамды шынайы әдептілікке баулиды. «Әдептілік - кісінің киімі.
Әдепсіз адам - жалаңаш жанмен тең!»

Яғни, тәрбие немесе әдептілікті, тәнді сырт көзден қорғайтын киімге теңесек, әдепсіз жан, киімнен жұрдай, өзі тырдай жалаңаш адам іспеттес болмақ. «Әдепті жан ілімсіз болмайды.
Қанша ілім қуса да, әдепсізден ғалым шықпайды».

Демек, әдептілік бар жерге ілім ұялайды. Жер бетіндегі барлық кітапты оқып тауысса да, әдептіліктен жұрдай жан ғалым болып жарытпайды. Жүніс Әмренің сөзіне жүгінсек:

«Ілім-білім дегенің,

Ол - өзіңді тануың!

Сен өзіңді танымасаң,

Не пайда оқып, жарығым?!».

Егер адам өз-өзін танып, өзінің кім екендігін білмесе, онда оқып үйренген ілімінің айтарлықтай пайдасы болмайды

Шығармашылық жұмыс

Төменде берілген сөздерден жағдаяттар құрастырып жазу.

1. Сыныптастардың телефонымен сөйлесу әдебі.

2. Қоғамдық көліктегі оқушы мен қарияның және бақылаушының әдептері.

3. Үлкендер мен жастардың дастархан басында өзін ұстау әдебі.

Топпен ән айту

Қыз сыны

Сөзі: Қ.Қазыбеков

Әні: М.Омаров

Үкілі кәмшат бүрмелі көйлек

Тұрғандай өзі қимылсыз билеп

Иықтан шашын төгіліп жерге

Күмісті шашбау жарасып белге

А-а-а-а-а-а-а

А-а-а-а-а-а-а

Күмісті шашбау жарасып белге

Қиылған қасы қарақат көзі

Жүректі баурап оятар сезім

Тал бойын нәзік қызғалдақ гүлдей

Дидарын нұрлы шуақты күндей

А-а-а-а-а-а-а

А-а-а-а-а-а-а

Дидарын нұрлы шуақты күндей

Жаңарып қайта жаңарып көне

Ләззат алар көрген жан сенен

Көркіңнен сенің айналдым еркем

Халқымның салтын сақтаған көркем

А-а-а-а-а-а-а

А-а-а-а-а

Халқымның салтын сақтаған көркем

  1. Үй тапсырмасы.

Ұлағатты сөздерді оқу

  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көздеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Бекітемін: __________ оқу ісінің меңгерушісі

Мектеп: Қаракөл орта мектебі

Күні: 13.02.2016ж (9ә) 18.02.2016ж (9а)

Тақырыбы: Әдептен озбайық

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Жауапкершілік, әдептілік, мәдениеттілік

Мұғалім: Суатова Тогжан Болатовна

Сыныбы: 9 а ә Оқушылар саны: 18,17

Мақсаты: Оқушылардың әдеп негіздері туралы түсінік беру.

Міндеттері:

- Қоғамдық орындардағы, адами қарым-қатынатағы әдеп нормаларын түсіндіру;

- Әдеп нормаларын ұстану іскерліктерін дамыту;

- Әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Ресурстар

(материалдар, деректер)

Оқулық, дәптер шығармашылық портфолио, өлеңнің аудиодискісі

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. 5-Т

Тыныштық сәті: нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.

Үй тапсырмасын тексеру.

Ұлағатты сөздерді оқу

Ахмет Иүгнеки, Шәкәрім Құдайбердіұлының оқулықта берілген ұлағатты сөздерінің ізгілікті қарым-қатынас жасауына қажет екенін білу және талдап айту.

Дәйексөз

Әдептілік, ар-ұят адамдықтың белгісі

Мақал

Мұғалім сыйы .

Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау әдептіліктің бір үлгісі болып табылады. Ата-ананы сыйлау, оларды қадірлеу, ізет көрсету адамның ең қастерлі қасиеттерінің бірі. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендер де өз тарапынан оған лайық ықылас білдірген. Содан барып үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған. Ол әдетке айналып әдептілік ережелерін тудырған. Үлкендер отырған жерде сөз жарыстырмай, ізет көрсете білу, көңілге қарай сөз айту, қажет кезде өзіңді ұстай білу халық дәстүрінде қалыптасқан қасиеттер.

Әдептілік адам бойында бірден қалыптаспайды. Ол - біршама жылдардың, қоршаған ортаның, жақсы тәрбиенің жемісі. Ата-ана өз балалары үшін тәртіптілік пен сыпайылықтың, жарасымдылықтың, қамқорлықтың үлгісі, отбасындағы тәрбие құдіреті осында.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас әдептілікке негізделсе, жан-жағына жылуын шашады, әдепсіз болса қапаландырады.

Адам-ең әуелі адамгершілігімен, әдебімен көрікті.

Әдептілік-өзіңді әр түрлі жағдайда мінез-құлықтың жалпы ережелеріне, эстетикалық, этикалық талаптарға сәйкес ұстай білу.

Әдепті адам ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға тырысады. Әдепті болу үшін өзіңді-өзің ойша болса да басқа адамдардың орнына қоя білуің керек. Әдепті адам өзінің басқа адамды жек көретінін немесе өте жақсы көретінін көпшіліктің алдында білдірмейді, бұл басқаларды ыңғайсыз жағдайда қалдырмау үшін қажетті.

Адам мәдениеті жоғары болған сайын, оның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы сыпайы бола түседі.

Шығармашылық жұмыс

Төменде берілген әдеп қағидаларын өз сөзіңмен жалғастыр

  1. Қоғамдыө орындарда, көшеде;

  2. Іс сапарда;

  3. Театрда

Топпен ән айту

Қыз сыны

Сөзі: Қ.Қазыбеков

Әні: М.Омаров

Үкілі кәмшат бүрмелі көйлек

Тұрғандай өзі қимылсыз билеп

Иықтан шашын төгіліп жерге

Күмісті шашбау жарасып белге

А-а-а-а-а-а-а

А-а-а-а-а-а-а

Күмісті шашбау жарасып белге

Қиылған қасы қарақат көзі

Жүректі баурап оятар сезім

Тал бойын нәзік қызғалдақ гүлдей

Дидарын нұрлы шуақты күндей

А-а-а-а-а-а-а

А-а-а-а-а-а-а

Дидарын нұрлы шуақты күндей

Жаңарып қайта жаңарып көне

Ләззат алар көрген жан сенен

Көркіңнен сенің айналдым еркем

Халқымның салтын сақтаған көркем

А-а-а-а-а-а-а

А-а-а-а-а

Халқымның салтын сақтаған көркем

  1. Үй тапсырмасы.

Н.Шәкузадаұлы

Әдептілік әліппесі

© 2010-2022